Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет29/30
Дата29.09.2022
өлшемі2.82 Mb.
#461551
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
kash kt ktan ok tu umkd1

14.Интерактивті мультимедиялық курс - дыбыстық, анимациялық компьютерлік графика, мәтін, бейне тізбектері бар бір мезгілде түрлі медиа құралдарын қамтитын оқу бағдарламасы.
15.Контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар мультимедиалар және басқа да маңызды толықтырулар) толықтыру;
16.ҚО кадрлық қамтамасыз ету –қашықтықтан оқытатын оқу орындарында оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, енгізу және қызмет көрсетуге арналған лауазымдық нұсқаулықтар, профессор-оқытушылар құрамы, штат кестелері.
17.Модератор - тарату немесе электронды конференцияның көшбасшысы. Конференцияға кіруді және материалдарды жариялауды басқаруға құқығы бар. Талқылаудың берілген тақырыпқа және бекітілген ережелерге сәйкестігін қадағалайды. Қажет болған жағдайда ережелерді бұзушыларға шектеулер және әкімшілік шаралар қолдана алады.
18.Қашықтан байланысу зертханасы - зертханалық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру үшін нақты жабдықталған, телекоммуникация желілері арқылы қашықтан байланыс орната алатын оқу орнының бөлімшесі.
19.«on-line» - нақты уақытта ақпаратпен алмасу.
20.«off-line» - еркін уақыттың кеңістігіндегі ақпаратпен алмасу.
21.Чат /Снат - Интернетті екі немесе одан да көп пайдаланушылардың нақты уақыт ауқымында, яғни бірдей мәтіндік өріске сәйкес келуі.
22.Силлабус - оқу пәнінің қысқаша сипаттамасы бар, оқытылатын пәннің негізгі тақырыптары көрсетілген білім алушыға арналған оқыту бағдарламасы
23.Электронды оқулық - Білім берудің негізгі міндеттері компьютер мен компьютерлік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешілетін оқулық.
24.Ақпараттық-білім беру порталы - ҚБТ бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық оқу-әдістемелі, ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілік ұйымдастырушылық өзара байланысқан жиынтығы.
25.Ақпараттық білім беру ресурсы - - білім беру сипатында қалыптастырылған ой мен білім, әртүрлі деректер, оларды жинақтау, сақтау және ақпараттар көзі мен тұтынушылар арасындағы алмасу әдістері мен құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет