Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 Қаулысы



бет5/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#205465
1   2   3   4   5   6   7
3-қосымшада көзделген игеру кестесін сақтамаған;

Банк осы Келісім, сондай-ақ Қордың Банкпен жасасқан өзге шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамаған өзге жағдайларда және егер осындай бұзушылық Банк тарапынан бұзушылық орын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жойылмаған жағдайларда кредитті мерзімінен бұрын қайтаруды және/немесе осы Келісімді мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге.

Көрсетілген жағдайларда Қордың уәжделген алғашқы жазбаша талап етуі бойынша Қор осы Келісім бойынша Банкке орналастырған ақшаны Банк осы талапты алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қайтаруға міндеттенеді.

Банк Қордың талабы бойынша ақшаны осы талапты алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде аудармаған болса, соңғысының берешек сомасын, оған қоса кредит сомасын, сыйақыны, тұрақсыздық айыбы мен осы Келісім шеңберіндегі талаптарды орындамауға байланысты өзге де шығыстарды акцептсіз және даусыз тәртіппен Банктің қосымша келісімінсіз Қордың Банкке уәжделген алғашқы жазбаша талабын, кредитті акцептсіз және/немесе даусыз тәртіппен жүзеге асыру үшін осы Келісімнің нотариалды куәландырылған қажетті көшірмелерімен қоса, төлем талап-тапсырмаларын ұсыну жолымен Банктің ҚР ҰБ-дағы кез келген корреспонденттік шоттарынан кез келген валютада шығарып тастауға (кредитті алып қою) құқығы бар. Банктің ҚР ҰБ корреспонденттік шоттарындағы Банк қаражаты Қор алдындағы міндеттемелерін орындауға жетпеген жағдайда, Қор қаражатты Банктің қосымша келісімінсіз акцептсіз және даусыз тәртіппен Банктің кез келген өзге шоттарынан кез келген валютада есептен шығаруға (алып қоюға) құқығы бар.

Егер қаражат кредит орналастырылған валютадан басқа валютада акцептсіз алынған жағдайда, алып қойылған қаражатты орналастырылған қаражат валютасына ауыстыру алып қойылған валюта айырбасталатын күнге ҰБ белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады;

5) Келісім шарттары Банк тарапынан бұзылған жағдайда, айыппұл (тұрақсыздық айыбын) төлеуді талап етуге;

6) Банкті кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, жоба іске асырылатын жерге барып, Банктің Қор кредитін мақсатқа сай пайдалануына Банк пен соңғы қарыз алушы арасында жасалған Банктік қарыз шартында көзделген құқықтар шеңберінде мониторинг жүргізуге;

7) Банк қаржыландырған соңғы қарыз алушыдан қарыздың игерілгені және мақсатты пайдаланылғаны туралы, атап айтқанда соңғы қарыз алушының Банктен қарыз алғаны-алмағаны (осы Келісім шеңберінде) және мұндай қарыздың қандай мақсатқа берілгені туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы;

8) соңғы қарыз алушылардың осы Келісімде көзделген қаражат есебінен қаржыландырылған қарыз қоржынын қайта табыстауды, оның ішінде мынадай:

жеткілікті меншікті капитал коэффициентін (К2) 14% төмен төмендету;

Банктің қарыз қоржынының жалпы көлемінде негізгі қарыз және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі ұзартылған берешекпен қарыздар үлесін арттыру: ағымдағы мәні 10%-дан көп емес банктер үшін - 5%-ға және одан көп; ағымдағы мәні 10%-дан көп банктер үшін - 3%-ға және одан көп;

Банктің жиынтық активтерінде пайыздық және комиссиялық табыс әкелетін активтерінің үлесін төмендету - 70%-дан төмен;

Банктің таза пайыздық маржа мәні қатарынан 2 тоқсан ішінде теріс болған;

Банктің жиынтық активтерінде жоғары өтімді активтердің үлесін төмендету (тізімі - осы Келісімге 10 қосымшада) - 10% төмен;

осы Келісімде көзделген сыйақы мен Кредитті өтеу бойынша 30 күннен астам мерзімін өткізудің болуы;

Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service сияқты рейтингтік агенттіктердің бірімен Банктің кредит рейтингін «В-» деңгейінен төмендету жағдайларын соңғы қарыз алушылардың Қарыз қоржынын одан әрі үшінші тұлғаларға табыстай отырып қайта табыстауды банктен талап етуге құқылы.

2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Қор Банкке осы Келісімде белгіленген талаптарда кредит беруге міндетті.

3. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Банк осы Келісімде көзделген қаражат есебінен кредит беру үшін осы Келісімнің критерийлеріне сәйкес соңғы қарыз алушыны өз қалауы бойынша таңдауға құқылы.

4. Осы Келісімнің талаптарына сәйкес Банк:

1) соңғы қарыз алушыларды жеңілдікті шарттарда қолдау жөніндегі осы Келісімді жасасудағы негізгі мақсатты қатаң сақтауға;

2) кредитті осы Келісімнің 3-бөлімінің 4-тармағында көрсетілген мерзімде игеруге;

3) осы Келісімде көрсетілген шарттарда және тәртіппен, сондай-ақ мерзімде соңғы қарыз алушыға қарыз беруге;

4) осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Келісім бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін Қордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға тапсырмауға және қайта табыстамауға.

Банктің соңғы қарыз алушыларға Банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқығы қаржы нарығын бақылау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес үмітсіздер санатына өткен қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға берілген жағдайларға осы тармақ қолданылмайды;

5) соңғы қарыз алушының Қарызды өтегеніне немесе өтемегеніне қарамастан, Банк Қорға негізгі борыш сомасын, яғни есептелген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын осы Келісімде белгіленген мерзімде өтеу бойынша сөзсіз міндеттеме қабылдайды;

6) осы Келісімнің іске асырылуы бойынша негізделген қажетті ақпаратты, сонымен қатар банктік құпияны құрайтын ақпаратты, соңғы қарыз алушылардың жобасына мониторинг жүргізуге қатысты ақпаратты, оған қоса банктік құпияны Қордың тиісті талаптарында көрсетілген мерзімде ашуға соңғы қарыз алушылардың келісімін алған жағдайда, Қор талаптарын алған кезден бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Қорға ұсынуға;

7) Банктің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеушінің ішкі талаптарына сәйкес соңғы қарыз алушының қарызды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

8) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қорға осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес соңғы қарыз алушылардың жобаларын кредит қаражаты есебінен қаржыландыру туралы есеп беруге;

9) Қордың талап етуі бойынша кредиттің игерілмеген/уақтылы игерілмеген бөлігін кредиттің игерілмеген/уақтылы игерілмеген сомасының 5%-ы (бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлей отырып, Қор тиісті хабарлама жолдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қайтаруға;

10) Қор тиісті хабарлама жолдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қорға Банктің мақсатқа сай емес пайдаланған кредит сомасының 15%-ы (он бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеуге;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кіруге шектеу қойылған үй-жайлардан басқа, қызметтік үй-жайларға Қор өкілдерінің мониторинг және нысаналы тексеру жүргізу үшін кіруіне рұқсат беруге және мұндай тексерулер барысында жан-жақты жәрдем беруге;

12) резидент банктердегі корреспонденттік және өзге шоттар туралы барлық ақпаратты осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, сонымен қатар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін резидент-банктерде ашылған шоттар бойынша ақпаратты Қорға ашылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға. Банктің ҚР ҰБ корреспонденттік шоттарындағы және/немесе резидент банктердегі қаражаты осы Келісім аясында Қор алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін жеткіліксіз болған жағдайда, өзге банктердегі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы) барлық шоттар туралы ақпаратты Қордан тиісті хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорға жазбаша хабарлауға;

13) Банктің заңды мекенжайы, почта және банктік деректемелері, сонымен қатар нақты мекенжайы өзгерген жағдайда, осы сияқты өзгерістер жайлы ақпаратты 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорға дереу хабарлауға. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, ықтимал салдары үшін Банк жауапты болады;

14) Банктің кредитті игеруіне және мақсатты пайдаланғанына тексеру жүргізу туралы хабарламаны алған және Банктің соңғы қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтаған кезден бастап Банк хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттің игерілгенін, кредиттің мақсатқа сай пайдаланылғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын дайындауға, сонымен қатар тексеру жүргізу үшін (үй-жай, кеңсе техникасы мен жиһаз) тиісті жағдайды қамтамасыз етуге. Тексеру кредитті игеру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

15) осы Келісімнің 6-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген кредиттің игерілгенін растайтын құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банк мөрімен куәландырылған көшірмелерді) кредитті игеру мерзімі өткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Банктің Қор кредиті есебінен игерген қарыздарының тізімін бірге қоса отырып, сонымен қатар осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті Қорға ұсынуға. Осы Келісімнің 6-бөлімінің 1-тармағында көзделген құжаттар орталықтандырылған түрде Қордың бас кеңсесіне ұсынылады;

16) Банк қызметін жүзеге асыруға шектеулер немесе тыйым салу орын алғаны туралы, сонымен қатар Банк акцияларының 10%-дан (он пайыздан) астамына қатысты меншік құқығы сатылғаны немесе бір уақытта өзгеге берілгені және/немесе иелік ету және пайдалану құқығы өзгеге берілгені туралы ақпаратты 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей тез арада жазбаша түрде Қорға хабарлауға. Банк жазбаша хабарламамен бірге толық ақпаратты және орын алған жағдайлар фактісін растайтын құжаттарды Қорға ұсынады;

17) соңғы қарыз алушылармен жасалған Банктік қарыз шарттарына мынадай талаптар мен параметрлерді жазуға:

егер қаржыландыру Кредит есебінен берілетін болса, Қорды қарызды қаржыландыратын дереккөз етіп белгілеу;

шығыс баптарын ақшалай қаражаттың тиісті сомасымен нақтылай отырып, соңғы қарыз алушының қарызды мақсатты пайдалануы көрсетілетін арнайы қосымшаны қарастыру;

жоба іске асырылатын жерге барып, Банктік қарыз шарты бойынша алынған Қарызды соңғы қарыз алушының мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асыру бойынша Қорға құқық бекіту;

Қордың қарызды алуға және пайдалануға байланысты кез келген ақпаратты ашуы үшін соңғы қарыз алушыға Банкке келісім беру міндеттемесін бекіту;

қол жеткізілген қарызға қатысты Банк пен Қор сұратқан кез келген ақпаратты Банкке және Қорға ұсыну бойынша міндеттемені соңғы қарыз алушыға бекіту;

кейіннен кредиттік бюродан қажетті ақпаратты Қорға бере отырып, соңғы қарыз алушы туралы кредиттік бюродағы ақпаратты беруге оның келісімін қарастыру;

соңғы қарыз алушының және қаржыландырылатын саланың атауын Қордың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы үшін соңғы қарыз алушының келісімін қарастыру;

Банктің және Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражатты мақсатты, заңды және тиімді пайдалануын бақылау және мониторингтеу мақсатында құрылған жұмыс тобына (органға) және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қарыздар (қарыз) бойынша, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруге соңғы қарыз алушының келісімін қарастыру;

18) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде есепті айдан кейінгі айдың 1-күніндегі жағдай бойынша теңгерімдік және теңгерімнен тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті (700-Н нысан) (электронды және қағаз жеткізгіштерде) Қорға ұсынуға;

19) қажет болған жағдайда, Қордың талап етуі бойынша осы Келісімнің 7-бөлімі 4-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген есептілікті айдың кез келген күні, алайда айына 2 реттен асырмай ұсынуға. Ұсыну электрондық почта арқылы Банктің тиісті бөлімшелерінде жүзеге асырылады;

20) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде мынадай есептіліктің түпнұсқаларын (электронды және қағаз жеткізгіштерде) Қорға ұсынуға:

тоқсан сайынғы бухгалтерлік теңгерім (№ 1 нысан);

табыс пен шығыс туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 2 нысан);

ақша қозғалысы туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 3 нысан);

меншікті капиталдағы өзгерістер туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 4 нысан);

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына сәйкес (№ 1, 2, 3 қосымшалар) есепті тоқсаннан кейінгі айдың алғашқы күніндегі жағдай бойынша пруденциялық (экономикалық) нормативтердің орындалғаны туралы есеп;

жиырма ірі қарыз алушы туралы есеп (осы Келісімге 6-қосымша);

жиырма ірі салымшы туралы есеп (осы Келісімге 7-қосымша);

өтеу мерзімдері бойынша активтер мен міндеттемелердің айырмасы туралы есеп (осы Келісімге 8-қосымша);

21) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-күніне дейін Қорға осы Келісім аясында қаржыландырылған соңғы қарыз алушылардың кредит қоржынының сапасы бойынша осы Келісімнің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпарат беруге;

22) жыл сайын, Қорға жыл сайынғы аудиттелген қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жыл сайынғы қаржылық есептің түпнұсқасын ұсынуға;

23) әлеуетті соңғы қарыз алушылар үшін Қарыз алудың басты талаптарын көрсете отырып, осы Келісімнің жасалғаны туралы ақпаратты Банктің корпоративтік сайтына орналастыруға;

24) Қордың корпоративтік сайтына сілтемені Банктің корпоративтік сайтына орналастыруға;

25) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражатты мақсатты, заңды және тиімді пайдалануды бақылау және мониторингтеу мақсатында құрылған жұмыс тобының (органының) және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың талап етуі бойынша осы Келісімнің негізінде берілген қарыздар (қарыз) жөніндегі, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру;

26) жыл сайын, есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша тиісті салыстырып тексеру актісіне қол қоя отырып, кредит бойынша есеп айырысуды Қормен бірге салыстырып тексеруді жүзеге асыруға;

27) Банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің қайта құрылымдануына әкеліп соғатын (немесе әкеліп соғуы ықтимал) Банктің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда (күйде), Банк қарыздың қандай да бір нысанда құрылымдануына, оның ішінде өзге қаржы құралдарына айырбасталуына жол бермеу үшін барлық шараларды қолдануға міндеттенеді. Осы тармақшада көзделген міндеттемелерді орындау мақсатында Банк басқа кредиторлармен келешекте жасалатын барлық шарттарға (келісімдерге), облигациялық несиелерді және сауданы қаржыландыру бойынша келісімдерді қоспағанда, Банк осы Келісім бойынша кредит түрінде алған қаражаттың кез келген нысанда қайта құрылымдауға жатпайтыны жайлы ережені қысқа мерзімде енгізуге міндеттенеді. Бұл ретте Банктің барлық өзге кредиторлармен жасасқан шарттары (келісімдері) бойынша, облигациялық несиелерді және сауданы қаржыландыру бойынша келісімдерді қоспағанда, Банктің осы Келісім бойынша кредит түрінде алған қаражаты кез келген нысанда қайта құрылымдауға жатпайтыны жайлы Банк өзге кредиторларға жазбаша хабарлама жіберуге міндетті;

28) Банктің шотында жатқан кредит қаражатын осы Келісімде көзделмеген мақсатқа пайдаланбауға;

29) кредит қаражатын депозитке (салымға) орналастырмауға, қандай да бір қаржы құралына және/немесе олармен жасалатын қандай да бір операцияға инвестицияламауға, шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына жібермеуге;

30) соңғы қарыз алушының қарыз бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты Банк соңғы қарыз алушыдан өндіріп алатын комиссияның, алымның және/немесе өзге төлемдердің мөлшерін Қормен жазбаша келісуге;

31) банктің корпоративтік сайтында мыналарды:

әлеуетті қарыз алушыны іріктеудің нақты критерийлерін;

қарыз алу үшін қажетті құжаттардың тізімін;

әлеуетті қарыз алушылардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, әлеуетті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары туралы толық ақпараттың болуын қамтамасыз етуге;

32) жеке тіркеу журналын жүргізе отырып, Қарыздарды алу үшін әлеуетті қарыз алушылардан түскен барлық өтінімдерді тіркеуді жүргізуге;

33) жеке тіркеу журналын жүргізе отырып, әлеуетті қарыз алушылардың/соңғы қарыз алушылардың шағымдарының мәнін көрсете отырып, шағымдарын міндетті тіркеуді жүргізуге;

34) Қордың бірінші талап етуі бойынша жұмысты бастауға және осы Келісімде көзделген қаражат есебінен қаржыландырылған соңғы қарыз алушылардың Қарыз қоржынын, оның ішінде аталған қарыздар қоржынын Қордың кейіннен үшінші тұлғаларға табыстау мақсаты үшін қайта табыстауға;

35) осы Келісімде көзделген өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.



 

 

8. Мониторинг



 

1. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қор кредиттің игерілгеніне және мақсатты пайдаланылғанына, Банктің соңғы қарыз алушыға қарыз беру шарттарын сақтауына, Банктің осы Келісімнің талаптарын сақтауына, оның ішінде Қор өкілдерінің Банкке баруы арқылы мониторинг жүргізеді, банктік және коммерциялық құпияны ашпау талаптарын сақтай отырып, құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банк мөрімен куәландырылған көшірмелері) Банктен сұратады.

2. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қор соңғы қарыз алушылардың Банктік қарыз шарты бойынша алған қарызды мақсатты пайдалануына мониторингті, оның ішінде Қор өкілдерінің жоба іске асырылатын жерге баруы арқылы жүзеге асырады.

3. Мониторингті жүргізу тәртібі мен мерзімі осы Келісіммен және Қордың ішкі құжаттарымен реттеледі.

4. Қор мониторинг жүргізген кезде Банк оған жәрдем беруге міндетті, сонымен қатар мониторинг жүргізу үшін қажетті барлық құжаттарды Қорға ұсынуға міндеттенеді.

5. Мониторингті жүргізу тәртібі мен мерзімі:

1) Банктің мониторингі басталатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда Қор Банктің атына мониторинг жүргізу мерзімін көрсете отырып, мониторинг өткізілетіні туралы хабарлама жолдайды;

2) жүргізілген құжаттамалық мониторингтеу қорытындысы бойынша Қор 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке жүргізілетін мониторинг туралы анықтама/есеп қалыптастырады;

3) Банкке жүргізілетін мониторинг туралы анықтамаға/есепке Банктің өңірдегі уәкілетті өкілі Қор анықтаманы/есепті қол қоюға ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюы тиіс.

6. Банк кредитті мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда, Қор Банк кредитті нақты өтегеннен кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кешіктірмейтін мерзімде қосымша мониторинг жүргізе алады.

7. Банк Қорға заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлерге берілген қарыз бойынша мониторинг жүргізу үшін қажетті мынадай құжаттардың көшірмелерін (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банк мөрімен куәландырылған көшірмелері) ұсынуға міндеттенеді:

1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

3) қарыздың мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттар:

соңғы қарыз алушының банктік шотынан көшірме (тексерілетін траншты/қарызды алу күнінен бастап нақты игеру күніне дейін);

төлем фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аудару өтініші, фискалдық чектер, кассалық кіріс ордерлеріне түбіртектер және басқа құжаттар;

тауарлардың алынғанын, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және Банктік қарыз шартында көзделген басқа мақсаттарға қол жеткізілгенін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-беру актілері, пайдалануға енгізу актілері және басқа құжаттар.

Егер қарыз айналым қаражатын толықтыру үшін берілген болса: шарттар/келісімшарттар, төлем тапсырмалары/шетелдік валютаға аударуға өтініштер, кассалық кіріс ордеріне түбіртектер, фискалдық чектер (қажет болған жағдайда).

8. Банк мониторинг жүргізу үшін заңды тұлғаларға берілген қарыз бойынша қажетті мынадай құжаттардың көшірмелерін (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банк мөрімен куәландырылған көшірмелері) Қорға ұсынуға міндеттенеді:

1) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) бар мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

2) жарғы;

3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамасы (мұндай анықтамаларды беру күнінен бастап);

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 472 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес ШОБ субъектісінің орташа жылдық табысын және жұмыскерлердің орташа жылдық санын есептеуге мүмкіндік беретін салықтық есептеме (кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның анықтамаларды беруді бастау күніне дейін);



5) қарыздың мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттар:

соңғы қарыз алушының банктік шотынан көшірме (тексерілетін траншты/қарызды алу күнінен бастап нақты игеру күніне дейін);

төлем фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға аудару өтініші, фискалдық чектер, кассалық кіріс ордерлеріне түбіртектер және басқа құжаттар;

тауарлардың алынғанын, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және Банктік қарыз шартында көзделген басқа мақсаттарға қол жеткізілгенін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-беру актілері, пайдалануға енгізу актілері және басқа құжаттар.

Егер қарыз айналым қаражатын толықтыру үшін берілген болса: шарттар/келісімшарттар, төлем тапсырмалары/шетелдік валютаға аударуға өтініштер, кассалық кіріс ордеріне түбіртектер, фискалдық чектер (қажет болған жағдайда).

9. Қор жұмыскерлерінің сауалы бойынша Банк жобаға мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.

 

 

9. Растамалар мен кепілдіктер

 

1. Банк осы Келісімде көрсетілген растамалар мен кепілдіктердің шын екендігін және шындыққа сәйкес келетінін растайды. Қор көрсетілген растамалар мен кепілдіктердің шын екендігін тексеруге міндетті емес.

2. Банк:

1) осы Келісімде көзделген қаражатты өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиясы мен рұқсаты бар соңғы қарыз алушыларға ғана беру үшін ғана пайдаланатын болады;

2) Банк өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және осы Келісім бойынша өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін қандай да бір жағдайлар туралы бейхабар екенін. Сондай-ақ Банктің жарғылық құзыреті осы Келісімге қол қоятын тұлғаға осы Келісімді жасасуға мүмкіндік беретінін Банк растайды;

3) Банк осы Келісімді жасасу кезінде осы Келісімнің бұзылуына, оны орындамаудың мүмкін еместігіне, оның шындыққа сай келмейтініне себеп болатын негіздің жоқ екенін растайды;

4) Келісімнің шарттарын мүлтіксіз орындайтынын растайды және оларға кепілдік береді.

3. Банк барлық ақпараттың, сондай-ақ Қорға тапсырылатын (ұсынылатын) барлық құжаттың дәл және шындыққа сәйкес келетінін мәлімдейді және растайды. Қор тапсырылатын немесе ұсынылатын құжаттаманың дәл және шындыққа сәйкес келетінін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы Банкке ескертілген.

4. Тараптарының бірі Банк болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі келісімдер Банк жарғысын немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының Банкке қатысты қолданылатын өзге талаптарын бұзбауы тиіс.

5. Осы арқылы Банк осы Келісімдегі барлық талаптардың Банк үшін ауыртпалық болып табылмайтынын, өзі жасайтын әрекеттердің құқықтық мәнінің өзіне анық және түсінікті екенін мәлімдейді.

 

 

10. Кредитті мерзімінен бұрын қайтару

 

1. Осы Келісім бойынша кредитті Қордың бастамасы бойынша мерзімінен бұрын қайтару осы Келісімде көзделген тәртіппен және талаптарда мүмкін болады.

2. Осы Келісім бойынша кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын Қорды жазбаша хабардар ету негізінде кредиттің бүкіл сомасын немесе бір бөлігін Банк бастамасы бойынша мерзімінен бұрын қайтаруға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) кредитті игерудің белгіленген мерзімі кезеңінде, бұл ретте Банк Қорға есептелген сыйақыны, өтелетін соманың 5%-ы (бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл ретте осы Келісімнің 6-бөлімінің 1-тармағын ескере отырып, кредиттің игерілгені құжаттамалық түрде толық расталатын болса, Банк осы Келісім аясында кредит шарттары бойынша алынған қаражатты қайтарған кезде айыппұл төленбейді;

2) кредитті игерудің белгіленген мерзімі аяқталған соң, бұл ретте Банк Қорға кредитті нақты пайдаланған уақыты үшін есептелген барлық сыйақыны төлейді.

 

 



11. Тараптардың жауапкершілігі

 

1. Келісімдегі Тарап осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерін Келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындамағаны және/немесе тиісті орындамағаны үшін жауапты болады.



2. Осы Келісімнің 3-бөлімінің 4-тармағында белгіленген мерзімде кредит немесе оның бір бөлігі игерілмеген/уақтылы игерілмеген жағдайда, Банк Қордың жазбаша талап алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде игерілмеген/уақтылы игерілмеген соманың 5%-ы (бес пайызы) мөлшерінде Қорға айыппұл төлейді.

3. Кредит мақсатсыз пайдаланылған (осы Келісімнің 3-бөлімі 6-тармағында белгіленген талаптар бұзылған) жағдайда, Қордың жазбаша талабын алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Банк Қорға мақсатсыз пайдаланылған соманың 15%-ы (он бес пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді.

4. Егер Банк кез келген соманы осы Келісімге сәйкес төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын болса, онда мерзімі өткен сомаға мерзімі өткен бірінші күннен бастап нақты төлем төленетін күнге дейін әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасының 0,2%-ы (нөл бүтін оннан екі пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептеледі.

5. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Келісім бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындаудан босатпайды.

6. Соңғы қарыз алушының өзінің қарыз алуын мақұлдауға ықпал еткен жалған мәліметтерді немесе құжаттарды ұсыну фактілері анықталған жағдайда, Банк ол үшін Қор алдында жауапты болмайды. Мұндай жағдайда Банк осы Келісім аясында алған Қор қаражатын Қордың жазбаша талабын алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өз қаражатына алмастыруға міндеттенеді.

7. Соңғы қарыз алушының Қарызды мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Банк Келісім аясында алынған Қордың қаражатын Қордың жазбаша талабын алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өз қаражатына алмастырып, босаған қаражатты осы Келісімнің талаптарына сай келетін басқа соңғы қарыз алушыларды қаржыландыруға жіберуге не кредиттің тиісті бөлігін (Қордың қалауы бойынша Қор талаптарында көрсетіледі) Қорға мерзімінен бұрын қайтаруға міндеттенеді.

 

 

12. Хабарламалар



 

1. Келісім аясында талап етілетін немесе жасалатын кез келген хабарлама, хабар, хат немесе cayал жазбаша нысанда ұсынылатынына Тараптар келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сауал Тараптардың уәкілетті өкілінің жеке өзіне тапсырылған, почтамен немесе курьерлік қызмет арқылы, қатысушы Тараптың Келісімде көрсетілген мекенжайы бойынша факсимильді және телекс байланысы арқылы жеткізілген кез келген жағдайларда олар тиісті деңгейде берілді немесе табысталды деп қарастырылады.



2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сауал мынадай жағдайда алынды деп есептеледі:

1) қолма-қол (курьермен) жөнелткенде - тиісті белгісімен алынған күні;

2) тапсырыс хатпен, жеделхатпен жөнелткенде - жөнелткеннен кейін үшінші күні (жөнелту кезінде почта кәсіпорны берген құжатта көрсетілген күннен бастап);

3) факсимильді немесе телекс байланысы арқылы жөнелтілгенде - жөнелту сәтті аяқталған уақытта факсимильді аппараттың растауы болған кезде жөнелтілген күні. Бұл ретте Тараптар осындай хабарламаны, хабарды, хат немесе сауалды екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қолма-қол немесе тапсырысты хатпен жөнелтуге міндеттенеді;

4) электрондық почта арқылы жөнелткенде - жеткізілгені туралы есеп болған кезде, жөнелтілген күні.

3. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілікті Банк кейіннен құжаттың түпнұсқаларын Қорға табыстай отырып, жөнелтудің сәтті аяқталғаны туралы электрондық почтаның растауы болған кезде, қол қойылған материалдарды электрондық почта арқылы жөнелтілетін күні ұсынуға болады.

 

 

13. Құпиялылық

 

1. Осы арқылы Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпараттың, сонымен қатар қаржылық, коммерциялық және Келісім жасасу және оны орындау барысында өздері алған өзге де ақпараттың (Тараптардың шоттары туралы, Банктің толық ашылған қаржылық есептілігі, қаржыландырылған соңғы қарыз алушылар туралы егжей-тегжейлі ақпарат және оларға жүргізілген мониторинг туралы, қаржы ағыны мен Банктің Қор алдындағы қаржылық міндеттемелері туралы ақпарат, есептелген және өндіріп алынған айыппұлдар мен төлемақы өсімі туралы ақпарат) құпия болып табылатынымен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе осы Келісімде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайтынымен келіседі.



Осы Келісімге қол қою арқылы Банк осы тармаққа сәйкес құпия деп танылған ақпаратты Қор өзінің Жалғыз акционеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау және мониторингтеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияға және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға және осы Келісім аясында ақпаратты тексеруге ол уәкілдік берген өзге тұлғаларға, сонымен қатар осы Келісім аясында ақпаратты тексеру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұлғаларға бере алатынын растайды және онымен келіседі.

2. Тараптар құпия ақпаратты осы Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда ғана үшінші тұлғаларға табыстауына, жария етуіне немесе өзгеше жариялауына болады.

3. Тараптар Келісімнің құпиялылығы мен талаптарын сақтау үшін қажетті барлық шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қолданады. Қордың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне Қордың өз құқықтарын осы Келісім бойынша іске асыруы барысында алған мәліметтерін жариялауына не үшінші тұлғаларға табыстауына тыйым салынады.

4. Кез келген Тарап құпия ақпаратты Келісім талаптарын бұза отырып жариялаған не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осы ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарапқа келтірілуі мүмкін шығындардың орнын толтыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.

5. Тараптар ынтымақтастық туралы мәліметтерді (осы Келісім аясында соңғы қарыз алушыларды қаржыландырудың жалпы шарттары туралы ақпарат) бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуге, сонымен қатар көрсетілген ақпаратты жарнама мақсатында таратуға бір-біріне құқық береді.

 

 

14. Еңсерілмес күш мән-жайлары



 

1. Егер Тараптардың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісті деңгейде орындамағаны еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан болған болса, онда олар жауапкершіліктен босатылады.

2. Еңсерілмес күш мән-жайлары орын алған жағдайда, осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмай қалған Тарап мұндай жағдай орын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс.

3. Хабарлама уақтылы жіберілмеген жағдайда, Тарап зиян шеккен екінші Тарапқа хабарламағанының немесе уақтылы хабарламағанының салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

4. Еңсерілмес күш мән-жайларының туындауы Келісімді орындау мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуға алып келеді.

5. Егер мұндай мән-жай 2 (екі) айдан астам уақытқа созылатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Қор осындай талаптарын мәлімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Банк негізгі борыш сомасын есептелген сыйақысыз қайтаруға міндетті.

 

 

15. Дауларды шешу

 

1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

 

 

16. Қорытынды ережелер

 

1. Осы Келісімнің ережелерін өзгертуге және/немесе толықтыруға болады. Осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті деп танылады.

2. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды, әрқайсысының заңды күші бірдей. Тараптар арасында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайларда, Келісімнің орыс тіліндегі мәтінінің басым мәні болады.

3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

4. Осы Келісімге қол қойылғаннан кейін мұның алдындағы барлық талқылаулар, түсіндірулер, сондай-ақ хат алмасу заңды күшін жоятынымен және Келісім мәтінімен алмастырылатынымен Тараптар келіседі.

5. Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

 

 

17. Тараптардың заңды мекенжайлары, Банктік деректемелері және
қолтаңбалары

 

Банк:                                                     Қор:



____________________ _____________________

 

 



Кредиттік келісімге

1-қосымша

 

 

Соңғы қарыз алушылардың жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі


салаларының тізбесі

 


Секция

Атауы

ЭҚЖЖ коды

С

Өңдеу өнеркәсібі

10-33

 

Тамақ өнімдерінің өндірісі

10

 

Сусындар өндірісі

11

 

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

13

 

Киім өндірісі

14

 

Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі

15

 

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

16

 

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

17

 

Жазып алынған материалдарды басып шығару және жаңғырту

18

 

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

19

 

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

20

 

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі

21

 

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

22

 

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі

23

 

Металлургия өнеркәсібі

24

 

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерінің өндірісі

25

 

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

26

 

Электр жабдықтарының өндірісі

27

 

Өзге санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

28

 

Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

29

 

Өзге көлік құралдарының өндірісі

30

 

Жиһаз өндірісі

31

 

Өзге дайын өнімдер өндірісі

32

 

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

 

 

Өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер аясы


салаларының тізбесі

 


Секция

Атауы

ЭҚЖЖ коды

Н

Көлік және қоймаға сақтау

49-53

 

Жүк теміржол көлігі

49.20

 

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

49.41

 

Құбыр арқылы тасымалдау

49.50

 

Теңізде және жағада жүретін жүк көлігі

50.20

 

Өзен жүк көлігі

50.40

 

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

 

Құрлықтағы жол көлігі саласында қызмет көрсету

52.21

 

Су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер

52.22

 

Әуе көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер

52.23

 

Жүктерді көліктік өңдеу

52.24

 

Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

52.29

J

Ақпарат және байланыс

58-63

 

Сымды телекоммуникациялық байланыс

61.10

 

Сымсыз телекоммуникациялық байланыс

61.20

 

Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы көрсетілетін қызметтер

61.30

 

Телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері

61.90

 

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы көрсетілетін қызметтер

62.01

 

Компьютерлік технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер

62.02

 

Компьютерлік жабдықтарды басқару қызметі

62.03

 

Ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы басқа да қызмет түрлері

62.09

М

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69-75

 

Техникалық сынақтар мен талдаулар

71.20

 

Мамандандырылған дизайн жүргізу жөніндегі жұмыстар

74.10

 

Ветеринариялық қызмет

75.00

 

Ескертпе: кіші салалар тізбесі техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесіне сәйкес келеді.

 

Банк:                                                            Қор:



________________ __________________

 

Кредиттік келісімге



2-қосымша

 

 



Төлемдер кестесі

 


Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу күні

Негізгі борыш қалдығы, теңге

Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге

Сыйақыны өтеу сомасы, теңге

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу сомасы, теңге

 

 

 

*

 

 

 

 

 

 

 

*сыйақыны өтеу бойынша бірінші төлем кредит Банк шотына түскен күннен бастап нақты пайдаланған күн үшін есептеледі.

 

Банк:                                                                      Қор:



____________________ _____________________

 

Кредиттік келісімге



3-қосымша

 

 



Кредитті игеру кестесі

 

Р/с №

Кезең

Кредитті игеру көлемі

пайызбен

теңгемен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ

 

 

 

Банк:                                                       Қор:

___________________ ____________________

 

Кредиттік келісімге



4-қосымша

 

 



Кредиттің игерілуі туралы есеп
кредиттің игерілуін өңірлерге бөлу

 


Р/с №

Облыс

Жобалар саны

Игеру сомасы, теңге

оның ішінде, АҚТ

1

Ақмола облысы

 

 

 

2

Ақтөбе облысы

 

 

 

3

Алматы облысы

 

 

 

4

Атырау облысы

 

 

 

5

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

 

6

Жамбыл облысы

 

 

 

7

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

8

Қарағанды облысы

 

 

 

9

Қостанай облысы

 

 

 

10

Қызылорда облысы

 

 

 

11

Маңғыстау облысы

 

 

 

12

Павлодар облысы

 

 

 

13

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

15

Астана қ.

 

 

 

16

Алматы қ.

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

Кредиттің игерілуін салаларға бөлу

 


Р/с №

Сала

Барлығы

оның ішінде, инвестициялар

оның ішінде, АҚТ

Жобалар саны

Игеру сомасы, тенге

Жобалар саны

Игеру сомасы, теңге

Жобалар саны

Игеру сомасы, теңге

 

Өңдеу өнеркәсібі

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілетін қызметтер көрсету саласы

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк:                                                   Қор:



________________ ____________________

 

Кредиттік келісімге



5-қосымша

 

 



Жобаларды кредит қаражаты есебінен қаржыландыру туралы есеп

 


Жалпы №

Банк

Облыс

Қазақстан Республикасы облыстарының бөлінісінде қарыз алушының атауы

Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

1

2

3

4

5

Берілген күн

Қарыз мерзімі, айлар

Қарыз сомасы

Кредит қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Банк қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

6

7

8

9

10

Нақты берілетін қаражат сомасы

Кредит қаражаты есебінен нақты берілетін сома

Банк қаражаты есебінен нақты берілетін сома

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең

11

12

13

14

15

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Кредиттеу объектісі

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Іске асырылатын орын (аудан, қала)

16

17

18

19

20

ЭҚЖЖ негізгі топтары бойынша экономика саласы

ЭҚЖЖ бойынша экономиканың кіші саласы

Жобаны іске асыру есебінен құрылған жаңа жұмыс орындары

ЕДБ уәкілетті органы шешімінің №

ЕДБ уәкілетті органы шешімінің күні

21

22

23

24

25

Банктік қарыз шарттарының/кредит желілерін ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шарттарының /кредит желілерін ашу туралы келісімнің күні

Қарыз алушының БСН

Күтілетін орташа жылдық түсім мөлшері, млн. теңге (бизнес-жоспардың негізінде)

Салықтық төлемдердің күтілетін орташа жылдық сомасы, млн. теңге (бизнес-жоспардың негізінде)

26

27

28

29

30

 

 

Банк:                                                       Қор:



_______________ __________________

 

Кредиттік келісімге



6-қосымша

 

 



«_________________» АҚ жиырма ірі қарыз алушысы туралы
____________ ж. жағдай бойынша есеп

 

Қарыз алушының атауы*

Қарыз сомасы

Негізгі борыш қалдығы

Ашылатын күн

Өтеу күні

Провизия сомасы**

Мерзімі өткен негізгі борыш сомасы**

Валюта

№ 1 қарыз алушы

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 қарыз алушы

 

 

 

 

 

 

 

№ 3 қарыз алушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:



*нақты салымшының атауын көрсету міндетті емес

**бар болған жағдайда

 

Банк:                                                                    Қор:



___________________ ____________________

 

Кредиттік келісімге



7-қосымша

 

 



 

«______________» АҚ жиырма ірі салымшысы туралы
_____________ ж. жағдай бойынша есеп

 


Салымшының атауы*

Ағымдағы шоттағы салым, қалдық сомасы

Ашылған күн

Жабылатын күн

Пайыздық мөлшерлеме

Валюта

Мерзімінен бұрын алып қою мүмкіндігі (иә/жоқ)

Азаймайтын қалдық сомасы

№ 1 салымшы

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 салымшы

 

 

 

 

 

 

 

№ 3 салымшы

 

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:

*нақты салымшының атауын көрсету міндетті емес

 

Банк:                                                          Қор:



________________ _________________

 

Кредиттік келісімге



8-қосымша

 

 



«______________» АҚ өтеу мерзімдері бойынша активтері мен
міндеттемелердің айырмасы туралы _______________ ж. жағдай бойынша
есеп

 


Атауы

3 айға дейін

6 айға дейін

1 жылға дейін

3 жылға дейін

5 жылдан астам

Қажет болғанға дейін

Активтер

 

 

 

 

 

 

Міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк:                                                                  Қор:



___________________ ______________________

 

Кредиттік келісімге



9-қосымша

 

 



Келісім шеңберінде қаржыландырылған соңғы қарыз алушылардың
кредит қоржынының сапасы бойынша ______________ ж. жағдай бойынша
ақпарат

 


Р/с №

Әріптес банктің атауы

Қарыз алушының атауы

Басталатын күні

Аяқталатын күні

Қарыз сомасы

Мерзімі өткен берешектің барлығы

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі борыш сомасы

Сыйақы сомасы

Мерзімі өткізіле бастаған күн

Кесте бойынша соңғы төлем жасалғаннан бері күндер саны

Қарыздар бойынша несие берешегінің қалдығы

ҚЕХС бойынша қарыз провизияларының мөлшері

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк:                                                                       Қор:



_______________ _______________________

 

Кредиттік келісімге



10-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет