Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


І. Й. Шванцар бойынша психодиагностикалық əдістердің



Pdf көрінісі
бет11/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   129
30
І. Й. Шванцар бойынша психодиагностикалық əдістердің 
топтамасы:
1. Қолданылатын мəліметтерге сəйкес (Вербалды, вербалды емес, 
манипуляциялық тест жəне т.б.).
2. Алынған көрсеткіштердің санына қарай «Дұрыс» жəне əртүрлі 
жауаптары бар тестер.
3. Зерттелушінің психикалық белсенділігі бойынша: 
- адамның өз санасының ішкі əлемін зерттеуі (зерттелінушінің 
өз тəжірибесіне сүйене отырып тұжырым жасауы): сауалнама
əңгімелесу;
сыртқы əлемге назар аударуы (бақылау жəне əртүрлі 
құбылыстарды бағалау);
- зерттелуші тұлғаның санадан тыс қасиеттерін көрсететін жоба-
лау тестері;
 ІІ. В. К. Гайде, В. П. Захаров бойынша психодиагностикалық 
əдістер топтамасы: 
1. Сапалық көрсеткіштеріне қарай: стандартты жəне стандарт-
ты емес.
2. Қолданылу мазмұнына қарай:
- жалпы диагностикалық (Р. Кеттелл жəне Г. Айзенк жеке адам 
типін зерттеу тесті; интеллектіні зерттеу тесті);
- кəсіби қолайлылық тесті;
- арнайы қабілеттілікті зерттеу тестері (техникалық, əуендік, 
ұшқыштарға арналған тестер);
- жетістіктерді зерттеу тестері;
3. Зерттенушінің тірек материалдары бойынша:
- бланктік;
- заттық (КООС кубиктері, «Векслер жинағындағы пішіндерді 
жинау»); 
- аппараттық (зейін ерекшеліктерін зерттеуге арналған құралдар).
4. Зерттеушілердің санына байланысты: дара жəне топтық.
5. Жауап беру формасы қарай: жазбаша, ауызша
6. Бағыт-бағдарды тексеруге байланысты: жылдамдықты, 
күшті анықтауға арналған тесттер, аралас тесттер. Тесттегі тапсыр-
малар күрделі жəне оны орындау уақыты шектеусіз; зерттеушіні 
жетістікпен қатар, тапсырманы орындау тəсілі де қызықтырады.
7. Тапсырманың біртектілігіне байланысты: гомогенді жəне 
гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас, белгілі 
бір тұлғалық жəне даралық қасиеттерді өлшеуде қолданылады). 


31
Гетерогенді тест тапсырмалары əртүрлі интеллект сипаттарын 
анықтауға арналған.
8. Жинақтылығы жағынан: оқшаулаған тесттер жəне тесттер 
жинақтары.
9. Тапсырмаларға жауап беру қасиеті бойынша: жауаптары бар 
немесе еркін жауап қайтаруға болатын тесттер.
10. Психиканы қамту ауданы: жеке тұлғаға бағытталған жəне 
ақыл-ой тесттері.
11. Ақыл-ой əрекеті сипаты бойынша: вербалды, вербалды емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет