Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Интерактивтілік принципін қарастырайық



бет22/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
kash kt ktan ok tu umkd1

Интерактивтілік принципін қарастырайық. Кең мағынасында интерактивтілік кез-келген субъектілердің бір-бірімен өзара әрекетін және олар қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануды ұйғарады. Мұнда сұхбаттасуда екі жақтыңда сұрақтар мен жауаптар алмасу, сұхбаттасу барысын басқару, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және т.б. сияқты белсенді қатысуын ұйғарады. Адамадардың бір-бірімен қатынас жасауы үшін арналған теллекоммуникациялық құрал интерактивті ортаның тәжірибесіне тәуелсіз болып табылады. Қашықтықтан оқытуда бірінші кезекте оқытушылар мен студенттер бір-бірімен өзара әрекет жасайды, мұндай әрекет жасаулар электрондық поштаның, телеконференциялардың, шынайы уақыт тәртібінде сұхбаттасудың және т.б. әр түрлі телекомуникациялық құралдарды пайдалану есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту құралдары (электрондық оқулықтар, желі бойынша ақпаратты іздеу жүйелері және т.б.) ретінде қолданыталытн желілік ақпаратты ресурстар интерактивтіліктің жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Интерактивтілік оқыту үрдісінің негізігі сипаттамаларының бірі-өзара әсер етуді көрсетеді. Ол коммуникациялық технологиялардың өзін бағалау және оқытушы бағдарламалардың тиімділігі мен сапасының критерийі ретінде қарастырылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар (гипертехнологиялар, жасанды интеллектің мультимедиасы, телематикалық жүйе және т.б.) негізінде оқытудың жаңа әдістерін дамыту жаңа түрдегі интерактивтіліктің жүзеге асырылуын көрсетеді.
Қашықтықтан оқытудың қол жетерлік принципіне тоқталайық. Қашықтықтан оқыту өздеріне ыңғайлы орында және ыңғайлы уақытта білім алғысы келетін барлық студенттерді қарастырады. Қаржы жағынан үнемдеу көліктерге шығынның болмау, оқу орны бойынша арендалық төлемнің болмауы, коммуналдық қызметке төлемнің болмау есебінен болады. Студенттерді контигентін көбейту аудиториялық фондтарда кеңейтуді және оқытушылар санын үлкейтуді талап етпеді.
Студенттердің меңгерілетін білімдерінің үлкен көлеміне байланысты алдын ала енгізілген оларды мүмкіндігіне қарай «тығыздау» қажет. Бұлар жалпыланған білімдердің – теориялар, заңдар, есептердің кең класын шығарудағы жалпы әдістердің негізінде, сондай-ақ әртүрлі формада қажет ақпаратты сақтауды арнайы ұйымдастыру арылы жүзеге асады. Мұндай білімдер студенттерге жекелеме дербес заңдылықтар жиынын, шешулер әдістерін есте сақтаудың қажет еместігіне, өздеріне білімдер қоры және логикалық қорытулар негізінде жалпы ережелерден оларды «шығаруға» мүмкіндік береді. Бұған қашықтықтан оқыту барысында ақпараттық ресурсты жасау мүмкіндік жасайды. Сол себепті оқу мазмұнын тиімді беру, оның қол жетерлік болуы жоғары құрылымдалған материалмен, көрнекі түрде мультимедиа, компьютерлік бейнелеу мүмкіндіктерін пайдаланумен негізделеді.
Оқу ақпаратының көлеміне байланысты, білімді қабылдап, ұғынудың дидактикалық және психологиялық шарттарын қанағаттандыру және тағы басқа қашықтықтан оқытудың арнайы принциптері мен педагогиканың жалпы принциптерін негізге алғанда ғана толыққанды жүзеге асады. Сонымен бірге бүкіл қашықтықтан оқыту жүйесін модельдеу негізінде де қарастырылған дидактикалық принциптер алыну қажет.
Дәріс №3 Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет