Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет6/6
Дата12.06.2016
өлшемі437 Kb.
1   2   3   4   5   6

6) карточкалардың дұрыс және толық толтырылуын тексеруге және есепке алу және бөлімшенің қызмет көрсетілетін аумағына тиісті мемлекеттік деректер базасы жүйесіне енгізуге;

7) қызмет ұйымдастыруға қатысты құжаттарды дайындауға қатысуға;

8) жол қозғалысын қадағалаудың түрлері мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;

9) инспекторлық құрамның бекеттердегі және патрульдеу бағыттарындағы және жұмысына ашық және жабық бақылау жүргізуге қатысуға, осы жұмыстың нәтижесін қорытуға;

10) тура бастықтың нұсқауы бойынша саптық бөлімшенің жеке құрамымен тәртіпті, заңдылық пен орнатылған қызмет атқарудың тәртібін бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тергеу өткізуге;

11) жеке құрамның шетелдік иелері көлік құралдарының жылжуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылауды жүзеге асыруға, бөлімше бойынша осы жұмыстың толық талдауға және есебін жүргізуге міндетті.

9. Аға инспектор, инспектор (жол-көлік оқиғасы болған жерге шығу жөніндегі), кезекші бөлімнің тәуліктік наряд құрамында болғанда аға кезекші-инспекторге (кезекші-инспекторге) бағынады, ал жедел-тергеу тобы құрамында жол-көлік оқиғасына шыққанда топтың аға қызметкеріне (тергеушіге, анықтаушыға) бағынады. Ол:

1) кезекшінің немесе тура бастықтың нұсқауымен жол-көлік оқиғасы болған жерге жедел-тергеу тобы құрамымен немесе өзінше баруға;

2) зақымданушыға қажетті көмек көрсетуге, қажетті мәліметтерді және жедел медициналық көмек нарядының нөмірін алдын ала жазып алып, оларды медициналық орындарға жеткізуді ұйымдастыруға;

3) іздер мен заттай айғақтардың сақталуын, сондай-ақ оқиғаға тікелей қатыстылардың орындарында болуын қамтамасыз етуге;

4) оқиға куәгерлерін табуға және олардан оқиға себептерін айқындауға;

5) оқиғадан және басқа материалдардан сызбасын құрауда тергеушіге (анықтаушыға) көмек көрсетуге немесе олар болмаған кезде өзі құрастыруға;

6) оқиға болған жерден жасырынған көлік түрлері мен жүргізушілерді іздестірудегі алғашқы іс-әрекеттерге қатысуға;

7) нұсқау алғаннан кейін оқиға орнына тексеру жүргізуге және басқа да шұғыл әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті.

10. Жол-патрульдік қызметтің аға инспекторы, қызмет көрсету аумағындағы қызмет атқаруда жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге тікелей қызметін атқарады. Ол инспекторлар құрамының тікелей бастығы және тәрбиешісі болып табылады. Өзіне бекітілген аумақтың апаттылық жағдайына, инспекторлар құрамының қызмет атқару тәртібіне, қызметтік және әскери дайындығына жауап береді. Жол-патрульдік қызметтің аға инспекторы:

1) жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыруға;

2) инспекторлар құрамының қарамағындағы қызмет ету участке жолдарының (көшелерінің) жағдайын білуге;

3) өзінің қарамағындағы нарядтардың қызметіне басшылық етуге олардың арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, тамақтану мен демалу үшін оларды ауыстыруға, сондай-ақ жоғары тұрған командирге (бастыққа), саптық бөлімшенің кезекшісіне нарядтардың орналасуын өзгертудің және қалыптасқан жағдайға байланысты олардың қызмет атқару тәртібін енгізудің қажеттілігі туралы баяндауға;

4) инспекторлық құрам қызмет атқару ауысымына кемінде бір рет бақылау жүргізуді жүзеге асыруға;

5) инспекторларға жол қозғалысын қадағалау жөніндегі тапсырмаларды олардың орындауымен байланысты мәселелерді шешу кезінде көмектесуге;

6) жол-көлік оқиғалардың жол қозғалысы тәртібі өрескел бұзушылықтарда, қылмыстардың, басқа да төтенше жағдайлардың қажет болған жағдайда ескерту немесе жолын кесу, ол туралы саптық бөлімше командиріне баяндай отырып, нарядтардың күштерімен іс-қимыл жасауға;

7) тура бастықтардың немесе кезекшінің нұсқауымен адам шығыны жоқ жол-көлік оқиғасының алғашқы материалдарды ресімдеуге;

8) инспекторлардың қызметтік құжаттарды дұрыс жүргізуін тексеруге және анықталған кемшіліктерді жоюға шараларды қолдануға;

9) нарядтардың, қаруландырудың бұйымдарымен, жабдықтардың, арнаулы техника құралдарымен және қызметтік құжаттандыру бланктермен қамтамасыз етілуін қадағалауға;

10) қаруды, оқ-дәріні және жабдықтауды күнделікті тексеруге, инспекторлардың қызметтері аяқталған соң қаруды тазалауын, оны кезекшіге өткізуін бақылауға;

11) іздестіру және бөгет жасау іс-шаралар жоспарларын енгізу кезінде, өзінің және қарамағындағы қызметкерлердің тапсырмаларын нақты білуге;

12) инспекторлық құрамды заңдылықтар мен тәртіпті қатаң сақтау рухында оқытуға және тәрбиелеуге, одан өзінің қызметтік міндеттерін жақсы білуін, қарудың материалдық бөлімі мен дұрыс қолдануын, жақсы білуін, нысандық киімдерді киюдің ережелерін сақтауын, сыртқы пішіннің тазалығы мен саптық түзулікті талап етуге;

13) өзінің жұмысында алдыңғы қатардағы жол-патрульдік қызметі бөлімшелерінің тәжірибелерін пайдалануға;

14) арнаулы техника құралдардың дұрыс қолданылуын қадағалауға міндетті.

11. Кадрлар, әскери және қызметтік дайындық жөніндегі аға инспектор саптық бөлімшенің командирі мен оның орынбасарларына бағынады. Ол:

1) жеке құрамның кәсіби дайындығын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жағдайын талдауға;

2) қызметтік және әскери дайындық жөніндегі тақырыптық жоспарларды әзірлеуге, саптық бөлімше қызметкерлерінің қайта дайындау және біліктілігін жоғарылату (арттыру) курстарына дер кезінде жолданылуын қамтамасыз етуге;

3) бөлімшедегі кадр жұмысының қажетті жағдайы туралы материалдарды дайындауға, қызметкерлердің жеке ісін ресімдеуге;

4) алғашқы және кезекті шен беруге, аттестациялау мен қызметкерлердің марапатталуға және ынталандыруға материалдарды дайындауға;

5) бөлімшедегі бос лауазымдық орындарды толтыру үшін үміткерлердің таңдалуын ұйымдастыруға, жоғарлатуға резерв әзірлеуге;

6) жеке құрамның тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылықтарды тексеруге және қызметтік тергеу жүргізуге қатысуға;

7) спорттық қызметтік-қолданбалы түрлерінен спорттық командаларды жинақтауға, жарысты ұйымдастыруға, өткізуге қатысуға міндетті.

12. Анықтау жөніндегі аға инспектор бөлімшенің командирі мен оның орынбасарларына бағынады. Ол:

1) кезекшінің нұсқауымен жол-көлік оқиғалары болған жерге баруға;

2) тергеуші болмаған кезде өздігінше оқиға орнына байқау жүргізуге, куәлардан жауап алуға, іздер мен заттай айғақтарды жазып алуға, ал құрамында қылмыс болған кезде басқа да шұғыл тергеу іс-әрекеттерді жүргізуге, барлық қажетті іс жүргізу құжаттарды толтыруға;

3) тергеуші болған кезде оның нұсқауы бойынша тергеу және іздестіру іс-әрекеттерді жүргізуге;

4) инспекторлармен жол-көлік оқиғасы бойынша іс жүргізудің сапалы толтырылуын бақылауға, қажет болған кезде оларға қосымша тексеру іс жүргізуге;

5) оқиғаның жағдайын анықтауға, қажетті құжаттарды талап етуге, түсініктеме алуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес іс жүргізу шешімдерін қабылдауға;

7) анықтау материалдары бойынша ақпараттарды, оқиға себептері мен оларға ескерту жасау шаралары туралы ұсыныстарды дайындауға, сондай-ақ жіберілген құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

8) жергілікті халықтың арасында, ұжымдарында анықтау материалдары бойынша профилакториялық жұмысты көлік жол және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарында жүргізуге;

9) жол-көлік оқиғалары бойынша материалдарды ресімдеудегі бөлімше инспекторларының біліктілігін арттыру, жедел және тергеу қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қызметтік сабақтарды өткізуге;

10) жол-көлік оқиғалары бойынша тексеріс материалдарының есепке алынуын жүзеге асыруға міндетті.

13. Іздестіру жөніндегі аға инспектор саптық бөлімшенің командирі мен оның орынбасарларына бағынады. Ол:

1) кезекшінің нұсқауы бойынша жүргізушілері жасырынып қалған жол-көлік оқиғасы болған жерге баруға, оларды қарауға қатысуға;

2) оқиға болған жерден бой тасалаған жүргізуші мен көлік құралдарын іздестіруді жүзеге асыруға;

3) мініп кеткен, ұрланған және басқа да қылмысты жүзеге асыруға қолданылған көліктерді іздестіруге қатысуға криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға;

4) "Перехват" іздестіру және бөгет жасау іс-шараларының типтік жоспарларын әзірлеуге қатысуға;

5) оқиға болған жерден жасырынған іздеудегі көлік құралдары мен жүргізушілерге, карталық не компьютерлік есепке алуды және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен іздеудегі көлік құралдары бойынша қадағалау ісін жүргізуге, іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы мәліметтерді жинақтап қорытуға, оқиға болған аумақтағы ішкі істер органдары криминалдық полиция бөлімшесінің мәліметтерімен кезеңділікпен салыстыруға, іздестіру жұмысы туралы есеп беруді дайындауға;

6) жүргізушілер мен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыстың жағдайын талдауға, басшылыққа осы жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынысты әзірлеуге және енгізуге;

7) іздеудегі жүргізушілер мен көлік құралдары туралы ақпаратты жол-патрульдік қызмет бөлімінің қызметкерлеріне дайындауға, инспекторлардың жол-патрульдік қызметтің іздестіру жөніндегі жұмысын бақылауға міндетті.

14. Арнаулы техника жөніндегі инженер саптық бөлімшенің командирі мен оның орынбасарларына бағынады. Ол:

1) бөлімшедегі қолда бар арнаулы техника құралдарының есебін жүргізуге;

2) арнаулы техника құралдарының жағдайына күнделікті бақылауды іске асыруға, оларды пайдалануға ұдайы дайын күйде сақталуы шараларын қолдануға, ұсақ олқылықтарды жоюды жүргізуге және ІІББ, ІІБ-дағы мамандандырылған бөлімшелерде жөндеу өндірісін қамтамасыз етуге;

3) жоспарлы профилактикалық байқаулардың уақтылы орындалуын, өлшеу және байланыс құралдарына қызмет көрсетуді және метрологиялық бақылауды қамтамасыз етуге;

4) арнаулы техника құралдарының жұмыс істеу қабілеті мен қолданудың дұрыстығына жеке өзі мерзімді бақылау жұмысын жүргізуге;

5) саптық бөлімше жеке құрамының арнаулы техниканы орналастыру және тәжірибелік қолдануды жүргізуге және ұйымдастыруға;

6) арнаулы техниканы қолдану тәжірибесін зерделеу мен талдауға, сипаттама әзірлеуге және оларды қолдануын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ олардың қазіргі модельдері мен түрлерінің қолданудың қажеттілігі ұсыныстарды енгізуге;

7) жылдамдықты өлшеуіш және басқа да өлшеуіш құралдарын қолданудың есебін жүргізуге.

15. Жол-патрульдік қызметтің батальон (рота) старшинасы жол-патрульдік қызметтің инспекторлар құрамының экипировкасын жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, орнатылған ішкі тәртіптің сақталуына, бөлімнің мүлігінің сақталуына, қызметтік үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігіне, кабинеттердегі электр энергиясын үнемдеуге және тиімді пайдалануға жауап береді. Ол батальон (рота) командирі мен оның орынбасарларына бағынады және материалдық-жауапты тұлға болып табылады. Старшина:

1) саптық бөлімшеге келіп түскен қаруларды, жабдықтар мен мүліктерді қабылдауға және байқауға, олардың бар болуына, дұрыс қолданылуын, сақталуы мен күтілуін қатаң қадағалауға, оларды есепке алуды жүргізуге;

2) жөндеуді талап ететін қаруларды, жабдықтар мен мүліктерді шеберханаға жіберуге;

3) саптық бөлімшедегі қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысын, олардың еңбек тәртібінің орнатылған ішкі тәртібін сақтауын тексеруге;

4) бөлімше үй-жайының тазалық пен тәртіпте ұсталуын қамтамасыз етуге;



5) өрт сөндіру құралдарының бар болуы мен дұрыстығын және инспекторлар құрамының өрт қауіпсіздігі тәртібінің сақталуын байқауға міндетті.
Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd storage
mvd storage -> Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа
mvd storage -> Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының
mvd storage -> 263 Бұйрығы (2007. 26. 02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы»
mvd storage -> Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы №1061 Қаулысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»
mvd storage -> Қызылорда қаласының №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясының «Бағдаршам» тобының ЖҚИ слетіндегі «Насихатшы» сайысының Тақырыбы: «Жол ережесі баршаға ортақ»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет