Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 3. Орнықтылыққа қойылатын қосымша талаптар



бет28/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   129
§ 3. Орнықтылыққа қойылатын қосымша талаптар

 

1176. Айналымның даму кезеңінде жолаушылар таситын катамарандарға әсер ететін динамикалық қоса берілген қисаю сәтіі мынадай формула бойынша анықталады, кН·м:

 



мұнда vo — тура бағытта толық жүріске тең қабылданатын айналымға кірер алдында катамаран жылдамдығы, м/с;

D — әрекеттегі ватерсызығы бойынша шөгу кезіндегі катамаран салмағы, кН;

Zg — ауыртпалық орталықтың негізгі жазықтықтан жоғарлауы, м;

L және Т — әрекеттегі ватерсызығы бойынша тиісті ұзындығы мен орта шөгуі, м.

1177. Жолаушы таситын катамаранға желдің статикалық әсерінен қисаю сәті мынадай формула бойынша анықталады, кНм:



 

Мв = 0,001 рсS (zп - 0,5T),             (566)

 

мұнда рскеме сыныбына байланысты және әрекеттегі ватерсызық жазықтығынан ауыртпалық орталығының жоғарылауына қатысты осы Қағиданың 127-қосымшасына сәйкес анықталған тиісті динамикалық қысымы 0,47 тең деп алынуы қажет желдің шартты есепті статикалық қысымы, Па;

S — осы Қағиданың 1079 және 1080-тармағына сәйкес есептелінген желкенді ауданы, м2,

zП — кеменің тік тұру қалпында желкенділіктің ауыртпалығы негізгі жазықтылықтан жоғарылауы, м;

Т- осы Қағиданың 1176-тармағында қарастырылған деректер.

1178. Жүк таситын катамаран орнықтылығын тексеру кезінде осы Қағиданың 537-формуласы бойынша айналымның даму кезеңінде әрекеттенетін динамикалық қоса берілген қисаю сәті Мц осы Қағиданың 565-формуласы бойынша анықталуы қажет.

1179. Буксир-катамаранға қолданылатын осы Қағиданың 541, 545, 546 формулаларында және 144, 146, 147-қосымшасындағы В орнына Вк қойылуы қажет, яғни толығымен есепті ватерсызығы бойынша буксир-катамаранның ені, м.

1180. Буксир-катамаран орнықтылығын тексеру кезінде қисаю сәтін осы Қағиданың 541 және 544 формулалар бойынша есептелінуі қажет:

 

Мкр = 0,001pS(zп - 0,5Т) + k(zг - 0,5T)Рг,      (567)

 

мұнда р —осы Қағиданың 127-қосымшасына сәйкес кеме сыныбына сәйкес қабылданатын желдің шартты есепті динамикалық қысымы, Па;

S — кеме желкенділік ауданы, м2;

zn — кеменің желкенділік орталығының негізгі жазықтықтан жоғарлауы, м;

Т — әрекеттегі ватерсызығы бойынша катамаранның орташа шөгуі, м;

к— «М» сыныпты катамарандар үшін 1,75 және «О», «Р» және «Л» үшін 1,25 тең коэффициенті;

zr — қосымша нүктенің тартылыс күшінің кеменің негізгі жазықтылығынан жоғарылауы, м;

Р— буксир арқанмен тарту күші, кН. Егер тартылыс күшінің мәні белгісіз болса, оны 0,0163 Ре тең деп қабылдануы қажет (Ре — бас қозғалтқыштардың номиналды қуаты, кВт).

 

 

13-бөлім. Суға батпаушылық



 

73. Жалпы талаптар

 

1181. Барлық кемелердегі форпик, ахтерпик және машиналық бөлімше суға батпайтын аралықтармен қоршалуы қажет.

1182. Суға батпаушылық есептеулерінде борт пен түп зақымдану өлшемдері осы Қағиданың 1183 және 1184-тармақтарына сәйкес қабылдануы қажет.

1183. Корпустың борт бөлігінің зақымдану өлшемдері мен формаларын мынадай болып қабылдануы қажет:

1) зақымдану ұзындығы — 4% кеме ұзындығынан L;

2) диаметральды жазықтылыққа глубина повреждения, измеренная от внутренней поверхности наружной обшивки под прямым углом к диаметральной плоскости, - 0,075 В или 0,9м в зависимости от того, что меньше;

3) тік бойынша зақымдану өлшемі - негізгі жазықтықтан шектеулерсіз жоғары;

4) форма бойынша зақымданулар — параллелпипед тікбұрышты.

1184. Түп бойынша зақымдану өлшемдері қабылдануы қажет:



1) зақымдану ұзындығы - 4% кеме ұзындығынан L;

2) зақымдану көлемі - 0,1 В;

3) тігінен зақымдану көлемі - қайсы аздауына байланысты 0,05 В немесе 0,8м.

1185. Осы Қағиданың 1183, 1184-тармағында көрсетілген кеме көлемінен кішірек зақымдануы авариялық отырғызу және (немесе) апаттық орнықтылыққа қатысты ауыр жағдайларға әкеп соқтыру мүмкін болса, онда зақымданудың мұндай нұсқасы суға батпаушылықты тексеру есептерімен орындау кезінде қаралуы қажет.

1186. Егер екі көршілес көлденең суға батпайтын аралықтардың ара-қашықтығы осы Қағиданың 1183 және 1184-тармақтарында айтылған аралықтар көлемінен кем болса, онда орнықтылықты авариялық тексеру кезінде тиісті бөлік жобалаушының қалауы бойынша кез келген шектес бөліктеріне жалғануы қажет.

Сонымен қатар, кеме корпусындағы барлық бөліктері үшін саңылаулардың орта ұзындығын бөлік ұзындығының ортасында қабылданады. Форпик және ахтерпикті өздігінен бөлек қарастырады.

1187. Суға батпаушылықтың тексеру есептерінде суға бататын әрбір бөлік бөлімі тең деп қабылдануы тиіс бөліктер көлемінің өткізгіштік коэффициентін ескере отырып анықталуы қажет:



1) 0,98 — борт аралық және түп аралық бөліктерін, балластты цистерналарын, рефрежираторлы емес трюм, кеме-алаңның бос палуба асты бөліктері;

2) 0,95 — тұрғын және жолаушылар бөлімдер, құрғақ форпикті және ахтерпикті бөліктерін, дөңгелекті бос техникамен тиелген;

3) 0,93 — бос рефрижераторлы трюмдар үшін;

4) 0,85 — орта және ірі кемелердің машиналық бөлімдері үшін (L > 40 м);

5) 0,80 — көлемі кіші кемелердің машиналық бөлімдері үшін (L < 40 м);

6) 0,60 — басты жүктер, кемелік қорлармен тиелген бөлімдер үшін; 7) 0,55 — сеппелі жүктермен, соның ішінде көмірмен тиелген трюмдар үшін;

8) 0,35 — орманды жүктермен тиелген трюмдар үшін;

9) 0,25 — ұнды қаптармен немесе пакеттегі цементпен толтырылған трюмдар үшін.

1188. Әр-түрлі белгеленген бөлімдер орналасқан ірі бөліктер үшін өткізгіштік көлемі коэффициентінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:



 

kv = kviVi/ΣVi,                      (568)

 

мұнда Viбөліктегі бөлек бөлімдерінің толық теориялық көлемі;

kvi Осы бөлімдердің арнауына сәйкес қабылданатын көлемнің өткізгіштік коэффициенті.

1189. Кемелік техникалық құралдардың, жабдықтардың авариялық ватерсызығы ауданында жүктің болуын ескеру мақсатында суға батқан бөліктерінде статикалық сәті мен ватерсызықтың жоғалған ауданының инерция сәтінің алаңын анықтау кезінде қолданылатын қабаттың өткізгіштік коэффициенті әдетте осы Қағиданың 1187-тармағына сәйкес көлемнің өткізгіштік коэффициентіне тең деп қабылдайды.



Авариялық ватерсызық ауданында орналасқан көбінесе жүктер, кемелік техникалық құрылғылар және жабдықтармен толтырылмаған бөлімдер үшін қабаттың өткізгіштік коэффициентін бөлім көлемінің бірлік және өткізгіштік коэффициенті арасында орташа арифметикалыққа тең деп қабылдайды.

Қаралып жатқан коэффициенттерінің арнайы анықталған есебі орындалуы мүмкін.

1190. Осы Қағиданың 1065-тармағында көрсетілген кемеге Орнықтылығы мен суға батпайтындығы жөніндегі ақпарат берілуі қажет.

1191. Ақпарат Қағиданың осы бөлімімен регламенттелген орнықтылық пен суға батпайтындығы есептері нәтижесі негізінде жасалынуы және Кеменің орнықтылығы мен суға батпайтындығы жөніндегі ақпаратты жасау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес орындалуы қажет (осы Қағиданың 151-қосымшасы).

 

 

74. Бөліктер суға батқан кезінде авариялық отырғызу мен орнықтылыққа қойылатын талаптар



 

1192. Кемелердің суға батпайтындығына қойылатын Қағиданың талаптары орындалған деп есептелсе осы Қағиданың 1193-тармағымен анықталатын бөліктері суға батқан кезінде:



1) ақырғы бату сызығы суға кірмесе;

2) борт сыртындағы су зақымданбаған бөліктерге таралу мүмкін ашық саңылаулардың асты жиегі авариялы ватерсызығынан төмендегіден кем емес түзетулерге дейін:

0,3 м - ұзындығы бойынша 25 м және жоғары «М», «О», «Р» сыныпты топтастырылған адам тобын тасымалдайтын жолаушылар таситын, арнайы белгіленген, жүріп тұратын және жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер үшін;

0,15 м - алдыңғы абзацта көрсетілгеннен бөлек «М» сыныпты кемелер, сондай-ақ ұзындығы бойынша 25 м және жоғары «М», «О», сыныпты топтастырылған адам тобын тасымалдайтын жолаушылар таситын, арнайы белгіленген, жүріп тұратын және жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер үшін;

0,075 м - ұзындығы бойынша 25 м және кем «Р» сыныпты топтастырылған адам тобын тасымалдайтын жолаушылар, арнайы белгіленген, жүріп тұратын және жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер үшін және басқа кемелер үшін;

3) түзетуге дейін және кейінгі қисаю бұрышы осы Қағиданың 1199-тармағымен регламенттелген мағынасынан аспайды;

4) авариялық орнықтылық осы Қағиданың 1201-тармағы талаптарын қанағаттандырады;

5) статикалық орнықтылық авариялық диаграмманың параметрлері осы Қағиданың 1201-тармағында белгіленген нормаға сәйкес;

1193. Суға батпайтындығына қойылатын осы Қағиданың 1192-тармағында бекітілгенге талаптар суға бату кезінде қамтамасыз етілу керек:



1) бөлек-бөлек форпик және ахтерпик - барлық типті және сыныпты кемелер үшін;

2) әрбір бөлікті бөлек - командамен қоса пайдаланылатын «М», «О» и «Р» сыныпты жолаушылар тасымалдайтын және арнайы белгіленген кемелер; мұзжарғыш кеме; «М» және «О» сыныпты өздігінен жүргіш кеме-алаңы; жүк көтергіші 1500 т жоғары барж-алаңы; ұзындығы 25 м жоғары темір бетонды кемелер үшін;

3) бір корпуста және бір уақытта екі корпустағы бөлек форпиктер мен ахтерпиктер - катамарандар үшін;

4) бір және бір уақытта екі скегтегі бөлек форпиктер мен ахтерпиктер - су бетінде қалқып жүретін скегті кемелер үшін;

5) бортқа немесе транцқа жалғанатын әрбір екі шектес бөліктер,  - командамен пайдаланылатын ұзындығы 25 м және одан аса барлық темір бетонды кемелер үшін;

6) шөмішті ойықтар ауданында әрбір бөліктер - «М» және «О» сыныпты шөмішті жер снарядтары үшін.

Ескертпе. Осы Қағиданың 1193-тармағы 2) тармақшасы талаптары су бетінде қалқып жүретін жолаушылар тасымалдайтын кемелер және су асты қанаттары үшін бөлімдерге таратпауға рұқсат етіледі; осы бөлімдердің суға бату кезінде ойдағыдай жүзу сақталынуы қажет.

1194. Бөлек бөліктер суға батқан кезде суға батпайтындығы қамтамасыз етілетін жолаушылар тасымалдауға арналмаған, бөлек жағдайда батудың және су үсті борт палубасының ақырғы сызыққа дейін суға кіруі рұқсат етіледі, сонымен қатар осы Қағиданың 1192 және 1202-тармағы 2) тармақшасы талаптары орындалуы қажет.

1195. Барлық типті және сыныпты кемелер үшін машиналық бөлімнің батуы кезінде суға батпаушылығын қамтамасыз етілуі қажет.

1196. Барлық типті және сыныпты жобаланған кемелер үшін авариялық ватерсызығының және авариялы орнықтылығының жағдайын есепті тексеруді Өзен тіркеліміне есепті ұсынумен қоса әрбір бөліктің бөлек суға батуы кезінде орындау қажет. Есеп қорытындылары Суға батпайтындығы жайлы ақпаратта көрсетілуі қажет.

1197. Бөліктердің суға батуы кезінде суға батпайтындығын тексеру кезінде авариялық тұрғызу және авариялық орнықтылықтың параметрлерін тұрақты су ығыстырғыш тәсілімен анықтайды.

1198. Жолаушылар тасымалдайтын кемелер үшін авариялы орнықтылық бойынша есепті жолаушыларға рұқсат етілген едәуір жоғары орналасқан палубаларда жолаушылар тұрған туралы болжамымен орындайды. Жолаушыларды орналастыру тығыздылығы осы Қағиданың 1098-тармағына сәйкес.

1199. Симметриялы емес батудың соңғы кезеңінде қисаю бұрышы кемені түзету бойынша шара қолданғанға дейін аспауы қажет:

1) 15 — жолаушылар тасымалдайтын кемелер үшін;

2) 20о — жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер үшін.

1200. Симметриялы емес батудың соңғы кезеңінде қисаю бұрышы кемені түзету бойынша шара қолданғаннан кейін аспауы тиіс:



1) 7о — жолаушылар тасымалдайтын кемелер үшін;

2) 12о — жолаушылар тасымалдауға арналмаған кемелер үшін.

1201. Симметриялы бату және симметриялы емес күйде қисаймаған жағдайда тұрақты теңдік үшін батудың соңғы кезеңінде тұрақты су ығыстырғыш тәсілімен анықталатын көлденең мета орталық ұзындығының мағынасы шара қолданғанға дейін 0,05 м кем емес болуы қажет.

1202. Зақымданған кеменің орнықтылығының статикалық диаграммасы қолайлы иінді аудан алаңы болуы қажет. Сонымен қатар суға батудың ақырғы кезеңінде, сондай-ақ өздігінен жүрмейтін кеме- алаңынан басқа барлық кемелер үшін түзетілгеннен кейін қамтамасыз етілуі қажет:

1) авариялы орнықтылық диаграммасының ең үлкен иін мағынасы 0,1+ м жоғары болуы тиіс;

2) қолайлы иінді авариялы орнықтылық диаграммасы бойындағы бөлігі - симметриялы батуда 30 кем емес және симметриялы емес кезде 20-дан жоғары.

Бұл нормативтер өздігінен жүрмейтін кеме-алаңы үшін ұсынылады.

1203. Авариялы отырғызу мен орнықтылыққа қойылатын талаптардың орындалуын растайтын есептер жүктеменің пайдалану нұсқада отырғызу мен орнықтылыққа қатысты ең нашар саны үшін осы есептер негізінде барлық жағдайда зақымданған кеме күйі авариялы отырғызу мен орнылыққа қойылатын талаптарды қанағаттандыратынына сенімді болу үшін орындалуы қажет. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердің бұл құрылыстар су таралуын тұрақты шектейтін немесе уақытша өткізбейтіндігін сақтайтын өткізбейтіндігі іс-жүзіндегі пішін үйлесімін, саңылаулардың жабу сипатын, бойлық аралықтар мен қоршаулар барын, ескере отыру қажет.



 

 

14-бөлім. Су асты борты және жүк маркасы



 

75. Жалпы талаптар және жүк маркасын қою тәртібі

 

1204. Осы бөлімде ішкі жүзу кемелерінің су асты борттарының ең кіші биіктігі регламенттелген.

Халықаралық рейс жасайтын жүк кемелерінде, 66/88 жылғы жүк маркасы туралы Халықаралық конвенция талаптарына сәйкес жүк маркасынан басқа осы бөлімінің талабына сәйкес жүк маркасын алып кету рұқсат етіледі.

1205. Су асты борттың белгіленген қажет шарты кеме беріктілігі, орнықтылығы және суға батпайтындығы Қағиданың талаптарын қанағаттандыратыны болып келеді.

1206. Ағаш кемелер үшін, композициялы конструкциялы немесе басқа материалдардан жасалған кемелер үшін, сондай-ақ Қағиданың осы бөлімінің ережелерін қолдану орынсыз және құнтсыз болатын конструктивті ерекшеліктер, су асты бортын әрбір бөлек жағдайда жобалаушымен жеткілікті негіздеме мен есептер ұсыну шартымен Кеме қатынасының тіркелімімен белгіленеді.

1207. Кемеге белгіленген су асты борты кеменің әрбір бортында палуба сызығын және жүк маркалы марка қою жолымен белгілеп қойылады. Ұзындығы 10 м және кем кемелерде су асты борты маркаларын қоймауға рұқсат етіледі.

1208. Жүк белгісі (осы Қағиданың 152-қосымшасы) горизанталь сызығы мен ақырғы тұнба сызығы ортасы бойынша қиып өткен шеңберден тұрады.

Горизантальды сызығы үстінен шеңбер алдыңғы жағына кеменің жүзу ауданын (осы Қағиданың 153-қосымшасы) мәлімдейтін әріп қойылады. Шеңбер сызығы мен жүк маркасы 25 мм басқа сызықтар ені шеңберінің ішкі диаметрі 250 мм, горизантальды сызықтың ұзындығы 400 мм, сызық қалыңдыңы 15 мм мен әріп өлшемі 100x60 бойынша.



Өзінің жоғарғы жиегімен шеңберді қиып өтетін горизантальды сызығы оның ортасынан өту тиіс; осы кеме бойынша тағайындалған кеме сыныбы үшін ақырғы тұнба сызығы болып табылады. Шеңбер ортасы палуба сызығының ортасынан бір тік орналасуы тиіс. Палуба сызығының ұзындығы - 300 мм, ені - 25 мм.

Егер кеме түрлі разрядты су бассейндерде рейс жасау үшін тағайындалса, онда марканың алдыңғы жақты бөлігінде шеңбердің (Ішкі және өзен-теңіз жүзу кемелерін сыныптау Қағидасының 89-тармағына сәйкес сонымен қатар эпизотты жүзу шартында) горизантальды сызығының шетінен тік сызық пен ұзындығымен 150 мм (осы Қағиданың 154-157-қосымшалары) ақырғы тұнбасының қосымша сызығын қою қажет.



Ақырғы тұнбаның жоғарғы жиек сызығы тиісті разрядты су бассейндері үшін белгіленген кеме бортының су астымен сәйкес болуы қажет.

1209. Жүк маркасын және палуба сызығын кеме ұзындығының ортасында әр борттың минель-шпангоуттарына қояды.



Әрбір бортта бортты ескіш дөңгелектерімен қоса кемелерге кеме шеттерінен ұзындығы бойынша шамамен 1/3 ара-қашықтықта 2 марка қойылуы қажет.

Жүк маркаларын мидель-шпангоутта емес қою кезінде палуба ершіктілігін ескеру қажет.

Ершіктілікті және мидель-шпангоут жазықтылығынан артқы жақты немесе алдыңғы жағына ауыстырылған (ершіктіктің нөлдік ординатасымен) су асты борты палубасының ең төмен нүктесінен мидель-шпангоутта белгіленуі тиіс палуба сызығының жоғарғы жиектері мен ақырғы тұнба сызығының жоғарғы жиегі арасындағы аралық мидельді қимада ершікті ордината көлеміне ұлғаюы тиіс.

Палуба деңгейінде орналасқан немесе палубамен дөңгелектенген тоқтау білеуімен немесе тозған төсенішімен қоса кемелерді белгілемеуге болады (осы Қағиданың 158-қосымшасы).

1210. Егер жүк маркасының және ақырғы шөгу сызығы белгісі тоқтау білеуі астына түссе, онда соңғысы кесіліп және оның шеттері жүк марка белгісіне және ақырғы шөгу сызығы 100 мм дейін жеткізілмеуі қажет.

1211. Жүк маркасын қараңғы аяда ақ немесе сары бояумен немесе жарық аяда қара бояумен сырлайды.



Болатты кемелерде жүк маркасы болат табақтан жасалып және білікше еріту жолымен пісіріліп немесе жасалып, сонан соң сырлануы қажет.

Жеңіл қоспалы кемелерде жүк маркасының горизанталь сызықтары корпус материалынан дәнекерленген немесе жабыстырылған тілмеден, қалған тілмелер тек қана кернелген және сырланған болуы қажет.

Шыны пластикті корпусты кемелерде жүк маркасы пластиктен жасалып, жабыстырылуы қажет.

Сыртқы қаптаманың қалыңдығына қатысты ағаш қаптамалы кемелердегі жүк маркасын қиып және сырланып немесе тек қана сырлап қоюға болады.

1212. Шөгуді бақылау үшін және мұрындықта және жемде кеменің жүктемесінде тереңдету маркасын қою қажет (шөгудің шкаласы). Маркаларды дайындау, келтіру және бояу осы Қағиданың 1186-тармағына сәйкес іске асады. Ұзындығы 25 м кем емес кемелерге осы талап ұсыныс болып табылады.



 

 

76. Ең аз су астындағы борты



 

1213. Осы Қағиданың 162-қосымшасында регламенттелген стандартты ершіктілікті және комингс биіктігімен жабық өздігінен жүргіш және өздігінен жүрмейтін кемелердің су асты бортының ең төмен биіктігі осы Қағиданың 159-қосымшасында көрсетілгеннен кем емес болуы тиіс.

1214. Стандартты ершікті және осы Қағиданың 1239-тармағы талаптарын қанағаттандыратын құйма кемелерінің су асты бортының ең төмен биіктігі осы Қағиданың 160-қосымшасында көрсетілгеннен кем емес болуы қажет.

1215. Кеме-алаңының су асты бортының ең төмен биіктігін құйма кемелер үшін қарастырылған нормамен белгіленуі қажет.

1216. Кеме-алаңның жүк ауданын қоршау конструкциясы тиеуге арналған жүктерді шаю мүмкіндігін алып тастауы;

қоршау мен су асты бортының санды биіктігі кеме пайдаланылып жатқан бассейн разрядына сәйкес толқын биіктігінің жартысынан кем болмауы қажет.

1217. Ашық кемелердің су асты бортының ең төмен биіктігі олардың ұзындығына қарамастан «О» сыныпты - 1000 мм; «Р» сыныпты - 600 мм; «Л» сыныпты - 450 мм кем болмауы;



сонымен қатар, «О» сыныпты ашық кемелер үшін су асты бортының және комингстің сандық биіктігі 1900 мм, «Р» сыныпты - 1200 мм, «Л» сыныпты - 600 мм кем болмауы қажет.

«М» сыныпты ашық кемелерді жасау мен пайдалану Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1218. Трюмда тасымалдайтын жүктерді «О», «Р» и «Л» сыныпты тентті баржа үшін су асты бортының ең төмен биіктігі егер тент және оның қақпалары бүрку өткізбейтін болса, ал қақпалар комингсінің биіктігі жүк люктер үшін қарастырылғаннан (осы Қағиданың 159-қосымшасы) кем емес құрғақ жүкті палуба кемелері үшін белгіленген (осы Қағиданың 1228-тармағы) тектес болуы мүмкін.



Мұнда:

1) тент — қолайсыз ауа-райында жүктер мен адамдарды қоршау үшін су асты бортының палубасындағы жеңіл конструкция;

2) тент қоршауы — тент қабырғаларында тиеу-шығару үшін ойықтарды жабу.

Осы талаптарды орындамаған жағдайда су асты бортының биіктігін ашық кемелер (осы Қағиданың 1217-тармағы) үшін деп қабылдау қажет.

1219. Түп тереңдеткіш снарядтар, дебаркадерлер, брандвахталар, жүзбелі доктар үшін су асты бортының биіктігін жабық кемелер тектес анықталуы қажет.

1220. Гидромеханикалық құралмен толтырылатын, жүк кемелері үшін су асты борты құю кемесі үшін сияқты анықталады. Осындай кемелерде басқа түрлі жүктерді тасымалдау мүмкіндігі негізделген жағдайда су асты борты ашық кемелердегідей осы Қағиданың 1217-тармағында көрсетілгенге сәйкес белгіленуі қажет.

1221. Скегті типті су бетінде қалқып жүзетін кемелердің су асты борты биіктігін су ығыстырғыш кемелер үшін сияқты есептейді.

Сонымен қатар, су асты борты палуба сызығының жоғарғы жиегіне дейін, ал су асты бортының палубасы болмаған кезде терезелі қималардың астыңғы жиектерінен жоғары емес құйылуы мүмкін саңылаудың астыңғы жиегіне дейінгі аралығы деп есептеу қажет.

1222. Қарапайым су ығыстырғыш кемелерден ерекшеленетін корпус конструкциясы мен корпус нысанымен қоса амфибиялы типті су бетінде қалқып жүзу кемелерінің су асты борты 100% кем емес ең ауыр салмағы сәйкес жүзушілік қорын қамтамасыз ету шартынан белгілеу қажет.



 

 

77. Ершіктілік, бак және ют



 

1223. алдыңғы жақты перпендикуляр ауданында «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін су асты борты палуба бакына дейін, ал бак болмаған кезде мидель үстінде су асты бортының ең кем санынан және стандартты ершіктіліктен кем су асты борт палубасына дейін алдыңғы жағында мықты жалған борт орнату ұсынылады.

«М» сыныпты кемелер үшін мықты жалған борттың орнатылуы міндетті.

1224. Бак және юті жоқ кемелердің стандартты ершіктіліктің сызығынан мидель-шпангоут үстінде, ал осы Қағиданың 161-қосымшасына сәйкес алдыңғы жақты және ақырғы перпендикулярлы ординатасы 0 тең екі тік сызық қабылдануы қажет.

Ершіктілік ординатасын осы Қағиданың 75-тарауына сәйкес салынған палуба сызығының жоғарғы жиегімен сәйкес горизантальды сызығынан бастап өлшенуі қажет.

1225. Осы Қағиданың 1224-тармағында көрсетілген «М», «О» және «Р» сыныпты кемелерде стандартты көлемді бак пен юті бар стандартты ершіктілік қажет етілмеуі мүмкін:



1) палуба үстінгі бак биіктігі: «М» сыныпты - 1000 мм; «О» сыныпты - 900 мм; және «Р» сыныпты кемелер үшін - 500 мм;

2) барлық сыныпты кемелер үшін бақ ұзындығы кеме ұзындығынан 0,07 кем емес;

3) барлық сыныпты кемелер үшін палуба үстіндегі ют биіктігі бак биіктігінің жартысынан кем емес;

4) барлық сыныпты кемелердің ют ұзындығы кеме ұзындығынан 0,03 кем емес, бірақ 2 м қысқа емес.

Бак болмаған кезінде алдыңғы жақтың шеттеріндегі ершіктіліктің «М» сыныпты кемелер үшін стандартты бак ұзыныдығына тең ұзындықты жалған борт орнатылады.

Кормада және ютада ершіктілік болмаған кезде «М», «О» және «Р» сыныпты кемелерде сол ұзындықты, бірақ 2 м қысқа емес ұзындықты жалған борт орнатылуы қажет.

1226. Бак пен ют көлемдері немесе ершіктілігін стандарт бойынша орындау мүмкін болмаса, онда су асты борт биіктігі екі шарттың орындалуын қамтамасыз ететін мағынасына көбейтеді:



1) жүзушілік қоры стандарт кезінде ершіктілік немесе бак пен ютадан кем болмауы қажет;

2) мидель-шпангоут жазықытылығына қатысты су асты бортының биіктігі ұлғайтылғаннан көлемнің статикалық сәттері ершіктілігі неме бак және юталары стандартты көлемін статикалық сәт көлемінен кем болуы қажет.

1227. Түпті тереңдеткіш снарядтар, дебаркадерлер, брандвахталар, жүзбелі доктар, жүзбелі крандар мен басқа басқа сол сияқты кемелер үшін осы Қағиданың 1224 және 1225-тармағы талабына қолданбауға рұқсат етіледі стандартты ершіктілік, бак және ют.



 

 

78. Саңылаулар мен комингстер құрылғылары



 

1228. Су асты бортында орналасқан және қондырғылар немесе рубкалармен жабылмаған жүкті және басқа люктердің палуба төсенішінің жоғарғы жиегінен комингс биіктігі осы Қағиданың 162-қосымша көрсетілгеннен кем болмауы қажет.

Егер комингс биіктігі осы тарау талаптарымен регламенттелгеннен кем болса, онда су асты бортының ең төмен биіктігі (осы Қағиданың 159-қосымшасы) кестелі және нақты комингс биіктіктері арасындағы айырмасына қосылуы қажет. Барлық сыныпты кемелердің ашық палубада орналасқан комингс люктерінің ең төмен биіктігі 100 мм кем болмауы қажет.

Осы Қағиданың 159-қосымшасында көрсетілгенмен салыстырғанда комингс биіктігін ұзарту салдарынан су асты борты биіктігінің төмендеуіне жол берілмейді.

Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген басқа да люктар комингстерінің биіктігі егер люкті жабулар осы Қағиданың 1069-тармағы 8) тармақшасы шарттарына сәйкес болса түзетулер енгізусіз кестеден кем болуы мүмкін.

1229. «О», «Р», және «Л» сыныпты ашық кемелердің жүк люктер комингстерінің биіктігі осы Қағиданың 1217-тармағы талаптарына сәйкес белгіленуі қажет.

Палуба немесе қондырғымен жабылмаған корпус бөліктерінде жолаушылар орналастырылатын жолаушылар таситын кемелер люк комингсінің биіктігі ашық жүк кемелерінің комингс биіктігінен кем болмауы қажет.

1230. Люктердің осы бөлімде көрсетілген жабулармен жабдықталмаған ішкі қондырғыларында орналасқан кезде барлық сыныпты кемелер үшін люктер комингсінің биіктігі 75 мм болып қабылдануы мүмкін.

1231. «М» және «О» сыныпты жабық кемелерінің су асты бортының ашық аудандарында орналасқан жүкті және басқа люктерде су өткізбейтін, «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін - бүргу өткізбейтін жабулар орнатулы қажет.

«О» сыныпты кемелердің жүк люктерінде егер орнатылған жүк люктің су асты борты немесе комингс биіктігі 1200 мм кем болмаса бүргу жабулар рұқсат етіледі.

Жүк люктердің жабулары осы жабуларда тасымалдау қарастырылатын жүк салмағынан жүктемеге есептелінуі тиіс, бірақ есепті жүктеме 2,45 кПа кем болмауы қажет.

1232. «М» және «О» сыныпты кемелерде жүк люктер колмингстерінің жоғарғы жиектерінен төмен орналасқан басқа люктердің жабылулары су өткізбейтін болуы қажет. Су өткізбейтін жабулардың есепті қысымын таңдау кезінде осы Қағиданың 23-тармағын басшылыққа алады.

1233. Су асты борт палубаның ашық бөліктеріндегі желдеткіш басы жүк люктері комингстері үшін қажет болмайтын биіктікті мықты комингі болуы;

«М» және «О» сыныпты кемелердегі желдеткіш саңылаулар өткізбейтін жабулары болуы қажет.

1234. Су асты бортының палубасынан төмен борттарда орналасу кезінде түтіктер сыртқы саңылауларының құрылғысы ІСЖЕ 10-бөлімінің 2-бөлігі талаптарға сәйкес болуы қажет.

1235. Су асты борттың палубасыныда орналасқан қондырғылар, рубкалар, тамбурдың барлық сыртқы есіктері барлық сыныпты кемелерде су өткізбейтін болуы қажет.

1236. Сыртқы есіктер және терезелер бүргіөткізбейтін болуы мүкін, егер оның астыңғы жиегі едәуір шөгілген жазықтықтан мынадай арақашықтықта тұрып қалса:



Кеме сыныбы

арақашықтық, мм

«М»

350

«О»

1900

«Р»

1200

«Л»

600

Су асты борттың, бактың және ютаның палубасында орналасқан шағын жабық бөлімдерінің есіктері бүргіөткізбейтін болуы мүмкін.

1237. «М» және «О» сыныпты кемелерде су асты борттың палубасынан төмен бөлімдерде орналасқан борттық иллюминаторлар тұрақты дауылды қақпалармен ілінген болуы қажет. Сонымен бірге иллюминатор шынысының қалыңдығы күнге диаметрі 350 м және жоғары кезінде 8 мм көп болмауы тиіс. Бірақ күнге диаметр 450 мм аспауы қажет. Күнге аралық диаметр үшін шыны қалыңдығы интерполяция сызығымен анықталады.



«Р» және «Л» сыныпты кемелерде шыны иллюминатор қалыңдығы күнге диаметрі 250 мм кезінде 6 мм және күнге диаметрі 400 мм және жоғарыда 10 мм рұқсат етіледі.

Барлық сыныпты кемелердің бортты иллюминторларының төменгі жиегі едәуір шөгу сызығы 150 мм жоғары тұруы қажет. «Р» сыныпты кемелерде иллюминаторларда дауылды қақпалар болмаған жағдайда көрсетілген қашықтық осы Қағиданың 159 және 160-қосымшаларына сәйкес су асты бортының биіктігінен кем болмауы қажет.

Кеме енінің 2,5% кем едәуір шөгу сызығынан орналасқан «М» сыныпты жолаушылар таситын кемелерінің борттық иллюминторлары терең болуы қажет.

Су асты бортының палубасында орналасқан және борттан бортқа өшірілетін қондырғыларда дауылды қақпасы бар иллюминаторлар орнатылуы қажет. Су асты бортының палубасында орналасқан және кеме борттарына жетпейтін қондырғы бөлімшелерінде шынылары жуандатылған (10 мм кем емес) су өткізбейтін терезелер қолданылады.

1238. Кингстонды және мұзды жәшіктердегі қақпалар су өткізбейтін болуы;



көрсетілген жәшіктер саңылауларының жоғарғы жиектері ең жоғарғы шөгуі 150 мм кем емес сызығынан жоғарлауы қажет.

1239. Мұнай құйғыш кемелерде және кеме-алаңында мынадай талаптар орындалуы қажет:



1) Су асты бортының палубасындағы барлық саңылауларда мықты су өткізбейтін жабулары болуы;

2) Жарты бак пен жарты ютта орналасқан «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелердің тамбурларының мойындары, есіктері және басқа саңылаулары бүргу өткізбейтін болуы;

3) жүк танктер моындарының, коффердамдарды, құрғақ бөліктер мен пиктер комингстерінің биіктігі мықты және су өткізбейтін жабулары жеткілікті болуы.

 

 

15-бөлім. Маневр жасау



 

79. Таралу саласы

 

1240. Осы бөлім су ығыстырғыш кемелердің маневрлеуіне ұсынылатын, мыналарға таралатын талаптардан тұрады:

1) ұзындығы 40 м және одан аса өздігінен жүретін жүк кемелері;

2) ұзындығы 20 м және одан аса су ығыстырғыш жолаушылар кемелер, жүріп-тұру кемелері және арнайы белгіленген кемелер.

1241. Осы бөлім талаптары итергіш құрамдар, құрамды кемелер, катамарандар, қозғаушылары суатқыш, қанатты және доңғалақ кемелерге таралмайды.



 

 

80. Анықтаулар және түсініктер



 

1242.Осы бөлімде мынадай терминдер мен түсініктер қолданылады:

1) қозғаушы-меңгерікті кешені (әрі қарау - ҚМК) - қозғаушы және оған қатысты басқару құралдары (меңгерік және/немесе бұрылу саптамасы);

2) кеменің қозғаушы-меңгерікті кешені (әрі қарай - КҚМК) - кемеде бар және бойлық қозғалыс пен кеме бұрылуын қамтамасыз ететін барлық ҚКМ жиынтығы;

3) бұрылғыштығы - қисықтың жеткілікті аз радиусты траекториясы бойынша кеменің бұрылыс жасау қабілеттілігі;

4) бағыттағы тұрақтылық - кеменің терең тынық суда белгіленген тура бағытын ұстау қабілеті;

5) желде басқарылуы - кеме қабілеті, көрсетілген жылдамдықтан аспайтын барлық қозғауыштардың номиналды айналу жиілігімен және жүзу ауданында желмен еркін белгіленген тура бағытты ұстау, жылдамдығы осы Қағиданың 1261-тармағында көрсетілгеннен аспайды;



6) қозғауыштары жұмыс істемеген кезде басқару - инерция бойынша жүру кезінде тура бағытты ұстайтын, белгіленген бағытта бұрылу және бұрылу бағытын қарама-қарсы бағытқа ауыстыруды жүзеге асыратын кеме қабілеті.

7) жедел тежеуіш - осы Қағиданың 1244-тармағында көрсетілген кеме жүктемесінде терең тынық суда кеменің барлық қозғауыштарының жұмыс режимінің толық алғы жүрістен толық артқы жүріске тез арада өзгеруі.



 

 

81. Маневр жасауда нормалаудың жалпы нұсқаулары



 

1243. Кеме осы Қағиданың 1244-тармағында көрсетілген жүктемеде маневр жасауға қатысты осы бөлім талаптарына жауап береді және мыналарды қанағаттандырады:

1) бұрылу критерийлерін (осы Қағиданың 83-тарауы);

2) бағытта тұрақтылық критерийлері (осы Қағиданың 84-тарауы);

3) қозғауыштары жұмыс істемеген кезде басқару критерийлерін (осы Қағиданың 85-тарауы);

4) жедел тежеу критерийлерін (осы Қағиданың 86-тарауы);

5) жел кезінде басқару критерийлерін (осы Қағиданың 87-тарауы).

1244. Жүкпен толы, жазық кильге дифференттелген, қорлар мен отындары толық нормасымен кеменің маневр жасауы тексерілуі қажет.

Осы Қағиданың 1261-тармағына сәйкес жел кезінде жүк таситын кемелердің басқаруын тексеру балластпен қоса жүксіз 10% қорлар мен отынмен жүктелген кезде ғана орындалуы қажет.

Осы Қағиданың 1261-тармағына сәйкес жел кезінде жолаушылар таситын кемелердің басқаруын тексеру жүксіз және жолаушыларсыз 10% қорлар мен отынмен жүктелген кезде ғана орындалуы қажет.

1245. Осы бөлімде регламенттелген маневрлеуді бағалау критерийлері мынадай типті КҚМК кемелер үшін анықталады:



1) бұрылыс саптамасындағы ескіш бұрандамалар;

2) бұрылыс саптамасындағы ескіш бұрандамалар және ортаңғы меңгерік;

3) ашық ескіш бұрандамалардан кейінгі меңгеріктер;

4) ескіш бұрандамалар артындағы саптамалардағы меңгеріктер.

Көрсетілген КҚМК типті кемелер үшін маневрлеу критерийлерінің мәндері ішкі және аралас суларда жүзу кемелерінің маневрлеуін есепту және натуралы маневрлі сынауларды жүргізу жолымен басым анықталады.

1246. Осы Қағиданың 1245-тармағында көрсетілген КҚМК типті кемелері үшін Басшылыққа сәйкес орындалған есептерін Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынумен қоса бір уақытта маневрлеу критерйлерін анықтаудың негізделген басқа тәсілдерін қолдануға рұқсат етіледі.

1247. Осы Қағиданың 1245-тармағында көрсетілмеген КҚМК типтері үшін маневрлеу критерийлерін анықтау тәсілдері Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1248. Бағытта бұрылуын, тұрақтылығын бағалау және қозғауыштары істен шыққан кезде басқарудың критерийлерін анықтау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін:



1) автономиялы өздігінен жүретін модельді кемеге геометриялы ұқсас кемені сынау жолымен;

2) натуралық сынаулар жолымен.

Бұл жағдайларда критерийлерді есептеу мәндері орындалмауы мүмкін.

 

 

82. Маневр жасау кестесі



 

1249. Рубкада маневрлеу сипаттамасын жедел анықтау үшін көрініп тұрған жерде маневрлеу кестесі ілініп тұру қажет.

1250. Маневрлеу кестесін жобалаушы мекеме жасайды.

1251. Есептеу қорытындылары натуралық сынаулар немесе өздігінен жүретін модельдерді сынау мәліметтері бойынша қосымшаланады және түзетіледі.

 

 

83. Бұрылу



 

1252. Ортаңғы екі борттағы циркуляцияны орнатқан(Dц/L)min кеменің ауырлық орталығымен анықталған кіші қатысты диаметр осы Қағидада бұрылудың критериі ретінде қабылданады, яғни КВЛ бойынша кеменің ұзындығына L маневрдың басталуына дейін және барлық ескіш бұрандалардың көбірек реттелмейтін айналыс жиілігі кезінде бірдей терең тынық суда кемемен орындалған циркуляцияның Dц кіші мүкінді диаметрінің қатынасы.

1253. Бұрылу орнатылған циркуляцияның қатысты диаметрі шартына сәйкес болса, Қағида талаптарын қанағаттандырады деп есептейді.



 

(Dц/L)min < 2.                     (569)

 

 

84. Бағыттағы тұрақтылық



 

1254. Меңгеріктің орнын ауыстыруының нөлдік бұрышында және барлық ескіш бұрандалардың айналуының бірдей жиілігінде терең тынық суда орындалатын кеменің екі борттарындағы ортаңғы ауырлық орталығымен анықталған орнатылған циркуляцияның диаметрі осы Қағидада бағыттағы тұрақтылық критериі ретінде қабылданады.

1255. Егер орнатылған айналым диаметрі 10 кеме ұзындығын және одан аса құрайды, сондай-ақ егер кеме меңгерікті бұраудың нөлдік бұрышында циркуляцияға кірмей, тура бағытта қозғалысын жалғастыра берсе бағыттағы тұрақтылық осы Қағиданың талаптарын қанағаттандырады деп есептейді.



 

 

85. Қозғауыштар істен шыққан кезіндегі басқару



 

1256. Кеменің басқару құрылғысын қолданбай, меңгерікті 20о бұрышына бұрып жасалатын негізгі қозғауыштары тоқтатылғаннан кейін орнатылған циркуляциядан шығу қасиеті қозғауыштар істен шыққан кезінде басқару критериі ретінде қабылданады.

1257. Кеменің басқару құрылғысын қолданбай, негізгі басқару құралдарының әрекеттерімен негізгі қозғауыштары тоқтағаннан кейін меңгерікті 20о бұрышына бұрып жасалатын орнатылған циркуляциядан шыға алатын болса, кеме Қағида талаптарын қанағаттандырады деп есептелінеді.



 

 

86. Кеменің жедел тежелу қасиеті



 

1258. Суға қатысты кеменің жедел тежелуінің басталуы жайлы команда беру моментінен кеменің толық тоқтауына дейін суға қатысты өтетін, ара-қашықтық, м - тежелу жолы SAT кеменің жедел тежелу қасиетінің критериі ретінде қабылданады.

1259. Егер тежелу жолы SAT мынадай шартты қанағаттандыратын болса, кеме осы тараудың талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі, м,





мұнда V- кеменің су ығыстырғышы, м3;

L - кеме ұзындығы, м.

 

 

87. Жел кезіндегі басқару



 

1260. Басқару критериі ретінде қабылданады:

1) барлық қозғауыштардың номиналды айналу жиілігімен еркін белгіленген тура бағытпен жылжуы мүмкін болатын жүзу ауданындағы жел жылдамдығы, м/с;

2) негізгі басқару құралдары және басқару құрылғылар көмегімен кеменің орнында айналуына қажет басқару құрылғысының үлесті тарту күші, кН/м2.

Жүкке толы басқару құрылғыларының Тпу, кН, кеме ұзындығы КВЛ L және шөгуін Т көбеюіне қатынасы Тпу/ м2 жүк таситын кеменің басқару құрылғысының меншікті тарту күші ретінде түсіндіріледі. Басқару құрылғысының Тпу, кН, желкендету ауданына S, м2 қатынасы жолаушылар таситын кеменің басқару құрылғысының меншікті тарту күші ретінде түсіндіріледі.

1261. Барлық қозғауыштардың номиналды айналу жиілігімен еркін белгіленген тура бағытпен жылжуы мүмкін болатын жүзу ауданындағы жел жылдамдығы мынадайды құрайтын болса, жел кезінде басқаруы осы Қағиданың 1260-тармағы 1) тармақшасы талаптарын қанағаттандырады деп есептелінеді:



«М» және «О» сыныпты кемелер үшін - 19 м/с кем емес;

«Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін - 14 м/с кем емес.

1262. Осы Қағиданың 1260-тармағы 2) тармақшасы талаптары меншікті тарту күші мынадан жоғары болатын алдыңғы жақты басқару құрылғысын орнатумен қамтамасыз етіледі:



жүк таситын кемелер үшін

 

Тпу/(LT) = 0,03;                  (571)

 

Жолаушылар таситын кемелер үшін SL > 20000м3

 

Тпу / S = 0,04.                   (572)

 

 



 

88. Табиғи сынақ



 

1263. Кеменің маневрлеуін Қағида талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен натуралық сынаулар, сондай-ақ маневрлеу кестесінің қосымшалары мен түзетулері қабылдау-тапсыру сынауларымен бірге жүргізілуі қажет:

1) сериямен жасалған негізгі кемесінде,

2) жеке жасалған кемелерде,

3) егер бұл жағдайда кеменің маневр жасауы өзгерілсе, жөндеу, қайта жабдықтау, модернизациялаудан кейінгі кемелерде.

1264. Натуралық сынаулар осы Қағиданың 1244-тармағына сәйкес жүргізілуі қажет. Шөгу бойынша мүмкін болатын ауытқулар 10 % аспауы қажет.

1265. Маневрлеудің натуралық сынаулары шкала бойынша ГУГМС 1-2 балдан және жел жылдамдығы 3-4 м/с дан аспайтын толқындату кезінде терең тынық суда (сынау ауданындағы су тереңділігі кеме шөгуінің үштен кем емес) жүргізілуі қажет.

1266. Маневрлеудің натуралық сынаулары уәкілетті органмен бекітілген Кеме жасауға және материалдар және бұйымдарды дайындауға техникалық бақылау қағидасына сәйкес жасалған бағдарлама бойынша жүргізіледі.



 

 

2 бөлік. Материалдар және дәнекерлеу



 

16-бөлім. Жалпы ережелер

 

89. Таралу саласы

 

1267. Қағиданың осы бөлімінің талаптары қолданылады:

1) «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның техникалық бақылауына жататын материалдар (сондай-ақ дәнекерлеу);

2) Өнімнің дәнекерлеудің технологиялық процесстері және дәнекерлеу конструкциясын тексеру.

1268. Материалдар осы бөлімнің талаптарын орындаудан бөлек, материалдарды қолдануға қатысты Қағиданың басқа да бөлімдерінде жауап беруі қажет.

1269. Осы бөлімнің талаптарына сәйкес келмейтін материалдарға рұқсат Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1270. Объектілердің конструкциясын дәнекерлеу Қағиданың осы бөлімінің талаптарына сәйкес дәнекерлеу материалдары мен дәнекерлеу тәсілдерін пайдаланумен біліктілікпен расталған дәнекерлеушімен (операторлармен) орындалуы қажет.

1271. Материалдар мен өнімдер Қағиданың осы бөлімінің талаптары ескерілген КҚТ келісілген стандарттар және/немесе техникалық шарттармен бойынша жеткізілуі қажет. Материалдарды сынау әдістемесі қосымшада (121-125, 163-166) көрсетілген.

 

 

90. Терминдер және олардың анықтамалары



 

1272. Қағиданың осы бөлімінде мынадай анықтамалары бар терминдер пайдаланылды:

1) жоғары температурада дәнекерлеу — қорытпаның еріту температурасы 450 С асатын дәнекерлеу тәсілі.

2) термиялық әсер ету зонасы - дәнкерлеу кезінде қыздырудан конструктивті ауысу пайда болған дәнекерлеу тігісіне іргелес (немесе ерітуге) негізгі металл қабаты.

3) тігіс металлы - негізгі металды және дәнекерлеу материалды немесе тек қана негізгі металды дәнекерлеу кезінде еріту нәтижесінде алынатын металл.

4) ерітілген металл - электрод немесе сымдарды еріту нәтижесінде алынатын және негізгі металдың шамалы білініп тұратын қоспалары жоқ металл.

5) нұсқа - сынаулар кезінде материалдың механикалық, технологиялық және басқа қасиетті анықталатын нақты пішінді және көлемді сынамадан жасалған өнім.

6) негізгі металл - дәнекерлеуге жататын өнім металы.

7) жартылай өңделген өнім - құю, тағалау, жұқарту, сүйрелеу немесе осындай басқа тәсілдермен жасалған және әрі қарай тағайымы бойынша пайдалану кезінде механикалық және технологиялық өңдеуге жататын өнім.

8) байқау — жартылай өңделген өнім немесе өнім немесе сынаулар үшін үлгілер кесіп алатын арнайы әзірленген дайындық.

9) пісіруші — негізгі металдың еруі немесе дәнекерленіп жатқан екі жақты да еріту.

10) қабатты жарық - мағыналы дәнекерлеу қуаты және/немесе жұқарту қабатына перпендикуляр бағыттағы ішкі жүктемелер салдарынан жапырақты жұқартудан жасалған дәнекерлеу конструкция элементтерінің бұзылуы.

11) дәнекерлеуші материал — дәнекерлеу кезінде қолданылатын электрод, сым, флюс, қорғаушы газ.

 

 

91. Таңбалау



 

1273. Материалдарды таңбалау мынадай талаптарды ескере отырып стандарттар бойынша орындалады:

1) Жартылай өңделген өнімдерді бір реттік алып келу кезінде таңба әрбір өнім таңбалануы қажет. Егер жартылай өңделген өнім байламдармен әкелінсе, таңбаларды байламдарын қарама-қарсы шеттеріне бекітілген екі мықты, атмосфералық әсерге қарсы тұрақты биркаларда салынуы қажет.

Кіші көлемді жартылай өңделген өнім алып келу кезінде таңбалаудың салу тәртібі мен күтіп ұстауы Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады.

Әрі қарай өңдеуге жататын жартылай өңделген өнімдерде таңбалау мүмкіндігінше соңынан өңделуге жатпайтын тиіс орындарда салынуы қажет.

Таңбалау анық салынуы және атмосфералық әсерге тұрақты ақшыл бояумен жектелуі қажет.

2) Жалпы жағдайда таңбалауда болуы қажет: материал категориюсы немесе таңба; жартылай өңделген өнім пайда болуын орнатуға мүмкіндік беретін санды немесе басқа мәні (жартылай өңделген өнім нөмірі, еріту нөмірі және басқа мәліметтер); дайындаушының атауы немесе шартты белгілері; дайындаушы-мекеменің бақылау бөлімінің бақылау таңбасы; Кеме қатынасының тіркелімінің таңбасы (қажет болғанда);

3) Егер жартылай өңделген өнім Қағидада көрсетілген сынауларды өтпесе немесе оны тағайымы бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтін зақымдар табылса Кеме қатынасының тіркелімінің және материал категориясын көрсететін таңбасы жойылуы немесе өшірілуі қажет;

4) дәнекерлеу материалдармен қоса жүретін пачкада немесе басқа да жабыстырылған жарлықтарда, сондай-ақ құжаттарда «Кеме қатынасының тіркелімімен рұқсат етілді» деген болуы қажет.

 

 

17-бөлім. Материалдарды сынау



 

92. Жалпы нұсқаулар

 

1274. Осы бөлімнің талаптары материалдарды сынау түрлері мен әдістеріне қолданылады. Сол немесе басқа сынаулар жүргізу қажеттілігі және олардың нәтижелері бағалау критериилері Қағиданың осы бөлімінің тиісті тарауларында немесе басқа бөлімдерде белгіленеді.

1275. Осы бөлімнің талаптары сынаулар жүргізу шарттарын, нобайлардың типтері мен көлемдері, оларды жасау талаптарын регламенттейді.



Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша Қағидамен белгіленген материалдар қасиетін анықтау кезінде егер олар нәтижелердің қажетті кемдігі, қайталанғыштығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін болса, онда нобайлардың басқа да сынаулар тәсілдері мен типтері қолданылуы мүмкін.

1276. Материалдарға арнайы сынаулар жүргізу түрлері мен тәсілдері, сондай-ақ Қағидада нұсқаулар болмаса бағалау критериилері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

1277. Сынаулар кезінде, сондай-ақ стандарттар немесе Кеме қатынасымен келісілген нормативті құжаттамалар талаптары орындалуы қажет.

1278. Сынаулар үшін дайындалатын сынамалар олар жасалған өнім сияқты дәл сондай мысалы, термиялық өңделуі қажет. Сынаулар үшін үлгілер материалдар қасиетіне әсер етпейтін тәсілдерімен жасалуы қажет.

1279. Сынаулар құзырлы қызметкерлермен қажетті қуатты машиналармен жүргізілуі қажет. Сынаулар үшін машиналар өлшемдердің қажетті кемдігін қамтамасыз ету, өкілетті органдармен кезең сайын бақылануы және калибрленуі қажет.

Кезең сайынғы тексеру нәтижелері Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынылуы қажет.

 

 

93. Металды материалдарды сынау



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет