Қаулысымен 4.4.8-кіші бөліммен толықтырылды
4.4.8. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту.
Мемлекет басшысының кооперацияның дамуына бөгет жасайтын тосқауылдарды жоюға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында талдау жүргізілді және елдегі кооперация процесін тежейтін мынадай тосқауылдар анықталды:
1) коммерциялық емес ұйымдар нысанында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінде табысты бөлу мүмкіндігінің жоқтығы;
2) нормативтік құқықтық базаның жетілмегені;
3) кооперативтер қызметінің айқын болмауы, кооператив мүшелерінің бір-біріне сенімсіздігі;
4) ішкі рәсімдердің шектен тыс реттелгені.
Аталған тосқауылдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының кооперацияны дамыту мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанады.
Бұл ретте, АШТӨ-ні субсидиялау мәселелері фермерлерді кооперативтендіру міндетімен тығыз өзара байланыста балады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.4.9-кіші бөліммен толықтырылды
4.4.9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы шетел мамандарын тарта отырып талдамалық зерттеулерді жүргізуді және ұсыныстарды әзірлеуді, озық шетел тәжірибесін зерттеуді және енгізуді, сондай-ақ шетел инвестицияларын тарту процесін жандандыруды және АӨК өнімін өткізудің жаңа шетел нарықтарын іздеуді көздейді.
Осыған байланысты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық ерекше өзектілікке ие.
Қазіргі уақытта Қазақстан ЭЫДҰ, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (бұдан әрі - ФАО), ХЭБ, Исламдық ынтымақтастық ұйымымен (бұдан әрі - ИЫҰ) белсенді ынтымақтастық жасауда.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан әртараптандыру және тікелей шетел инвестицияларын ұлғайту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салаларының, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша консультациялар алуда.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық бағыттарының бірі Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың шолуын әзірлеу болып табылады, оның ішіне инвестицияланған мемлекеттік ресурстардың тиімділігін бағалау үшін саланың егжей-тегжейлі талдауын жүргізу кіреді. 2011 жылы ЭЫДҰ-дың әдістемесі бойынша Қазақстанның аграрлық саясатының шолуы әзірленген болатын.
Жүргізілген шолудың негізінде екі жыл сайын ЭЫДҰ әдістемесі бойынша ауыл шаруашылығы нарықтарындағы негізгі ойыншылар болып табылатын елдердің өндірушілерін қолдау деңгейін айқындайтын және түрлі елдерде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы сенімді және салыстырмалы сандық мәліметтердің жалғыз көзі болып табылатын Аграрлық саясаттың мониторингі жүргізіледі.
ФАО-мен ынтымақтастық аграрлық саясатты әзірлеуде біліктілігі жоғары ауыл шаруашылығы мамандарынан жедел консультациялар алуға, АӨК басым бағыттарында техникалық және консультациялық көмекке, аграрлық саясатта болып жатқан өзгерістерге жылдам ден қоюға, ел үкіметтерімен бірге ұсыныстарды әзірлеуге және өңірдің мамандануын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дамуының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстандағы ФАО өкілеттігі трансшекаралық проблемаларды шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы қатысатын өңірлік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында жануарлар мен жануарлар әлеміндегі саулықты қамтамасыз ету мәселелерінде халықаралық стандарттарды, ХЭБ аясында әзірленген жарлықтар мен ұсынымдарды қолдану аса өзекті. ХЭБ-пен ынтымақтастық шеңберінде техникалық және әдіснамалық көмек көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ХЭБ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы туралы қол қойылған келісімді іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі, ветеринария жөніндегі референттік орталықтың жануарлар бруцеллезі бойынша ХЭБ референттік зертханасының мәртебесін алу бойынша көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Астана қаласында ашылған Орта Азиялық аймақ бойынша аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ қосалқы аймақтық реттеуші кеңсесі аусылды бақылауды күшейту, өңірлік деңгейдегі аусылға қарсы күрес бойынша бірыңғай тәсіл мен стратегияны әзірлеу, ХЭБ өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп, аусылға қарсы күрес бойынша Орта Азиялық өңірлік ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
ИЫҰ шеңберінде штаб-пәтері Астана қаласында болатын Исламдық Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ұйымды құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған ұйымның құрылуы ИЫҰ кедей елдеріне халықаралық қаржы ұйымдары қаражаты есебінен қазақстандық астықты және азық-түліктің басқа түрлерін жеткізуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық астық нарығын өткізудің қосымша нарығын қамтамасыз етеді деп болжанады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және басқа да елдердегі инфрақұрылымдық жобалардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобалары іске асыруға ықпал етеді, ол экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның шаруашылығы халықаралық ауыл шаруашылығы ғылыми орталықтарының әлемдегі ең ірі бірлестігі АШЗХКТ-ге кіруі жоспарланып отыр. АШЗХКТ-ге мүшелік ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорына, әлемдегі аса бай ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының аса маңызды түрлерінің топтамасына, сондай-ақ АШЗХКТ ақпараттық және ресурстық жүйелеріне, әзірлемелеріне, инновациялар мен технологияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. АШЗХКТ орталықтары мен ғалымдары әлемдік деңгейде сапалы консультациялық қызмет көрсете алады және коммерцияланатын және сатып алынатын технологиялардың, ғылыми-техникалық жобалардың сараптамасын (қайтарымсыз негізде) жүзеге асыратын болады, Қазақстанның биоқауіпсіздігінің халықаралық деңгейін қамтамасыз етуде жәрдемдесе алады.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
АӨК-ні дамытудың 2013 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы екі кезеңде іске асырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 5.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.1. Бірінші кезең: 2013 - 2015 жылдар
Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың берік іргетасын қалау қажет:
1) Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттер мен іс-шараларды шешу үшін заңнамалық базаны қалыптастыру;
2) төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, АӨК субъектілерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ қаржыландыру арқылы АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;
3) өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
4) ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен қарқынды әдістеріне көшу;
5) өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;
6) қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат жасау;
7) инвестициялық және пилоттық жобалар пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;
8) аграрлық ғылымда технологияларды трансферттеу, бейімдеу және коммерцияландыру пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;
9) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
10) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
11) маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;
12) көліктік-логистикалық қуаттарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;
13) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
14) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
15) мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;
16) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
17) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдай жасау;
18) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
19) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Нәтижесінде саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар қалыптастырылады.
5.2. Екінші кезең: 2016 - 2020 жылдар
Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу қажет.
Екінші кезеңде қойылған міндеттерді шешу нәтижелері:
1) өсімдік дақылдары түсімділігінің және малдар өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту;
2) ҚР АӨК өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5.3-кіші бөлім өзгертілді
5.3. Күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, қамтамасыз етуші инфрақұрылымды дамыту, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияларды екі есе арттыру, өнімділікті өсіру нәтижесінде Бағдарламаның мынадай негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу күтіледі:
1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге кемінде 9 жылға ұзарту;
3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 - 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;
6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 2015 жылға қарай 62 % болады.
ҚР Үкіметінің 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6- бөлім өзгертілді
6. Қажетті ресурстар
АӨК-ні дамытудың 2013 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға қажетті жалпы шығыстар мынаны құрайды:
34-кесте. АӨК-ні дамыту бағдарламасын іске асыруға қажетті ресурстар, 2013 - 2020 жылдар, мың теңге
Жылдар
|
Барлық бюджеттік қаржыландыру
|
Ұлттық қор қаражаты есебінен
|
Облигациялық қарыздар есебінен
|
«АКК» АҚ-тың меншікті қаражаты есебінен
|
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың меншікті қаражаты есебінен
|
Жиыны
|
РБ есебінен
|
ЖБ есебінен
|
Барлығы
(РБ және ЖБ)
|
2013
|
156 295 487
|
28 266 609
|
184 562 096
|
|
150 000 000
|
2 155 000
|
3 000 000
|
339 717 096
|
2014
|
282 765 241
|
28 205 879
|
310 971 120
|
|
150 000 000
|
|
5 000 000
|
465 971 120
|
2015
|
286 849 751
|
27 878 622
|
314 728 373
|
20 500 000
|
200 000 000
|
|
8 000 000
|
543 228 373
|
2016
|
317 294 163
|
27 389 139
|
344 683 302
|
|
|
|
12 000 000
|
356 683 302
|
2017
|
355 346 330
|
27 393 139
|
382 739 469
|
|
|
|
14 000 000
|
396 739 469
|
2018
|
373 921 418
|
27 395 139
|
401 316 557
|
|
|
|
16 000 000
|
417 316 557
|
2019
|
376 004 817
|
27 396 139
|
403 400 956
|
|
|
|
18 000 000
|
421 400 956
|
2020
|
404 796 751
|
27 396 639
|
432 193 390
|
|
|
|
20 000 000
|
452 193 390
|
Жиыны
|
2 553 273 958
|
221 321 305
|
2 774 595 263
|
20 500 000
|
500 000 000
|
2 155 000
|
96 000 000
|
3 393 250 263
|
Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржыландыру көлемі ҚР-дың заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
АӨК дамытуға жалпы қаржыландырудың қажетті көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 1,3 есе, ал облигациялық қарыздарды, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ меншікті қаражатын есепке алмай, бюджеттік қаржыландыру көлемі 2,3 есе өседі және 432 млрд. теңгені құрайды. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар облигациялық қарыздар, республикалық бюджет және Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылады, олардың көлемі 629,3 млрд. теңгені құрайды.
АӨК субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер қолжетімділігінің артуы Бағдарламаның жалпы қаржыландыру көлемінде 2,9 есе өседі.
АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінген қаражат үлесі және мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға шығыстар үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 1,2 есе өседі.
35-кесте. Бағыттар бойынша қажетті қаржыландыру көлемі, мың теңге
Бағыт
|
2013 жыл
|
2020 жыл
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру
|
157 980 000
|
7 740 316
|
АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру
|
127 865 830
|
380 253 597
|
АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту
|
51 123 538
|
60 805 990
|
АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру
|
2 747 728
|
3 393 487
|
Барлығы
|
339 717 096
|
452 193 390
|
36-кесте. Қаржыландыру көздері бөлінісіндегі қажетті бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге
Қайнаркөз
|
2013 жыл
|
2020 жыл
|
Бюджеттік қаржыландыру көлемі,
мың теңге
|
Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %
|
Бюджеттік қаржыландыру көлемі,
мың теңге
|
Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %
|
Республикалық бюджет
|
156 295 487
|
85
|
404 796 751
|
94
|
Жергілікті бюджет
|
28 266 609
|
15
|
27 396 639
|
6
|
Бюджеттік қаржыландыру жиыны
|
184 562 096
|
100
|
432 193 390
|
100
|
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750
Достарыңызбен бөлісу: |