206
əрбір оқушыға дара хаттама толтырылады. Балалардың қарым-
қатынастағы таңдамалылығы шартты түрде тағайындалды.
Хаттамаға негіз болатын байқауға, бақылауға арналған зерттеулерде
Т. А. Репина əдістемесіне арқау ете отырып, былайша құрамыз:
1. Əрбір баланың жеке ойын барысында басқалардың
əрқайсысымен байланысы (контактісі) саналады.
2. Əрбір баланың жасаған байланыстарының жалпы қосындысы
есептеп шығарылады.
3. Əрбір бала үшін қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасы
есептелінеді: мұндағы қарым-қатынастағы
таңдамалылық шекара-
сы, m-байланыстардың жалпы саны, N-топтағы балалар саны.
4. Балалардың қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасының
мəні (p) əрбір баламен жасаған байланыстар санымен (m) салысты-
рылады. Егер болса, оқушының қарым-қатынастағы таңдамалы си-
патын береді.
3. Коммуникативтілік мотивтерін зерттеу. Мұнда диагнос-
тиканың,
негізінен, əдістеме алынды. Эксперименталды жұмыс
мазмұны екі түрлі жағдайдағы баланың инициативалық жəне
белсенділік əрекеттерін анықтап, қарым-қатынастағы танымдық
жəне жеке бастық мотивтерінің арақатынасын зерттеуге негізделеді.
Бірінші
жағдайда, балалармен «Бес тас», «Үй тігу» ойындары
ұйымдастырылды. Мұнда оқушы ойыншық заттар жəне басқалармен
(экспериментаторлар жəне балалар тобы) өзара əрекеттестік жасау-
ына мүмкіндік берілді. Ұсынылған ойын түрлерінде əрбір оқушыға
ересек адамның немесе басқа балалардың бірлескен əрекеттестігі
үшін өзара жəрдем беру қажеттілігі пайда болды. Бұл жағдай арқылы
оқушының қарым-қатынастағы танымдық жəне іскерлік мотивтері
зерттелді
Екінші жағдай баланың ересектермен жəне
басқа балалар-
мен əңгімелесуіне негізделген. Бұл жағдай оқушының қарым-
қатынаста басқаларды білуге, түсінуге бағытталуын анықтайды.
Ол үшін «егер мен...», «егер сен...», «бес саусақ неге бірдей емес»
метафорасы жəне мақал-мəтелдер қолданылды. Мұндағы жағдай
таза вербалды, бір-бірімен қарым-қатынас
жасауға негізделген
жəне де əрбір баланың қарым-қатынас жасаудағы жеке бас
мотивтерінің дамуы анықталды.
Əрбір жағдайдың ұзындығы 30 минут. Байқау, бақылау хатта-
масына əрбір баланың экспериментатордан жəне басқа балалардан
сұрақ сұрауының саны тіркеліп, жалпыланды.