Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



бет6/30
Дата23.02.2016
өлшемі2.83 Mb.
#4511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.

Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерінің жүк вагондары арбаларының ақаулы құйылған бөлшектермен бірге вагондарды пайдалануға тыйым салу тәртібін анықтау бөліміне сәйкес толықтырулар енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Реуспубликасының Заңының (2014 жылғы 29 қыйкүйекте күшіне енген) шеңберінде Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелері Бұйрыққа ауыстырылды.

2015 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а «Теміжол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығы (№334 2015 жылғы 26 наурыздан) заңды күшіне енді.


Автожол саласы

2015 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 176,2 мың км құрайды. Олардың 96,2 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы жолдар (республикалық маңызы бар жолдар - 23,7 мың км, жергілікті – 72,7 мың км), 68,8 мың км елді мекендер көшелері және шамамен


11 мың км өнеркәсіптік кәсіпорындарға, кеніштерге, фермерлік және орман шаруашылықтарына, басқа өндірістерге техникалық жолдар рөлін атқаратын кіреберістер түріндегі шаруашылық жолдары.

2005 жылдан бастап барлық жол түрлерін салу мен реконструкциялау білікке түсетін 13 тоннаға дейінгі есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық дәліздер II техникалық санаттан төмен емес параметрлер бойынша реконструкцияланады.

Соңғы 13 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қоса алғанда,
1 859,1 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 2001 жылы қаржыландыру 27,7 млрд. теңге болса, 2013 жылы 323,2 млрд. теңге болды. Осы жылдары жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдың 97,4 мың км – реконструкцияланды және 51,9 мың км астам жолда, оның ішінде 28,0 мың км республикалық желіде әртүрлі жөндеу түрлері жүргізілді.

Автожол саласындағы ең ірі жоба – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін реконструкциялауды іске асыру жалғастырылуда.

Осы жобаны 3 көзден қаржыландыру көзделген: қарыз қаражаты, республикалық бюджет және концессиялық негіздегі жеке инвестициялар.

Жобаны қаржыландырудың негізгі үлесін 5 халықаралық қаржы институтының сыртқы қарыздары құрайды, жалпы сомасы 5,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын қарыз туралы келісімдерге қол қойылды.

Жобаның іске асырылуы басынан 1 884 км жөнделді және Ресей Федерациясы шекарасының учаскесінде (Оренбургке) Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы Шымкент қаласына дейін қозғалыс ашылды.

Жұмыс үш облыс (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан) аумағында жүргізілуде.

35 мыңнан астам жол құрылысшысы (оның ішінде 34,4 мың адам – қазақстандық персонал және 579 адам – шетелдік персонал) тартылды.

2014 жылдың 1 қаңтарына республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы: жақсы және қанағаттанарлық - 83%, 2015 ж. жоспары - 82%, 2016 ж. болжам - 84%.



  • жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы: жақсы және қанағаттанарлық - 68%, 2015 ж. жоспары - 65%, 2016 ж. болжам - 66%, жылсайынғы өсім 2%.

- 2014 ж. республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 842 км барлық жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылды, 2015 ж. жоспары – 1 753 км және 2016 ж. болжам – 2 374 км.

2014 жылғы 1 қаңтарға республикалық маңызы бар автожолдардың 17% және жергілікті маңызы бар желілердің 32% қанағаттанғысыз жағдайда қалды.

Автомобиль жолдары желісінің жағдайын жақсарту үшін 2014 – 2018 жылдар кезеңінде шамамен 21,6 мың км автожолды реконструкциялау және жөндеу жоспарлануда, оның ішінде 4,0 мың км – реконструкциялау, 7,6 мың км республикалық маңызы бар автожолдарды және 10 мың км жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарланған.

Нарықтық тәсілдерді енгізу жаңалық болып табылады және осы мақсаттар үшін ақылы қызметті енгізе отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолданудың маңызы аз емес. Осы бағыт бойынша «ҮАААЖ» жобасын іске асыру жоспарлануда.

2020 жылға дейін «Батыс Қытай – Батыс Европа» халықаралық транзиттік дәлізін қоса алғанда, барлық 6 халықаралық дәліздегі және елдің астанасын облыс орталықтарымен қосатын учаскелерде, сондай-ақ көрші елдерге негізгі шығуларда жұмыстарды толығымен аяқтау жоспарлануда. Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген, автожолдар саласындағы инвестициялық жоба құрамына кіретін жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар, атап айтқанда Алматы – Астана – Петропавл, Самара – Шымкент, Омбы – Павлодар – Майқапшағай, Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменбашы, Ташкент – Шымкент – Алматы – Қорғас, Ақтөбе – Мәртөк, Астана – Қостанай – Челябі, Таскескен – Бақты, Алматы – Өскемен, Астана – Шідерті – Павлодар және Құрты – Бурылбайтал автомобиль жолдары учаскесін реконструкциялау бойынша жұмыстар жалғасуда.

2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырма шеңберінде автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар мынадай үш бағытта жалғасатын болады:

1) Астана – Қарағанды – Балқаш – Құрты – Қапшағай – Алматы – 1 282 км;

2) Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау – Өскемен – 1 018 км;

3) Астана – Арқалық – Шалқар – Бейнеу – Ақтау – 2 650 км.

«ЭКСПО-2017» дайындалу шеңберінде мынадай жобаларды іске асыру жоспарлануда:

1) Астана – Теміртау – 171 км;

2) Астана – Павлодар – 441 км;

3) Астана – Петропавл – 452 км.
Азаматтық авиация

Республикада 50 авиакомпания және әуе кемелерінің пайдаланушылары қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 22 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын және әуе кемелерінің 25 пайдаланушысы авиациялық жұмыстарды (авиация-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері), 3- авиацияның қанауы орындайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 851 әуе кемесі есепте тұр, оның ішінде 376 қолданыстағы ұшуға жарамдылығы сертификатына ие.

«Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ сияқты қазақстандық авиатасымалдаушылар 21 шетел мемлекетінің аумағында ұшуды орындайды. Қазақстанға тұрақты жолаушылар ұшуын әлемнің 16 елінен 25 шетелдік авиакомпания жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2015 жылы 7 жаңа маршрут ашылды (Астанадан Қазанға, Сеулге, Парижге, Тбилисиге, Дубайға, Атырау-Минеральные воды, Алматыдан Минскге).

Ішкі авиақатынастар саласында 42 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Соңғы он жылдарда Қазақстанда жолаушылар тасымалының елеулі өсімі байқалады. Қазақстандағы әуе тасымалы рыногының дамуы кірістің өсуімен, еліміздегі тұрғындардың іскери белсенділігімен, сондай-ақ туризмнің дамуымен байланысты.

Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде 4,5 млн. адамды құрады, 2014 жылғы аналогиялық кезеңмен салыстырғанда өсім (4,1 млн. адам) 109,8% құрады. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде 3,7 млн. адам тасымалданды. 2015 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде әуе жолымен тасымалданған жолаушылар айналымының үлесі 8,7 млрд. жкм (2014 және 2013 жылғы аналогиялық кезеңде - 8,3 млрд.жкм және 7,5 млрд.жкм тиісінше) құрайды.

Жолаушылар тасымалынан басқа, Қазақстанда ең жедел және қолайлы тасымал түрі болып табылатын жүктерді әуеде тасымалдау жүзеге асырылады.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде жүктерді әуеде тасымалдау 11,4 мың тоннаны құрады, 2014 және 2013 жылғы аналогиялық кезеңде тиісінше 13,7 мың тоннаны және 16,8 мың тоннаны құрады.

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға және оны дамытудың жоғарғы серпінін сақтауға бағытталған шара болып табылады.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде транзит 84,8 млн. ұшақ-километрді құраса, 2014 және 2013 жылғы аналогиялық кезеңде тиісінше – 133 млн. ұшақ-километр және 125,9 млн. ұшақ-километр.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы арқылы баламалы кросполярлық маршруттарды пайдаланумен қосымша транзиттік ұшу көлемдерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы Қазақстандағы аэронавигациялық алымдар еуро-азиялық өңірде бәсекеге қабілетті және ANS ставкалары неғұрлым жоғары Тәжікстан, Ресей және Қытай мемлекеттерінен басым түседі. Қосымша, Батыс Еуропа мен Австралия ставкалары сондай-ақ қазақстандық алымдардан жоғары. Бұл ретте Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің ставкалары ауыр ұшақтарды қоспағанда, төмен.

Аэронавигациялық қызмет көрсетудің маңызды элементі тұрақты негізде еліміздің әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыру болып табылады. Қазақстанда аэронавигациялық қызмет көрсету провайдері «Қазаэронавигация» РМК (әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникамен қамтамасыз ету және т.б.) болып табылады.

Спутниктік технологияларды пайдалану арқылы әуе қозғалысын басқару бойынша ИКАО-ның жаңа тұжырымдамасын енгізу шеңберінде Қазақстан әуеайлақтарды қазіргі заманғы аэронавигациялық жабдықтармен, навигация (радиомаяктар) құралдары мен қону жабдықтарын қоса алғанда, жарақтау бағдарламасын жалғастыруда. Қазақстан Республикасының барлық әуе трассаларында және Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда және Талдықорған әуеайлақтарында салада Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесі (WGS-84) енгізілді, бұл жергілікті жер және әуе кемелері экипаждарының кедергілері туралы деректердің электрондық массивтерін қамтамасыз етеді, навигациялық спутниктік технологиялар негізінде қонуға бет алу схемаларын әзірлеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, өзінің авиациялық оқу орталығы негізінде, сондай-ақ әр түрлі шетелдік оқу мекемелерінде диспетчерлер даярлығы жүргізілуде.

Жалпы Қазақстанның аэронавигациялық жүйесі ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, ал аэронавигациялық провайдер транзиттік әлеуетті пайдаланудың ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен бірге, Қазақстанның аэронавигациялық қызметтерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар әуежай инфрақұрылымын жетілдірмесе тиімсіз болып табылады. Қызмет көрсету сапасын арттыру және әуежайларды тиімді басқару мақсатында Бірыңғай оператор құрылған, ол әуежай инфрақұрылымын басқару саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізу үшін Zurich Airport International жетекші әлемдік компанияны тартып отыр.

Жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Бүгінгі күні халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген 16 әуежайдың 12 Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары (ИКАО) бойынша санатталған: ИКАО санаты бойынша Астана мен Алматы қалаларының әуежайлары – IIІА санат, Атырау қаласының әуежайы – ІІ санат, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау, Тараз қалаларының әуежайлары – I санат.

Қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету және арттыру мақсатында 2014 жылы Орал қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын реконструкциялау басталып, оны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау күтілуде. Сонымен бірге, 2015 жылы Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау, Халықаралық Астана әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын реконструкциялау басталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңында Тараз қаласы әуежайының жолаушылар терминалын реконструкциялауды аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2016-2020 жылдары Семей, Қостанай және Өскемен қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жоспарлануда.

Өсіп отырған қажеттілікті дүниежүзілік танылған стандарттар деңгейінде қанағаттандыруға қабілетті үш әуежайлық кешен негізінде Астана қаласы - астаналық ретінде, Алматы қаласы – қаржы орталығы ретінде және Атырау қаласы – мұнай өнімі орталығы ретінде өңірде ірі мамандырылған «хабтар» дамуда.

Бұдан басқа, ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросының белсенді қатысуымен азаматтық авиация саласындағы заңнаманы ИКАО стандарттарына сәйкес келтіру бойынша елеулі жұмыс атқарды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» қолданыстағы Заңға 80 түзету, оның ішінде 69-ы ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша енгізілді. 33 заңға тәуелді акт халықаралық талаптарға сәйкес келтірілді.

Қабылданған заңнамалық түзетулер қызмет көрсету сапасын арттыруға, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ҚР авиакомпанияларының «қара тізімнен» шығуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың қазіргі заманғы болмыс талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған.

Мысалы, заңды түрде тұрақты ішкі және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға 2015 жылдан бастап IOSA аудитін өту бойынша талап енгізіліп отыр.

Бұдан басқа, Азаматтық авиация комитетінің құрылымы ИКАО және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенция талаптарына сәйкес келтірілді.

Қазақстан Республикасының әуе көлігі жүйесінің ұшу тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жеке, заңды тұлғалардың және азаматтық авиация саласындағы ұйымдардың қызметін үздіксіз қадағалау және бақылау жолымен орындалады.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының талаптары, ИКАО халықаралық стандарттары мен ұсынатын тәжірибесіне сәйкес 2015 жылға Пайдаланушыларды тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылданды, ол азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау және мерзімді тексерулер жолымен сертификаттық талаптарға сәйкестігін ұстау бойынша іс-шаралар кешенін көздейді.

Мысалы, 2014 жылы ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросы сарапшыларының басшылығымен авиакомпанияларды сертификаттау және тұрақты қадағалау және бақылау бойынша тексеру жүргізілді. Тексерулер қорытындысы бойынша 28 авиациялық персоналға арналған куәліктің қолданысы тоқтатылды, 3 авиакомпанияның пайдаланушы сертификаты, 3 авиакомпанияның авиациялық жұмыстарды орындауға куәлігі кері қайтарылды, 4 авиакомпанияның пайдаланушы сертификаты тоқтатылды.

2014 жылғы сәуірде «Эйр Астана» авиакомпаниясынан Еуроодақ елдеріне ұшу жиілігін және географиясын кеңейтуге тыйым салатын шектеулер алып тасталды.

ИКАО валидациялық миссиясының ескертулері аясында нұсқаулық материалдарға (рәсімдер) өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Су көлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы 2 теңіз портын қамтиды – Ақтау және Баутино.

Бұл ретте, Ақтау порты экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүктерді өткізуге қатыстырылады. Баутино порты теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде маманданданады.

Үшжылдық кезең қарқынында Ақтау порты арқылы жүк өткізу көлемі 17%-ға төмендеп: 2013 жылы – 9,7 млн. тонна, 2014 жылы 10,3 млн. тонна, 2015 жылдың 10 айында 5,2 млн. тоннаны құрады.

Көлемдердің төмендеуіне мұнайды тасымалдаудың құбыр желісі көлігіне қайта бағдарлануы, Иранға қатысты экономикалық санкциялардың енгізілуі және дәстүрлі жүктердің (металл, дәнді дақылдар) экспорт көлемінің төмендеуі ықпалын тигізді.

Теңіз порттары арқылы жыл сайын өткізілетін жүктердің негізгі номенклатурасы мұнай, металл, бидай, паромдық және басқа да жүктер құрайды. Бұл ретте Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнай көлемі біртіндеп төмендеуде, сонымен қатар құрғақ жүктерді өңдеу бойынша порттық қуатты ұлғайтудағы қажеттілік туындайды.

Құрғақ және контейнерлік жүктерді өңдеу өсімінің қазіргі қажеттіліктері:

1) портты солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру (аяқталуы 2015 жыл), Ақтау портының құрғақ жүктерді өткізу мүмкіндігі 3 млн. тоннаға ұлғаяды;

2) тиеу-арту қызметін автоматтандыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау есебінен қамтамасыз етіледі;

3) Құрық портындағы қуаттылығы 4 млн. тонна болатын паром кешенінің құрылысы.

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдау нарығында Қазақстан флоты
5%-ды құрайды, ол 12-13 мың тонналық жүк көтеретін 8 танкерден және
2 құрғақ жүкті кемеден тұрады.

Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 53%-ын және құрғақ жүктердің шамамен 5%-ын отандық танкерлер тасымалдайды.

Көрсетілген қызметтерді әртараптандыру мақсатында жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында құрғақ жүкті флотты кезең-кезеңмен ұлғайту көзделеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі шешімді талап етуде, ол үшін Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін тең жағдайлар жасауы қажет.

Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ХТҰ қабылдаған конвенциялар талаптарына сәйкес теңіз көлігінде бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Айталық, 2013 – 2015 жылдары 42 көлік оқиғалары орын алды. Кемелермен болған барлық апаттық уақиғалар мен көлік оқиғаларының 90%-ке жуығы кеме жүргізушілердің кәсіби машығының болмауы және біліктіліктерінің жеткіліксіздігі себептерінен орын алған.

Бұл ретте, су көлігіндегі көлік оқиғаларының негізгі бөлігі шағын көлемді флотта болған, оның себептері басқару құқығын беретін куәліксіз, мемлекеттік тіркеусіз, техникалық байқаусыз және тағы басқаларсыз шағын көлемді кемені басқару болып табылады.

Осыған байланысты, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, республика су айдындарының көпшілік демалатын жерлері мен аймақтарында адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Министрлік жыл сайын «Скутер» республикалық акциясын өткізеді. 2013-2015 жылдардың қорытындысы бойынша осы акция шеңберінде 9 578 шағын көлемді кеме тексерілді және 1 809 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 1 097 кемеге пайдалануға тыйым салынды.

Өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле, өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4108,5 км құрайды, соның ішінде 4040,5 км-де кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды 468 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады, олардың 162 пайдаланылмайды және жөндеуді қажет етеді.

Өзен көлігінің республиканың көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2015 жылдың 10 айында өзен қатынасы көлігімен 345,4 мың тонна жүк тасымалданды, 2014 жылдың сәйкес кезеңі деіңгейінің 138 %-ын құрайды (250,4 мың тонна). 2014 жылы тасымалдау көлемі 1 294,6 мың тоннаны құрады , 2013 жылы – 1 092,7 мың тонна. 2015 жылдың 6 айындағы жолаушылар тасымалдаудың көлемі 18,3 мың адам, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңінің 66 %-ын құрайды (27,6 мың адам), 2014 жылы өзен қатынасы көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 66,2 мың адам, 2013 жылы – 92,9 мың адам.
Автомобиль көлігі

Нарықтық инфрақұрылымды дамытуда, ішкі жəне сыртқы сауданы кеңейтуде автомобиль көлігі маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2014 жылдың соңына республиканың автомобиль паркінде 4,2 млн. автокөлік құралы бар, оның ішінде 414 мың жүк автомобилі, 98 мың автобус, 3 678 мың жеңіл автомобиль. Бұдан басқа, республикада 75 мың мотокөлік, сондай-ақ 180 мың автомобиль тіркемелері тіркелген.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, республика автокөлігімен


2013 жылы 2 982,7 млн. тонна жүк тасымалданды, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 9,7 %-ды құрады (2012 жыл – 2 718,1 млн.тонна, 2011 жыл – 2 475,5 млн.тонна). 2013 жылда жүк айналымы 145,2 млрд. ткм құрады. 2012 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 9,8 %-ды құрады.

2013 жылда 19 967,9 млн. жолаушы тасымалданды, 2012 жылмен салыстырғанда 8,2 %-ға өсті (2012 жыл – 18 455,1 млн.адам, 2011 жыл – 16 619,6 млн.адам). 2013 жылда жолаушылар айналымы 203,4 млрд. ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға өсті (2012 жыл – 183,4 млрд. пкм, 2011 жыл – 164,0 млрд. пкм). 2013 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық қатынаста 4 772,5 мың тонна жүк, оның ішінде импорттық қатынаста 3 323,3 мың тонна, экспорттық қатынаста 1 449,2 мың тонна жүк тасымалданды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2014 жылдың соңына республиканың автомобиль паркінде 4,2 млн. автокөлік құралы бар, оның ішінде 414 мың жүк автомобилі, 98 мың автобус, 3 678 мың жеңіл автомобиль. Бұдан басқа, республикада 75 мың мотокөлік, сондай-ақ 180 мың автомобиль тіркемелері тіркелген.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, республика автокөлігімен


2014 жылы 3 128,5 млн. тонна жүк тасымалданды, 2013 жылмен салыстырғанда өсім 4,9 %-ды құрады. 2014 жылда жүк айналымы 155,1 млрд. ткм құрады. 2013 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 6,8 %-ды құрады.

2014 жылда 21 253,1 млн. жолаушы тасымалданды, 2013 жылмен салыстырғанда 6,4 %-ға өсті. 2014 жылда жолаушылар айналымы 215,2 млрд. ткм құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 5,8 %-ға өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық қатынаста 6,3 млн тонна жүк, соның ішінде транзит бойынша 1,5 млн тонна жүк тасымалданды.

Халықаралық автомобильдік тасымалдарға шамамен 12 мың автокөлік құралы жіберілді, оның ішінде «халықаралық жол тасымалдары» жүйесі (бұдан әрі – ХЖТ) бойынша 2015 жылдың 1 қаңтардың жай-күйі бойынша 6 684 автомобиль тартылған. Жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Еуропа мен Азияның 40 елдерімен шамамен 140 мың дана рұқсаттар бланкілерін алмасу жүргізілуде.

2015 жылдың 1 қаңтардың жай-күйі бойынша автомобиль көлігімен халықаралық қатынаста жүк тасымалдау нарығындағы қазақстандық тасымалдаушылардың қатысу үлесі 38%-ды құрайды.

Тұрақты қатынас бойынша 137-нан артық халықаралық және
254 облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобильдер паркі жоғары тозумен сипатталады – 12 жылдан жоғары пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 70% құрайды, оның ішінде 75% – барлық автобустар санының және 60% – барлық жүк автокөліктері саны.

Осыған байланысты республикада стационарлық көздерден атмосфераға зиянды заттар шығарындылары шамамен жылына 2,5 млн. тоннаны құрайды, ал көлік шығарындылары жылына 1 млн. тоннадан асады.

Еуро стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу ескірген автомашиналарды әкелуді шектеуге, қазақстандық автоқұрастыру кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ өндірілетін және импортталатын отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарын техникалық тексеріп-қарау функциялары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен бәсекелес ортаға берiлді, ал техникалық байқауды ұйымдастыру мен жүргiзуге бақылау өкілеттігі Министрлiкке берілген.

Жаңа тәртіпке сәйкес көлік құралдарының техникалық байқауын техникалық бақылаудың стационарлық және жылжымалы желілері бар жеке меншік орталықтар жүргізеді, олар тежеуіш жүйесінің, рульдік басқарудың, аспалық бөлшектердің тиімділігін, атмосфераға шығарындылар және т.б. параметрлерді автоматты түрде айқындайды.


Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту

Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағынның орталығында орналасқан және ұлттық транзиттік ресурстарды іске асыруға қабілеті орасан зор көлік әлеуетіне ие. Нақты айтқанда, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағытындағы бағыттардың көпшілігінде өңірді айналып өту мүмкін емес, соның өзі ортаазиялық көлік дәліздерінің басымдылық жағын көрсетеді.

Соңғы жылдары «Ұлы Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпір құру өзекті мәселе болып отыр.

2014 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 17,5 млн. тонна болды, ал транзиттік тасымалдау кірісі 180 млрд. теңгені құрады.

Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты порттарына, сондай-ақ Түркия мен ЕО нарығына шығатын жолдағы маңызды дәліз болып табылады және жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға барынша күш жұмсайтын болады.

Қазақстан Республикасының трансқұрлықтық тасымалдарды жүзеге асыру саласындағы транзиттік әлеуетін дамыту көбінесе республика аумағындағы көлік дәліздері мен олардың тармақтарын дамытуға байланысты.

2016 жылға қарай Достық станциясынан Ақтау теңіз портына дейін
1 200 км қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» теміржолын салу жобасын іске асыру жоспарланады. Жоба Қазақстандағы көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау әуежайларында «EL AL» (Израиль), «KLM» (Нидерланд), «FedEx» (АҚШ) және т.б авиакомпанияларының Боинг-747 жүк тасымалдайтын тағы басқа әуе кемелері тұрақты түрде жанармай құюды жүзеге асырады.

Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асырылып жатыр. Жоба құрамында Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстаннан шығатын барлық дәліздерді реконструкциялау көзделген. Бағыттың жалпы ұзақтығы 8 445 км, оның ішінде: Ресей арқылы – 2 233 км, Қазақстан арқылы – 2 787 км (2 552 км – реконструкциялауға жатады), Қытай арқылы – 3 425 км құрайды.

Көлік логисткалық жүйесі Қазақстан өңірлері арасында экономикалық желінің жүзеге асырылуының негізгі құралы, сондай-ақ әлемдік нарықта қазақстандық тауарларды экспорттаудың негізгі жетекшісі болып табылады.

Ресейге, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Еуропаға, Орта Азияға жүк ағындарына қосымша көлік-логистикалық жүйесінен қызмет көрсетуді талап ететін, Қазақстанның экспорттық операциялар көлемі 2020 жылға 1,5 есе 96 млн.тоннадан 147 млн.тоннаға дейін жоғарылауы мүмкін.Тауар айналымының ең үлкен өсімі Қытай Халық Республикасы және Еуропа мен Ресей елдері арасында болжануда.
2014 жылы Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өткізілген контейнерлік пойыздар туралы ақпарат.


Қатынас түрі

Контейнерлік пойыздар саны

Транзит

ҚХР-нан Еуропаға

226

Еуропадан ҚХР-на

28

ОА-дан ҚХР-на

3

ҚХР-нан ОА-ға

41

Өзбекстаннан Ресейге

336

Ресейден Өзбекстанға

376

Ресейден ҚХР-на

2

ҚХР-нан Ресейге

2

Экспорт

Қазақстаннан ҚХР-на

136

Қазақстаннан Еуропаға

17

Қазақстаннан Ресейге

100

Импорт

ҚХР-нан Қазақстанға

285

Еуропадан Қазақстанға

139

ОА-дан Қазақстанға

6

Ресейден Қазақстанға

113

Барлығы

1810



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет