51. Электр газды пісіру жұмыстарын және баллондарды
сақтауды жүргізуге арналған үй-жайлар
1036. Оттегі және ацетиленді баллондарды сақтауға арналған орындар мынадай талаптарды ескере отырып орналасуы қажет:
1) оттегі және ацетиленді баллондар тік күйде табиғи желдетпелері бар арнайы жабық бөлмелерде және ашық палубаларда сақталуы қажет;
2) Баллондарды сақтауға арналған орындар мықты бекітілуі мен баллондарды тез босатуды қамтамасыз ететін ұяшықтары бар бағаналармен, хомуттармен немесе басқа құрылғылармен жабдықталуы қажет;
3) ашық палубада баллондарды сақтау орындары баллондарды кездейсоқ механикалық зақымдау мүмкіндігі болмайтындай етіп таңдалуы қажет. Баллондар сенімді құрылғылармен басқа тұлғалардан сақталуы қажет.
Баллондарға күн шуағы тікелей түсуден сақтау үшін ақ түске боялған күннен қорғайтын күнқағарлар орнатылуы қажет.
Баллондары бар алаңның қоршауында алдын-ала сақтандыру «Өртке қауіпті» және «Шылым шегуге болмайды» белгілері орналасуы қажет. Баллондарды тұрмыстық бөлмелерде бекітуге болмайды;
4) Баллондарды сақтауға арналған бөлмелер тұрмыстық бөлмелерден және басқару бөлмелерінен кемінде 2 м қашықтықта және тез жанатын заттар мен отындар орналасқан немесе жауапты кемелік жабдық орнатылған бөлмелерден кемінде 4 м қашықтықта орналасуы қажет.
Ацетиленды баллондарды сақтауға арналған бөлмелер оттекті баллондарды сақтауға арналған бөлмелерде тәуелсіз болуы;
бұл бөлмелерде ашық палубасы бар кіретін жерлері болуы;
есіктер сыртқа қарай ашылуы;
бөлмелер мен шкафтар есіктерінде қауіп туралы алдын-ала ескертетін жазулары болуы қажет;
5) Осы Қағиданың 1036-тармағы 4) тармақшасында айтылған бөлмелер А-60 типті конструкцияны жапсарлас бөлмелерден бөлінуі қажет. Бұл бөлмелердің есігі құлыптануы қажет.
1037. Кемелерді электр пісіру жұмыстарын жүргізуге арналған бөлмелер мынадайды ескере отырып жабдықталуы қажет:
1) бөлмеде ашық палубаға шығатын есік болуы және А-60 типті конструкцияны жапсарлас бөлмелерден қоршалуы;
2) есікте құлып болуы.
52. Камбузды үй-жайлар
1038. Камбуздарды тез тұтанатын және жанатын материалдарды сақтауға арналған қоймалармен сығылған газды тұрмыстық қондырғыларының баллондары орналасқан таратушы бөлмеден басқа отын мен майланатын майы бар бөлмелерге жапсарлас бөлмелерде орналастырмайды.
1039. Камбуздардың аралықтары мен палубалары болаттан немесе басқа түсті металлдан жасалынуы тиіс, сонымен бірге екі жағдайда да тиісті оқшаулау алдын-ала қарастырылуы қажет.
Камбузды плиталардың қасындағы жанатын материалдардан жасалған конструкциялар жанбайтын материалдан жасалған жылу оқшаулауымен қапталып, плитаның габаритті көлемінен кемінде 500 мм асатын болатты табақшалармен тігілуі қажет.
1040. 50 аса адамдарға қызмет ететін әрбір камбузда кемінде екі шығатын есік қарастырылуы қажет, біреуі ғана рұқсат етілетін кезде электрмен немесе пармен жұмыс істейтін камбуздардан басқа.
11-бөлім. Қоршаулар, тұтқыштар, өтетін көпірлер, ұқсас бақыштар
53. Жалпы талаптар
1041. Мықты фальшборт немесе арқанды қоршаулар корпустың, қондырма және рубкалардың барлық ашық палубаларында орнатылуы қажет.
Ұзындығы 10 м дейін өздігінен жүретін кемелерде тұтқыштарды қондырма мен рубка периметрі бойынша орнатуға рұқсат етіледі.
1042. 0,5 мм аса биіктікте, сондай-ақ ашық алаң айналасында орналасқан фальшборт биіктігі немесе палубалар мен көпірлер периметрлері бойынша арқанды қоршаулар кемінде 1100 мм болуы қажет.
20 м кем ұзындықты кемелерде фальшборт немесе арқанды қоршаулардың биіктігі рұқсат етілген ең төмен (бірақ, кемінде 900 мм) болуы мүмкін, егер экипаждар мен жолаушыларды жеткілікті қорғанысын қамтамасыз етудің тиісті негіздемелері ұсынылса.
1043. Жолаушыларға рұқсат етілген барлық сыныпты жолаушылар тасымалдайтын кемелердің ашық палубасында тынық фальшборт немесе қорғайтын торлы арқанды қоршаулар түрінде орындалуы қажет.
1044. Доңғалақ техникаларды тасуға арналған паром және басқада кеме палубалары биіктігі 0,45 м кем емес доңғалақ-тоқтатушымен қоршалуы қажет.
54. Фальшборт
1045. Фальшборттың әрбір үздіксіз бөліктерінде фальшборттың әрбір үздіксіз бөліктері алаңынан жалпы ауданы кемінде 10% су ағынына арналған ойықтар алдын-ала қарастырылуы қажет.
1046. Шығуға арналған фальшборт ойықтарында ішке қарай ашылатын қос қақпалы есіктері немесе алмалы-салмалы қоршаулары болуы қажет.
1047. Фальшборт төбесінде планширь алдын-ала қарастырылуы қажет.
55. Леер қоршаулары
1048. Леер бағаналар арасындағы ара-қашықтық 3 шпациядан аспауы қажет.
1049. Төменгі леер палубадан 230 мм жоғары болмауы;
басқа леерлер арасындағы ара-қашықтық 380 мм аспауы;
жолаушылар кіруі мүмкін палубалардың леерлі қоршауларында қорғайтын торлары болуы;
тор ұйым жақтары 100 мм аспауы қажет.
1050. Барлық сыныпты өздігінен жүрмейтін кемелердің қондырма мен рубка ауданында леерлі қоршаулары орнатылуы қажет.
«О», «Р», және «Л» сыныпты өздігінен жүрмейтін кемелерде, сонымен қатар командасыз пайдаланылып жатқан жүкке арналған трюм мен жүкке арналған бункерлер ауданындағы леерлі қоршауларда жүкке арналған люк немесе жүкке арналған бункердің қабырғасы бойынша шкафутты қырлы бөренемен және тұтқышпен ауыстыруға рұқсат етіледі.
Егер палуба астынан өтпелі жол қарастырылса қисайту немесе аудару тәсілдерімен тиелетін барж-алаңдарында леерлі қоршауларды орнатпауға да болады.
1051. Шкафутты брустың жоғарғы жиектері кеме палубасынан кемінде 100 мм жоғары болуы;
шкафутты брус палубадан су ағынына кедергі болмауы қажет.
1052. Фальшборт пен леерлі қоршаулар ажырайтын жерлерде (палубалық механизмдер, басқыштарға арналған аралық және с.с.) алмалы-салмалы шынжырлы леер қарастырылуы қажет.
1053. Басқыштарда леерлі қоршауларға қабылданған биіктіктен кем емес қоршаулар мен тұтқыштары болуы қажет.
56. Тұтқыштар, өтпелі көпірлер, өтетін басқыштар
1054. Қондырмалардың сыртқы қабырғаларында қоршауы бойынша жол болған жағдайда мықты тұтқыштар орнатылуы қажет.
1055. «М» және «О» сыныпты мұнай құятын кемелерде бөлек орналасқан тұрғын және қызметтік бөлмелер арасында палубадан аса көтерілген өтпелі көпірлер қарастырылуы қажет. Өтпелі көпірлерде тұтқыштар болуы қажет.
1056. Итеріп жүретін және итерілетін кемелерде команданың бір кемеден басқасына қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін баспалдақтар мен басқыштары болуы қажет.
12-бөлім. Тұрақтылық
57. Жалпы талаптар
1057. Осы Қағиданың 12, 13, 14 бөлімдерінің талаптары мыналарға қолданылады:
1) су ығыстыратын күйде жүзетін барлық кемелер;
2) пайдаланудағы және ауыспалы режимдердегі су асты қанаттағы кеме;
3) пайдалану режимінде су бетінде қалқып жүретін кеме.
1058. Қағиданың осы бөлімінің талаптары глиссерлер мен желкенді кемелерге, әуе каверналы кемелер, экранопландар және жүзбелі доктар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген жобалаушы негіздемелеріне сәйкес дұрыс және жүзеге асырылатын күйде қолданылады.
1059. Осы бөліммен белгіленетін жүктеменің барлық түрі қанағаттандыратын болса кеме тұрақты деп танылады:
1) кеме сыныбына қатысты осы Қағиданың 59 - 63-тарауына сәйкес анықталатын негізгі тұрақтылық критерийіне;
2) кеме типі мен міндетіне қатысты осы Қағиданың 64 - 72-тарауына сәйкес қабылданатын тұрақтылыққа қойылатын қосымша талаптар;
3) бастапқы орнықтылыққа қойылатын талаптарына сәйкес барлық кемелер үшін сұйық жүктердің бос қабатының әсерін түзетуді ескере отырып қабылданған көлденең (бастапқы) метаорталық биіктігі, ал мұз жаруға арналған кеме мұздануды қоса ескере отырып кемінде 0,2 м.
Мұздануды ескере отырып бастапқы метаорталық биіктігін анықтау жүктеме нұсқасының ең нашар орнықтылығына қатысты жүргізілуі қажет.
Сонымен бірге ашық палубаның жалпы горизонталь жобасының салмағы 1 м2 мұзды 15 кг тең деп қабылдануы қажет. Палубалардың жалпы горизонтальды жобасына барлық ашық палубалардың және аспалының болуына қарамастан жол тораптардың горизонтальды жобаларының сомасы кіруі қажет.
Осы жүктемеден биіктігі бойынша сәт тиісті палубалар мен жол тораптар ауырлық орталығынан жоғарлауы анықталады.
Палубалық механизмдер, құрылғылар, люктер қақпақтары және с.с. палуба жобаларына жатады және арнайы ескерілмейді.
1060. Кеме орнықтығын тексеру осы Қағиданың 64 - 72-тарауында көрсетілген барлық жүктеме нұсқаларында орындалуы қажет.
Арнайы тапсырыстар болмаған кезде қандай-да бір типті кемелер үшін орнықтылықты жүктеменің мынадай күйлерінде тексеру қажет:
1) қорлар мен отынның толық нормасы бар жүкке толы кеме;
2) балластсыз және балластпен 10% қорлар мен отыны бар жүгі жоқ кеме.
1061. Егер пайдалану шарттары бойынша осы кемелерге оның орнықтылығы үшін 1060-тармақта атап өткен немесе 64 — 72-тарауларында көрсетілгеннен аса нашар жүктеме қарастырылса, онда олар үшін әрі кеме орнықтылығы тексерілуі қажет.
1062. Рұқсат етілген қисаю бұрыштарын кеменің тең көлемді көлбеуі анықталу керек.
1063. Ауырлық орталығының күйін айқындау мақсатында қисайтылуы қажет:
1) әрбір жобаның басты кемесі;
2) конструктивті өзгерістері бірінші кеменің есепті мәліметтері бойынша сериялық кеме орнықтылықтың аса маңызды өзгерістерін келтіреді. Бұндай кемені жаңа серияның бірінші кемесінің орнықтылығына қатысты деп есептелу қажет;
3) қайта жабдықтау, жетілдіру немесе пайдалану тәсілімен өзгертуден кейінгі кеме, егер бұл жағдайда орнықтылық нашарлауы мүмкін;
1064. Кеме жүктемесінің барлық мүмкін болатын күйлерінде кеме орнықтылығын бақылау және оны пайдаланудың қауіпсіздігін тәжірибе жүзінде бағалау үшін Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген кеме орнықтылық пен батпаушылық туралы ақпарат берілуі қажет.
Ақпаратпен айтылған Кемені пайдалану бойынша Қағида мен ақпараттармен жазылатын режимдік іс-шаралар, сондай-ақ пайдаланудың барлық шарттарында және апатты жағдайларда кеме орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар шектеулерін сақтау қажет.
1065. Орнықтылық пен батпаушылық туралы ақпарат мыналар үшін құралуы қажет:
1) жолаушылар таситын, көшпелі, сүйреткіш және өндірістік кемелер үшін;
2) жиналған адамдар топты тасымалдайтын жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер;
3) олардың орнықтылығына қосымша талаптар қойылатын жүкке арналған кемелер (осы Қағиданың 1111 және 1113-тармақтары);
4) Кеме қатынасының тіркелімі талаптары бойынша басқа типті және міндетті кемелер.
1066. Кеме орнықтылығы мен батпаушылығы жайлы ақпарат Осы Қағидаға сәйкес орындалған орнықтылықты есептеу нәтижелері бойынша құралуы қажет. Егер есепті және тәжірибелі мәліметтер арасындағы айырмашылық мынадан асатын болса ол қисайту нәтижелері бойынша түзетілуі қажет:
су ығыстырғышпен бос ± 2%; метаорталық биіктігі бойынша ± 5%.
Ақпарат кеме орнықтылығы мен батпаушылығы жайлы ақпаратты жасау әдістемесіне сәйкес, ал қисайтудың хаттамасы - Кеме қатынасы тіркелімімен бекітілген Тәжірибеден кеме салмағының орталық күйін анықтау бойынша әдістемеге сәйкес әзірленуі қажет.
1067. Осы бөлімде көрсетілген қосымшаларды пайдалану кезінде параметрлердің аралық мәндерін сызықтық интерполяция мен анықталуы қажет.
1068. Егер шекті рұқсат етілетін жоба динамикалықтан қалай кренді сәттен асса, солай 5 % көбірек желдің статистикалық амалы, кренді жүзу догын және басты жүк кемелерін жүргізбеу (беріктілік өлшемі 1,05 көп) рұқсат етіледі.
Кеме қатынасының тіркелімі кемені крендеуді жүргізбеуді келіседі, егер бос кеме ауыр орталығы жоғарлаған кезде жобамен салыстыру бойынша 20 % көбейтілген, осы бөліктің талабы орындалады.
58. Анықтамалар және түсініктер
1069. Осы Қағиданың бөлімінде және осы бөлімнің тарауларына мына анықтамалар қабылданды:
1) су өткізбейтін үй-жайдың көлем коэффиценті кv - толық үй-жайдың теориялық көлемі, бөлімнің толық су басуында сумен толық толтырылуы мүмкін үй-жайдың көлем қатынасы;
2) беттік су өткізбейтін коэффициенті кs = Sa/S,
мұндағы Sa - площадь ватерлинии затопленного отсека за вычетом площадей груза, механизмов, оборудования, пересекаемых ею;
S - су басқан бөлімнің алаңы.
59. Орнықтылық диаграммасы
1070. Негізгі критерийлер мен қосымша талаптар бойынша кеме орнықтылығын тексеруді жүктеменің тиісті нұсқаларында динамикалық және статикалық орнықтылық диаграммасы бойынша орындайды.
1071. Егер кеменің тура күйінде олардың қосынды әсері метаорталық биіктігінің 5% және одан аса кемуіне әкелетін орнықтылық диаграммалары сұйық жүктердің бос қабаттарын ескере отырып жасалу қажет. Осымен қатар, соққы аралықтарын өткізгіш деп санау керек. Кеменің динамикалық орнықтылығын тексеру кезінде (орнықтылықтың негізгі критерийлері бойынша, айналымның даму кезеңінде және сүйреткіш арқанның динамикалық әсері кезінде) бұл аралықтарды су өткізбейтін деп қарастырылуы рұқсат етіледі.
Мұзжарғыш орнықтылығының диаграммасы құрастырылуы қажет, сондай-ақ мұздануды ескере отырып, сонымен бірге мұзданудың шартты нормалары осы Қағиданың 1059-тармағы 3) тармақшасына сәйкес қабылдануы қажет.
Кемені пайдалану кезінде сұйықтық салмағы өзгеретін сол цистерналар мен танктердегі сұйық жүктердің бос қабатының әсеріне метаорталық биіктігінің түзетулерін салмақ жүктеменің есебімен қабылданған толуына қарамастан кеменің тура күйінде осы цистерналардың 50% толу жағдайында есептелінеді.
Кеме орнықтылығының есебінде босатылған цистерналардағы сұйық жүктердің қалдығының 5 см дейін биіктігін есептемеуге рұқсат етіледі.
1072. Орнықтылық диаграммасын жасау кезінде кеме корпусы ұзындығының есепті 0,15 аса тең ұзақтылығында қондырмалар, рубкалар және жүк люктерінің комингстерінің әсері ескерілуі мүмкін, сондай-ақ бұл қондырмалар, рубкалар және комингстер, сондай-ақ олардағы тесіктер мен ойықтарды жабуға арналған құрылғы мықты және өткізбейтін болуы қажет.
Өткізбейтін палубада немесе жабық люктерді орналасқан орман жүктерін мықты бекітуі кезінде оның көлемін өткізбетін деп есептелінуі мүмкін, сонымен бірге, жүктің есепті биіктігін қазіргі биіктігінің 0,75 тең, бірақ 2 м кем болуы қажет.
1073. «М» сыныпты кемелер үшін статикалық орнықтылықтың диаграммасының ең көп иіні кемінде 0,25 м болуы;
статикалық орнықтылықтың жағымды шегі кемінде 50 м болуы қажет.
60. Орнықтылықтың негізгі критерийлері
1074. Тынық суда немесе толқындатуда жүзу кезінде динамикалық қоса берілген жел қысымына тұрақты болса, яғни мына шарттар орындалса негізгі критерий бойынша кеме орнықтылығы жеткілікті деп есептелінеді:
Мкр < Мдоп, (516)
мұнда Мкр — осы Қағиданың 65 тарауына сәйкес анықталатын желдің динамикалық әсерінен қисаю сәті, кН•м;
Мдоп — осы Қағиданың 64-тарауына сәйкес анықталатын динамикалық көлбеу кезінде шекті рұқсат етілген соменті.
1075. Негізгі критерий бойынша орнықтылықты борт жағынан айдауды ескере отырып «М» және «О» сыныпты кемелер үшін (осы Қағиданың 62-тарауы), ал «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін - тынық суда тексерілуі қажет. Ауа-райы бойынша шектеулері бар «О» разрядты бассейндерде жүзуге рұқсат етілген «Р» сыныпты кемелер орнықтылығы борт жағынан ескере отырып тексерілуі қажет.
1076. Қағиданың осы бөлімі осы Қағидаға 126-қосымшада көрсетілген су бассейндердің жер-толқынды режимнің есепті сипаттамасы кезінде түрлі сыныпты кемелерге қолданылады.
61. Желдің динамикалық әсерінен қисаю сәті
1077. Кемеге желдің динамикалық әсерінен қисаю сәті мынадай формула бойынша анықталады, кНм:
Мкр= 0,001pSz, (517)
мұнда р — шартты есепті желдің динамикалық қысымы, Па;
S — әрекеттегі ватерсызығы бойынша орташа шөгу кезінде кеме желкенділік ауданы, м2;
z — бір уақытта қисайту мен кеменің шет жағынан дрейфтеу кезіндегі қисайту қос көрсетілген иіні, м.
Формуланың оң жағына кіретін осы Қағиданың 517 формуласының көлемінің мәні осы Қағиданың 1078 - 1082 тармағы талабына сәйкес қабылдануы қажет.
1078. Желдің шартты есепті динамикалық қысымы әрекеттегі шөгудің жазықтығынан желкенді орталықтан жоғарлауына қатысты осы Қағиданың 127-қосымша бойынша кеме сыныбына сәйкес қабылдануы қажет.
zт = zn - T, (518)
мұнда zn — кеменің негізгі жазықтығынан желкен орталығының жоғарлауы, м.
1079. Желкенділік ауданына корпус, қондырма және рубукалар, мачта, түтін түтігі, желдеткіштер, шлюпкалер мен палубалық жүктердің, сондай-ақ дауылды ауа-райында тартылуы мүмкін тенттер элементтерінің барлық тұтас қабатының диаметральды жазықтығына жобалаушылар қосылуы қажет.
Кеме элеменеттерінің тегіс емес қабаттарының желкенділігі - леерлердің, торлы типті кранды фермдардың, рангоуттың (мачтаны есептемегенде) такелажды және с.с. жоғарыда айтылған тегіс қабатты 5%, ал ал кеменің негізгі жазықтығына қатысты оның статикалық сәтінің - 10% қосынды алаңының минималды шөгуі үшін есептелінгенді асыруды шамалап асыруда ескеру рұқсат етіледі.
1080. Егер барлық осындай қабаттардың және негізгі жазықтыққа қатысты оның статикалық сәтінен аса бөлшектеп есептелінсе, осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |