306. Жүзбелі крандардың жоғарғы құрылысы.
Жүзбелі доктардағы крандар
3319. Крандарға талап етілетін, сондай-ақ төменде айтылған қосымша талаптар Қағиданың осы бөліміндегі барлық талаптар жүзбелі крандардың және жүзбелі доктардың жоғарғы құрылысын қамтиды.
3320. Рұқсат етілген жүзбелі крандардың пайдаланудағы еңкеюлері кезіндегі қарсы салмақтың габариттері және кранның бұралу бөлігі, жебелерді қоспағанда, борт сызығынан аспау қажет.
Тұрғын және қызметтік үй-жайлар жүкті ауыстыру зонасынан тыс табылу қажет, ал олардан шығулар - максималды айналмалы бұралу бөлігінің орындаушы бөлшектерінің жүкті ауыстыру зонасынан тыс 1000 мм кем емес қашықтықта, сонымен бірге шығулар мүмкіндігінше кранды айналдыру зонасына қарама қарсы бағытталу қажет.
3321. Жүзбелі крандардың жоғарғы құрылысы осы Қағиданың 3291 - 3294-тармақтардың талаптарына жауап беретін қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталу қажет.
3322. Жебелік құрылғы көлемінен өлшенетін жүктеме қарсы салмақ көмегімен теңдестірілу қажет.
3323. Металл конструкциялардың тасуша элементтерінің дуалдар қалыңдығы мыналардан кем болмау қажет, мм:
5,0 — қырладың екі жағынан боялған кезінде;
6,0 — жабық қорапты қималар үшін;
5,0 — герметикалы жабылатын кесілген ыстық жазылған немесе престелген құбырлар үшін.
3324. Пісірілген конструкциялардағы қырдың текшесінің ені 30 мм кем болмау қажет, ал тойтарылған немесе болтталғандарда - 50 мм кем емес.
3325. Барабан диаметрінің арқан диаметріне қатынасы крандық механизмдердің жұмыс режиміне байланысты орнатылу қажет (осы Қағиданың 355-қосымшасы).
Режимге байланыты осы қатынастың рұқсат етілген ең кіші мәні осы Қағиданың 355-қосымшасында келтірілген.
3326. Металл конструкциялардың ішкі қуыстарына оларды куәландыру үшін кіруді көздеу қажет. Металл конструкциялардың тұйықталған қуыстары, қуыс ішіне 0,03 МПа артық қысыммен ауаны беру және олардың сыртқы дуалдарына көбік құраушы ерітіндіні жағу жолымен тығыздық үшін әуелік сынаққа душар болуы қажет. Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша басқа сынақ түрі рұқсат етілуі мүмкін.
3327. Толқында жұмыс істеуге арналған басты жүзбелі кранның жоғарғы құрылысы, толқынның және желдік жүктеменің ең үлкен мәндері кезінде табиғи шартында сыналу қажет.
3328. Сериялық жүзбелі кранның жоғарғы құрылысы, толқында жұмыс істеуге арналған, кеменің үлесінде макисмальды арлықтағы жүк көтерміділігінің жүк салмағынан 1,4 тең байқау жүктемесімен сыналу қажет. Байқау жүктемесі статитикалық түрде қосымшаланады, жүктемеде ұстап тұру уақыты 5 мин кем емес.
307. Крандардың бөлшектері және арқандары
3329. Жылжымалы жалғаулардағы бөлшектердің өзара жанасуы радиальды және акиальды бағыттардағы саңылаулармен жұмыс шарты бойынша минималды рұқсат етілген тіреулік беттердің дұрыс іргелесуін қамтамасыз ету қажет.
3330. Алмалы бөлшектердің рұқсат етілген жұмыс жүктемесі, блоктарды қоспағанда, бөлшек есептелгенді көтеру үшін, жүктің максималды көлемінен өлшенетін жүктеме сияқты анықталады.
3331. Алынбайтын бөлшектерді металл конструкциялармен жалғау жалғаудың талап етілген беріктілігін және металл конструкция байланыстарындағы күштердің біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету қажет.
3332. Жүктік крюктар және тұтқалар қапталған болу қажет. Пластинчатты крюктарды және тұтқаларды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
Жүктердің шамадан артуында қолданылатын, крюктардың конструкциясы бастапқы конструкциялардың артынан көтеру кезінде ілініп кетуді және жүк асатын арқанның сырғанап кетуін болдырмау қажет. Жүктік крюктар, тұтқалар және бөлшектер оларды бекіту шығатын бөліктері және үшкір жиектері болмау қажет.
Жүк көтерімділігі 10 т және жоғары крандар үшін, қарапайым крюктарға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет, екі мүйізді крюктарды қолдануға рұқсат етіледі. Жүзбелі крандар және техникалық флоттың жүк көтеру құрылғысына арналған екі ұшты крюктар Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша арқандардың сырғанауынан және ілініп кетуден қорғау үшін арнайы құралдарсыз орындалуы мүмкін.
3333. Жүк крюктерінің және блоктардың вертлюгтері қапталған болу қажет. вертлюгтің гайкалары бұрандада бұралудан сенімді тоқтатылу қажет.
3334. Тұтқалар бұранда немесе гайкамен саңылауларда бекітілген тік қадалықпен қапталу қажет. Қадалықтар немесе гайкалар сенімді тоқтатылу қажет.
Майысқан (домалақ) тұтқалар жүк жүк тұтқасы ретінде және өсімдіктен немесе синтетикалық талшықтан жасалған арқандарға арналған тұтқа ретінде қолдануға болады.
Жүкті ілу жүйесіндегі бөлшектерді бекітуге арналған тұтқалар (крюутар, қарсы салмақтар, үшбұрышты планкалар және шынжырлар) жартылай жасырынды гайкасыз бастарымен қадалығы болу қажет.
Тұтқаны орнату қадалықтың дұрыс ісргелесуін қамтамасыз ету және тұтқалардың ауытқумен жұмыс істеуін болдырмау қажет.
3335. Блок арқандар шеке және жиек аралығында сыналануы болмайтындай етіп, орындалу қажет.
Блоктардың осьтері бұралудан немесе аксиальды ығысудан сенімді тоқтатылу қажет. Сырғанау мойынтірегіндегі блоктар фрикционға қарсы материалдардан (мыс, қола) төлкемен жабдықталуы қажет.
Блоктардың құлақтары немесе шанышқылары бүтіндей қапталған болу қажет, вертлюгтардың гайкалары сенімді тоқтатылу қажет. жүк көтеру құрылғысында ашық гайкалы блоктарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұрандада сенімді тоқтатулармен шанышқыларды бекіту әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
Жырашық түбі бойынша өлшенген, болат арқандарға арналған блоктардың диаметрі, жүктемеде жылжитын арқандар үшін, арқан диаметрінен 14 кем болмау және - жүктемеде жылжитын арқандар үшін 9 кем болмау қажет.
Өсімдіктен немесе синтетикалық талшықтан жасалған арқандар үшін блоктардың диаметрі арқанның 5 диаметрінен кем болмау қажет.
Блоктардың жырақшаларының қыры сыналусыз арқанның тығыз салынуын қамтамасыз ету қажет.
Блок диаметрі және жырақшаның қыры, сымдардың ең кіші беріктілік шегінен туындайтын, арқан диаметрінен таңдалу қажет.
Блоктардың жырашықтарының тереңдігі, ереже сияқты, блоктың міндеті және орнатылуына байланысты арқанның 1,4 диаметрінен асу қажет және кез келген жағдайда арқан диаметрінің кем дегенде бірін құрайды.
Жырашықтың түбі, бұрышы 120о кем емес сегмент құрап, щеңбер контуры болу қажет. Жырашықтың радиусы арқан радиусынан 10 % кем емес асу қажет.
3336. Арқандарды немесе шынжырларды жалғауға арналған үшбұрышты және көпбұрышты планкалардың, тұтқалардың еркін жылжуын қамтамасыз ететін минималды саңылаумен, оларға бекітілетін тұтқаның жұтқыншағына сәйкес қалыңдығы болу қажет, симметриялық пісірілерді қолдануға рұқсат етіледі.
3337. Талрептер бүтіндей қапталған құлақтармен немесе шанышқылармен қолданылу қажет; Талрептерді Крюктермен қолдануға рұқсат етілмейді.
Талрептардың конструкциясы созылған бұрандалардың сенімді тоқтатылуын көздеу қажет.
Бұрандада сенімді тоқтатумен шанышқыны бекіту әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
3338. Сынабекітпелер бос қақтаудан немесе болат таңбадан жасалу қажет. Құйылған сынабекітпелерді қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
3339. Қағиданың осы бөлімімен регламенттелмеген бөлігіндегі, жүк көтеру құрылғыларында қолданылатын шынжырлар осы Қағиданың 100-тарауы талаптарын қанағаттандыру қажет және ұсталық көрнекті пісіруден электрлі пісірлу (байланыс пісірумен) қажет.
Жүктік шынжыр ретінде бекті үшін ұштық бөлімімен қысқа тізбекті шынжырлар (калибрленген - жұлдызшаларда жұмыс істеген жағдайда) қолданылу қажет.
3340. Жүк көтеру құрамындағы арқандарды және шынжырларды металл конструкцияларға және бөлшектерге бекітуге арналған жалғастырушы тізбектерді (зәкірлі шынжырлардың тізбек типтері) қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
Жалғаушы тізбектер қапталған болу қажет. Ажыраудың конструкциясы тізбектің екі жартысында берік жалғауды және өздігінен ажыраудан оларды сенімді тоқтатуды қамтамасыз ету қажет.
Тізбектерді орнату олардың жалғаушы бөлшектердегі саңылауларда олардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және тізбектердің қиғаш жұмыс істеуін болдырмау қажет.
3341. Жүк көтеру құрылғыларында қолданылатын арқандар, Қағиданың 2-бөлімінің тиісті талаптарын қанағаттандыру қажет.
3342. Жылжымалы такелаждарүшін бір шектеулі өзекшемен және 114 кем емес сымдар санымен болат арқандар қолданылу қажет; көп өзекшелі арқандарды өолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады. 1275 - 1770 Мпа беріктіліктің есепті шегімен сыртқы қабаттың диаметрінен 0,6 кем емес сымдар диаметрімен арқандарды қолдану ұсынылады.
Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша болат өзекшелі арқандар қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге тегершіктер және барабандар диаметрінің арқан диаметріне қатынасы Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қабылдану керек.
Тұрып тұрған такелаж үшін бір немесе бірнеше органикалық өзекшемен сыртқы қабаттағы 1 мм кем емес сымдар диаметрімен және 42 кем емес сымдар санымен болат арқандар қолданылу қажет.
1275 -1670 Мпа (кем мәндерді қолдану ұсынылады) беріктіліктің есепті шегімен арқандарды қолдану ұсынылады
Жылжымалы және тұратын такелаждардың сымдары стандартпен танылғанға сәйкес мырыштық жабындары болу қажет.
3343. Өсіру тәсілімен қосылған арқандарды қолдануға рұқсат етіледі.
308. Кемелік лифтер
3344. Кемелік жүк лифтілерінің конструкциясы әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
3345. Кемелік жүк лифттерді жоспарлау кезінде уәкілетті органмен бекітілген Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасын басшылыққа алу қажет.
309. Кемелік жебелер
3346. Жүк жебелерінің конструкциясы әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
3347. Кемелік жүк жебелерін жобалау кезінде осы Қағиданың 295-307-тарау талаптарын басшылыққа алу керек.
310. Құжаттар және таңбалау
3348. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылауымен дайындалған жүк көтеру құрылғыларына РС-1.6. нысанды жүк көтеру құрылғысын куәландыру актісі беріледі.
3349. Талаптары Кеме қатынасы тіркелімімен танылған, оның Қағиданың талаптарына баламалы, шетел сыныптамалық органдарының күші бар құжаттары болғанда, жүк көтеру құрылғысының оның қауіпсіз пайдаланылуына жеткілікті негіз болып табылады. Бірақ жүк көтеру құрылғысының жағдайына немесе оның бар құжаттарына сәйкестілігіне күмән болса, бұл құрылғы, тиісті құжаттарының болуына қарамастан, Қағиданың осы бөліміне сәйкес куәландыруға және сынауға жатады.
3350. Жүк көтеру құрылғысының әрбір алмалы бөлшектері, лифтілерден басқа, байқау жүгімен сыналғаннан кейін, куәландыру кезінде оң нәтиже берген жағдайда таңбалану және мөрленуі қажет. Сонымен бірге мынадай мәліметтер енгізіледі:
«SWL» жазуы бар, рұқсат етілген жүктемеге сәйкес, жүк көлемі т;
сынау айы және жылы;
бөлшектің жеке тану символы;
Кеме қатынасы тіркелімінің немесе дайындаушының (оны құзырлы тұлғамен сынаған кезде) мөрі;
болат категориясының таңбасы - осы Қағиданың 361-қосымшасы.
Таңбалауды жазу бөлшектердің мынадай жерлерінде жүргізілу тиіс:
блоктар - шеңбердегі немесе шекедегі (құлақ және тегершік арасында - шеңбер болмаған жағдайда);
вертлюгтер - сырғаның құлақшаланған бөлігінде құлақша өзегі өтетін жерде;
блоктардың ұшқалақ аспалары - қадалыққа жақын жердегі бүйірлік бетінде;
крюки — саңылауға жақын қаптал;
Саңылауға жақын бүйірлік беттің бірінде, ал екі мүйізді крюктарда - мүйіз арасында құлақшаланған бөлігінде; арқанды патрондар - конусты бөлігінде; блоктардың айқастырма блоктарында - бүйірлік бетінің орталығында;
скобы — саңылауға жақын қаптал қабаттарының бірінде;
байланыстырғыш буындар — қаптал жақтың бір бетінде, ал ерекшеленетін нөмірі — құлыптың орташа салмасында;
талрептер — муфтта, ал ерекшеленетін нөмірі — құлақшасында немесе ашасында;
тізбектер — ұштасудың әрбір шетінің шеткі буыны. Таңбаларды салу қиын болған жағдайда аз өлшемді бөліктерінде сынау күнін салмауға да болады.
3351. Куәландырудың жағымды нәтижелерінде крандарға мынадай мәліметтерден тұратын марка салынады:
1) рұқсат етілетін жүк көтерімділік, т;
2) сынау айы және жылы;
3) кранның ерекшеленетін нөмірі;
4) Кеме қатынасының таңбасы (бас инженер қадағалауымен сынау кезінде) немесе кәсіпорын таңбасы (құзіретті тұлғамен сынау кезінде).
3352. Сынақ жүктемемен сыналған әрбір жүккөтергіш құрылғы куәландырудың жағымды нәтижелерінде сынаудан кейін келесі мәліметтерден тұратын марка қойылады:
1) рұқсат етілетін жүк көтерімділік, т; рұқсат етілетін едәуір кем және едәуір аса ұшулар; ұшуға байланысты ауыспалы жүк көтерімділік жебесі - әрбір белгіленген жүк көтерімділік үшін едәуір кем және едәуір аса ұшулар (осы Қағиданың 362-қосымшасы);
2) сынау айы және жылы;
3) кранның ерекшеленетін нөмірі;
4) Кеме қатынасы тіркелімінің таңбасы. Таңбалар тіреуге жақын жебенің төменгі жанында салынады. Барлық жағдайларда таңба жақсы көрінетін және қолжетімді жерде салынады.
3353. Таңбалар жеткілікті нақты және берік, оларды салу орындары ерекшеленетін бояумен белгіленуі тиіс.
Таңба кернеу топтауын болдырмау үшін домалақтанған контуры және пісірілген орындарда салынбауы тиіс.
3354. Егер таңбалау көлемі осы Қағиданың 3352-тармағы 1) тармақшасына сәйкес дәлелсіз арбиған болса, кран жүк көтерімділігінің аралық мәні туралы мәліметтер бас инженермен келісім бойынша қысқартылуы мүмкін.
Осы жағдайларда ұшуына байланысты ауыспалы жүк көтерімділікті крандар үшін краншы кабинасының көрінетін жерінде әрбір жүк көтерімділік үшін ұшуы көрсетілген тақта орнатылуы тиіс.
Мәндер биіктігі кемінде 80 мм нақты көрінетін араб цифрларымен жазылуы тиіс.
Крандар металл конструкцияларында жазулар қисайтылуы немесе пісірілуі тиіс.
311. Меңгерік рубканы көтеруге арналған құрылғы
3355. Меңгерік рубканы түсіру механикалық жетек көмегімен немесе өз салмағының әрекетінен жүзеге асырылады.
Механикалық жетек пайдалану кезінде меңгерік рубканың авариялық түсуі рубканың өз салмағының әрекетінде жүзеге асырылуы тиіс.
3356. Көтеру немесе түсіру рульдік рубкадан орындалатын операцияларға кедергі келтірмеу қажет.
3357. Көтеру және түсіру құрылғысы рульдік рубканың кез келген берілген жағдайда тоқтауын және ұстап қалуын қамтамасыз ету қажет.
3358. Ұштық жағдайларда көтеру механизмніңавтоматты ажыратылуы көзделу қажет.
3359. Көтеру механизмі ұштық жағдайға жеткен кезде рубканың қозғалысының біртіндеп бәсеңдеуін қамтамасыз ету қажет немесе буферлі құрылғылар көзделу қажет.
3360. Рульдік рубканы түсіру рубкадан, сондай-ақ одан тыс постан бір адаммен қамтамасыз етілуі қажет.
3361. Өздігінен тежелетін көтеру механизімін қолдануға рұқсат етілмейді.
45-бөлім. Құтқару құралдар
312. Жалпы талаптар
3362. Қағиданың осы бөлімі ішкі суларды құтқару құралдармен жабдықтау нормаларымен, сондай-ақ құтқару құралдарға және олардың кемеде орналастырылуына қойылатын талаптардан тұрады.
3363. Кемелерді құтқару құралдармен жабдықтау нормалары кемелер сыныбы тиісті разрядты бассейндерде пайдалануға арнау шартынан қойылады.
Егер кеме сыныбынан жоғары разрядты бассейндерде кемені пайдалану қарастырылса, онда бұл кеме жоғарғы разрядты бассейндерге арналған нормалар бойынша жабдықталуы тиіс.
Егер кеме сыныбы разряды төмен бассейндерде кеме тұрақты пайдаланылса, онда Инспекциямен келісу бойынша мұндай кемені құтқару құралдармен жабдықтау осы бассейндердің разрядтарын ескере отырып жүргізілуі мүмкін.
3364. 66о30' Кеңдіктің сол жағында және Байқал көлінде пайдаланылатын және осындай салдарда құтқару операцияларында бос емес экипаждың әрбір мүшесіне салдарға суға түспей отырғызуды қамтамасыз ететін Кеме қатынасының тіркелімімен рұқсаттамасы болмаған кезде лақтырылатын типті салдармен жабдықталған кемелерде гидротермокостюм қарастырылуы қажет.
3365. Барлық типті «Р» сыныпты, жолаушылардан тасымалдауға арналған кемелерден басқа құтқару шлюпкаларды егер олардың су асты бортының биіктігі осы Қағиданың 3400-тармақ талаптарын, ал жабдытаулар - 3405-тармақ талаптарын қанағаттандыратын сыйымдылығы бойынша сәйкес жұмыс шлюпкалармен ауыстырылуы мүмкін.
3366. Құтқару құралдардың тәжірибелі үлгілері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген тәсілдеме бойынша сыналуы қажет.
3367. Егер басқасы айтылмаса, осы бөлімде көрсетілген барлық құтқару құралдары мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) оларды 30 дан +50 дейін оС ауа температурасында сақтаудан кейін жарамдылықты сақтау;
2) судың 0оС дейін 30оС дейінгі температурасында еңбекке жарамды болуы тиіс;
3) іріп-шіру, коррозияға тұрақтылығын және су, мұнай, мұнай өнімдерін және саңылаулардың әрекетіне ұстамдылығы;
4) күн сәулесінің ұзақ әрекетіне тұрақты (өзінің сапасын жоғалтпау) болуы;
5) оларды тез табуға болатын түстерге боялуы;
6) осы бөлімнің талаптарын ескере отырып олар табылатын орындарда жарық қайтарғыш материалдармен жабдықталуы;
7) толқындатуда пайдалану кезінде қажетті қасиетті сақтау (егер олар осыған арналса);
3368. Уақыт өткен сайын өзінің қасиетін жоғалтатын құтқару құралдардың және олар жабдықталған заттардың қызмет ету мерзімі белгіленуі тиіс. Мұндай құтқару құралдар мен жабдықтау заттар қызмет ету мерзімі немесе оларды ауыстыру күні көрсетілген таңбасы болуы тиіс.
3369. Құтқару құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ пісіру конструкцияларды жасау кезінде пайдаланылған материалдар осы Қағиданың 2-бөлік талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
3370. Осы бөлімнің талаптары
Достарыңызбен бөлісу: |