іс-қимыл жоспарына
1-қосымша
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру
үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының
тізбесі
Секция
|
Атауы
|
ЭҚЖЖ коды
|
С
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
10-33
|
|
Тамақ өнімдерінің өндірісі
|
10
|
|
Сусындар өндірісі
|
11
|
|
Тоқыма бұйымдарының өндірісі
|
13
|
|
Киім өндірісі
|
14
|
|
Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі
|
15
|
|
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі
|
16
|
|
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі
|
17
|
|
Жазып алынған материалдарды басып шығару және жаңғырту
|
18
|
|
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
|
19
|
|
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
|
20
|
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі
|
21
|
|
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі
|
22
|
|
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі
|
23
|
|
Металлургия өнеркәсібі
|
24
|
|
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерінің өндірісі
|
25
|
|
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі
|
26
|
|
Электр жабдықтарының өндірісі
|
27
|
|
Өзге санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі
|
28
|
|
Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі
|
29
|
|
Өзге көлік құралдарының өндірісі
|
30
|
|
Жиһаз өндірісі
|
31
|
|
Өзге дайын өнімдер өндірісі
|
32
|
|
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
|
33
|
Өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер аясы
салаларының тізбесі
Секция
|
Атауы
|
ЭҚЖЖ коды
|
Н
|
Көлік және қоймаға сақтау
|
49-53
|
|
Жүк теміржол көлігі
|
49.20
|
|
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау
|
49.41
|
|
Құбыр арқылы тасымалдау
|
49.50
|
|
Теңізде және жағада жүретін жүк көлігі
|
50.20
|
|
Өзен жүк көлігі
|
50.40
|
|
Жүктерді қоймаға қою және сақтау
|
52.10
|
|
Құрлықтағы жол көлігі саласында қызмет көрсету
|
52.21
|
|
Су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер
|
52.22
|
|
Әуе көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер
|
52.23
|
|
Жүктерді көліктік өңдеу
|
52.24
|
|
Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер
|
52.29
|
J
|
Ақпарат және байланыс
|
58-63
|
|
Сымды телекоммуникациялық байланыс
|
61.10
|
|
Сымсыз телекоммуникациялық байланыс
|
61.20
|
|
Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы көрсетілетін қызметтер
|
61.30
|
|
Телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтердің басқа түрлері
|
61.90
|
|
Компьютерлік бағдарламалау саласындағы көрсетілетін қызметтер
|
62.01
|
|
Компьютерлік технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер
|
62.02
|
|
Компьютерлік жабдықтарды басқару қызметі
|
62.03
|
|
Ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы басқа да қызмет түрлері
|
62.09
|
М
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
|
69-75
|
|
Техникалық сынақтар мен талдаулар
|
71.20
|
|
Мамандандырылған дизайн жүргізу жөніндегі жұмыстар
|
74.10
|
|
Ветеринариялық қызмет
|
75.00
|
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің өңдеу
өнеркәсібінде кәсіпкерлік
субъектілерді қаржыландыруды
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен
іс-қимыл жоспарына
2-қосымша
Соңғы қарыз алушылар, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын
қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының
тізбесі
Секция
|
Атауы
|
ЭҚЖЖ коды
|
С
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
10-33
|
|
Тамақ өнімдерінің өндірісі
|
10
|
|
Сусындар өндірісі
|
11
|
|
Тоқыма бұйымдарының өндірісі
|
13
|
|
Киім өндірісі
|
14
|
|
Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі
|
15
|
|
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі
|
16
|
|
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі
|
17
|
|
Жазып алынған материалдарды басып шығару және жаңғырту
|
18
|
|
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
|
19
|
|
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
|
20
|
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі
|
21
|
|
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі
|
22
|
|
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі
|
23
|
|
Металлургия өнеркәсібі
|
24
|
|
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдерінің өндірісі
|
25
|
|
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі
|
26
|
|
Электр жабдықтарының өндірісі
|
27
|
|
Өзге санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі
|
28
|
|
Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі
|
29
|
|
Өзге көлік құралдарының өндірісі
|
30
|
|
Жиһаз өндірісі
|
31
|
|
Өзге дайын өнімдер өндірісі
|
32
|
|
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
|
33
|
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландыруды
қамтамасыз ету жөніндегі
бірлескен іс-қимыл жоспарына
3-қосымша
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мен
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын орналастыру
туралы кредиттік шарт
Астана қ.
|
2014 жылғы «___» _______________
|
Бұдан әрі «кредитор» деп аталатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының атынан ______________ негізінде әрекет ететін ___________________ және бұдан әрі «қарыз алушы» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан ___________ негізінде әрекет ететін _____________, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Кредиттік шартты (бұдан әрі - шарт) жасасты.
1. Шарттың нысанасы
Кредитор шарт талаптарына сәйкес қарыз алушыға шартта көзделген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан кредит қаражатын (бұдан әрі - кредит) береді.
2. Шарт жасасу негіздері
1. Шарт жасасу және оны іске асыру үшін мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2014 жылғы «____» ___________________ № ______ хаттамасы;
2) Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы «___» _____________ № _____ хаттамасы;
3) кредитордың Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «_____» ______________ шешімі (№ _______ хаттама);
4) кредитордың Басқарма отырысының «____» _____________ шешімі (№ _______ хаттама);
5) қарыз алушының Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «____» ______________ шешімі (№ ____ хаттама);
6) қарыз алушының Басқарма отырысының 2014 жылғы «____» ______________ шешімі (№ ___ хаттама).
3. Кредиттің негізгі шарттары
1. Кредит мынадай шарттармен беріледі:
1) кредит сомасы - _____________________ теңге;
2) кредит мерзімі - 20 жыл «____» ______________ ж. дейін;
3) сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 0,15% (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4) кредит валютасы - теңге;
5) кредиттің нысаналы мақсаты - кейіннен өңдеу өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шартты түрде орналастыру;
6) негізгі борышты төлеу - кредит мерзімінің соңында;
7) сыйақы төлеу.
Сыйақы төлеудің алғашқы мерзімі: ___________ жылғы «_____» _______________.
Кейінгі сыйақыларды төлеу: шарттың осы тармақшасында көзделген бірінші төлем уақытынан бастап жарты жылдық төлемдермен.
Сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
Шартта айқындалған мөлшерлеме бойынша сыйақыны есептеу қарыз алушының арнайы шотына түскен күнінен бастап негізгі борыш толық өтелген күнге дейін кредит бойынша негізгі борыш сомасына жүзеге асырылады. Негізгі борыштың бүкіл сомасы кредитордың арнайы шотына түскен күн негізгі борыштың толық өтелген күні болып есептеледі. Сыйақы бір жылда 360 (үш жүз алпыс) және айына 30 (отыз) күн есебінен есептеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторға төленетін сыйақыдан төлем күнінде қолданыстағы сыйақы бойынша төлем көзінен корпоративтік табыс салығы ұсталады. Бұл ретте, сыйақы төлеген кезде төлем тапсырмасында төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын көрсету қажет, сондай-ақ тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, әр айға бөле отырып, кредиторға төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының ұсталғаны және төленгені туралы анықтама беру қажет;
8) қамтамасыз ету - қамтамасыз етілмейді;
9) төлемдерді қабылдау реттілігі мынадай кезектілікпен:
тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
шартты орындауға байланысты және қарыз алушы өтеуге тиісті шығыстар сомалары және кредитор шеккен шығындардың сомалары;
есептелген сыйақы;
кредит бойынша негізгі борышты өтеу;
10) қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеуге шектеу (мораторий) - 2024 жылдан бастап.
4. Кредит беру және қайтару тәртібі
1. Кредит беру шарт күшіне енген күннен бастап _____ (_____) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2. Кредит беру қарыз алушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № ____ арнайы банктік шотына (шарт мәтіні бойынша - қарыз алушының шоты) аудару арқылы жүзеге асырылады.
3. Қарыз алушы кредитті қайтаруды және сыйақы төлеуді кредитордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № _____________ арнайы шотына (шарт мәтіні бойынша - кредитордың шоты) ақша аудару арқылы жүргізеді.
4. Қарыз алушы кредит бойынша негізгі борышты қайтару, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) және шартта көзделген өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындаған кезде кредит өтелді деп есептеледі.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Кредитор:
1) қарыз алушыдан кредитті игеру, мақсатты пайдалану, қызмет көрсету және қайтару туралы ақпаратты сұрауға және алуға, сондай-ақ қажетті тексерістер жүргізуге;
2) қарыз алушы кредит бойынша негізгі борышты қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, шартқа сәйкес қайтару бойынша төлем жүзеге асырылуы тиіс күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткен соң, сондай-ақ қарыз алушы кредитті мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда (осындай бұзушылық анықталған күннен бастап кез келген уақытта):
қарыз алушы алған кредитті есептелген сыйақымен бірге мерзімінен бұрын өтеуді, шартта көзделген тұрақсыздық айыбын және келтірілген шығындар мен өзге төлемдерді төлеуді қарыз алушыдан талап етуге;
қарыз алушының Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктерде (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерде) ашылған банктік шоттарына қарыз алушының акцептін талап ететін төлем талап-тапсырмаларын (шарттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе өзге де құжаттарды қоса бере отырып) беру жолымен қарыз алушының мерзімі өткен берешектерінің барлық сомасын талап етуге (қарыз алушының банктік шотындағы ақша жеткілікті болған жағдайда, кредитордың төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуға тиіс, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда - кредитордың төлем құжатында көрсетілген ақшаның бүкіл сомасын алу үшін қарыз алушының банктік шотының картотекасында сақталуға тиіс, ақшаны басқа валютада (кредит валютасынан басқа) алған жағдайда, алынған ақшаны кредит валютасына айырбастау қарыз алушының есебінен жүргізіледі);
кредитті мақсатты пайдаланбағаны үшін (мақсатты пайдаланбау анықталған кезде) шартта көзделген айыппұлды төлеуді талап етуге;
шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кез келген іс-әрекетті жасауға;
3) қарыз алушы осы бөлімнің 4-тармағының 3), 5), 8), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қарыз алушыдан сыйақыларды және шарт бойынша кредиторға тиесілі өзге де сомаларды төлеп, берілген кредитті мерзімінен бұрын қайтаруды және/немесе шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;
4) қарыз алушы шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 4), 6), 9), 10) және 16) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қарыз алушыдан шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
2. Кредитор:
1) шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және шартқа сәйкес қарыз алушының банктік және коммерциялық құпиясы болып табылатын және шарт талаптарына сәйкес қарыз алушы ұсынатын ақпаратта қамтылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға;
2) шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қарыз алушының шотына кредиттің аударылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Қарыз алушы:
1) кредитордан шарт талаптарын толық, нақты және уақтылы орындауға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) шартта көрсетілген мерзімде кредит алуға;
3) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
4. Қарыз алушы:
1) шартқа сәйкес кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауды жүзеге асыруға;
2) толық көлемде және шартта белгіленген мерзімде кредитті қайтаруға және сыйақы төлеуге;
3) осы бөлімнің 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, кредитор тиісті хабарлама жіберген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредит сомасын, есептелген сыйақыны және шарт талаптары бойынша кредиторға тиесілі өзге де сомаларды қайтаруға;
4) кредитордың өкілдерін нысаналы тексерулер жүргізу үшін жұмыс уақытында қызметтік және басқа үй-жайларға кіргізуге және осындай тексерулер барысында жан-жақты көмек көрсетуге;
5) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге және табыс етпеуге;
6) кредитор белгілеген мерзімде шарт талаптарына сәйкес ол талап ететін ақпаратты және құжаттарды, оның ішінде кредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы есепті қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей беруге;
7) кредитті шартта көзделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
8) кредит қаражатын депозитте (салым үшін) орналастырмауға, қандай да болмасын қаржы құралдарына және/немесе олармен жасалатын операцияларға инвестицияламауға, шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына бағыттамауға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер тарапынан осы тармақшаның орындалуын қамтамасыз етуге;
9) шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктердегі (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердегі) қарыз алушының барлық банктік шоттарының тізбесін, сондай-ақ олардың алдындағы қарыз алушының берешектерінің бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді беруге;
10) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктерде (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерде) жаңа банктік шот ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға: банктік шот ашылған банктің (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердің) атауы, шот нөмірі, БСК, шот валютасы туралы жазбаша мәліметтер беруге;
11) қарыз алушының шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзуы салдарында кредитор нақты шеккен және құжаттамамен расталған шығындарды өтеуге;
12) кредитті пайдалануға байланысты үшінші тұлғалармен жасалатын шарттарға берілген/аударылған ақша сомалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер мен шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы мәліметтерді кредиторға, сондай-ақ кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ашуға екінші тараптың келісім беруі туралы ереже енгізуге;
13) кредит қаражатын пайдалану кезінде оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға жол бермеуге, оның ішінде оффшорлық компанияларға аударымдарды болдырмауға;
14) шарт қолданылатын бүкіл мерзім ішінде кредит қаражаты есебінен кез келген ақша аударымдарын қарыз алушының арнайы шоты арқылы ғана жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарыз алушының арнайы шотына кредит қаражаты мен шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауға арналған ақшадан басқа, кез келген өзге ақша қаражатының аударылуына жол бермеуге;
15) кредитті екінші деңгейдегі банктер тарапынан басқа қаржы құралдарына айналдыруды қоса алғанда, оны кез келген қайта құрылымдауды болдырмауды қамтамасыз етуге;
16) шарт талаптарын мүлтіксіз орындауға, сондай-ақ ақша қаражатын алған ЕДБ оны нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |