Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Қашықтықтан оқыту жүйесін педагогикалық жобалаудың басымдылық принципін



бет20/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
kash kt ktan ok tu umkd1

Қашықтықтан оқыту жүйесін педагогикалық жобалаудың басымдылық принципін қарастырайық. Әрине техникалық қамтамасыз ету қашықтықтан оқыту жүйесіне үлкен әсері бар. Алайда қолданылатын техника мен бағдарламалық өнімдердің тиімділігі қашықтықтан оқыту жүйесін жобалау барысында осы қашықтықтан оқыту үрдісін модельдеуден, қашықтықтан оқытудың теориялық тұжырымдамаларын жасауға байланысты болады.
Егер қашықтықтан білім беру жүйесі психологиялық, дидактикалық және оқыту теориясы мен әдістемесіндегі алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерін өз уақытында және дәл қабылдамаса, онда әрине бағдарламалық өніммен мен техникалық қамтамасыз етудің жасалуына қандай шығын шықсада мамандарды сапалы дайындауда ұтыламыз. Мысалы, оқытуды даралау және саралау принциптері барлық уақытта білім алушының тезірек қарқында оқуын немесе күрделі оқу бағдарламасына көшуге мүмкіндік беруді қарастырады. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілі жеке тұлғаның ерекешілігін мен тану мүмкіндігін есепке ала отырып саралауды қарастырады.
Қашықтықтан оқытудың қозғалмалық және икемділік принципі студенттердің негізінен үнемі дәрістерге, семинарларға қатыспауын, ал өзіне ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде жұмыс істеу мүмкіншіліктерін анықтайды. Бұл принциптің жүзеге асырылуы оқытушы үшінде сонымен бірге студент үшінде маңызды роль атқарады, яғни оқытушы кез-келген студенттер тобымен және, кез-келген жағдайда оқытуды жүзеге асыруды қарастырса, студент кез-келген мүмкін жерде және кез-келген уақыт өзіне ыңғайлы уақытта оқуды қарастырады. Бұл принцип өзінің өмір сүру әдетін өзгерткісі келмейтін немесе өзгерту мүмкіншілігі жоқ студенттер, сонымен қатар өндірістен қол үзбей оқитын студенттер үшін маңызды болып табылады.
Икемділік принципі студенттік топтарды жинақтауда, әр түрлі студенттердің оқыту нәтижесінің деңгейіне талап қоюда, сонымен қатар оқу материалдарын құрылымдау мен ұйымдастыруда ескерілу керек. Себебі қашықтықтан оқыту үрдісті оқу орыны үшін ғана қолайлы емес, студенттер үшінде оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қолайлы болу қажет. Бұл тек қашықтықтан оқыту орталықтарындағы дәстүрлі оқу құралдары мен бірге жеткілікті мөлшерде және қажетті деңгейде дайындалған, компьютерлік және коммуникациялық технологияларға негізделген оқу материалдарының болуымен қамтамасыз етіледі.
Қашықтықтан оқытудың жылжымалылық (мобильдік) принципі ақпараттық желілерді, базаларды және берілгендер мен білімдердің банкін жасауға және студентке қажетті бағытта оқу бағдарламасын толықтыруға және түзетуге мүкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың жылжымалық принципі оқу бағытын қажетті уақытта өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оқитын мамандығы үшін іргелі білімнен тұратын инварианттық оқу ақпаратын сақтап, қамтамасыз ету талабын қояды. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуда мобильдік құрылғыларды қолданылуын ескеру және олардың тар ауданда (мысалы, ұялы телефонның, i-pot немесе қалталық компьютердің кішкентай өлшемді дисплейінде) ақпаратты жеткілікті түрде жүйелі және толық беруді ескеру қажет.
Қашықтықтан оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды педагогикалық орынды қолдану принципі қашықтықтан оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіру оқу үрдісін оңтайландыру мақсатына сәйкес болып, қашықтықтан оқытуды жобалаудың әр қадамының тиімділігі педагогикалық тұрғыда бағалануды талап етеді. Жаңа техника мен бағдарламаларды және техникалық шешімдерді оқу мақсатын қамтамасыз еткен жағдайда ғана оқу үрдісіне ендіріліп, қолдану керек. Тәжірибеде техникалық қамтаманың жеке жағдайларда кедергі болатыны байқалған. Атап айтқанда, математикалық пәндерді интерактивті тақтаның көмегімен бергенде кейбір тақырыптар бойынша абстракциялық мәліметтің басым болуы себепті тақтаның бар интерактивтілік қасиетін қолдану орынсыз болды, формулаларды қорытып шығару үрдісін бейнелеу тек оқытушының қатысуымен ғана жете түсінікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет