§ 2. Құбырлардың орналасуы
2612. Суды салқындату жүйесінде өзара жалғасқан екеуден кем емес қабылдағыштар қарастырылуы қажет.
Қуаттылығы 220 кВт кіші бір қозғалтқышты кемелерде, машиналық бөлмеде орналасқан бір қабылдағыш рұқсат етіледі; сонымен бірге екі параллелді жалғасқан сүзгі қарастырылуы қажет.
2613. Мұздық күшейткішпен кемелердің кингстонды жәшіктерінің қыздыруы туралы осы Қағиданың 2359-тармағымен қарастырылған.
2614. Борт сыртындағы судың құйма құбыры едәуір жоғары орналасқан қозғалтқыштардың салқындату қуыстарын, үрлемелі ауаны салқындатқышты, майды және суды сумен толтыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ іркілген зоналардың құрылуын болдырмау қажет.
§ 3. Суды салқындатқыштың сүзгілері және салқындату жүйесінің басқа да құрылғылары
2615. Басты және қосымша іштен жану қозғалтқыштарының борт сыртындағы суларының қабылдау магистральдарында сүзгілер орнату қажет.
Салқындату сорғыларының жұмысын тоқтатпай сүзгілерді тазарту мүмкіндігі қарастырылуы қажет.
2616. Мұздық күшейтілген кемеледе қозғалтқышты іске қосудан бұрын қыздыру үшін құрылғы қарастырылуы қажет. Жылыту қыздырылған салқындату суымен жүзге асырылуы қажет, қозғалтқыштарды бумен жылытуға рұқсат етілмейді.
2617. Қозғалтқышты салқындату жүйесінің екі контурлы ішкі контурында, су деңгейі қозғалтқыштағы максималды су деңгейінен жоғары болатын кеңейту цистерналары қарастырылуы қажет. Кеңейту цистернасы сорғылардың қабылдау құбырларына жалғасуы қажет.
2618. Кеңейту цистерналары ішкі қуыстарды қарау және тазарту үшін, герметикалық қақпақтармен қамтылған, лазалармен жабдықталуы қажет.
242. Сығылған ауа жүйесі
§ 1. Ауа сақтағыштар саны және жіберілетін ауа қоры
2619. Басты қозғалтқыштардың сығылған ауа жүйесі бір мезетте іске қосуды және барлық басты қозғалтқыштардың реверстелуін қамтамасыз ету қажет.
2620. Басты қозғалтқыштарды іске қосу және басқару жүйесінің әрекеті үшін сығылған ауа қоры, екеуден кем емес ауа сақтығыштарда немесе ауа сақтағыштардың екі тобында сақтаулы қажет, сонымен бірге осы әрбір екі ауа сақтағышта немесе ауа сақтағыштардың әрбір тобында осы Қағиданың 2621 және 2622-тармақтарымен талап етілгеннің жартысынан кем емес іске қосу ауасының қоры сақталу қажет.
2621. Басты қозғалтқыштарды іске қосуға және реверстеуге арналған барлық ауа сақтағыштардағы сығылған ауа қоры, әрекетке дайындалған, басты қозғалтқыштың алдыңғы және артқы жүрісіне 12 кем емес кезектесіп іске қосуды қамтамасыз ету қажет.
2622. Басты реверстелмеген қозғалтқыштарды, сондай-ақ басты дизель-генераторларды іске қосуға арналған сығылған ауаның жалпы қоры, әрекетке дайындалған, орнатылған қозғалтқыштардан ең үлкен қуаттылығы бойынша алтаудан кем емес іске қосуды орындау үшін жеткілікті болу қажет, ал екеуден көп қозғалтқыш болған жағдайда - әрекетке дайындалған, әрбір қозғалтқышқа төртеуден кем емес іске қосуға жеткілікті болу қажет.
2623. Қосымша қозғалтқыштарды іске қосу үшін, кемінде әрекеттке дайындалған, әрбір қосымша қозғалтқышты алты рет, ал екеуден жоғары қосымша қозғалтқыш болғанда - әрекетке дайындалған, әрбір қозғалтқышты төрт реттен кем емес іске қосуға орындауға жеткілікті сыйымдылықта бір ауа сақтағыш болу қажет.
Мұндай бір ауа сақтығышты орнату кезінде, бір ауа сақтағыштан қосымша қозғалтқышты немесе басты қозғалтқыштардың бір тобынан іске қосу мүмкіндігі қарастырылу қажет.
2624. Осы Қағиданың 2620-тармағында көрсетілген басты қозғалтқыштардың ауасақтағыштарындағы ауаны жіберу қоры тифон жұмысы үшін және мынадай жағдайлардағы шаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуы мүмкін:
1) бір ауа сақтағыш (ауа сақтағыштар тобы) басқалардан кері (қайтпайтын) клапанмен бөлінген және тек басты қозғалтқыштарды іске қосуға арналған;
2) ауасақтағыштағы қысымның жұмыс қысымынан 0,5 МПа жоғары еместен төмен төмендеуі кезінде қосылатын, ауасақтағышта автоматты ауа қорын толтыру және дабыл беру қарастырылған.
2625. Осы Қағиданың 2623-тармақта көрсетілген қосымша қозғалтқыштардың ауа сақтағыштарын, осы Қағиданың 2624-тармағында көрсетілген басты қозғалтқыштардың ауа сақтағыштардың ауасымен толтыруға рұқсат етіледі, сонымен бірге кері бағытта ауаның өту мүмкіндігін жою қарастырылу қажет.
2626. Ауа сақтағыштар, пайдаланудың кез келген жағдайында олардан ылғалды толық жою мүмкін болатындай етіліп орнатылу қажет.
§ 2. Компрессорлар
2627. Негізгі компрессорлардың саны, ереже сияқты, біреуі аспалы болуы мүмкін, екеуден кем болмау қажет. Сонымен бірге едәуір берілістен компрессор қатардан шыққан жағдайда басқа компрессорлардың беруі, соңғы іске қосу және маневр мүмкін қысымнан бастап, осы Қағиданың 2621 және 2622-тармақтарында көрсетілген іске қосу және маневрлар санын орындауға қажетті қысымға дейінгі 1 сағат ішінде басты қозғалтқыштардың ауа сақтағыштарын толтыруға жеткілікті болу қажет.
Егер ауа сақтағыштарды жағалау құралдарымен толтыру қарастырылса, жүйрік кемелерде электростартерлі және қолмен іске қосу немесе бір аспалы компрессорды орнатуы бар қосымша дизельден жетекпен бір автономды комперссорды орнатуға рұқсат етіледі.
2628. Реверстелмеген басты қозғалтқыштармен кемелерде ауа сақтағыштарды толтыру автономды компрессормен жүргізілуі мүмкін. Екінші іске қосу құралы ретінде газ таңдау құрылғысынан сығылған газ, электрстартерлі іске қосу немесе басқа да іске қосу құралдары қолданылуы мүмкін.
Компрессордың немесе газтаңдау құрылғысының берілуі осы Қағиданың 2627-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.
§ 3. Құбырлардың орналасуы
2629. Ауа сақтағыштарды толтыруға арналған құбырлар, іске қосу құбырларынан толықтай бөлектенуі қажет.
2630. Осы Қағиданың 2620-2623-тармақтарда көрсетілген әрбір іске қосқыш ауа сақтағышта, 2627-2623-тармақтарда қарастырылған әрбір негізгі компрессордан толтыру мүмкіндігі болу қажет.
Ауаны қайта жіберу шарты туралы осы Қағиданың 2625-тармақты қараңыз.
2631. Әрбір компрессордан кейінгі құбырда қайтпайтын-жабық клапандар орнатылу қажет.
Әрбір қозғалтқышқа ауа беруші құбырда, оның іске қосқыш клапанының алдында кері (қайтпайтын ) клапан орнатылу қажет.
Егер қозғалтқыштың конструкциясында, жарылыстың таралуын болдырмайтын құрылғы қарастырылса, кері (қайтпайтын) клапанды орнату қажет емес (осы Қағиданың 1966-тармағы).
2632. Құбырлар мүмкіндігінше суды жіберу үшін тік (майысусыз) кішкене көлбеу салыну қажет.
Құбырларда қозғалтқыштың басты іске қосқыш клапанына қарай бағытында көлбеу болмау қажет.
2633. Ауа сақтағышқа түсетін ауаның немесе сығылған газдардың температурасы, 90оС аспау қажет. Қажет жағдайларда тиісті салқындатулар қарастырылу қажет.
Газ таңдаушы құрылғылардан сығылған газдың құбырлары машиналық бөлменің төсеніш астына салынбау қажет.
2634. Компрессор және ауа сақтағыш аралығындағы құбырларда, егер мұндай құрылғылар компрессорлардың өзінде болмаса суды және майды жою құрылғысы қарастырылуы қажет.
243. Қоректендіргіш су жүйесі
Сорғылар
2635. І-сыныпты немесе қазандар жұмысында біріктірілген топтың әрбір автономды қазанында екеуден кем емес автономды жетекпен қоректік сорғылары болу қажет.
II сыныпты автономды қазандарды қоректендіру үшін бір қоректендіргіш сорғы және инжектор орнату жеткілікті.
Конструкциясы шығарынды газдармен қыздыру кезінде оларға сусыз табылуына рұқсат ететін, өңделген қазандарды қоректендіру үшін, қазанға немесе осындай қазандар тобы үшін бір қоректік сорғы көздеу жеткілікті.
Әрбір сорғыға қоректі беру қолмен реттелетін қазандар үшін, қазандардың есепті бу өнімділігінен 1,5 кем болмау қажет, ал аутоматты реттелетін қазандар үшін - олардың есепті бу өнімділігінен 1,15 кем емес.
Қоректік сорғылардың екеуден жоғары саны кезінде олардың берілуі, кез келген сорғы қатардан шығып кеткен кезде қалған сорғылардың қосынды берілісі жоғарыда көрсетілген сорғының берілісіне кем болмайтындай жағдайдан туындап таңдалу қажет.
Тура нүктелі қазандардың әрбір қоректік сорғыларының берілуі оның есепті бу өнімділігінен кем болмау қажет.
2636. Бу жетекті қоректік сорғылар, олармен қызмет көрсетілетін барлық қазандардан бу жеткізілетін, жаңа буға арналған құбырлары болу қажет.
2637. Мәжбүрлі циркуляциясымен жауапты міндеттегі автономды қазандар, біреуі резервті болатын екеуден кем емес циркуляциялық сорғымен қызмет көрсету қажет.
Резервті сорғының автоматты қосылуын көздеу ұсынылады.
§ 2. Құбырлардың орналасуы
2638. Ашық жүйеде қоректік сорғыларды және инжекторларды қоректендіру жылы жәшіктен, борттан және қоректік судың запас цистернасынан жылы суды қабылдау мүмкіндігі болу қажет.
2639. Әрбір І сыныпты автономды қазанды қоректендіру жүйесі басты және қосымша - бір-бірінен тәуелсіз екі қоректік құбырлардың әрбір қоректік сорғысы арқылы қазанды және қазандар тобын қоректендіру мүмкінідігі қамтамасыз етілетіндей орнатылу қажет.
II сыныпты автономды қазандар үшін су қоректендірудің бір құбыры болу жеткілікті.
2640. Қоректендіру су жүйесіне майдың және мұнай өнімдерінің түсіп кетуін болдырмайтын конструктивті шаралар қарастырылуы қажет.
244. Бу құбырлары және тазарту құбырлары
2641. Өзара жалғасқан екі немесе одан да жоғары әрбір қазанның бу құбырларында жалпы магистральға жалғауға дейін кері (қайтпайтын) клапандар орнатылу қажет. Егер қазанда тоқтатқыш қайтпайтын-жабық типті клапандар орнатылса, бұл клапандар қажет емес.
2642. Екі немесе одан жоғары қазандардың тазартатын жоғарғы және төменгі клапандарында, тазарту құбырында әрбір қазанды жалпы құбырмен жалғауға дейін кері (қайтпайтын) клапан орнатқан жағдайда жалпы бұру құбыры болуы мүмкін.
Қазандарды тазарту жүйесінде, қазандарды тазарту кезінде циркуляцияның бұзылуын болдырмайтын құрылғы көзделуі тиіс.
2643. Бу құбырымен байланысты құрылғы және жабдықты, құбырдың арнайы иілуінің арқасында өздігінен өтелетін немесе қажетті жерлерде компенсаторды орнату жолымен, құбырдың жылулық кеңейтілуінен болатын кернеуден босату қажет.
2644. Қазан тігінен кіші қысымға есептелген, буды құрылғыға және жабдыққа жеткізуші бу құбырларында, редукциялық клапандар орнатылу және осы Қағиданың 2338-тармақтың талаптары орындалу қажет.
2645. Булауға және отын цистерналарын және сұйық жүктерінің цистерналарын көбікпенөшіруге арналған бу құбырларының тармақталуында, кері (қайтпайтын) клапандар орнатылу қажет, ал цистернадан тыс қол жетімді жерде орналасқан бұл тармақтанудың магистральдарында - жабық клапан орнатылу қажет.
2646. Машиналық және қазан үй-жайларындағы бу құбырлары, мүмкіндігінше осы бөлмелердің бақылау және қызмет ету үшін мүмкін болатын жоғарғы бөліктеріне салыну қажет.
Машиналық және қазан бөлмелерінің астына, қыздыру және қазандарды тазарту құбырын қоспағанда,бу құбырларын салуға рұқсат етілмейді.
Бу құбырлары отын цистерналарына жақын салынбау қажет.
2647. Жаңа будың бу құбырларында жабдықтарды гидравликалық соққылардан қорғау мақсатында кондесатты бұруға арналған құрылғы қарастырылу қажет.
2648. Бу құбырларын тазарту түтігінің ашық ұштары машиналық бөлменің төсенішінен төмен шығарылу қажет.
36-бөлім. Тұрмыстық қыздыру қондырғылары
245. Камбуздар және камбуздық плиталар
2649. Камбуз плиталары осы Қағиданың 2689-тармағында қарастырылған жағдайды қоспағанда, электрлік, газды, сондай-ақ сұйық және қатты отында жұмыс істейтін болуы мүмкін. Камбуздар үшін сұйық отынның тұтану буы 60оС төмен болмауы қажет.
Сұйық немесе қатты отында жұмыс істейтін камбузды плиталарда отқа төзімді кірпіштен футерленген металл бүркеніші және сажды жоюға арналған құрылғысы болу қажет.
2650. Сұйық отында жұмыс істеуші, плиталардың форсункаларының астында 100 мм кем емес форсункалардың габаритті өлшемдерінен шығатын, 75 мм кем емес кертпектерді қоршайтын биіктікте отының ағып кетуін жинауға арналған түптер орнатылу қажет.
2651. Шығысты отын цистерналарын камбуз бөлмесінде орнатуға болмайды. Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен шығысты отын цистерналарын плитадан және есіктен едәуір қашық жерде, бірақ оларға 1 м жақын емес жерде камбуз бөлмесінде орнатуға рұқсат етілуі мүмкін.
Цистернаны отынымен плитаның үстінде орантуға рұқсат етілмейді. Камбуз бөлмесінде орналасқан шығысты отын цистернасының сыйымдылығы, отынды тәуліктік тұтынуына есептелу қажет, бірақ 0,05 м3 жоғары емес.
Шығыс құбырында жабық клапанды басқару кмбуздан тыс әрқашан қол жетімді жерден қашықтықтан болуы тиіс.
Цистернаның және отын құбырының жабдықтары осы Қағиданың 35-бөліміне сәйкес орындалу қажет.
2652. Кеме бөлмесінің ішінен өтетінкамбуздық плиталардың түтін құбырлары, қоршаудың сыртқы температурасы 60 оС жоғары температуға дейін қызбайтындай қалыңдықтағы жанбайтын материалдан жасалған жылу қаптағыштары болу қажет.
2653. «Ө» және «Т» разрядты бассейіндерде пайдаланылатын кемелердегі камбызды плиталар дауылды қоршаумен жабдықталуы қажет. Плитаның жұмыс істейтін жағында 0,8-1,2 м биіктіктегі тұтқалар қарастырылу қажет.
246. Сұйылтылған газдың тұрмыстық қондырғылары
2654. Кемелерде стандарттардың талаптарына сай сұйытылған жану газдарын қолдануға рқсат етіледі.
2655. Сұйытылған газды тамақ дайындауға арналған, сондай-ақ сағатына 1,5 кг жоғары емес сұйытылған газды тұтынатын су қыздыруға арналған кемелік тұрмыстық қондырғыларда қолдануға рұқсат етіледі.
Сұйытылған газды басқа мақсаттар үшін қолдану Кеме қатынасы тіркелімімен арнайы келісілу қажет.
2656. Сұйытылған газдың тұрмыстық қондырғыларын, жолаушыларды тасымалдауға арналған бензинді қозғалтқышты кемелерді қоспағанда, барлық ішкі жүзу кемелерінде орнатуға рұқсат етіледі.
Мұнай құятын кемелерде сұйытылған газдың қондырғыларын қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
2657. Кемеде сұйытылған газдың бірнеше жекелеген қондырғылары орнатылуы мүмкін.
Жүк зоналарымен бөлінген бөлмелердегі газ құралдарын бір қондырғымен қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді.
2658. Есіктен немесе жабық бөлмелердің басқа типтерінен немесе сұйытылған газдың тұрмыстық қондырғыларының элементтері орнатылған кеңістіктен 3 м дейінгі қашықтықта орналасқан палубадағы саңылаулар, биіктігі 100 мм кем емес комингстері болуы тиіс.
§ 1. Сұйылтылған газдың сауыттары
2659. Кемеде орнатуға толтыру көлемі 35 кг дейінгі стандартты сауыттарды ғана орнатуға рұқсат етіледі.
Кеме қатынасы тіркелімінің ерекше келісімі бойынша толтыру көлемі жоғары сауытарды қолдануға рұқсат етіледі.
2660. Кемеде орнатылатын сауыттарда олардың техникалық жағдайы дұрыс екендігі туралы таңба және мынадай жазулар болуы тиіс:
1) соңғы гидравликалық сынақтың күні;
2) сыну қысымы;
3) ұйым-дайындаушы немесе иесінің аты;
4) толтырылатын газ түрі.
2661. Сауыттарды сұйытылған газбен кеменің бортында толтыруға рұқсат етілмейді.
§ 2. Таратқыш пост
2662. Таратқыш пост ашық палубадағы арнайы шкафта немесе металл икемдеудің немесе рубканың қоршауында орналасу қажет.
Оны палубада орнату кезінде кеме бойынша экипаж мүшелерінің еркін орналасуына кедергі болмау қажет.
2663. Таратқыш постың конструкциясы осы Қағиданың 962-тармақтың талаптарын және бұдан басқа мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) шкафтың немесе қоршаудың жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі саңылау немесе саңылау арқылы тиімді табиғи желдету қамтамасыз етілу қажет. Табиғи желдетуге қосымша жасанды желдетуде рұқсат етіледі, сонымен бірге желдеткіштер жарылыстан қорғап орындалатын және жалынның құралу мүмкіндігін жою қажет;
2) қажет жағдайларда бөлменің ішіндегі температура 50 оС аспау үшін конструктивті шаралар қарастырылуы қажет;
3) жасанды жарық түсіруді көздеуге рұқсат етілмейді; тек ерекше жағдайларда, жарық түсіру қажет болса, ол - орындалуы жарылыстан қорғалған мақұлданған типті шырағдан көмегі арқылы электрлі болу қажет сонымен бірге сөндіргішті постың ішкі жағынан орнату керек;
4) ағып кеткен жағдайда газ, оның кеменің ішкі бөлмесіне өту мүмкіндігінен қорықпай, пост шегінен жылдам жойылу қажет;
5) есіктерде жарылыстың қауіптілігі немесе ашық отынды қолдану сондай-ақ шылым шегуге тыйым салынатынын ескертетін жазу немесе шартты белгілер болу қажет.
2664. Бір таратқыш постында орнатуға рұқсат етіледі:
1) желіге қосылатын сауыт; сонымен бірге сауыттың басында табылатын редукциялық клапанды сұйытылған газдың құбырына жалғау үшін, ұзындығы 1 м жоғары емес герметикалық және берік нығайтуды қамтамасыз етуші, резина маталы металл бүркеніштерімен жеңді қолдану қажет. Жең оған жұмыс ортасының әрекетіне төзімді және 0,6 МПа кем емес жұмыс қысымына есептелу қажет;
2) біреуі желіге қосылатын, ал басқалары резервті болатын сауыттар тобын; сонымен бірге таратқыш желінің коллекторына екі сауытты қосуға рұқсат етіледі; әрбір сауыттың және коллектордың арасына жабық клапан немесе кран орату керек, бірақ поста екі сауытты пайдалануды бір мезгілде қолдануға тыйым салынатыны туралы жазу болу қажет.
Таратқыш поста бөтен заттарды және оған қатысы жоқ жабдықты орнатуға болмайды.
2665. Сұйытылған газдардың сауыттарын жалынның құралуын болдырмайтын материалдан жасалған және басқару дуалдарына тез алынуға икемділігімен берік нығайтатын арнайы ұяларда тік, клапанын жоғары орнату керек.
§ 3. Артық және толтырылмаған сауыттарды сақтау
2666. Таратқыш постында тек осы Қағиданың 2664-тармақта көрсетілген сауыытра ғана табылу қажет.
2667. Таратқыш постан тыс табылатын запас және бос сауыттарды тұрғын емес бөлмеде болат шкафта немесе осы Қағиданың 2662-2665-тармақтардың талаптарын қанағаттандыратын жабық қоршауларда сақтау керек.
2668. Желіге қосылмаған барлық сауыттар, егр олар сұйытылған газбен толтырылмаған деген жорамал болса да жабық болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |