Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Г. Талқылаушы əдістемелік - стиль



Pdf көрінісі
бет91/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129
Г. Талқылаушы əдістемелік - стиль
Сіз көп жетістіктерге қол жеткізесіз: жоғары əдістемелік білімді та-
лап ету жəне белгілі бір істе жоғары нəтижеге қол жеткізу. Оқушылар 
іс-əрекеттің тиімді формасын таңдаса, сіз тұрақсыз эмоционалды 
көңіл күйге баса назар аударасыз. Сізге шыдамдылық, əдістемелік 
тəсілдер қорын көбейтуді ұсынамыз. Сіз гуманитарлы пəн мұғалімі 
болсаңыз, ұжымдық білім беру формасын пайдаланыңыз, шетел 
тілдері болса, жемісті білім беру түрін алыңыз. 
Бекіту сұрақтары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың псходиагностикасының 
ерекшеліктері қандай?
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін 
диагностикалау жұмыс жүргізу барысында қандай əдіс-тəсілдерге 
көңіл бөлгені дұрыс?
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық 
қарым-қатынасының психодиагностикасының рөлі қандай?
4. Жасөспірімдер мен жеткеншіктер жасын диагностикалау 
əдістемелеріне сипаттама бер.


240
6-БӨЛІМ. КƏСІБИ ПСИХОДИАГНОСТИКА
6.1 Кəсіби іріктеу мен кəсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы
6.2 Психодиагностиканың этикалық жəне кəсіби сұрақтары
6.1 Кəсіби іріктеу мен кəсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы
Жұмысқа қабілеттілік темпераментпен байланысты болады. Ба-
лаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты оның биологиялық 
кемшілігі деп қарауға əзір тұрамыз. Біздің пікірімізше, тұйықтық, 
бұйығылық, баяулық оның табиғатының əсері емес, көп жағдайда 
оқыту мен тəрбиенің нəтижесі ондағы əміршілдіктің салдары болуы 
мүмкін. Бұл психологиядағы темперамент теориясының негізі бо-
лып табылады. 
Б. М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық 
психологиялық өзгешелік деп қарастырады. Б. М. Теплов 
қабілеттілікке анықтама бере отырып, қабілеттіліктің үш белгісін 
көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан 
ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік
екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді 
жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-
əрекетті орындау барысында нəтижесі табысқа сəйкес жететін 
ерекшеліктерді қабілет деп атауға болады; үшіншіден, «қабілет» 
түсінігі адамда бар білім, ептілік жəне дағдымен ғана шектеліп 
қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп 
айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды ғана бар деп 
айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге 
қабілетті деп санайды. Б. М. Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір 
жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың 
күресі деп көрсетеді.
Тұлғаларды психологиялық типтерге бөліп, мінез-құлықтарына 
сипаттама беруге арналған психологиялық тесттер қазіргі таңда 
практик психологтар кеңінен пайдаланып жүр. Солардың бірі, 
Климовтың ДДО, Холландтың тесті жоғары сынып оқушыларына 
кеңінен қолданылып келеді. ДДО тесті төрт түрлі мамандықтарға 
тəн ерекшеліктерге бағытталған сұрақтардан тұратын сауална-
ма болса, сонымен бірге, жауап бойынша тұлғаның қай топтамаға 
жататындығын анықтауға мүмкіншілік береді, мысалы; «адам-


241
адам», «адам-табиғат», «таныс жүйе», «адам-техника», «көркемдік 
бейне» деген бағыттар қамтылған. Бұл екі тестті практикалық 
сабақтың бірінде танысамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет