Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Дәріс №2 Қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптері Мақсаты



бет19/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
kash kt ktan ok tu umkd1

Дәріс №2 Қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптері


Мақсаты: Қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптерімен танысу


Дәріс жоспары
1. Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық принциптері
2. Қашықтықтан оқыту жүйесін педагогикалық жобалаудың басымдылық принципі
Қашықтықтан оқыту педагогиканың негізгі заңдарына бағынады, алайда кейбір кезде оларды оқытудың жаңа жағдайларына сай өзгереді және білім беру сатысының деңгейінде оларды қайта ұғынуды қажет етеді. Енгізілетін жаңа ақпараттық технологиялар дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде бірігіп үйлесетін болғанда ғана қашықтықтан оқыту жүйесі қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділікті береді.
Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық принциптері деп жоғары оқу орнында оқыту практикасын ұйымдастыру заңдылықтары мен жоғары білімді мамандарды дайындау мақсаттары арасында байланысты білдіретін ережелерді атау қабылданған. Оқытудың негізгі принциптерін қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысты қарастырайық.
Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгісі көрнекілік принципі болып табылады. Педагогиканың бір бөлігі болып табылатын, білім беру мен оқытудың теориялық мәселелеін зерттейтін дидактиканың дамуын қарастырған Ян Амос Коменский көрнекілік принципін дидактиканың «алтын ережесі» деп атап, «егер біз оқушыларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмытылуымыз керек» деген.
Көрнекіліктің жалпы түрлеріне дидактикада шынайы, табиғи көрнекілік, бейнелеу көрнекілігі, сөздік-бейнелік көрнекілік, практикалық көрсету, ішкі көрнекіліктері жатады. Саналылық және белсенділік принципі студенттердің оқу барысындағы сапалылығы мен оқытушының студенттердің ынтасын әрдайым қадағалап, оның ынтасын арттыруға ықпал ететін жағдайларды ұйымдастыруды көздейді. Саналылық және белсенділік принциптері оқылатын материалдың мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, оқыту үрдісінің өзіне де қызығушылықты қалыптастыруды талап етеді. Мүмкіндік принципі студенттердің қабылдау мүмкіндігінің әртүрлі деңгейінде болатынын ескереді. Ғылымилық принципі білім беру мазмұнымен тікелей байланыста болып, күрделі ғылыми жағдайларды дұрыс, мұқият беріп, қазіргі ғылымның жетістіктерін ескеруді талап етеді. Теория мен практиканың байланысты принципін оқыту үрдісінің негізгі ұстанымы ретінде қабылдауға болады. Дамыта оқыту идеясының студенттің іс-әрекетіне бағытталуы, теория мен практиканың байланысын әр түрлі зертханалық және практикалық жұмыстар, объектілермен құбылыстарды бақылауды ұйымдастыруын қарастырады. Білім, біліктілік және дағдыны меңгерудегі беріктілік принципі студенттердің іс-әрекетіне басшылық бола алатын берік білімге жетуді талап етеді. Білім мен біліктілік және дағдыны берік игеруі оқытушының студенттерде таным білім әрекетіне деген ынтасын, белсенділігін туғыза алуына байланысты болып табылады.
Студенттің бүкіл ақпаратты еске сақтауы мүмкін болмауы себепті, оқытушы студентке қандай материалмен тек танысу керек, ал қандай материалды есіне сақтау қажет екендігін ескерту керек. Білімді меңгеруде, ақпаратты иеленудегі беріктігіне көбінесе студенттердің өз бетінше жұмыстарының әр түрлі формалары жағдай жасайды.
Жоғары да қарастырылаған оқытудың дәстүрлі дидактикалық принциптері қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру заңдылықтарының негізі болып табылады. Сонымен қатар, оқытудың дәстүрлі дидактикалық принциптері жаңа оқу ортасы үшін өзгертілуі, толықтырылуы және бейімделуі тиіс.
Отандық және шетелідік қашықтықтан білім беру тәжірибесі мен қашықтықтан оқытудың құрылымын және оқыту мазмұнын оқып зерттеу қашықтықтан оқытудың педагогикалық жүйесіне тән арнайы принциптерді тұжырымдауға мүмкіндік береді. Олар қашықтықтан білім берудің түпкі негізін құрайды. Қашықтықтан білім беру жүйесін құрастырушы келесі негізгі принциптерді бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет