116-қосымша). Бұрыштар өлшемдері жиынтық өлшемдеріне байланысты тағайындалады және негізделу қажет. Барлық жағдайларда бұрыштардың сөресінің ені 30 мм кем болмау қажет, ал қалыңдығы t - белдем дуалының жарты қалыңдығынан кем емес.
898. Жиынтықтың элементтерін жалғау екі жақты симметриялық жалғаушы жапсырмалар көмегімен жүзеге асырылуы;
жапсарлық саңылаулар 2 мм аспауы;
жапсырмалар белдем дуалдарындағыдай конструкциядағы шыныпластикадан орындалуы;
жапсырмалар өлшемдері жиынтық өлшемімен анықталады және негізделуі;
жапсырма ұзындығы lн қыр биіктігінің жартысынан кем болмауы, қалыңдығы дн - белдем дуалы қалыңдығының t жартысынан кем болмауы (осы Қағидаға 117-қосымша);
барлық смала сіңірілген саңылаулар шыныталшықтармен толтырылуы қажет.
899. Ұзындығы 10 м дейінгі кемелер үшін түптің, борттардың және палуба төсеніштерінің қаптамасы талшықтар қондырылған маталардан немесе олардың композициясынан дайындалуы мүмкін. Ұзындығы 10 м жоғары кемелер үшін шыны маталарды немесе түзу арматуралаудың әртүрлі схемаларын қолдану ұсынылады.
900. Сыртқы қаптаманы палубамен жалғау екі жақты жалғаушы бұрыштар көмегімен орындайды. Олардың өлшемдері негізделу және жалғаушы табақшалардың кіші қалыңдығы бойынша анықталу қажет. Бұрыштардың қабаттарындағы негіз кеменің ен бойына бағытталу қажет.
Палубаларды борттармен болттар көмегімен жалғау кезінде табақшаның шетінен соңғыларының ауытқуы болт диаметрінің 3,5 кем болмауы қажет.
901. Сыртқы қаптаманың табақшаларын, палубалардың төсеніштерін немесе өзара аралықтарды жалғау, өлшемдері негізделуі тиіс екі жақты симметриялық жапсырма көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.
Жапсырма ұзындығы 200 мм, қалыңдығы жалғаушы табақшалардың қалыңдығынан 1/2 кем болмауы. Жапсар кеме ұзындығы бойынша таралуы тиіс және мүмкіндігінше аз кернеулі кеме қималарында орналастырады.
Жапсырма қабаттарындағы негізді жапсарға көлденең орналастыру керек.
902. Сыртқы қаптаманың және палуба төсеніштерінің қалыңдығы жалпы және жергілікті беріктілік шарты бойынша анықталады, олардың мәндері осы Қағидаға 118-қосымшада көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.
903. Ұзындығы 15 м жоғары кемелердің қондырма беріктілігінің ұштары ауданында сыртқы қаптаманы және палуба төсеніштерін күшейту қарастырылу қажет.
904. Ұзындығы 15 м дейінгі кемелердің аралықтары үшін, сондай-ақ ұзындығы 15 м жоғары кемелердің жеңіл аралықтары және қоршаулары үшін қорапша тәрізді немесе толқынды гофрлы жиынтықсыз конструкцияларды қолдануға рұқсат етіледі.
Жеңіл аралықтарды және қоршауларды дайындау үшін дайын ыстық пластмассамен қатырылған сыртқы қабатымен үшқабатты панелдер қолданулуы мүмкін.
905. Шыны пластикадан жасалған аралықтарды корпуспен жалғау өлшемі негізделуі қажет, екі жақты жалғаушы бұрыштар көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен бірге бұрыштардың сөресінің ені су өткізбейтін аралықтар үшін 60 мм кем болмау қажет.
Панелдерді өзара және көршілес конструкциялармен жалғау металл немесе пластмасс бұрыштармен және бұрандалар және желімдермен қолданумен тарату көмегі арқылы жүзеге асырылу қажет.
906. Өлшемдер және элементтерінің материалдарын таңдау негізделу қажет. Сонымен бірге су өткізбейтін аралықтардың қаптама табақшаларының қалыңдығы ұзындығы
15 м дейінгі кемелер үшін - 2 мм,
15 мм жоғары кемелер үшін - 3 мм кем болмауы қажет.
907. Жиынтық жүйесін таңдау және ұзындығы 15 м жоғары кемелердің берік қондырмаларының байланыс өлшемдерін тағайындау кезінде негізгі корпусқа арналған талаптарды басшылыққа алу керек.
Ұзындығы 15 м жоғары кемелердің жеңіл қондырмалары және рубкалары және ұзындығы 15 м дейінгі кемелердің қондырмалары үшқабатты конструкцияны, сондай-ақ гофр түріндегі жиынтықпен болуы мүмкін.
Жеңіл қондырмалардың және рубкалардың дуал және палубаларының қалыңдығы осы Қағидаға 119-қосымшада көрсетілгеннен кем болмау қажет.
908. Қондырма дуалдарын шыныпластикадан жасалған корпуспен жалғау өлшемі негізделуі қажет шыныпластикадан жасалған екі жақты жалғаушы бұрыштар көмегі арқылы жүзеге асырылуы қажет. Сонымен бірге берік қондырма үшін бұрыштар сөресінің ені 90 мм, жеңіл қондырмалар және рубкалар үшін - 60 мм кем болмау қажет.
909. Пластмассадан жасалған қондырма дуалдарын палубалармен жалғау болттар, тойтармалар, желімдер және желім және тойтарманың қиыстырылуы көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен бірге бекіту металл комингстерде немесе палубаға тікелей фланцта жүргізілуі мүмкін. Соңғысы ұзындығы 15 м дейінгі кемелерге ғана рұқсат етіледі.
910. Борттан бортқа дейін жүруші берік қондырмалардың ұштарында кернеу концентрациясын төмендету бойынша конструктивті шаралар қарастырылу қажет.
911. Кемелердің негізгі байланыс корпустарында өлшемдері мынадай көрсетілген барлық тіліктер нығайтылу қажет:
ұзындығы 15 м жоғары кемелер үшін - 20 қалыңдықтан жоғары;
ұзындығы 15 м дейінгі кемелер үшін - 200 мм жоғары.
Қолданыстағы кернеу рұқсат етілгеннен 0,3 аспайтын, байланыстардағы тіліктер үшін шығару рұқсат етіледі.
Барлық тікбұрышты тіліктерде тілік енінен 0,2 кем емес радиуспен домалақтанған бұрыш болуы қажет.
912. Тіліктерді нығайтуды табақшалар қалыңдығын ұлғайтумен немесе тіліктер өлшемі бойынша жапсырмаларды орнатумен жүзеге асыру қажет. Кіші тіліктер үшін (ені 50 қалыңдыққа тең немесе кіші) жапсырмалар қалыңдығы (немесе табақшалардың ұлғайтылған қалыңдығы) табақша қалыңдығына тең деп қабылдануы мүмкін; үлкен тіліктерде олар есеппен анықталады.
913. Іргетастардың және қозғалтқыш, құрылғылар астында нығайтулардың беріктілігі және қаттылығы, сондай-ақ қозғалтқыштарды және құрылғыларды іргетасқа бекіту беріктілігі кемелердің жүзуі кезінде қозғалтқыштардың және құрлығылардың қалыпты пайдаланулуын қамтамасыз ету қажет.
914. Металл, ағаш және пластмасты іргетастарды корпусқа жалғау тәсілдері әрбір нақты жағдайда негізделу қажет.
34. Беріктілік және орнықтылық есебі
915. Қауіпті қалыпты σ0 және жанамаға кернеу мыналарға қабылданады, МПа:
0 = kRm; (509)
0 = kjв, (510)
мұндағы к - материал құрылғысының беріктілігін төмендету коэффициенті;
Rm - деформацияның тиісті түріндегі материалдың уақытша қарсыласуы (құрғақ үлгілерді зертханалық сынау бойынша) МПа;
τв - қарастырылып жатқан бағыт бойынша мұзды жаруға немесе сүйреуге материалдың уақытша қарсыласуы(құрғақ үлгілерді зертханалық сынау бойынша), МПа.
Материал құрылғысының беріктілігін төмендету коэффициенті негізделу қажет және мыналарды ескеру қажет:
1) зертханалық үлгілердің физика-механикалықтан, зауыттық жағдайда алынған материал құрылғысының физико-механикалық айрықшалануы;
2) ылғалдандыру нәтижесінде материал құрылғысының өзгеруі;
3) жүктемені қоспай уақыт ағымдылығымен материал құрылғысының өзгеруі;
4) қыздыру кезіндегі материал құрылғысының өзгеруі.
Қысқа мерзімді жүктеме кезіндегі гидрофобно-адгезионды құрамдармен өңделген шыны толықтырғышпен шыныпластикалар үшін немесе оларға ұқсас материалдар үшін, коэффициентті к - 0,5 тең деп қабылдауға рұқсат етіледі. Ыстықтай қатырылған пластмассалар үшін к - 0,8.
916. Тұрақты ұзақ жүктеме әрекетіне душар болған конструкциялар үшін, қауіпті кернеуді есептеу кезінде құрылғылар беріктілігін төмендету коэффициенті төмендетілу қажет және 0,2 тең деп қабылдану қажет.
917. Конструкцияның орнықтылығын жоғалтуға әкелуі мүмкін қалыпты және жанама кернеулер үшін, қауіпті үшін қаптама үшін және жиынтық үшін ығыстыру анизотропияны ескеріп эйлерлік қалыпты аэ және жанама тэ кернеулер қабылдану қажет.
Эйлерлік кернеулерді есептеу кезінде есепті модульдерді мынадай өрнекпен анықтау қажет:
қалыпты серпімділік модулдері
Ер = nЕ; (511)
мұндағы n — материал серпімділік модулінің төмендету коэффициенті;
Е - материал серпімділігінің қалыпты модулі (құрғақ үлгілерді зертханалық сынау бойынша);
ығыстыру модулі
Gр = nG. (512)
G — ығыстыру модулі (құрғақ үлгілерді зертханалық сынау бойынша).
Гидрофобты-адгезионды құраммен өңделген шыны толықтырғышпен шыныпластикалар үшін (немесе оларға ұқсас материалдар үшін) ұзындығы 15 м жоғары кемелер үшін коэффициентті n былай қабылдауға болады:
ашық палубалардың төсеніштері үшін - 0,50;
жабық палубалардың төсеніштері, платформалардың және аралықтардың қаптамасы үшін - 0,75;
түп және борттардың қаптамасы үшін — 0,60;
палубалар, платформалар, аралықтар жинағы үшін - 0,75;
түп және борттардың жиынтығы үшін - 0,65.
Ұзындығы 15 м дейінгі кемелер үшін n коэффициентті 0,60 тең деп қабылдауға болады. Ыстықтай қатырылған пластмасса үшін оны 0,80 тең деп қабылданады.
918. Екі жапсырмалы жапсарлық жалғау ауданындағы шыныпластикалар үшін қауіпті кернеу мәні 'о мынадай өрнекпен анықтау қажет:
'о = pRт, (513)
мұндағы р = k — деформация кезіндегі иілу және сығылу және р — 0,8 — керілу деформациясы кезінде.
Иілу және сығу деформациясы кезіндегі шыны мата негізіндегі шыны пластиктер (екі жапсырмлар кезінде) үшін RT мәні осы деформациядағы материалдың уақытша қарсыласу мәніне тең деп қабылданады, ал керілу деформациясы кезінде олар әртүрлі жалғанатын табақшалар және жапсырмалар ұзындығына сәйкес осы
Қағидаға 120-қосымша бойынша тағайындалған Rm мәннен кем болмайды.
919. Рұқсат етілетін кернеулер қауіптіден бөлшегінде тағайындалады.
Жалпы беріктілікті есептеу кезінде рұқсат етілетін қалыпты кернеу 0,60 тең деп, жанама — 0,60т тең деп қабылданады, мұнда σ0 және τ0 — осы Қағиданың 915-тармағында қарастырылған деректер.
Жалпы беріктілікті есептеу кезінде рұқсат етілетін қалыпты кернеу 0,7500 тең деп, жанама — 0,75т0.т тең деп қабылданады.
920. Осы Қағиданың 917-тармағының талаптарына сәйкес есептелген барлық сыныпты кемелер корпусының қатты байланыстарының эйлерлік қалыпты кернеуі сгэ мына шартты қанағаттандыру қажет.
σэ/σ0 ≥ 0,95, (514)
мұндағы σ0 — осы Қағиданың 915-тармағында қарастырылған деректер.
Ұзындығы 15 м жоғары кемлер үшін эйлерлік кернеудің жабулары ығыстыру және анизотропияны ескеріп анықталу қажет.
Ұзындығы 15 м дейінгі кемелер үшін ығыстыру және анизотропияны ескермеуге рұқсат етіледі.
921. Қаптама табақшаларының эйлерлік қалыпты кернеуі сгэ мына шартты қанағаттандыру қажет:
σэ/σ≥1,5, (515)
мұндағы σ — жалпы иілуден немесе қосындыдан есепті қалыпты кернеу.
922. Кернеу бойынша беріктілікті тексеруден басқа жекелеген байланыстарды және деформацияның жоғарылауы бойынша корпусты бүтіндей тексеруді жүргізу қажет, ұзындығы 15 м жоғары кемелер үшін иілуден майысу нарядында және жекелеген байланыстарда сығыстырудан майысу ескерілу қажет.
Майысулардың рұқсат етілген бағыттары мынадан аспау қажет, м:
1) корпустың жалпы иілуінен - L400;
2) корпустың негізгі байланыстары үшін жергілікті жүктемеден:
Белдем жиынтығы үшін - l/100;
қаптама пластині үшін - l/50.
Мұндағы L және l корпусқа тиісті және жекелеген байланыстардың ұзындығы, мм.
Майысу бағыты бақылау өлшеуде 0,5 сағаттан кем емес жүктемедегі конструкцияны қолдау қажет.
923. Жиынтықты қаптамамен, бортты палубамен және берік қондырманы корпуспен осы бөлімнің нұсқаулықтарына сәйкес орындалған шыныпластикадан желімдік бұрыштарды жалғау үшін, жанама кернеулер жалғау жерінде 6,86 МПа аспау қажет.
Жүктемелерді үзу әрекетінде кернеу мәні, МПа, үзу кезінде қалыңдықтар үшін аспау қажет:
6 мм және одан жоғары - 5,88 МПа;
3 мм — 2,94 МПа.
6 дан 3 мм дейінгі қалыңдықтардың аралық мәні үшін қауіпті қалыпты кернеу мәні сызықтық интерполяциямен анықталады.
Есептіге жалғаушы бұрыштардың қосынды қалыңдығы қабылданады.
Ұзындығы 15 м дейінгі кемелер үшін жиынтықты қаптамамен жалғау беріктілігін тексермеуге болады, егер жалғаушы бұрыштың қалыңдығы белдем дуалының қалыңдығының жартысынан кем болмаса, ал сөре ені - оның сегіз қалыңдығынан кем болмаса.
924. Есепті иілу сәттерін және кесіп өту күштерін жалпы иілуде және жергілікті беріктілікті есептеу кезіндегі жүктемеде анықтау болат кемелер үшін қазіргі тәсіл бойынша жүргізілу қажет.
Сонымен бірге ұзындығы 15 м жоғары кемелер үшін иілу сәттеріне кеменің майысуының әсері ескерілу қажет.
Корпустың майысуын осы Қағиданың 918 - 919-тармағы талабын ескеріп иілуден сияқты ығыстырудан да анықтау қажет.
925. Ұзындығы 15 м жоғары кемелердің эквивалентті брус элементтерін есептеу 2 бөлімде айтылған жүктеме жағдайының және корпустың көлденең қимасының есепті жағдайы үшін жүргізіледі.
Ұзындығы 15 м дейінгі кемелер үшін тек миделдік қима ғана қарастырылады.
926. Корпус байланыстарының эквивалентті брус элементтерін есептеу кезінде есепке мыналарды ескеретін коэффициенттермен енгізілу қажет:
1) материал құрылғысының өзгеруі (осы Қағиданың 915 және 917-тармағы);
2) байланыс серпімділігінің модулінің өзгешілігі, және де шыныпластиктің анизотропиясы.
927. Иілгіш байланыстар эквивалентті брусқа редукционды коэффициентпен қосылады.
Қысқартуға барлық жақындауларда эквивалентті брусті есептеу кезінде қатты контурға енімен жанасатын, тірек контурдың 1/6 тең қысқа жағына тең пластин бөлігі жатпайды.
928. Корпустың иілгіш байланысының редукциялық коэффициенттері жалпы қабылданған әдіс бойынша анықталу қажет. Сонымен бірге қатты корпус байланыстарындағы жалпы иілуден қолданыстағы сығылатын кернеулер осы Қағиданың 926-тармағы талаптарын ескеріп анықталады.
Анизотропты шыныпластикадан жасалған пластиндер үшін Эйлерлік қалыпты кернеу э материалдың серпімді құрылғысының анизотропиясын ескеріп анықталу қажет, стекломаттан жасалған пластиндер үшін - изотпропды материалдарға арналған әдеттегі формуламен анықтау қажет.
Сонымен бірге осы Қағиданың 917-тармағы талаптарын ескеру қажет.
929. Ұзындығы 15 м жоғары кемелердің белдем орнықтылығы және барлық кемелердің жабулары ығыстыруды ескеріп тексерілу қажет.
930. Мата немесе жөке негізіндегі қаптаманың жалғасқан белдігінің ені арматуралаудың параллелді конструкциясында белдем және жиынтық аралығының арақашықтығы мәнінің ең кішісіне тең немесе белдем аралығының ұзындығына тең деп қабылдану қажет. Тозаңдату әдісімен алынған қаптаманың жалғасқан белдігінің ені конструкциясында белдем және жиынтық аралығының арақашықтығы немесе белдем аралығының ұзындығы мәнінің ең кішісіне тең деп қабылдану қажет.
Сонымен бірге қаптаманың және жиынтықтың серпімділік модулінің өзгешелену мүмкіндігін ескеру қажет.
931. Шыныпластикадан жасалған белдемнің жергілікті беріктілігін тексеру кезінде осы Қағиданың 930-тармағы талабын ескеріп изотропты материалдардағы белдемдер есебі сияқты есепті схемаларды қолдану қажет. Қима элементтерінің көлемі осы Қағиданың 930-тармағы талабын ескеріп тағайындалу қажет; сонымен бірге белдем дуалының ауданы жалғаушы бұрыштарды ескермей қабылдану қажет.
932. Белдемдер иілудің жалпақ үлігісінің орнықтылығын қамтамасыз етуге тексеру қажет.
933. Белдемнің орнықтылық есебі осы Қағиданың 904 және 905-тармағы талаптарын ескеріп жүргізілу қажет.
934. Иілу кезінде аизотропты шыныпластикадан жасалған пластиндер есебі анизотпропияны ескеру арқылы жүргізілу қажет.
935. Пенопласт типті жеңіл толықтырғышпен үш қабатты пластиндер есебі ішкі қабаттар жұмысына толықтырғыш ығыстыру деформациясының әсерін ескеріп жүргізілу қажет.
936. Жиынтықты қаптамамен және басқа осындай жалғаулардың беріктілігі есебі кезіндегі статистикалық сәт және инерция сәті жалғаушы бұрыштардың адынан ескеріп есептелу қажет, ал дуал қалыңдығы бұрыш текшесінің екі еселенген қалыңдығына тең деп қабылданады.
9 бөлім. Конструктивті өртке қарсы қорғау
35. Жалпы талаптар
937. Осы бөлімнің 39-41-талаптары ішкі жүзу кемелерінің конструктивті өртке қарсы қорғауға қатысты жалпы талаптар болып табылады.
938. Кемелердің жекелеген типтеріне арналған қосымша талаптар, 42-46-бөлімінде айтылған.
939. Мұнай құю кемелерімен жұмыс істеуге арналған сүйрегіш және итергіштерге мұнай құю кемелеріне қатысты талаптар қамтылады.
940. Арнайы міндетті кемелер жолаушылар кемесінің конструктивті өртке қарсы қорғауға ұсынылатын талаптарға жауап беруі қажет.
36. Анықтамалар мен түсіндірулер
941. Қағиданың осы бөлімінде қолданылатын терминдердің мынандай анықтамалары бар:
1) кеме ұзындығы — кеменің габаритті ұзындығы.
2) тұтанатын сұйықтықтар - мұнай, мұнай өнімдері және (бұдан әрі мұнай өнімдері) булардың жарылыс және өрт қауіпті концентрациясын тудыруға қабілетті және тиісті стандарттармен анықталатын булардың тұтану температурасын сипаттайтын оларға теңесетін сұйықтықтар.
3) Мұнай өнімдерін тиеудің-түсірудің жабық тәсілдері - герметикалық құбырлар жүйесі арқылы жағалаулық, сондай-ақ кемелік құралдармен құю бөліктерінің байланыстары атмосферамен тек газ шығарушы жүйе арқылы жүзеге асырылатын жүк жұмыстарын жүргізу тәсілдері.
Жабық тәсілмен сондай-ақ эжекторлармен ауыстырылған мұнай өнімдерін тиеу-түсіруді санау керек; сонымен бірге герметизация мұнай өнімдерінің буын шығаруды жоятын, тығыздалған құрылғылар көмегімен қамтамасыз етіледі.
4) Конструктивті өртке қарсы қорғау - конструктивті қорғаудың Мыналарға бағытталған пассивті құралдар кешені: өрт тудырушы қауіптің алдын алу; кеме бойынша жалын мен түтіннің таралуын шектеу; кемелік бөлмеден және кемеден адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, сондай-ақ өртті сөндіру үшін жағдай жасау;
5) тік өртке қарсы зоналар - кеме корпустары бөлінген, көлденең өртке шыдамды немесе өртті ұстағыш конструкциясымен қондырмалар және рубкалар көлемдері;
6) Жүк зонасы - жүкті сақтауға және тасымалдауға байланысты, бөлмелер мен кеңістіктің жиынтығы.
Құйылатын тұтанғыш сұйықтықтарды және сығылған газдарды сақтауға және тасымалдуға арналған кемелердің жүк зонасына мынадай жайлар және кеңістіктер кіреді: тұтанғыш сұйықтықтарға және газдарға арналған бөліктер мен цистерналар, сондай-ақ олармен көршілес жайлар; тұтанғыш сұйықтықтарды және газдарды айдауға арналған сорғылар және компрессорлар бөлмесі; жүк жеңдерін (шлангілер) сақтауға арналған бөлмелер; жүк жүйесінің құбырлары өтетін бөлмелер; сорғылар бөлмесі үстіндегі, сондай-ақ тұтанғыш сұйықтықтар және газдарға арналған бөліктер мен цистерналарға көршілес тік коффердамалар үстіндегі бөлмелер; олардан вертикаль бойынша 2,4 м кем емес және көлденең бойынша 3 м кем емес қашықтықтағы жүк танкілері үстіндегі кеңістік; жабық цистерналардан, бактардан, мерниктерден және с.с. кез келген бағыттағы көлденеңі бойынша 3 м кем емес вертикаль бойынша 2,4 м кем емес қашықтықтағы кеңістік; желдеткіш құбырдан және ұқсас құрылғыдан газ шығару орнынан кез келген бағыттағы 3 м кем емес қашықтықтағы кеңістік; тұтанғыш сұйықтықтарды және газдарды айдауға арналған құбыр өтетін, осы құбырлардан 3 м шектегі кез келген бағыттағы кеңістік; жоғарыда айтылған тесігі бар және кеңістікке шығатын жайлар.
Басқа кемелердің жүк зоналарына мынадай жайлар және кеңістіктер кіреді:
жүктерді орналастыруға арналған трюмдар және кеңістіктер;
тұтанғыш және тез тұтанғыш материалдар мен заттарды, сондай-ақ тесігі бар және осы кеңістікке шығатын жайларды кез келген түрде орналастыруға арналған, жүк трюмдарының желдеткіш және газ шығарушы құбырларының газ шығару жерлеріндегі кез келген бағыттағы 3 м кем қашықтықтағы кеңістік.
7) А типті конструкция немесе отқа төзімді конструкциялар - аралықтармен немесе палубалармен құралған мынадай болуы қажет конструкциялар:
болаттан немесе басқа құны бірдей материалдан жасалған;
түтін немесе жалынның өтуін бір сағаттық стандартты сынақта отқа төзімді етіп жасалған;
Уақытқа байланысты t, оттың әсеріне қарама қарсы жағындағы үстінің температурасы кезінде алғашқыда 139 С жоғары емес асатын және кез келген нүктеде 180 С жоғары асатын конструкцияларға мынадай белгілер тағайындалады;
t — 60 мин кезінде - А-60
t — 30 мин кезінде - А-30
t — 15 мин кезінде - А-15
t — 0 мин кезінде - А-0
8) В типті конструкция немесе өртті ұстап тұратын конструкция - аралықтармен, палубалармен, талшықтармен немесе тігісптен құралған, жанбайтын материалдардан жасалған және отқа төзімділікке стандартты сынақ кезінде 30 минут бойына жалын үшін су өткізбеуді сақтайтын конструкция. Уақыттқа байланысты t, оттың әсеріне қарама қарсы жағындағы үстінің температурасы кезінде алғашқыда 225 С жоғары асатын конструкцияға мынадай белгілер тағайындалады:
t — 15 мин кезінде В-15;
t — 0 мин кезінде В-0.
9) болатпен тең материал - өзінің құрылғысына немесе оны жабатын қоршаулардың арқасында, отқа төзімділігіне стандартты сынау кезіндегі, құрылғылардың тиісті оттың әсері ұшына ұсқас болатқа тең конструктивті конструкциялар мен отқа төзімділігіне ие;
10) отқа төзімділікке стандартты сынау үшін үлгі - жобаланған конструкцияға барынша нақты тиісті және егер одар жобаланған конструкцияда болса, аз шамада бір қоршау жалғауын қосатын, 4,65м2 кем емес қыздыру ауданы және биіктігі (палубалар ұзындығы) 2,44 м болатын аралықтар үлгісі;
11) тұрғын бөлмелер - экипаждарға, жолаушылар және арнайы персоналдарға арналған каюталар, салондар, каюта-компаниялар, ресторандар, асханалар, кинозалдар, спорт залдары, кеңселер, шаштараздар, санитарлы-гигиеналық бөлмелер және т.б., сондай-ақ дәліздер, вестибюльдер және тамбурлар, осы бөлмелерге жанасатындар;
12) машиналық бөлме - басты механизмді, сым валы, котлы, ішкі жанудың қозғалтқышы, электрлі генератор және басқада негізгі электрлі механизмдер, қондырмалар, машиналық рөлдер және т.б.
13) сорғылық бөлме - құйма кемелердегі жүктік сорғылық бөлме;
14) көршілес бөлмелер - бір бірінен қалқалар, палубалар немесе басқа да осындай оларды үнемі конструкциясының тіліксіз немесе үнемі жабық тіліктермен бөліп тұратын бөлек жайлар.
Бір бірінен алмалы конструкциямен бөлініп тұрған, немесе оларды бөліп тұрған аралықтарда жабылмайтын тіліктері бар бөлмелерді жалпы бір бөлме ретінде көздеу керек;
15) шаруашылық бөлмесі - камбуздар, азық-түлік қоймалары, әртүрлі кемелік қорларды сақтауға арналған бөлмелер және оған ұқсас бөлмелер, сондай-ақ осы бөлмелрге жанасатын дәліздер;
16) өрт сөндіру орны (одан әрі - ӨСО) - өртке қарсы жүйелердің іске қосқыш құрылғылары, өртке қарсы жабдықтау құралдары немесе кеменің айқын бір бөлігіне (тесіктер, жекелеген бөлмелер) арналған өрттік сигнал берудің хабарлаушысы шоғырланған орын;
17) орталық өрт сөндіру орны (бұдан әрі - ОӨСО) - өртті байқаудың дабыл беруі станциясы және өртке қарсы жүйелердің (егер олар қарастырылған болса) іске қосқыш дистанционды құрылғылар шоғырланған бөлме, кішкене көпірде немесе кіші көпірмен байланысы бар немесе тәулік бойы кеме жүрісіне вахтасы бар басқа басқару орындарында орналасқан;
18) басқару орындары - басты навигациялық құралдар және кемені басқаруға арналған жабдықтар, кемелік радио қондырғылар және радиотрансляциялық бөліктер, орталық өрт сөндіру орындары, өрт сөндіру станциялары, радиостанция немесе апаттық жарықтандыруға арналған аккумуляторлық және агрегаттық, сондай-ақ энергияның апат көздеріне арналған бөлмелер;
19) стационарлық өрт сөндіру жүйелері - күзеттелетін бөлмелерге немесе тікелей оларға және кеме корпусымен конструктивті байланысты бөлмелерге өрт сөндіру заттарын беруге арналған жүйелер;
20) өртке сөндіру жабдықтары - ауыспалы активті өртпен күресуге (аппараттар, инвентарь және шығыс материалдары) арналған құралдар:
өрт сөндіруге арналған;
өртті сөндіру кезінде экипаж әрекетін қамтамасыз етуге арналған;
өрт сөндіру жүйелерін осы жүйенің өртті сөндіру кезінде жұмысына қажетті шығыс материалдарымен қамтамасыз етуге арналған;
21) отқа төзімділігіне стандартты сынау - үлгіні сынау пештерінде, пештің бастапқы температурасынан бастап мынадай температураға дейін есептелінетін қыздыру уақытына байланысты кез-келген жағынан қыздыруға қарсы тұру қасиетінің анықтамасы:
ұшына қарай 5 мин 556 С дейін қыздыру
10 мин » » 659оС;
15 мин » » 718оС;
30 мин » » 821оС;
60 мин » » 925оС;.
22) стационарлық палубалық жабулар - антикоррозиялық жабуларды және желімдерді қоса, бірақ декоротивті қаптамаларсыз(линолеум, кілеммен жабулар және с.с.) метал палубаға тікелей апарылатын, барлық палубалық жабулар;
23) мұнай құюға арналған кемелер - мұнай құюға және мұнай өнімдерін тасымаладуға және сақтауға арналған жүк кемесі.
Мұнай станциялары (мұнай айдайтын, бункерлік, тіркеу станциялары, мұнайы бар суларды жинау және өңдеу станциялары) бөлігіндегі Қағиданың осы бөлімін мұнай құю кемелері деп санау қажет;
24) жолаушылар кемесі - 12 жоғары жолаушыларды тасымалдауға арналған кеме. Онда 12 жоғары жолаушылар тұруға арналған тұрақтағы кемені Қағиданың осы бөлімін қолданғанда жолаушылар кемесіне тең деп санау керек;
25) тұтану температурасы - тұтанғыш сұйықтықтар үстінде құралған булардың ең төменгі температурасы, қоршаған ортадағы ауамен оған ашық жалынды апарғанда тұтануға қабілетті қоспаны құрайды.
Тұтанғыш температурсын конструкциясы Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған құралмен жабық тиглмен анықтау керек;
26) отын және майлаушыларды сақтау - негізгі қорлар цистерналары, шығыстар, ағындар, аударып құю тұрақтағы және басқа да цистерналар.
37. Жанатындық, тұтанғыш жалындардың таралуы бойынша материалдардың бөлімшелері
942. Кемелерде қолданылатын материалдар Қағиданың 2-бөлімінде (осы Қағиданың 121-125-қосымшасы) көрсетілген әдістемелер бойынша жанатындық, жалын таралуы, палубалық төсемдердің тұтануы, конструкцияның отқа төзімділік деңгейі және маталардың тұтану сипаттамасын анықтауға арналған сынауларға жатады.
Сынаулар нәтижелеріне байланысты материалдар осы Қағиданың 943- 946-тармағына сәйкес бөлінеді.
943. Осы Қағиданың 946-тармағында көрсетілгеннен басқа материалдар мынадай түрде бөлінеді:
1) жанбайтын материалдар - сынау процесінде 750оС қыздыру кезінде жанбайтын және олардың өздігінен тұтануы үшін жанатын газдарды бөлмейтін материалдар;
2) жанатын материалдар - сынау процесінде жанатын немесе олардың өздігінен тұтануына жеткілікті көлемде жанатын газдарды бөлетін материалдар.
944. Жанатын материалдар мен композицияларды жалын таралуына сынайды және мынадай түрде бағаланады:
1) жалынды баяу тарататын материалдар - сыртқы қабат бойынша жалын таралуына қатысты жақсы қарсыласатын және жалын таралу индексімен I < 20 сипатталатын материалдар мен композициялар;
2) жалыны тез тарайтын материалдар - жалын сыртқы қабаты бойынша тарайтын және жалын таралу индексімен /< 20 сипатталатын материалдар және композициялар.
945. Қалыңдығы 5 мм және одан аса стационарлы палубалық төсемдерді тұтануына сынайды және мынадай түрде бағаланады:
1) баяу тұтанатын палубалық төсемдер - сынаулар процесінде ұзақтығы 10 секунттан аса жалындап жануды сақтау үшін жеткілікті көлемде жанатын газдарды бөлмейтін стационарлы палубалық төсемдер;
2) тез жанатын палубалық төсемдер - сынаулар процесінде ұзақтығы 10 сек. аса жалындап жануды сақтайтын стационарлы палубалық төсемдер;
946. Шымылдырық, перде, және басқа сол сияқты ілінетін өнімдерді жасауға арналған маталар мен қабықтарды жалынның әрекетіне қарсыласына сыналады.
Шыдаған сынаулар көрсетілген мақсатта қолдану үшін жарамды деп танылады.
38. Сызбалар және схемалар
947. Ұзындығы 25 м және одан аса әрбір өздігінен жүретін кемеде ЦПП да, басқару рубкада немесе коридорлардағы көрнекті жерлерде мыналарды көрсететін жоспарлар ілініп тұруы қажет:
1) басқару орындарының орналасуы;
2) олардың жұмыстарын басқару үшін құралдар мен арматуралардың орналасуы көрсетілген стационарлы өртке қарсы жүйелермен қорғайтын бөлмелердің орналасуы;
3) отты ұстайтын және отқа тұрақты конструкцияның орналасуы;
4) өртке қарсы жабдықтардың орналасуы;
5) коридорлар мен есіктердің эвакуациялау жолдары көрсетілген түрлі бөліктерге, палубаларға және с.с. өтетін құралдар;
6) өрт крандарының орналасуы;
7) кемеде әрбір аймаққа қызмет ететін жапқыштар мен желдеткіштердің өздерінің орналасуы көрсетілген желдеткіштермен басқару орталығын қоса желдету жүйесінің сызбасы;
8) отынды цистерналардың құбырларының дистанциялық жабу орындарының орналасуы.
Осы тармақтың 5) тармақшасы талабы каюталармен жабдықталған кемелерге міндетті түрде, ал басқа кемелерге ұсынылады.
948. Жолаушылар кемелерінде басқару рубкасында осы Қағиданың 947-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген сызба болуы қажет.
39. Материалдарға қойылатын талаптар
949. Машиналық бөлімнің, палубалар мен шахталардың конструктивті аралықтары болаттан жасалуы қажет, болмаса олардың конструкциясы талды конструкцияны өртке қарсы қауіпсіздікке тең болуы болуы қажет.
950. Машиналық бөлімдерде конструкцияны бөліктерді жасау үшін жанатын материалдар жіберілмейді.
951. Кемелік бөлмелердің оқшаулауы мынадай болуы қажет:
1) борттар, палубалар, аралықтар, қоршаулар және басқа жабулар жанбайтын материалдардан жасалынды. Негізделген жағдайларда жалын баяу таралатын жанатын материалдар болуы мүмкін;
2) машиналық және қазанды бөлмелердің борттарының, аралықтарының, палубалардағы және шахталарының жылу және шуға қарсы оқшаулау жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Оқшаулаудың үсті отын, май және олардың түтіндері түсуден сақтануы қажет.
Машиналық бөлімдерді оларға ұқсас тұрғын және шаруашылық бөлмелерден бөлетін аралықтар мен палубаларға А-30 төмен емес типті конструкция қолданылады. Егер машиналық бөлімдерге ұқсас бөлімдерде жанатын материалдар толық болмаса, онда оларды бөлетін аралықтар А-0 типті болуы мүмкін.
952. Басқару орындарында тұрғын және шаруашылық үй-жайларға апаратын коридорларды қосқанда, осы Қағиданың 945-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тұрақты палубаның жабу қалыңдығы 5 мм және көбірек қиын еритін болуы тиіс және уыт немесе жарылуға қауіпті газды бөлуі қажет.
Тұрғын және шаруашылық бөлімдерінің басқару орындарынан жүргізілетін коридорлар мен қоршаулардың сыртқы қабаттары, сондай-ақ жасырын немесе қол тимейтін аймақтарының қабаттарында (панельдер, және с.с.) осы бөлімдерде жалынды баяу таралатын материалдардан жасалуы қажет.
Тұрғын және шаруашылық бөлмелердің сыртқы қабатының қаптамасы, егер көрсетілген бөлмелер машиналық бөлімге ұқсас болмаса, қалыңдығы 2 мм кем жанатын материалдардан жасалуына жол беріледі. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша жалын баяу таралатын материалдарды қолдану шартымен қаптама қалыңдығы 2 мм аса болуы мүмкін.
953. Егер Қағиданың осы бөлімінің осындай материалдарды қолдануға тыйым салынбаса, тұрғын және шаруашылық бөлмелердің (салқындататын бөлемелрден басқа) басқару орындарының ішкі аралықтар, торшықтар, оқшаулау, зашивкалар, жасанды бөліктер, жиһаздар және басқа жабдықтарды жасау үшін қолданылған жанатын материалдардың салмағы әрбір бөлімнің палуба 1 м2 ауданына 45 кг кем болуы қажет. Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі осындай материалдардың көрсетілген шекті нормасын қайта қарауы мүмкін.
Торшықты, ішкі палубаның төсемі мен оқшаулаудың платформалары, аралықтары, тігулері жасауға арналған ағаш отқа қарсы құраммен сіңуі немесе басқа күші тең тәсілмен өңделуі қажет.
Жинау мен қыздыру кезінде материалдар қауіпті топтастырылған улы немесе жанатын газдарды бөлмеуі;
материалдың барлық жағдайларында жалын баяу таралуы қажет.
954. Кеменің ішін қаптау үшін нитроцеллюлозды немесе басқа тез жанатын негізді бояулар, сырлар және басқа сол сияқты өңдеу төсемдері рұқсат етілмейді.
Жоғары температурада қаптауға арналған қаптаулар шамадан тыс түтін немесе улы заттарды бөлмеуі қажет.
Мұнай құятын кемелердегі өртке қауіпті булардың жиналуы мүмкін жүк құюға бөліктерде, коффедрамдарда, сорғы бөліктерде, жүк палубасының ауданында және басқа орындарда алюминий сырларын қолдауға рұқсат етілмейді. Бұл орындарда 109 Ом•м асатын меншікті көлемді электр кедергісі бар қаптаманы қолдануға рұқсат етілмейді.
955. Шымылдырықтарды, перделерді және с.с., сондай-ақ жиһаздар мен матрацтардың қаптардың материалдары жалын салмағы 0,8 кг/м2 жүн матадан тезірек таралмауы;
кілемдер мен басқа сол сияқты төсемдерде жалын осы мақсатты қолданылатын жүн өнімдерінен тезірек таралмауы қажет.
Матрастар мен жастықтарды қымтауға арналған мақта және сол сияқты жанатын материалдар рұқсат етілмейді.
956. Жанатын қалдықтарды жинауға арналған барлық сауыттар жанбайтын материалдардан жасалуы және қабырғалары мен түптерінде тесіктер болмауы қажет.
957. Палубалық жабулар жарылыс қауіпі бар үй-жайларда және кеңістіктерде ұшқын пайда болуын болдырмауы қажет.
40. Түтін және жалынның кіру тартымды шектейтін шаралар, шахталар, траптар
958. Бөлмелерден шығуы, траптар, есіктер және құтқару лаз-иллюминаторлар Қағиданың 10 және 11-бөлімінің талаптарына сәйкес орындалуы қажет.
959. Барлық ішкі және сыртқы траптар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
960. Лифттер және көтергіштер болаттан немесе бір палуба аралық бөлмеден басқасына түтін және жалынның кіруін алдын алатын шахтаға тең материалдан жасалған болу қажет. Созылуды шектейтін және түтіннің кіруін жабуға арналған құрал қарастырылу қажет.
961. Тік бағыттағы трап қоршауы қаптамасының, шахтаның және с.с артындағы әуе кеңістігі, сондай-ақ құбыр және кабельдің өтуіне арналған палубалардағы тесіктер әрбір палубада жанбайтын материалдармен тығыз бекітілу қажет.
41. Тез тұтанатын материалдар мен заттарды, жанатын материалдарды және пиротехникалық құралдарды сақтау
962. Тез тұтанатын материалдар мен заттарды, содай-ақ жанатын материалдарды сақтауға арналған қойма тұрғын, машинналық бөлімдермен, отын және жанармай сақтайтын қоймалар мен іргелес болмауы қажет. Аралықтар құрлымы және қоймалық палубалар болаттан және оған тең материалдан орындалуы қажет.
Корпусты, қондырғыны және рубкаларды басқа материалдардан дайындаған кезде аралықтар конструкциясы және қоймалық палубалар В-15 типті болу қажет.
963. Тез тұтанатын материалдар мен заттарды сақтауға арналған қойма мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:
1) қоймаларда ашық палубаларға бөлек шығулары болуы. Фонарьді және малярды көршілес бөлмелерде орналасқан, басқа бөлмелерден оқшауланған жалпы тамбур арқылы, осы тамбурға шығатын жеке жабылатын шығулар болған жағдайда ашық палубаға құрылғының біреуін шығаруға рұқсат етіледі қоймаларда;
2) олардың жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалуы;
3) олар табиғи қиыстырылатын - сорап желдеткішпен жабдықталуы.
Көрсетілген бөлмелерде желдеткіштің шығу тесіктерінде жалын үзетін арматуралар орнатылған;
4) қоймалар ішіндегі будың тұтану температурасы 43оС төмен тұтанатын сұйықтықтар жалын үзетін арматуралармен жабдықталған, сыртқа әуе құбырымен шығарылған арнайы металл цистерналарда сақталады;
5) қоймалар есігі ашық паулба жаққа қарау ашылуы; оларда «Тез тұтанғыш» деген жазу болуы қажет.
964. Тұтанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған жеке қоймалар құрылғысы мүмкін болмаса, оларды мынадай талаптарға сәйкес келетін, болат шкафтарда немесе жәшіктерде сақтауға рұқсат етіледі:
1) шкафтар немесе жәшіктердің тығыз жабылатын есіктері немесе құлыптарымен қақпақтары және жалын үзетін арматурамен жабдықталған желдеткіш патрубкалары болуы қажет.
Шкафтар және жәшіктер тұрғын үйлермен жанаспауы қажет.
Шкаф немесе жәшік корпусымен жанасатын жерде есіктер немесе қақпақтар ұшқын құрамайтын материалдармен қапталуы қажет.
Жанатын материалдардан палубада шкафтарды немесе жәшіктерді орнату кезінде қалыңдығы 5 мм абсеста қабаты бойынша шкаф немесе жәшіктің болатпен габариті бойынша оқшаулау қарастырылу қажет. Палубаны оқшаулау орнына биіктігі 50 мм кем емес аяқтағы шкафтар немесе жәшіктер рұқсат етіледі;
2) шкафтар немесе жәшіктердің ішіне тұтанатын сұйықтықтарды екеуден ем емес тығыз жабылатын канистрларды сақтауға рұқсат етіледі. Болат канистрлер ұшқынды мүлдем болдырмайтын, жанбайтын материалдармен қапталған ұялаға бекітілу қажет.
Тұтанатын сұйықтықтарға арналған канистр сыйымдылығы 20 л аспауы қажет.
Синтетикалық материалдардан жасалған канистрді қолдануға рұқсат етілмейді.
965. Шүберек қорларын (сүртетін) және қолданылған сүрткіштерді машинналық бөлмелерден тыс қоймаларда сақтайды.
Машиналық бөлмелерде шығымдалған қорларды ветоштарды (обтирка) бөлек болатан жасалған жабылатын жәшіктерді сақтауға рұқсат етіледі.
966. Құтқару қайықшалары мен құтқару салдары жабдықталатын пиротехникалық құралдардан басқа кемелік пиротехникалық құралдар мықты жабылатын металды шкафтарда сақталуы қажет.
967. Пиротехникалық құралдарды сақтауға арналған шкафтар рубкаларға салынған немесе жүрістегі көпіршіктің қанаттарында орналасқан және көпірдің палубасына ашылатын су өткізбейтін есіктермен жабдықталған болуы қажет.
42. Жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелер
968. Жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелердің корпустар мен қондырмалардың ішінде мынадай конструктивті элементтер отқа төзімді болуы қажет:
1) машиналық және қазандық бөлмелердің шахталары;
2) траптар қоршаулары;
3) басқару орындарын басқа тектес бөлмелерден бөлетін аралықтар мен палубалар;
4) тұрғын бөлмелерді шаруашылық, машиналық және қазандық бөлмелерден, сондай-ақ жүк трюмдары мен отынды сақтауға арналған бөлмелерден бөлетін аралықтар мен палубалар;
5) жеңіл тұтанатын және жанатын материалдарды сақтауға арналған қоймалардың, сондай-ақ отын сақталатын және қолданылатын камбуздар мен басқа сол сияқты бөлмелердің аралықтары мен палубалары;
6) жолаушылар мен экипажды эвакуациялауға қызмет ететін тораптардың аралықтары мен палубалары.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша атап айтылған конструктивті элементтер отқа тұрақты конструкция сияқты орындалуы мүмкін.
969. Ұзындығы 65 м және одан аса жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелер басты вертикалды өртке қарсы зоналар А-30 типті көлденең отқа төзімді аралықтармен бөлінуі қажет.
Кеменің конструктивті ерекшелігі, бөлмелердегі жанатын материалдар саны мен өртке қарсы күрестің жоғары белсенді қолданылатынына байланысты Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша басқа конструкциялар рұқсат етілуі мүмкін, бірақ В-15 типтен төмен емес.
Отқа төзімді немесе отты ұстап тұратын аралықтар арасындағы қашықтық 40 м кем болуы ұсынылады.
Отқа төзімді және отқа тұрақты аралық корпустың, қондырманың және рубканың барлық биіктігі бойынша борттан бортқа, ал биіктігі бойынша жолаушыларға арналған қондырманың (рубканың) түбінен жоғарғы палубасына дейін жайылуы қажет.
Отқа төзімді немесе отқа тұрақты аралық кертпешпен орындалуы мүмкін, сондай-ақ осы кертпеші жасайтын палуба бөлігі конструкциясының типі вертикальды өртке қарсы аралықтар конструкциясының типінен төмен болмауы қажет.
970. Осы Қағиданың 968-тармағында көрсетілген аралықтардағы есіктер мен тораптар аралық өзінің отқа төзімділігі бойынша тең және бір адамның үлесімен аралықтың екі жағынан да ашулы және жабылуы;
есіктер өздігінен жабылатын типті болуы;
басқару орындарында ескі күйінің көрсеткіші («Ашық» - «Жабық») болуы;
аралықтарда кесілетін басқа тесіктер жанбайтын материалмен аралықтың отқа төзімділігі бұзылмайтындай етіп жамалуы;
басқа от ұстайтын конструкциялардағы жабық тесіктер жалынға өткізбеушілігін сақтайтындай етіп нығыздалуы қажет.
971. Тек бір палубадан өтетін траптар екі палубаның бірінде отқа тұрақты конструкциямен және өздігінен жабылатын есіктермен қоршалуы;
бір және одан аса палубалардан өтетін траптар барлық палубаларда отқа тұрақты және өздігінен жабылатын есіктермен қоршалуы, траптар қоршауларынан ашық палубаға шығатын шығыстар немесе ашық палубаға шығатын коридорлары болуы қажет.
972. Сүйреткіштер, панельдер немесе зашивкалардың артындағы әуе аймағы тартылыстың алдын алатын және бірі басқасынан 14 м кем қашықтықта орналасқан жанбайтын материалдардан жасалған тесіктері жоқ жамаулары тығыз әкелініп бөлінген болуы қажет.
973. Жолаушылар паромдарының конструкцияны өртке қарсы қорғанысы жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелердегідей орындалуы қажет.
Бактарында жанармайы бар автомашиналар мен басқа техникасын тасымалдауға арналған кемелер мен паромдар мынадай талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1) оларда тұрғын, қызметтік және машиналық бөлмелер жүк палубасы мен А типті конструкцияны отқа төзімді трюмдардан бөлінуі;
2) жабық бөлмелер (трюмдер) жасанды желдеткішпен жабдықталуы.
43. Мұнай құюға арналған кемелер
Достарыңызбен бөлісу: |