§ 5. Көбікпен өшіру, көлемді өшіру және ауыз суды
дайындау («Озон» типті) станциясын, жүк сорғы үй-жайларын желдету
2539. Көбікпен өшіру және көлемді өшіру станциялары эффективті желдеткішпен жабдықталуы қажет.
Көмірқышқылды сөндіргіш станциясы тәуелсіз сору және келетін желдеткішпен жабдықталуы қажет. Сору каналдарының қабылдау саңылаулары станция бөлмесінің төменгі зонасында орналасуы тиіс.
Ауыз суды дайындау («Озон» типті) станциясы сағатына 10 есе ауа айырбастайтын кіру-сору желдеткішімен жабдықталуы қажет.
2540. Жүк сорғы бөлмелері сағатына кемінде 20 есе айырбастауды қамтамсыз ететін осы бөлмелердің әрқайсысы жеке жасанды сору желдеткішімен жабдықталуы қажет.
2541. Осы бөлмелердегі кіру желдеткіші табиғи болуы мүмкін.
Желдеткіштердің жетегі үшін бу қозғалтқыштары сорғы бөлмесінде орналаса алады.
Желдеткіштердің жетегі үшін электр қозғалтқыштар осы Қағиданың 1881-тармағына сәйкес орналасу қажет.
2542. Сору каналдарының қабылдау саңылаулары сұйық жүктердің көбірек жиналуы ықтимал жерлерде, бөлменің төменгі зоналарында орналасу қажет.
Сорғылық бөлмеден тыс бұл каналдар герметикалық болуы қажет және ереже сияқты, жүк цистерналарының және басқа бөлмелердің желдеткіш каналдарымен жалғанбауы қажет.
Сорғы бөлмесінің желдету жүйесі жүк құбырының желдеткіші үшін қолданылатын болса және ол арқылы - жүк цистерналары, онда желдеткіш каналын жүк құбырына жалғау жерінде екі еселенген жабық арматура орнатылу қажет.
2543. Барлық желдетікіш каналдарын жабу, жалын құралы мүмкіндігі болмайтындай етіліп орнатылу қажет.
Желдеткіштердің конструкциясы ең көп деңгейде жалынның құрылуын жою қажет.
2544. Каналдардың шығу саңылаулары, мұнай өнімдерінің буларының тұтану көздері сақталуы мүмкін жерлерде кеменің ішіне қарай жүруші кез келген саңылаудан 2 м кем емес қашықтықта болу қажет және желдеткшітің кіру каналдарының қабылдау саңылауларына қатынасы бойынша кіру ауасының ластануы жойылатындай етіп орналасу қажет.
Кіру желдеткішінің қабылдау саңылаулары бас палубадан 2,4 м кем емес қашқытықта және жүк цистерналарының және газ шығарушы құбырлардың ашық шығаруларынан - 5 м кем емес қашықтықта болу қажет (сондай-ақ осы Қағиданың 2490-тармақтары).
Сору каналдарының сыртқы саңылаулары жалын үзгіш арматуралармен жабдықталу қажет.
§ 6. Жүк трюмдарын және камбуздарды желдету
2545. Жүк трюмдарын желдету табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Жүк трюмдарының желдету еселігі тасымалданатын жүктің түріне байланысты анықталады.
2546. Жолаушылар кемесіндегі камбузалық плитаның әрбір сору каналы майды жинауға арналған тез шешілетін қорапшамен, сондай-ақ каналдың төменгі ұшында орналасқан өрт сөндіруші жапқышпен жабдықталу қажет.
§ 7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген трюмдарды желдету
2547. Әрбір трюм, бос трюм көлемі бойынша кіші шамада сағатына алты есе ауа айырбастауды қамтамасыз ететін, екі бір біріне тәуелсіз сору желдеткіштері көмегімен желдетілуі қажет.
Бұл трюмдардың бір нүктеден желдету табиғи болу қажет.
2548. Желдеткіштердің конструкциясы ең жоғары деңгейде жалынның құрылу мүмкіндігін жою қажет.
2549. Сору каналдарының қабылдау саңылаулары трюмда және тоқырау зоналары болмағанда біркелкі ауа айырбастауды қамтамасыз етіп, трюм биіктігі бойынша әртүрлі деңгейде орналасу қажет.
2550. Қабылдаушы және шығарушы желдеткіш саңылаулары жалын үзгіш араматуралармен жабдықталу қажет. Бұл арматураның өту қимасының ауданы желдеткіш құбырдың қима ауданынан кем болмау қажет.
2551. Желдеткіш жүйенің конструкциясы тұрғын үй-жайларға, рульдік рубкаға немесе машиналық бөлімшеге қауіпті газдың кіруін болдырмау қажет.
239. Отын жүйесі
§ 1. Сорғылар
2552. Запас цистерналардан сұйық отынды шығыс цистерналарына айдау үшін механикалық жетекті және резервті қолмен сорғысы бар оты айдағыш сорғымен жабдықталу қажет. Резервті ретінде отынның сеператоры болған жағдайда сеператор сорғысы болуы мүмкін.
Тәуліктік отын шығысы 1 т кем емес кемелерде бір қолдық сорғы орнатуға рұқсат етіледі.
2553. Отын айдағыш сорғылар, сондай-ақ сеператорлардың сорғылары, жергілікті басқарудан басқа, орнатылған бөлмеден тыс әрқашанда кіру мүмкін жерлерде оларды тоқтатуға арналған құралы болу қажет.
§ 2. Құбырлардың орнатылуы
2554. Отын құбырларды, ереже сияқты, басқа жүйелердің құбырларынан даралану қажет. Олар интенсивті жылу ағындарының әрекетіне душар болмау қажет және олардың барлық ұзындығында бақылау үшін мүмкін болу қажет.
2555. Қысымдағы қыздырылған сұйық отынды айдауға арналған құбырларды жақсы көрінетін және кіру мүмкін жерлерде орналастыру ұсынылады.
2556. Отын құбырлары ішкі жану қозғалтқыштарының, турбиналардың, қазандардың, ыстық бөліктерге жақын және қозғалтқыштардың ауа сору құрылғыларының, компрессорлар және электрожабдықтар, газ шығарушы құбырлар, бу өткізгіштер (отынды қыздыруға арналған бу өткізгішті қоспағанда) бу қазандары және олардың түтіндігі үстіне салынбау қажет.
Ерекше жағдайларда отын құбырларын осы аудандарда құбырлардың алмалы- салмалы жалғаулары болмайтын немесе көрсетілген жабдыққа отының түсуін болдырмайтын шаралар қабылданатын жағдайда жоғарыда көрсетілген жабдықтар үстіне салуға рұқсат етіледі.
2557. Сыйымдылығы 50 л жоғары цистернадан шығатын донаралық кеңістіктен тыс орналасқан сұйық отынның қабылдау құбырлары, сондай-ақ цистерналардағы сұйықтық деңгейін түзеуге арналған құбырлар, тікелей осы цистерналарда орнатылған жабық клапандармен жабдықталуы қажет. Бұл клапандар, цистерна табылатын бөлмеден тыс орналасқан, әрқашанда кіру мүмкін жерлерде қашықтықтан жабуы болуы қажет.
Шығыс цистерналарында тез жабылатын типті клапандар болу қажет.
Донаралық цистернадан шығатын сұйық отынның қабылдау құбырлары, цистернадан жоғары орналасқан жабық клапандармен жабдықталуы қажет (осы Қағиданың 2575-тармағы).
2558. Егер отын цистерналар өзара жалғасқан болса, онда жалғаушы құбырлардың (арматуралардың) көлденең қимасының ауданы, отын қабылдау үшін толытыру құбырларының көлденең қима ауданынан ең аз болғанда 1,25 рет көп болу қажет.
2559. Негізгі қордың отын цистерналарының толтыру құбырлары, палубаға шығарылу және жабық құрылғысы болу қажет.
§ 3. Цистерналардағы отынды қыздыруға арналған құрылғы
2560. Сұйық отынды қыздыру бу немесе сулы иректүтіктер арқылы жүзеге асырылу қажет. Бұл мақсат үшін электрлі қыздыру құрылғысын қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің қарауына жатады.
2561. Отынды қыздыру иректүтіктері цистернаның едәуір төмен жерлерінде орналасу қажет. Қыздырғыш иректүтік секциялары биіктігі бойынша бірнеше қатарда орналасқан терең цистерналарда, цистерналардағы отын деңгейін төмендету шарасы бойынша жекелеген иректүтіктер секциясын ажырату мүмкіндігін көздеу тиіс.
2562. Шығыс және тұрақтағы цистерналардан шығушы отын құбырының қабылдау ұштары қыздыру иректүтіктерінің үстінде, соңғысы жалаңаштанбайтындай етіліп орналасу қажет. Талаптар тазарту құбырларының ұштарын қамтымайды.
2563. Цистерналардағы қыздырлыған отынның ең жоғарғы температурасы отынның бу тұтану температурсынан 10 оС кем емес төмен болу қажет.
2564. Қажетті жерлердегі қыздырылатын отынның температураларын бақылау үшін термометрлер орнатылу қажет.
2565. Бу қыздыру конденсаты, олардың тазалығын бақылауға мүмкіндік беретін, қарау құрылғысы арқылы өту қажет.
2566. Отынды қыздыруға үшін қолданылатын бу қысымы 0,5 МПа аспау қажет.
§ 4. Отын цистерналарынан суды жоюға және отынның ағып кеткенін жинауға арналған құрылғылар
2567. Шығыс және тұрақтағы цистерналардан суды жою үшін өздігінен жабылатын типті клапандар және лас отынды жинау цистерналарына құбырлар қарастырылуы қажет.
Суды және шламдарды жою құбырларында қарау шынылары қарастырылуы қажет. Шыны орнына түп болған жағдайда ашық шұңқырларды қолдануға рұқсат етіледі.
2568. Ағып кетуі мүмкін және отын жерлеріндегі салымшы цистерналар, сорғылар, сүзгілер және басқа жабдықтар түптермен жабдықталу қажет.
2569. Түтптерден ағынды құбырлар жинау цистерналарына шығарылу қажет.
2570. Дренажды құбырлардың ішкі диаметрі 15 мм кем болмау қажет.
2571. Ағынды құбырлар минималды саңылаумен жинау цистернасының түбіне дейін жеткізілу қажет.
Жинау цистернасы донаралық кеңістікте орналасқан кезде сыртқы қаптама зақымданған жағдайда, ағынды құбырдың ұштары арқылы машинналық бөлімге судың түсуін болдырмайтын шаралар қабылдануы қажет. Жинау цистерналарында жоғарғы шекті деңгей бойынша алдын ала ескертетін дабыл беру қарастырылуы қажет.
2572. Егер әртүрлі өткізбейтін бөліктерде орнатылған жинау цистернасы түптердегі ағынды құбырлар үшін жалпы болып табылса, онда ағынды құбырлардың ашық ұштары арқылы судың бір су басқан бөліктен басқасына құйылуын болдырмайтын конструктивті шаралар қабылдануы қажет.
§ 5. Цистерналарды отын қорымен толтыру
2573. Сұйық отынды кемеге қабылдау, негізгі қордың барлық цистерналарына отын беруді қамтамасыз ететін қажетті арматурамен жабдықталған, осыған арнайы арналған құбырлар арқылы жүргізіледі.
Отынды толтыру құбыры минималды саңылаумен цистернаның түбіне дейін жеткізілу қажет.
2574. Сұйық отынды қабылдау үшін жолаушылар кемесінде, басқа бөлмелерден бөлінген және жинайтын отын цистернасына баратын дренажды құбырлармен жабдықталған арнайы қабылдау станциясы қарастырылуы қажет.
2575. Біреуі екі еседен жоғары орналасқан цистерналардың толықтыру құбырлары, сондай-ақ донаралық кеңістіктегі цистерналардың толықтыру құбырлары цистернаның жоғарғы бөлігіне жалғануы қажет, сонымен бірге толтыру құбырын цистернаның ішіндегі гидравликалық үзілумен максималды отын деңгейінен жоғары цистернаға енгізуді жүзеге асыруды ұсынылады. Егер мұны жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда толтыру құбырлары тікелей цистерналарда орнатылған кері (қайтпайтын) немесе қайтпайтын-жабық клапандары болу қажет.
Толықтыру құбыры қабылдағыш ретінде қабылданса, кері (қайтпайтын) қақпақтың орнына цистерна орналасқан бөлімшелерден тыс орналасқан қол жетімді жерге шығарылған қашықтан басқарылып жабылатын жабық қақпақ орнатылады.
§ 6. Отын цистерналары
2576. Салымшы отын цистерналарын конструкциялау кезінде осы Қағиданың 1-бөлігінің талаптары ескерілуі қажет.
2577. Машиналық бөлмелерде отын цистерналарын орналастыру осы Қағиданың 1880-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.
2576. Ашық палубаларда және қондырмаларда, сондай-ақ атмосфера әсеріне душар болған басқа жерлерде орналасқан отын цистерналары, күн сәулесінің әсерінен қорғалу қажет.
Сұйық отынның цистерналары, отын құбырлары және жолдық арматруа экипаждарға, жолаушыларға және арнайы персоналдарға, салондарға, кают-компанияларға, ресторандарға, асханаларға, кинозалдарға, спорт залдарға арналған каюталарға не отын, не будың түсіп кетуі болмайтындай етіліп орналасу және жайғасуы қажет.
2579. Үнемі вахтасыз машинналық бөлмедегі басты қозғалтқыштардың тікелей қоректенуіне арналған шығысты отын цистерналарында, цистерналардағы рұқсат етілген отын деңгейі бойынша рульдік рубкаға түсетін оптикалық және дыбысты дабыл құрылғысы болу немесе шығыс отын цистерналарын автоматты толтыру қажет.
2580. Таранды аралықтардың алдыңғы жағынан орналасқан бөліктер, отынды немесе басқа сұйық тұтанғыш заттарды тасымалдауға қолданбау қажет.
2581. Қарауға және ішкі қуыстарын тазартуға арналған сұйық отынның цистерналары герметикалық қақпақтармен қамдалған лазалар жабдықталуы қажет.
§ 7. Ішкі жану қозғалтқышына отынды жеткізу
2582. Отын жүйесінің жабдығы, тиісті түрде дайындалған және осы қозғалтқыш үшін талап етілген деңгейде тазартылған отынды жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
2583. Отын сүзгіштері қозғалтқышты тоқтатпай тазартуды рұқсат ету қажет.
2584. Құрамына ауыр отында жұмыс істейтін қозғалтқыштар кіретін энергетикалық қондырғылар екі отынды жүйемен жабдықталу қажет.
2585. Егер басты қозғалтқыштар екі отынды, ал қосымша - тек дизельді отынды қолдануға ғана арналған болса, қосымша қозғалтқыштардың отын жүйесіне ауыр отынның түсуіне қарсы шаралар қабылдану қажет.
2586. Ауыр отынды дайындау жүйелерінде автоматтандырылған тазарту жүйесімен сүзгілерді орнатуды көздеу ұсынылады.
2587. Арынды отын құбырларында расходомерді орнатқан жағдайда, реттеу немесе қатардан шығып кеткен кезінде қозғалтқышқа отынды беруді тоқтату ықтималдығын жоятын шаралар қабылдануы қажет.
2588. Апатты ретінде қолдануға арналған дизель-генераторға отынды жеткізу, апатты дизель-генератор бөлмесінде орналасқан автономды шығыс цистернасы арқылы жүргізіледі. Бұл цистернадан басқа мақсат үшін отынды жұмсауға рұқсат етілмейді. Шығыс цистернасындағы отын қоры осы Қағиданың 391-қосымшасында көрсетілген уақыт кезеңінде дизель-генератордың жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті болу қажет.
2589. Отынды дизель-генераторға жеткізу, оларда орнатылған сүзгілермен және жабық арматурамен жекелеген құбырлар көмегімен жүзеге асырылу қажет.
§ 8. Отынды қазандарға жеткізу
2590. Әрбір қазанның форсункаларына отынды беруші құбырларда, жергілікті басқарумен тез жабылатын клапан қарастырылу қажет. Автоматтандырылған қосымша қазанды орнатқан кезде тез жабылатын клапан қажет емес.
2591. Форсункаға берілетін ауыр отынның температурасын және қысымын бақылау үшін, тиісті құбырларда термометрлар және манометрлар орнатуды көздеу тиіс.
2592. Форсункаға отын беуші құбырда, гидростатистикалық қысымда қазандарға отынды беру кезінде сүзгілер көзделуі тиіс.
240. Майлау жүйесі
§ 1. Ішкі жану қозғалтқыштарының май сорғылары
2593. Қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары басты қозғалтқыштың біреуіне қызмет көрсету үшін, біреуі қозғалтқыштан жетегі бар екеуден кем емес циркуляциялық сорғысы болу қажет. Бір сорғы негізгі ретінде, ал басқасы - резервте болу қажет.
Резервті сорғыны беру негізгі сорғының берілісінен кем болмау қажет.
2594. Екі немесе одан да көп қозғалтқыштар болған кезде резервті май құбыры қажет емес.
2595. Әрбір қосымша қозғалтқышта тәуелсіз майлау жүйесі болу қажет.
Қосымша қозғалтқыштардың майлау жүйесін біріктіру әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қару нысаны болып табылады.
2596. Егер май құбыры сақтандырғыш немесе өткізгіш клапандармен жабдықталса, мұндай клапанды арынды құбырда орналастыру қарастырылуы қажет.
§ 2. Майлау майын ішкі жану қозғалтқышына жеткізу
2597. Қозғалтқыштың картерінен циркуляциялық - ағынды цистернаға құю құбырларының ұштары, оларда қозғалтқыштың жұмысы кезінде олар үнемі маймен батып тұратындай етіліп орналасу қажет.
Екі немесе одан да жоғары қозғалтқыштардан құю құбырлары өзара жалғаспау қажет.
2598. Май жүйесінің құбырлары отынның және майдың араласуын болдырмайтын берік құрылғы болған кездегі, отынды сеператорлау үшін қолданылуы мүмкін сеператорға жалғасуды қоспағанда, басқа міндеттегі құбырлармен жалғаспауы қажет.
Сеператорлау кезінде майдың өзіне тән сорты бойынша ажыратылатын араласуды жоятын шаралар қарастырылуы қажет, мысалы, басты және қосымша қозғалтқыштар егер олар араласпаған май сортын қолданатын болса.
2599. Майлы циркуляциялық жүйенің құбырларында мыналар орнатылуы қажет:
1) тісті беру сорғысының сору құбырында - магнитті сүзгі;
2) сорғының сору құбырында - тұрпайы тазартатын бір сүзгі (тор);
3) басты қозғалтқыштың қыздыру құбырында - екі параллелді сүзгі немесе екі еселенген ауыстырып қосатын бір сүзгі немесе бір өздігінен тазартатын сүзгі.
2600. Қозғалтқыштың және турбоайдамалағыштың жалпы май жүйесі кезінде турбоайдамалағыштардың біліктіректерінің алдында, конструкциясы майдың циркуляциясын тоқтатпай тазалауға рұқсат беретін жұқа тазарту сүзгісі орнатылу қажет. Сүзгіден кейін манометр орнату керек.
2601. Әрбір май сүзгісінің өткізу қабілеттілігі сорғының ең үлкен берілісінің 10 % асу қажет.
2602. Май құбырлары қажетті бақылау-өлшегіш құралдармен жабдықталу қажет.
Майды редукторға жеткізу құбырында майдың редукторға түсуін бақылайтын құрылғы орнатылу қажет, мысалы, қарау шынылары.
§ 3. Май цистерналары
2603. Май құбырларының тұрғын үйлермен жалпы аралықтары болмау тиіс.
2604. Екі еселенген түптен тыс орналасқан цистернадан шығатын қабылдау құбырлары, тікелей цистерналарда орналасқан жабық клапандармен жабдықталу қажет.
2605. Цистернадағы майды қыздыру қажет болған жағдайда осы Қағиданың 2560-2566-тармақтарының талаптары орындалуы қажет.
2606. Май құбырлары ішкі қуыстарды қарау және тазарту үшін, герметикалық қақапақтармен қамтылған, лазалармен жабдықталу қажет.
2607. Гидравликалық жетек және жағар май жүйелерінен жұмыс сұйықтығы немесе май ағуы мүмкін деген орындарда поддондар орнатылуы тиіс.
214. Сумен салқындату жүйесі
§ 1. Сорғылар
2608. Қозғалтқыштарды салқындату жүйесі екі контурлы болу қажет; сонымен бірге ішкі контур сорғысынан борт сыртындағы судың қозғалтқышын салқындату мүмкіндігін көздеу тиіс. Ұзындығы 25 м кіші кемелерде тұйық бір контурлы жүйе рұқсат етіледі.
Бір білікті қондырғысымен «Т» және «Ө» сыныпты кемелерде сыртқы және ішкі контурлардың сорғы жұмыстарын резервтеу үшін, тәуелсіз жетікілікті беріліс жетегімен қосымша сорғы қарастырылуы қажет, қуаттылығы 220 кВт кіші қондырғы кезінде резервті сорғыны орнатылмайды.
2609. басты және/немесе қосымша қозғалтқыштардың салқындату жүйесін бір автономды сорғымен біріккен ішкі контур суымен орындауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сорғыны беру, олардың максималды жүктемемен жұмыс істеу кезінде барлық қозғалтқыштардың бір мезгілде салқындату үшін жеткілікті болу қажет.
Су салқындататын құбырда мұндай жағдайда әрбір қозғалтқыш алдында су салқындату шығысын реттейтін клапан орналастыру қажет.
2610. Егер әрбір қосымша қоғалтқыштан су салқындататын жеке сорғысы болса, онда бұл құбырлар үшін резервті сорғылар қажет емес.
Егер қосымша қозғалтқыштар тобына жалпы салқындату жүйесі қарастырылса, онда ішкі және сыртқы контурлар үшін бір резервті сорғы жеткілікті.
Басты және қосымша қозғалтқыштарды салқындатудың біріктірілген жүйесінде қосымша қозғалтқыштарды салқындату үшін резервті сорғы қажет емес.
2611. Резервті салқындату сорғысы ретінде, балласты немесе таза су үшін қолданылатын жалпы кемелік міндеттегі басқа сорғылар қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |