Жоғары өтімді активтердің тізімі:
1) қолма-қол ақша;
2) аффинирленген бағалы металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингтеріне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие бейрезидент-банктердің талап етілмеген салым ақшалары;
5) Қазақстан Республикасының банктеріне және Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингтеріне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие бейрезидент-банктерге бір түнге орналастырылған салымдар;
6) «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4717 тіркелген) (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес, шетелдік валютада тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингке ие елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
7) № 128 қаулыда белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингіне ие шетелдік эмитенттердің облигациялары;
8) өтеу мерзімі 7 күнге дейінгі Ұлттық Банктегі мерзімдік депозиттер;
9) Қазақстан Республикасының Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингтеріне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие резидент және бейрезидент-банктерге берілген «овернайт» қарыздары.
Кepi сатып алу шарттарында банк сатқан немесе кепілзатқа берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салынған бағалы қағаздардан басқа осы тармақта аталған бағалы қағаздар жоғары өтімді активтер есебіне қосылады.
Банк: Қор:
____________________ ______________________
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
өңдеу өнеркәсібіндегі
кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландыруды қамтамасыз
ету жөніндегі бірлескен
іс-қимыл жоспарына
6-қосымша
№ _____ Банктік қарыз шарты
Астана қ.
|
2014 жылғы «___» ______________
|
Бұдан әрі «Қарыз беруші» деп аталатын «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының атынан _______________ негізінде әрекет ететін _____________, бір тараптан және
бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, «_______» акционерлік қоғамының атынан ______ негізінде әрекет ететін __________, екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар», ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Банктік қарыз шартын (бұдан әрі - қарыз шарты) жасасты:
осы қарыз шартында және (немесе) оған қосымшаларда, өзгерістер мен толықтыруларда бас әріппен қолданылатын анықтамалар, егер мән-мәтіннен өзгеше туындамаса, осы қарыз шартына 1-қосымшада анықталған мәнге ие болады.
1. Қарыз шартының нысанасы және жалпы ережелері
1. Қарыз беруші Қарыз алушыға қарызды мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, мақсатты пайдалану және ақылылық шарттарында мынадай талаптармен береді:
1.1. Қарыз сомасы ____________ (__________) теңге. Қарызды игеру бір рет жүзеге асырылады.
Қарыз валютасы: теңге.
1.2. Қарыз мерзімі: қарызды нақты игеру күнінен бастап ____________ ай.
1.3. Сыйақы мөлшерлемесі белгіленген. Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық 2,0% (екі бүтін оннан нөл пайыз), бұл ретте қарыз шартын жасасу күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі сыйақының номиналды мөлшерлемесіне баламалы және жылдық 2,0% (екі бүтін оннан нөл пайызды) құрайды.
1.4. Қарыз алушы қарызды өтеуді, сыйақы, комиссиялар мен қарыз шарты бойынша өзге төлемдер төлеуді қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырады.
1.5. Қарыз алушы қарызды өтеуді мынадай әдіспен жүзеге асырады: қарыз мерзімінің соңында бір жолғы төлеммен.
1.6. Қарыз алушы негізгі борышты, есептелген сыйақы мен комиссияларды, тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдар, өсімпұлдар) төлеу бойынша берешекті өтеген кезде, Қарыз беруші берешекті қайтаруға (өтеуге) арналған сомаларды мынандай кезектілікте ескереді (бағыттайды):
комиссиялар;
тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, айыппұлдар);
есептелген сыйақы;
негізгі борыш.
1.7. Негізгі борышты қайтару, сыйақы, комиссиялар мен тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдар, айыппұлдар), Қарыз алушының қарыз шарты бойынша төлейтін/өтейтін, берешекті өтеу үшін түскен шығындарды төлеу бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде Қарыз беруші Қарыз алушының қарыз шарты бойынша берешегін қайтаруға (өтеуге) арналған сомаларын мынандай кезектілікте ескереді (бағыттайды): 1) тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, айыппұлдар) сомасы; 2) қарыз шартын орындауға байланысты және Қарыз алушының өтейтін шығындары; 3) комиссиялар; 4) сыйақы сомасы; 5) негізгі борыш сомасы.
Бір уақытта мерзімі өткен және мерзімді берешек болған кезде ең алдымен мерзімі өткен берешек, ал содан кейін қарыз шартында белгіленген тәртіпте мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы және мерзімді берешек өтеледі.
1.8. Берешек сомасын уақтылы өтемеу мен төлемеу үшін алынатын тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептеу тәртібі және олардың мөлшері, сондай-ақ қарыз беру үшін алынатын комиссиялардың толық тізбесі және олардың мөлшері қарыз шартына 3-қосымшада көрсетілген.
1.9. Қарыздың нысаналы мақсаты: ІКС-ке кредит беру үшін Қарыз алушыға осы қарыз шартының талаптарымен қарыз беру.
1.10. Қарыз шарты бойынша белгіленген мерзімде қарызды өтеу, сыйақы мен өзге төлемдерді төлеу тәртібі Қарыз берушінің арнайы шотына ақшаны аудару жолымен қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады.
Қарызды өтеу және сыйақыны төлеу мерзімділігі негізгі борыш пен сыйақыны қайтару кестесіне сәйкес анықталады (осы қарыз шартына 2-қосымша), бұл ретте:
1) Қарыз алушы негізгі борышты қарыз мерзімінің соңында қайтару кестесіне сәйкес өтейді;
2) Қарыз алушының қарызды нақты игеру күнінен бастап негізгі борыштың қалдық сомасына сыйақы есептеледі және оны Қарыз алушы қайтару кестесіне сәйкес жартыжылдық төлемдермен қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейді.
2. Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауы (дефолт) не Қарыз берушіге қарыз шарты бойынша өз құқықтарын жүзеге асыруға кедергі (әрекетімен және (немесе) әрекетсіздігімен) жасауы жағдайында, Қарыз беруші Қарыз алушыға орындалмаған міндеттемелерді (дефолт) жоюға 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді белгілеп, оның ішінде қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада қойылған талаптарды қанағаттандырмау кезінде Қарыз беруші Қарыз алушыға қатысты қарыз шартында көзделген шараларды, оның ішінде мына кез келген шараларды жеке және жиынтықта қолдануға құқылы:
1) бір мезгілде сыйақы сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, айыппұлдар) мен өзге шығындарды өндіріп алып, қарыздың барлық сомасын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын өндіріп алу;
2) қарызды қаржыландыруды тоқтату немесе тоқтата тұру және (немесе) қарыз шартын бұзу;
3) тұрақсыздық айыбы (өсімпұлдар, айыппұлдар) түрінде жауапкершілік қолдану;
4) Қарыз алушының қосымша келісімінсіз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - ҰБ) Қарыз алушының кез келген корреспонденттік шоттарынан және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кез келген шоттарынан берешек сомасын, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары және осы қарыз шарты аясындағы талаптарды орындамауға байланысты басқа да шығындар сомасын кез келген валютада, ақша жіберушінің акцептін қажет етпейтін төлем талап-тапсырмаларын көрсету жолымен, сондай-ақ қаражатты акцептісіз және (немесе) даусыз есептен шығаруды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып есептен шығару.
2. Қарыз шартының қолданылу мерзімі
1. Қарыз шарты Тараптардың қол қою күнінен бастап күшіне енеді және Тараптардың қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін қолданылады.
2. Қарыз алушы негізгі борышты қайтару, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, айыппұлдар) төлеу, шығындарды өтеу және қарыз шартында көзделген өзге төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде, қарыз шартында белгіленген мерзімде орындаған және Қарыз берушінің талаптарына сәйкес нысан бойынша Тараптардың қолы қойылған салыстыру актісі болған кезде Қарыз берушіге қайтарылды және берешек өтелді деп саналады.
3. Міндеттемелерді бұзғаны үшін Тараптардың жауапкершілігі
1. Қарыз алушы қарыз қаражатын мақсатты пайдаланылуы үшін жауапты болады.
2. Қарыз алушы қарыз шартының 5-бөлімінде көзделген талаптарды бұзып, қарыз шарты бойынша қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерді мерзімінде және толық көлемде орындамаған, қарызды мақсатты пайдаланбаған жағдайда, Қарыз алушы Қарыз берушіге қарыз шартының талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдар, айыппұлдар) төлейді, сондай-ақ қарыздың мақсатты пайдаланылмаған сомасын қайтарады.
3. Тұрақсыздық айыптарының тізбесі және олардың мөлшері осы қарыз шартына 3-қосымшада көрсетілген. Қарыз алушы қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған (дефолт) жағдайда, оның тұрақсыздық айыптарды (өсімпұлдар, айыппұлдар) төлеуі және шығындарды өтеуі бұзған міндеттемесін тиісінше орындау міндетінен босатпайды.
4. Тараптар қарыз шартының талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
4. Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауы (дефолт)
1. Тараптар Қарыз берушінің қарыз шартында көзделген және белгіленген талаптармен Қарыз алушыға міндеттемелердің орындалмауы (дефолт) (кросс-дефолт) туралы хабарлауға, оның ішінде Қарыз алушының қарыз шартында көзделген тәртіппен және шарттарда өзінің қаржылық және (немесе) қаржылық емес (ақшалай емес) сипаттағы міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін хабарлауға, содан кейін Қарыз беруші белгілеген мерзімінде Қарыз алушыдан қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауды (толық немесе ішінара) талап етуге құқығы бар екенін мойындайды. Қарыз беруші Қарыз алушыға міндеттемелердің орындалмауын (дефолт) (кросс-дефолт) хабарлаған, сондай-ақ ол Қарыз берушінің алдында өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындау туралы талапты орындамаған жағдайда, Қарыз беруші қарыз шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алуға, қарыз шартында не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Мына кез келген жағдай:
2.1. Егер Қарыз алушы негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, шығындар мен тұрақсыздық айыптары (өсімпұлдар, айыппұлдар) сомасын қоса алғанда қарыз шарты бойынша Қарыз берушіге тиесілі кез келген ақшаны, мерзімінде және (немесе) толық көлемде төлемесе.
2.2. Қарыз алушы қарыз шартында немесе қарыз шартына сәйкес немесе оған байланысты ұсынған қандай да бір хабарламада, өзге құжатта, куәлікте немесе өтініште жасаған растауы немесе пайымдауы Қарыз берушінің дәлелді негіздемелері бойынша дұрыс болмаса, не бұл жасалған сәтте немесе жасалды деп саналған сәтте жаңылыстыратын болса.
2.3. Қарыз алушы қарыз шартында белгіленген өзінің кез келген міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса және түзетуге болатын мұндай орындамау Қарыз берушінің Қарыз алушыға жолдаған хабарламасында түзетуге белгілеген мерзімі ішінде түзетілмесе.
2.4. Кросс-дефолт жағдайлары туындаса.
2.5. Қарыз алушыны тарату, оның қызметін тоқтату, басқаруға тапсыру, қайта ұйымдастыру, Қарыз алушыға және (немесе) оның мүлкіне қатысты банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыны, сондай-ақ ұқсас тұлғаны тағайындау, Қарыз алушының құқыққа қабілеттілігін өзгерту мақсатында әрекеттер жасалса немесе заң рәсімдері басталса.
2.6. Қарыз алушы үшін қарыз шарты бойынша өзінің кез келген немесе барлық міндеттемелерін орындауы заңсыз болып табылса, Қарыз алушының қарыз шарты бойынша кез келген міндеттемелері заңды, жарамды болуын және орындалуын тоқтатса.
2.7. Қарыз алушының төлеуге жағдайы болмаса немесе кредиторлардың алдында өзінің төлеуге дәрменсіздігін мойындаса, төлеуге қабілетсіз болуға әкелетін қандай да бір әрекеттер жасаса, төлем басталатын мерзімде қарыздарды төлеуге мораторий жарияласа, қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамау (дефолт) жағдайы болып саналады.
3. Міндеттемелердің орындалмауы (дефолт) қаупі болған кезде, Қарыз алушын міндеттемелерді орындамауы (дефолт) жағдайы туындауы мүмкін және (немесе) сондай болған жағдайларды көрсетіп, Қарыз берушіге дереу жазбаша хабарламаны, оның ішінде оларды жою шаралары туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
5. Мақсатты пайдалану
1. Осы қарыз шартына 4-қосымшада көрсетілген басым кіші салаларға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Қарыз алушыға ІКС-ті қаржыландыру үшін және осы қарыз шартының талаптарына сәйкес ІКС-тің инвестициялық жобаларын іске асыру мақсаттарына қарыз беріледі.
ІКС-ке бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыруға тыйым салынады.
2. ІКС Қарыз алушының кредитін Қарыз берушінің қарыз мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Қарыз алушы белгіленген қарыз мерзімі аясында қарыз қаражатын қайтадан пайдалануды қамтамасыз етеді және қарыз шартының талаптарына сәйкес қарызды ІКС-тің өтеген сомалары шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
6. Қарыз беру тәртібі
1. Қарыз беруші қарызды қарыз шартын жасасу күні біржолғы төлеммен ұсынады.
2. Қарызды игеру Қарыз берушінің қарыз қаражатын Қарыз алушының арнайы шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырылады. Қарыз берушіге ұсынылған қарызды игеруге арналған өтінім қарызды игеру негіздемесі болып табылады.
3. Қарызды игеру күнінен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде Қарыз алушы ІКС-ке кредит беру мақсатында Қарыз берушіге Қарыз алушы уәкілетті органдарының ІКС жобаларын мақұлдау туралы шешімдерінің көшірмелерін ұсыну жолымен Қарыз алушының арнайы шотынан қарыз қаражатын есептен шығаруға қажетті соманы Қарыз берушімен алдын ала келісуді жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Қарыз беруші ҰБ Қарыз алушыға аударуға жататын сомаларды келісу туралы хабардар етеді немесе Қарыз алушыға сомаларды келісуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жолдайды.
7. Төлемді есептеу
1. Қарыз алушының қарыз шарты бойынша төлеуге жататын сыйақыны есептеу күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күнге тең жылды және күнтізбелік 30 (отыз) күнге тең айды есептеп, қарызды нақты пайдалану күндері бойынша жүзеге асырылады.
2. Егер қарыз ақпанның 28/29 немесе кез келген айдың 31 күні игерілсе, онда сол айдың 30 (отызы) күнін қарызды игеру күні деп есептеу қажет.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда қарыз валютасы Қарыз алушының қарыз шарты бойынша міндеттемелерінің төлем валютасы болып саналады.
4. Егер қарыз шарты аясында кез келген соманың соңғы төлем мерзімі жұмыс күніне түспесе, онда бұдан кейінгі жұмыс күні кез келген соманың соңғы төлем күні болып саналады.
8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қарыз беруші:
1.1. Қарыз алушы қаржылық қызметін, оның ішінде қарыздың мақсатты пайдаланылуын тексеруге.
1.2. Қарыз алушы қарызды өтеу және (немесе) қарыз шарты бойынша төлеуге жататын кез келген соманы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған кезде, Қарыз беруші Қарыз алушының Қарыз берушіде ашылған кез келген банк шоттарынан ақшаны сөзсіз және акцептсіз тәртіппен алуға және (немесе) ҰБ қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан банктерге Қарыз алушының шоттарынан ақшаны алу (оның ішінде акцептсіз тәртіппен) туралы төлем және (немесе) өзге құжаттарды көрсетуге.
Қарыз беруші Қарыз алушының банктік шоттарынан ақшаны алған кезде, Қарыз беруші ҰБ осы алу күніне белгілеген бағам бойынша шығындарды түскен (өндіріп алынған) ақшаның есебінен өтеп, осы ақшаны қарыз валютасына айырбастауға.
1.3. Қарыз алушының жазбаша келісімінсіз, Қарыз алушыға кейіннен хабарлап, қарыз шарты бойынша өзінің талап ету құқығын үшінші тұлғаға қайта табыстауға.
1.4. Қарыз алушының қарыз шартында көзделген өз міндеттемелерін бұзуы кезінде, осы қарыз шартына 3-қосымшада көрсетілген тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдар, айыппұлдар) жиынтықта және жеке қолдануға, сондай-ақ Банктің қарыздың мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуді не қарыздың мақсатты пайдалануы бұзылған жағдайларда қарызды мақсатты пайдалану шегінде Қарыз алушының кейіннен ІКС-ті қаржыландыру үшін Қарыз алушы бағыттайтын қарыз қаражатының орнын Қарыз алушының өз қаражатымен өтеуін талап етуге.
1.5. Осы қарыз шартына 3-қосымшада көрсетілген комиссиялар мен тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдар, өсімпұлдар) есептеуді біржақты тәртіпте тоқтата тұруға және жаңғыртуға.
1.6. Агенттік келісімде көрсетілген талаптарға сәйкес агент арқылы осы қарыз шартының талаптарын орындау мониторингісін жүзеге асыруға.
1.7. Қарыз шартында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Қарыз беруші:
2.1. Қарыз алушыға Қарыз шартында көзделген мерзімде, тәртіп пен талаптарда қарыз беруге.
2.2. Қарыз шартында және қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, Қарыз алушыны қарыз шарты талаптарының өзгеруі туралы және өзге жағдайларда хабардар етуге.
2.3. Қарыз алушының өтініші бойынша айына бір реттен жиілетпей қарыз шарты бойынша берешекті өтеу шотына түсетін кезекті ақшаның бөлінуі (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары, айыппұлдар мен мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, төлеуге жататын басқа да сомаларға) туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай жазбаша нысанда тегін ұсынуға.
2.4. Қарыз алушының өтініші бойынша Қарыз берушіге негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыптарына, айыппұлдар мен мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып төлеуге жататын басқа сомаларға бөліп, қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық көлемде қайтару туралы, қайтаруға жататын соманың мөлшері туралы 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай тегін хабарлауға.
2.5. Қарыз шартында көзделген мерзімде және тәсілдермен Қарыз алушыға міндеттемелерді орындау мерзімінің өткені және қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы хабарлауға. Тараптардың келісімі бойынша қарыз шартында қарыз шарты бойынша кезекті төлемдер күні туралы хабарламалардың мерзімдері мен тәсілдері қарастырылуы мүмкін.
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қарыз берушінің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде Қарыз алушының жазбаша өтінішін қарастыруға және оған жазбаша жауап дайындауға.
2.7. Қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаларға табысталған кезде (егер қарыз шартында табыстау құқығы көзделсе) тапсырылған талап ету құқықтарының толық көлемін негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары мен төлеуге жататын өзге сомалар түріне бөлу арқылы ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қалдығын, сондай-ақ Қарыз берушіге немесе талап ету құқықтары тапсырылған тұлғаға қарызды өтеу бойынша тағайындалған кейінгі төлемдерді көрсетіп, бұл туралы Қарыз алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға.
2.8. Осы қарыз шартында, агенттік келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге міндеттемелерді орындауға міндетті.
3. Қарыз алушы:
3.1. Қарыз шартында көзделген талаптар мен мерзімде қарыз сомасын қайтаруға.
3.2 Қарызды пайдалану барысында кредит беру қағидаттарын сақтауға: Қарыз шартының талаптары бойынша мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық және мақсатты пайдалану.
3.3. Қарыз алушының арнайы шотындағы қарыз қаражатын осы қарыз шартында қарастырылмаған мақсаттарға пайдаланбауға.
3.4. Қарыз қаражатын депозитке (салымға) орналастырмауға, қандай да бір қаржы құралдарына және (немесе) олармен байланысты операцияларға инвестицияламауға, шетелдік валютаны сатып алу үшін валюта нарығына бағыттамауға.
3.5. Ай сайынғы негізде, ІКС-ке бұрын берілген қарыздарды өтеу есебінен босатылған соманы Қарыз алушының арнайы шотына есептеуге.
3.6. Қарыз алушы активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің қайта құрылымдануына әкеліп соғатын (немесе әкеліп соғуы ықтимал) Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда (күйде), Қарыз алушы қарыздың қандай да бір нысанда құрылымдануына, оның ішінде өзге қаржы құралдарына айырбасталуына жол бермеу үшін барлық шараларды қолдануға міндеттенеді. Осы тармақшада қарастырылған міндеттемелерді орындау мақсатында Қарыз алушы басқа кредиторлармен келешекте жасалатын барлық шарттарға (келісімдерге), облигациялық қарыздарды және сауданы қаржыландыру бойынша келісімдерді қоспағанда, Қарыз алушы қарыз қаражатының кез келген нысанда қайта құрылымдауға жатпайтыны жайлы ережені қысқа мерзімде енгізуге міндеттенеді. Бұл ретте Қарыз алушының барлық өзге кредиторлармен жасасқан шарттары (келісімдері) бойынша, облигациялық қарыздарды және сауданы қаржыландыру бойынша келісімдерді қоспағанда, қарыз қаражаты кез келген нысанда қайта құрылымдауға жатпайтыны жайында өзге кредиторларға Қарыз алушы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
3.7. Осы қарыз шартында көзделген қомиссияларды, тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдар, айыппұлдар) уақытылы және толық көлемде төлеуге. Комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұлдар, айыппұлдар) тізбесі және олардың мөлшері қарыз шартына 3-қосымшада белгіленген.
3.8. Қарыз беруші мен агентке қарыз қаражатын пайдалану барысы туралы ақпаратты ашу және ұсыну үшін келісім беруге.
3.9. Қарыз беруші мен агенттің сұраулары мен талаптары бойынша қарыз қаражатын пайдалану барысы туралы ақпарат беруге.
3.10. Қарыз алушы мен ІКС арасында жасалатын қарыз шарттарында соңғысының Қарыз берушіге, Агентке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген және оның құрамына кіретін қаражатты жұмсауды бақылау комиссиясына, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға Қарыз есебінен қаржыландырылатын қарыздар бойынша банктік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттарды және ақпаратты беруге келісімін, сонымен қатар Агенттің ІКС-ті, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландыратын ІСК жобасын бақылауға келісімін көздеу керек.
3.11. Осы қарыз шартына 4-қосымшада көрсетілген басым салалар тізбесін қаржыландыру, оның ішінде қарыз қаражатын мақсатты пайдалану бойынша талаптарды сақтауға.
3.12. ІКС-ті қаржыландыру кезінде мынандай талаптарды (шектеулерді) сақтауға:
Қарыз алушының ішкі нормативтерімен анықталған кредиттік тарихы теріс ІКС-ті қаржыландырмау;
бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі, сондай-ақ қаржыландыруды бастау күніне дейін 6 (алты) ай ішінде Қарыз алушының алдында мерзімі өткен берешегі бар ІКС-ті қаржыландырмау;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201_ жылғы «_____» _____________ № _____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары аясында қарыз алған ІКС-ті қаржыландырмау (өтелген қарызды қоспағанда);
мына ІКС-ті қаржыландырмау: а) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілері;
б) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей және жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;
ІКС-ке мақсатты пайдалану, мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында қарыз беру;
бір ІКС-ке арналған қарыз сомасы - 200 000 000 теңгеден 5 000 000 000 теңгеге дейін;
ІКС-ті қаржыландыру валютасы - теңге;
ІКС-ке арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспауы қажет, бұл ретте сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі ҰБ-ның талаптарына сәйкес айқындалады;
ІКС-ке арналған қарыз мерзімі 10 жылдан аспауы қажет;
ІКС үшін негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - қарызды игеру басталған күннен бастап 24 ай;
Қарыз алушы үшін ІКС субъектілерінің қарыз бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді қоспағанда, ІКС субъектісінің қарызымен байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді ІКС-тен алуға тыйым салынады;
мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша қызметтерді ІКС төлейді.
3.13. Қарыз берушіден жазбаша талап алу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өз тарапынан берешек қалдығы бойынша қол қойылған салыстыру актісін ұсынуға.
3.14. Қарыз шартын жасасу күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қарыз берушіге ҰБ және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі басқа банктерінде ашылған Қарыз алушының банктік шоттары туралы толық мәлімет беруге.
3.15. Қарыз алушының заңды мекенжайы және (немесе) орналасқан жерінің мекенжайы, атауы, Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының құрамы өзгергенде, Қарыз берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде растау құжаттарын ұсынып, жаңа мәліметтер туралы жазбаша хабарлауға.
3.16. Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, тәуелсіз аудитор растаған жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуға.
3.17. Ай сайын, әрбір есепті ай аяқталған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Қарыз берушіге қаржылық жағдай туралы есепті және пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есепті 700Н нысан бойынша қағаз жеткізгіште және электрондық түрде (сканерленген көшірмелер) беруге;
3.18. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға.
3.19. Қарыз берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қарыз шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаларға табыстамауға.
3.20. Мынадай оқиғалар туындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қарыз берушіні:
1) жазбаша түрде немесе SWIFT жүйесі бойынша қандай да бір акционерге тиесілі атаулы құны Қарыз алушының жарғылық капиталынан 5 (бес) пайызынан асатын акциялар санының өзгеруіне әкелетін Қарыз алушының акционерлер құрамының өзгеруі, олардың атқарушы органдарының және уәкілетті лауазымды тұлғаларының өзгеруі, ұйымдық-құқықтық басқару нысанының және (немесе) құрылымының болжамды өзгеруі туралы, сондай-ақ Қарыз алушы активтерінің көлеміне және оларды бағалауға едәуір және теріс әсер етуі немесе оның активтерінің айтарлықтай көбеюін туындатуы мүмкін кез келген басқа жағдайлар туралы;
2) мүлікті өндіріп алуға, төлемді талап етуге немесе Қарыз алушының кез келген міндеттемелерді орындауына әкелетін/әкелуі мүмкін сот және (немесе) төрелік (аралық) талқылаулардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістердің, атқарушылық өндірістердің, қарыздың сомасынан артық сомаға үшінші тұлғалар тарапынан өзге талаптардың болуы туралы;
3) жарғыға, оның ішінде Қарыз алушының қызмет түрлерінің өзгеруіне/кеңеюіне қатысты өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы;
4) акционерлердің арасында таза кірісті бөлу туралы және акцияларға дивидендтерді төлеу туралы;
5) сомасы Қарыз алушыға тиесілі барлық активтердің 10% (он пайызын) және одан артық активтердің бөлігін немесе бірнеше бөлігін тапсыру жолымен өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысу туралы;
6) Қарыз алушының бастамасымен қайта ұйымдастыру немесе ерікті тарату арқылы өзінің құқықтық мәртебесін өзгерту туралы жазбаша хабардар етуге.
3.21. Агенттік келісім бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауға.
3.22. Қарыз шартының қолданылу мерзімі ішінде мына фактілердің болмауын:
1) ҰБ Қарыз алушы лицензиясын тоқтатуын не қайтарып алуын;
2) Қарыз алушының кез келген кредиттік рейтингісінің (халықаралық ұзақ мерзімді) «ССС» дейін төмендеуін және (немесе) қарыз шартын жасасу күні белгіленген Қарыз алушының кредиттік рейтингісімен (халықаралық ұзақ мерзімді) салыстырғанда бір уақытта 2 тармаққа төмендеуін;
3) Қарыз алушының ҰБ пруденциялық нормативтерін 2 ай қатарынан бұзуын;
4) Қарыз алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем қабілетсіздігін жариялауын;
5) Қарыз алушыда 2 (екі) тоқсан қатарынан қорытынды бойынша теріс қаржылық нәтиженің болуын қамтамасыз етуге.
3.23. Қарыз берушіге жолданатын кез келген құжаттаманы бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық түрде (сканерленген көшірмелер) ұсынуға.
3.24. Қарыз берушінің қаражатын ІКС инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатында Қарыз берушінің қарызын игеру күнінен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде орналастыруға.
3.25. Қарыз берушінің қаражаты орналастырылмаған/толық көлемде орналастырылмаған кезде, Қарыз беруші белгілеген мерзімде осы қарыз шартына 3-қосымшада белгіленген Қарыз берушінің тарифтеріне сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Қарыз берушінің талаптарында көрсетілген мерзімде қарыздың мақсатты пайдаланылмаған сомасын қайтаруға.
3.26. Қарыз алушының қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзуы кезінде Қарыз берушінің талабы бойынша қарызды мақсатты пайдалану шеңберінде және кіші салалық басымдықтарға сәйкес ІКС-ті қаржыландыруға бағытталатын Қарыз қаражатының орнын меншікті қаражатымен толтыруға.
3.27. Қарыз алушының уәкілетті органдарының ІКС жобаларын мақұлдау туралы шешімдерінің көшірмелерін Қарыз берушіге ұсыну жолымен Қарыз алушының арнайы шотынан қарыз қаражатын есептен шығаруға қажетті соманы Қарыз берушімен алдын ала келісуді жүзеге асыруға.
3.28. Қарыз алушының уәкілетті органдарының ІКС жобаларын мақұлдау туралы шешімдері бар болған жағдайда және ІКС жобаларына мақұлданған сома шегінде Қарыз алушының арнайы шотынан қарыз қаражатын аударуға.
3.29. Қарыз шартының қолданылу мерзімі ішінде қарыз шарты бойынша ІКС-ке бұрын берілген қарыздар есебінен босатылған қарыз қаражаты 3 (үш) ай ішінде қарыз шартының талаптары бойынша ІКС-ке кредит беруге жолдануы немесе қарыз шартының 9-бабына сәйкес Қарыз берушіге мерзімінен бұрын қайтарылуы тиіс.
3.30. Жұмыс істемейтін кредиттер (ҰБ мәліметтері бойынша 90 күннен артық төлем мерзімі өткен кредиттер) деңгейі ҰБ және Қарыз алушы арасында жасалған тиісті жеке келісімде белгіленген шекті мәннен аспауы тиіс, бұл талап қарыз шартын жасасу күні Қарыз алушының жұмыс істемейтін кредиттер (ҰБ мәліметтері бойынша 90 күннен артық төлем мерзімі өткен кредиттер) деңгейі 15% (он бес пайыздан) асқан жағдайда қолданылады.
3.31. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201_ жылғы «____» _____________ № ___ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының барлық талаптарын тиісті түрде сақтауға.
3.32. Қарыз шарты бойынша барлық өзге міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, халықаралық актілерге және тәжірибеге сәйкес Қарыз алушының берешегін қайтару және шығындарды қарыз шартында белгіленген мөлшер мен тәртіпте төлеу мақсатында, Қарыз алушы Қарыз берушіге Қарыз алушының кез келген екінші деңгейдегі банктерде ашылған, оның ішінде ҰБ-да ашылған шоттарынан ақшаны акцептсіз алуға сөзсіз, даусыз құқық береді. Қарыз алушы осымен қарыз шартына қол қою Қарыз алушының ақшаны осылай акцептісіз алуға келісім (акцепт) беруін білдіретініне келіседі және ақшаны есептен шығару үшін өзге келісімдер жасау немесе Қарыз алушыдан қосымша келісім алу талап етілмейді.
5. Қарыз алушы:
5.1. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне түссе, онда тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, сыйақы немесе негізгі борышты келесі жұмыс күні төлеуге.
5.2. Өтініш бойынша айына бір реттен жиілетпей қарыз шарты бойынша берешекті өтеу шотына түсетін кезекті ақшаның бөлінуі (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары, айыппұлдар мен мерзімі өткен төлемдерді көрсетіп, төлеуге жататын басқа да сомалар) туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, жазбаша нысанда тегін алуға.
5.3. Қарыз шарты бойынша берілген қаражатты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық көлемде Қарыз берушіге қайтару туралы өтініш бойынша - мерзімі өткен төлемдерді көрсетіп, негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыптары, айыппұлдар мен басқа сомаларға бөлінген қайтаруға жататын соманың мөлшері туралы мәліметті бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда тегін алуға.
5.4. Қарыз алған күннен бастап бір жыл өткен соң тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, қарызды қарыз шартында көзделген жағдайларда және тәртіппен мерзімінен бұрын ішінара немесе толық көлемде өтеуге.
5.5. Көрсетілетін қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған жағдайда, Қарыз берушіге жазбаша түрде жүгінуге және одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап алуға құқылы.
8.6. Қарыз берушіге қойылатын шектеулер (тыйым салынады):
6.1. Жасасқан қарыз шарты шегінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге.
6.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе қарыз шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, жасасқан қарыз шарты шегінде Қарыз беруді біржақты тәртіпте тоқтата тұруға.
6.3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе қарыз шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарыз шартын жасасу күні белгіленген сыйақы мөлшерлемесін көбейту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге.
6.4. Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеу немесе толық өтеу жағдайларын қоспағанда, қарызды мерзімінен бұрын өтеу үшін алынатын тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларын алуға.
6.5. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түссе, онда тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларын алуға тыйым салынады, бұл ретте сыйақы немесе негізгі борыш бойынша төлем келесі жұмыс күні жүргізіледі.
9. Қарызды мерзімінен бұрын қайтару
1. Қарыз алушы Қарыз берушінің жазбаша келісімі болған кезде қарыз шартының осы бөлімінің 2 - 3-тармақтарында айқындалған тәртіппен қарыздың барлық сомасын немесе оның бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға құқылы.
2. Қарыз алған күннен бастап бір жылға дейін қарызды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу жағдайларында, Қарыз алушы қарыз шартына 3-қосымшада көрсетілген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Бұл ретте Қарыз алушы Қарыз берушіге қарызды мерзімінен бұрын қайтару мерзімі мен сомасы, сондай-ақ қарыз алған күннен бастап бір жылға дейін қарызды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу жағдайында, қарызды мерзімінен бұрын қайтару үшін тұрақсыздық айыбын төлеу туралы міндеттеме қамтылған тиісті жазбаша өтінішті қарау үшін жіберуге міндетті.
3. Қарыз берушінің атынан уәкілетті орган Қарыз алушының тиісті түрде ресімделген хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде оны қарауға қабылдап, қарызды немесе оның бөлігін мерзімінен бұрын қайтару (өтеу) туралы шешім шығарады, кейіннен қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
10. Растамалар мен кепілдемелер
1. Қарыз алушы Қарыз берушінің қарыз шартын мынадай растамалар мен кепілдемелер негізінде жасағанын растап, кепілдеме береді және оны мойындайды:
1.1. Қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін, қарыз шартын жасасуға және орындауға құқығы бар заңды тұлға болып табылады. Қарыз алушы мемлекеттік органдардан немесе үшінші тұлғалардан, сондай-ақ Қарыз алушыны басқаратын құзыретті органдардан барлық уәкілеттіктер, келісімдер, рұқсаттар алды, бұл қарыз шартына қол қою және оны орындау үшін қажет.
1.2. Қарыз алушы тарату, банкроттық, Қарыз алушыны басқаруға тапсыру немесе қайта құру шараларын қолданбайды.
1.3. Соңғы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалды және Қарыз алушыда қаржылық есептілікте ашылмаған қандай да бір міндеттемелер (шартты немесе басқа) жоқ.
1.4. Қарыз алушы қарыз шарты бойынша өз міндеттемелеріне қатысты азаматтық заңнаманың дара субъектісі болып табылады.
1.5. Қарыз алушының Қарыз берушіге ұсынған барлық ақпараты анық және толық болып табылады, Қарыз берушіге ашылмаған және оларды ашу жағдайында Қарыз берушінің, оның ішінде Қарыз алушыға қарыз беру туралы шешіміне әсер ететін қандай да бір жағдайлар жоқ.
1.6. Қарыз алушының қарыз шартына қол қоюы және қарызды алуы Қарыз алушы жасайтын кредиттік желіні ашу туралы келісімдердің, банктік қарыз шарттарының және үшінші тұлғалармен жасасқан өзге ұқсас шарттардың қандай да бір талаптарын, ережелерін, ковенанттарын және т.б. бұзбайды.
2. Қарыз шартының осы бөлімінің 1-тармағында көрсетілген барлық Қарыз алушының растамалары мен кепілдемелері қарыз шартының барлық қолданылу мерзімі ішінде күн сайын қайталанып тұрады деп саналады.
11. Қарыз шарты талаптарының өзгеруі және оларды бұзу
1. Қарыз беруші:
1.1. Қарыз шартында көзделген Қарыз берушінің қарыз шарты бойынша қарыз беруді жүзеге асырмау құқығының пайда болуына негіз болатын жағдайларда.
1.2. Қарыз алушы қарыз шарты бойынша Қарыз берушінің алдындағы өз міндеттемелерін бұзған.
1.3. Қарыз беруші Қазақстан Республикасы уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес өткізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған.
1.4. Қарыз берушінің қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайда, Қарыз шарты бойынша қаржыландыруды біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
2. Қарыз беруші:
2.1. Қарыз алушының қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты анық ақпарат беру бойынша өз міндеттемелерін бұзған.
2.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда Қарыз берушіде міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап ету құқығы пайда болған.
2.3. Қарыз берушіге алдын ала жазбаша хабарламай, жиынтықта он және одан артық акциялар пайызына ие Қарыз алушы акционерлердің құрамы өзгерген жағдайларда, қарыз шарты бойынша негізгі борыштың сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
3. Қарыз беруші қарыз шартының талаптарын Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ қарызды мақсатты пайдаланбаған кезде және (немесе) Қарыз алушының Қарыз берушінің қаражатын уақтылы орналастырмаған жағдайларда, Қарыз беруші қарыз шартын біржақты тәртіпте бұзуға және қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
5. Қарыз шартының осы бөлімінің 1 - 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қарыз шарты талаптарының өзгеруі мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
5.1. Қарыз беруші қарыз шартының талаптарын өзгерту қажеттілігін тудырған мән-жайлар туралы Қарыз алушыға оферта-хатын жолдайды, онда Қарыз беруші өзгертуді ұсынған талаптарды және 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын акцепт мерзімін көрсетеді. Қажет болған кезде, қарыз шартына қосымша келісімнің дайындалған жобасы қол қоюға жіберіледі.
5.2. Қарыз алушы оферта-хатта көрсетілген мерзім ішінде осы оферта-хатта жазылған жаңа талаптармен келіседі, қарыз шартына қосымша келісімге (Қарыз беруші оларды қол қоюға жіберген жағдайда) қол қойып, қабылдау фактісін жазбаша растайды.
Егер Қарыз беруші осы тармаққа сәйкес жіберілген оферта-хатта көрсетілген мерзім ішінде (1) Қарыз алушының жазбаша растамасын алмаса немесе қарыз шартының жаңа талаптарын қабылдаудан бас тарту болмаса, онда Қарыз алушы қарыз шартының талаптарын қабылдады және Қарыз беруші Қарыз алушыға оферта-хатты жолдаған күннен бастап ол күшіне енді деп саналады, немесе (2) Қарыз алушы қарыз шартының жаңа талаптарын қабылдаудан жазбаша түрде бас тартса, онда Қарыз беруші қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқылы.
6. Қарыз беруші қарызды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қарыз беруші Қарыз алушыға осындай қажеттілікті тудырған мән-жайларды көрсетіп, жазбаша хабарлама жібереді, содан соң мұндай жазбаша хабарлама жолданған күннен бастап қаржыландыру тоқтатыла тұрады деп саналады.
7. Тараптар Қарыз берушінің талабы бойынша қарыз шарты бұзылатынына, оның ішінде Қарыз беруші қарыз шартының осы бөлімінің 4-тармағында көзделген шарттар туындаған және (немесе) Қарыз алушы қарыз шартының 8-бөлімінің 3-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамаған және (немесе) Қарыз беруші Қарыз алушыға бұзу күні немесе міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау туралы тиісті талапқа дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлама жіберу жолымен берешек болмаған кезде қарыз шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен жағдайда, міндеттемелерді мерзімінен бұрын толық/ішінара орындауды талап етуге құқығы бар екеніне келіседі және оны мойындайды.
12. Қарыз шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қарыз шартының ережелері өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Осы қарыз шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар Қарыз беруші мен Қарыз алушы үшін жарамды және міндетті болып танылады.
13. Құпиялылық және ақпаратты ашу
1. Тараптар басқа Тараптан алынған және көпшілікке жария болып табылмайтын қаржылық, коммерциялық, банктік және өзге ақпараттың құпиялығын (құпия ақпарат) сақтауға міндеттенеді.
2. Басқа Тараптың жазбаша келісімімен, сондай-ақ осы қарыз шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) өзге қолданылатын құқықпен осындай ақпаратты алуға уәкілеттік берілген органдардың және лауазымды тұлғалардың талабы бойынша ғана құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болады.
3. Осы бапта көзделген құпиялылық туралы ережелер:
3.1. Қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру.
3.2. Қарыз алушының қарыз шарты бойынша берешегін өтеу және осыған байланысты өзге банктерге қажетті ақпаратты ұсыну үшін Қарыз алушының банк шоттарынан ақшаны Қарыз берушінің акцептісіз алуы.
3.3. Қарыз берушінің ішкі және сыртқы капитал нарықтарында қарыз алуды жүзеге асыруы мақсатында, оның ішінде рейтингтер, лимиттер алу үшін үшінші тұлғаларға қажетті ақпарат берген.
3.4. Қарыз берушінің акционерлеріне/акционеріне/еншілес ұйымдарына, Қарыз беруші акцияларының сенімгерлік басқарушысына, Қарыз берушінің аудиторларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияға және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) қолданылатын құқыққа сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға Қарыз алушы қарыз шарты бойынша қажетті ақпарат берген жағдайларда, оның ішінде Қарыз берушінің Қарыз алушыны және (немесе) Қарыз алушының лауазымдық тұлғаларын жауапкершілікке тарту мақсатында, берешекті өндіріп алу және (немесе) өз құқықтарын қорғау және Қарыз алушының Қарыз беруші алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындау мақсатында құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарға жүгіну жағдайларына қолданылмайды.
4. Қарыз алушы осы қарыз шартына қол қоя отырып, Қарыз берушінің кез келген үшінші тұлғаға, оның ішінде қарыз шартында қарастырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына банктік құпияны және (немесе) құпия ақпаратты ашуына сөзсіз және қайтарымсыз келісім береді және растайды.
14. Әртүрлі
1. Қарыз шарты бойынша қарастыруға өзге тәртіп көзделген хабарламалардан және (немесе) құжаттарды қоспағанда, Тараптардың қарыз шарты аясында жіберетін хат-хабары 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Бұл ретте жолданатын хат-хабар жазбаша нысанда ұсынылады, оған уәкілетті тұлғалар қол қойып, мөрмен куәландырылуы және (немесе) ұйымның фирмалық бланкісінде орындалуы тиіс.
2. Хат-хабар:
2.1. Тарап кеңсесінің/іс жүргізушісінің белгісі қойылған.
2.2. Ол почта арқылы не болмаса курьерлік байланыс арқылы жіберілгенде, төменде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті Тарапқа жіберілген конвертте почтаға/курьерге бергеннен кейін 5 (бес) күннен кейін немесе алу туралы хабарламаны алған күннен бастап тиісті түрде алынды деп саналады:
Қарыз беруші үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
Заңды тұлға басшысының назарына:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10-үй («Қазына Тауэр» ғимараты)
Телефон: (8-7172) ____________________.
Телефакс: (8-7172) ___________________
Электрондық почта: mailto:info@kdb.kz.
Банктің Интернет ресурсы: http://www.kdb.kz/
Қарыз алушы үшін:
________________________________________.
3. Қарыз шартының 14-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген Тараптардың кез келгенінің мекенжайы мен деректемелері өзгерген жағдайда, тиісті Тарап басқа Тарапты жазбаша түрде хабарландыруы тиіс. Мұндай хабарлама болмаған жағдайда, қарыз шартының 14-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен деректемелер бойынша жіберілген хат-хабар тиісті түрде алынды деп саналады.
4. Тараптар ақпараттық сипаттағы хат-хабарды факсимильді байланыс (бір уақытта құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық почта арқылы жіберу) және (немесе) басқа Тараптың электрондық почтасы арқылы жібере алады.
Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабар жібергенін растауы қажет. Мына:
факсимильді байланыс арқылы - факсимильді аппараттың тиісті көшірмесі болса не қабылдаушы Тараптың алу туралы белгісі бар хат-хабардың үзіндісі болған;
электрондық почта арқылы - оқу туралы хабарламаны қабылдау не электронды хатты қабылдау туралы жауап хабарлама жіберілген жағдайда, растау тиісінше жүзеге асырылды деп саналады.
15. Қорытынды ережелер
1. Тараптар қарыз шартының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірдей үш данасына қол қойды: екеуі - Қарыз берушіге, біреуі - Қарыз алушыға. Қарыз шартының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде айырмашылықтар болған жағдайда, қарыз шартының орыс тіліндегі данасының күші басым болады.
2. Қарыз шартын орындауға байланысты даулар туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені оларды келіссөздер жолымен реттеу үшін шаралар қолданады.
3. Егер дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, онда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз берушінің мекенжайы бойынша сотта шешуге жатады.
Тараптар осы қарыз шартына қол қою кезінде:
Қарыз алушы уәкілетті органының Қарыз берушіден қарызды тарту және Қарыз берушінің талабы бойынша өзге міндеттемелерді қабылдау туралы 201_ жылғы «____» __________ шешімін (№ ____ хаттама),
Қарыз беруші Директорлар кеңесінің/Басқармасының/Кредиттік комитетінің қарыз шартында көзделген талаптар мен тәртіпте қарыз беру туралы 201_ жылғы «____» __________ шешімін (№ ____ хаттама),
Қарыз алушының кредиттік бюроға мәліметтерді беру және кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті, сондай-ақ Тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беру туралы 201__ жылғы «___» ______________ келісімін назарға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |