204
жөндеп, əр уақытта тапсырмалары жайлы бағдар беріліп отыр-
ды. Сондықтан біздің зерттеуде ойын барысына орай балалардың
қарым-қатынасын байқап,
кестеге салып, тіркеп отыру үшін
жүргізілген жұмыстың барысы қолданылды. Бұл ойындар бары-
сында балалардың: 1) Басқа адамдарға экспериментаторға, басқа
балаларға-зейін қоюы, еліктеу сəттері, олардың əрекеттері мен
сөздерін өзімен-өзі болып, əдейілеп қайталауын;
2)
Басқаларға эмоциялық қатынасын, ойын барысындағы
эмоциялық көріністердің (формалардың) пайда болуын өзгерістерін.
3) Инициативалық əрекеттері, басқалардың назарын өзіне
аударуға бағытталған белсенділіктерін;
4) Өзіне деген басқалардың қатынасына сезімталдық танытуы,
өзіндік бағаның,
мінез-құлық, жүріс-тұрыс актілерінің өзгерісін
зерттедік.
Əрбір өлшем мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен
жəне басқа балалармен қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғары»
жəне «төмен» деңгейде дамығандығын береді.
Қарым-қатынас қажеттілігі «жоғары» деңгейде дамығандығын
төмендегі параметрлер анықтайды:
1) Бала
адамдардың өтінішін бірден, толық жəне ең ақырына
дейін орындап шығады.
2) Бала басқаның берер мəліметін бар зейінін қойып тыңдайды,
тіпті бөгде объектілерге мəн бермей тыңдайды.
3) Жасалған ескертулерге қатысты баланың өкпелеу сəттері
болмайды.
4) Берілген мəліметтерді, ойын шартын барынша толық
сақтайды.
5) Ойын шарты бойынша жүзеге асырылатын əрекеттерді
неғұрлым жақсы орындауға тырысады.
6) Бала басқалармен бірге өзара əрекеттестікте жағымды эмо-
циялар формаларын көрсетеді.
7) Балалар басқа барлық балалармен қарым-қатынас жасауда сер-
гек, көңілді, белсенді болады.
8) Балалар басқалардың арасында еркін əрекет жасайды.
9) Балалар басқалардың назарын өзіне аудару мақсатымен ори-
гиналды, агрессия мен өкпеге негізделмеген əрекеттер,
қылықтар
жасайды.
10) Балалар лидерлік-жетекшілік, ұйымдастырушылық қасиет-
терін əдейілеп баса көрсетеді.
205
11) Мақтау, мадақтау формаларының негізінде оқушылардың
белсенділігі артады.
12) Балалар басқалардың назарына іліккен сөздер мен əрекеттерді
қайталайды.
13)
Балалар вербалды еместен гөрі, диалогтік-тілдік қарым-
қатынас жасайды.
14) Балалар мақтанғанда ерекше позада болып, əдеттегіден мүлде
бөлек жеңісті білдіретін дыбыс шығарады.
Балаларды байқап, бақылау схемасы бойынша қарым-қатынас
қажеттілігінің «жоғарғы» деңгейіне тəн сипаттар «төменгіден» ба-
сым болса, балалардың коммуникативті іс-əрекетте белсенді бола-
тынын көрсетеді.
Ал балаларға қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғарғы» жəне
«төменгі» деңгейлерінің сипаттары тең дəрежеде
байқалса,
коммуникативті іс-əрекетке балалардың əр кезде даяр бола
бермейтінділігін көрсетеді. Балаларға «төменгі» деңгейдегі қарым-
қатынас қажеттілігі тəн болса, оның коммуникативтік іс-əрекетке
енжар болатындығы белгілі. Егер 1 мен 7 аралығындағы сипаттар
8 бен 14 аралығындағы сипаттардан басым болса оқушылар қарым-
қатынасты басқаларды бағалай білу үшін, ал керісінше болғанда өз-
өзін білу, бағалау үшін қажетсіну болатындығы шығады. Сонымен
қатар, 8-14 сипаттар басым болғанда 5-6 жастағы балалардың қарым-
қатынас қажеттілігіне тəн ерекшелік көрінеді. Ол оқушылардың өзін
басқалардың түсінуін, өзімен бірге сезімдік күй кешуін (эмпатия),
жанашырлық танытуын қажетсінуінен қарым-қатынас жасайтынын
білдіреді (М. И. Лисина ).
Достарыңызбен бөлісу: