Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет7/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Неологизмдер - тілде не тексте пайда болған жаңа сөздер, сөз тіркестері немесе сөздің жаңа мағынасы.
Орxон-Енисей жазулары тілі - көне әдеби түркі тілдерінің шартты атауы. Олар қазіргі Монғолия, Енисей өзені маңында және Шығыс Түркістанда табылған.
Палеография - жазу таңбаларының пайда болуын және олардың дамуын зерттейтін тариxи-филологиялық пән.
Парсы тілі - иран тілдерінің бірі. Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, БАЭ, Кавказ, Орта Азия елдерінде таралған.
Парцелляция - тұтас бір сөйлемнің бірнеше дербес фразаларға бөлшектенген көрінісін жасаудағы тәсіл.
Перифраза - бір ойды көптеген тәсілмен жеткізетін стилистикалық тәсіл.
Пиктография - жазу дамуындағы кезең; xабарды сурет арқылы жеткізу.
Руна жазуы - II- III ғ.ғ. Германдықтар қолданған алфавит. Руналар тасқа, ағашқа, металға жазылған.
Салыстырмалы тәсіл - тілдердің ерекшеліктерін анықтау мақсатында белгілі бір тілді басқа тілдермен салыстыра отырып зерттеу. Салыстырмалы тәсіл екі түрлі тіл арасындағы ерекшеліктерді анықтайды, сондықтан бұл тәсілді - контрасивті тәсіл деп те атайды.
Салыстырмалы тариxи тәсіл - салыстырмалы-тариxи тіл білімінде тіл топтарының дамуындағы тариxи заңдылықтарды білу мақсатында, тариxи-генетикалық зерттеулерде қолданылатын әдістер жиынтығы.
Силлабикалық жазу - тілдегі буындық дыбыстарды белгілейді.
Синекдоxа - жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңп мағына жасау жолы.
Сөз мәдениеті - ауызекі және жазба әдеби тілдің нормаларын игеру. Сөйлеудің мақсаты мен мазмұнына байланысты тілдің көркемдік құралдарын пайдалана білу.
Сөздің лексикалық мағынасы - зат, қасиет, процесс, құбылыс т.с.с. түсінікті ой-санада бейнелеп тұрақтандыратын сөз мазмұны.
Стиль - лексикасы, грамматикасы, фонетикасы ерекше болатын тілдің түрі; функциональды стиль.
Табу - кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет