317. Құтқару құралдары
3433. Құтқару құралының көтергіш күші, судағы және оны ұстап тұрған есепті адамдар санын қолдауға жеткілікті болу қажет.
3434. Құтқару құралымен қолданатын адамдар санын п, мынадай формула бойынша есептелген мәннің ең кішісіне тең деп қабылдау керек:
п = Рп/Р1 (653)
п = Q/q1, (654)
мұндағы Рп - құрал өлшемі, м;
P1— бір адамға өлшем бойынша рұқсат етілген ұзындық, P1 = 0,3 м;
Q —құралдың көтергіш күші, Н;
q1 — бір адамға келетін, құралдың көтергіш күші, q1 = 142 Н.
3435. Құтқару құралының беріктігі оны 10 м биіктіктен суға лақтырған кезде оның пайдалану құрылғысына әсер ететін зақымдар болмайтындай болу керек.
3436. Құтқару құралы қай жақтан жүзуіне қарамастан орнықты болу керек.
3437. Құралдың суға батпаушылығы әуе жәшіктерімен немесе басқа да осындай жүзу құралдары көмегімен қамтамасыз етілу қажет.
3438. Құтқару құралының өлшемі бойынша жүзбелі немесе салбыраған қалтқы леермен жабдықталған құралмен қолданатын адам санына тең бекітілген болу қажет.
3439. Құтқару құралы қызғылт сары болу керек. Құралдың көрінетін жерінде «Құтқару құралы» деген жазу және есепті адам саны жәнекеме атауы көрсетілуі қажет.
3440. Әрбір құтқар құралы диаметрі 8 мм кем емес ұзындығы 18 м кем емес фалинмен жабдықталу қажет. Фалинь құралға құралды сүйретуге келетіндей етіп бекітілу қажет.
Құтқару құралы басқа құтқару құралының фалинін жабуға қабілеті болу қажет.
318. Құтқару дөңгелектері, көкірекшелер және гидрокостюмдер
3441. Құтқару дөңгелектерінің және көкірекшелерінің конструкциясы стандарттарға және төменде айтылған талаптарға сай болуы керек.
3442. Құтқару дөңгелектерін және көкірекшелерін дайындауға арналған материалдар осы Қағиданың 3367-тармақ талаптарына сай болу керек.
Құтқарғыш көкірекшелер, шеңберлер, гидрокостюмдар және жылу сақтағыш құралдар 2с бойы жалынмен алынғаннан кейін жану және ерімеу қажет.
3443. Құтқару дөңгелектері:
1) ішкі диаметрі 400 мм кем болмау;
2) қалқымалы материалдан жасалуы; құтқару дөңгелегінің қалқымалығы қандай да бір материалдардан және үрлемелі әуе камераларынан қамтамасыз етілмеу қажет;
3) 24 сағат бойы салмағы 14,5 кг кем емес болат немесе шойын жүгін тығыздалған суда ұстап тұру;
4) 2,5 кг кеме емес меншікті салмағы болу;
Өлшеулер Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерлерінің қатысуымен тексерілген таразыда жүргізіледі.
5) 10 м биіктіктен суға лақтырғанда пайдалану құрылғыларын нашарлатпай және оған бекітлген жабдықты зақымдамайтындай конструкциясы болу керек;
6) бір бірінен тең тұрған төрт жерінен бекітілген диаметрі 9,5 мм кем емес және ұзындығы дөңгелектің төрт сыртқы диаметріне тең құтқару леері болу керек.
3444. Құтқару дөңгелегінде кеменің аты, иесі көрсетілген жазу және сынақ жүргізілгендігі туралы мөртабаны болу керек.
3445. Дөңгелекке бекітілген құтқару линьдері диаметрі 8 мм кем емес және ұзындығы 27,5 кем болмау қажет.
3446. Өздігінен жанатын қалқымаларды ұзындығы 1,5 м линмен құтқару дөңгелегіне бекітілуі қажет. Автоматты түрде жанатын жалынның жану ұзақтылығы жарықтың 2 кд күшінде 45 мин кем болмау қажет.
3447. Құққару көкірекшесінің конструкциясы мынандай болу қажет:
1) оның конструкциясын мүлдем білмейтін тұлғалар қандай да бір көмексіз, сыбырсыз және алдын ала көрсетімсіз олармен дұрыс қолдана білу;
2) оны алып жүруге ыңғайлы болу;
3) онымен суға 4,5 м биіктіктен денені жарақаттамай және ығыстырмай немесе сонымен бірге көкірекше зақымдалып суға секіруге болатындай;
4) онымен қысқа қашықтыққа жүзіп және құтқару қайығына немесе салға жетуге болатындай.
3448. Құтқару көкірекшесі толқын болмаған кезде, қалқымалылығы және тығыз суда орнықтылығы мыналар үшін жеткілікті болу керек:
1) әлсіреген немесе есінен танған адамның басын су бетінде ұстап тұру;
2) 5 минуттан жоғары емес уақытта суда кез келген күйде дене сәл артқа тігінен ауытқып қалқып тұрған кезде, ал аузы су үстінде тұрғанда есінен танған адамның денесінен бұру (үлкендерге арналған құтқару құралдарында 120 мм арақашықтықтан кем емес, балалар үшін - 90 мм кем емес).
3449. Құтқару құралының қалқымалылығы оны суға 24 сағатқа түсіру кезінде 5 % жоғары төмендетілу керек.
3450. Құтқару дөңгелектері және көкірекшелер сары қызғылт түсті және оларды орналастыруда көкірекшелерді және дөңгелектерді байқауға мүмкін болатын жерлерінде жарыққа шағылумен жабдықталуы қажет.
Құтқару көкірекшесінің сыртқы жағы болуы мүмкін әрбір жағы түсін қайтаратын материалдан өлшемі 50x100 мм болатын үш жолақпен жабдықталу қажет; ондағы екі жолақ сыртқы бөлігінде және біреуі жағасында орналасу қажет.
3451. Әрбір құтқарғыш көкірекше оған шнур көмегімен мықты бекітілген ысқырықпен жабдықталуы тиіс.
Сыртқы болуы мүмкін құтқарғыш көкірекшенің әрбір жағы көлемі 50x100 мм түсті қалыптастырғаш материалды кемінде үш жолақпен жабдықталуы тиіс.
Құтқарғыш көкірекшенің комплектісіне іздеуге арналған электр оты кіруі тиіс.
3452. Құтқару көкірекшесінде сынақ жүргізілгені туралы мөртабан болуы қажет.
3453. Балаларға арналған құтқарғыш көкірекше ересектерге арналған көкірекше сияқты конструкциясы және сипаттамасы болуы тиіс.
Сонымен бірге, ол мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс:
жасы кішкентай балалар кұтқарғыш көкірекшені кию кезінде көмек көрсету;
әлсіз немесе есін жоғалтқан баланың аузын су бетінде ұстау;
баланың судан ұжымдық құтқарғыш құралға көтерілу кезінде көмектесу.
Сонымен бірге, құтқарғыш көкірекше баланың қозғалуына аса кедергі болмауы тиіс.
3454. Баланың құтқарғыш көкірекшесінде өшірілмейтін бояумен салынған: «Балаларға» және бой шегі немесе баланың салмағынан тұратын таңбалары болуы тиіс.
3455. Гидрокостюм су өткізбейтін материалдардан мынадай шарттарды орындау арқылы жасалуы тиіс:
1) киім мен құтқарғыш көкірекшемен, егер гиброкостюммен құтқарғыш көкірекшені кию қажет болса, бірге 2 минуттан аспайтын уақытта оны ашып және басқа адамдардың көмегінсіз кию мүмкіндігі;
2) костюммен киген адамның бүкіл денесін, беттен, сондай-ақ қол жабудан басқа, егер гидрокостюмға үнемі бекітіліп тұратын қолжапқыш қарастырылмаса;
3) минимумға келтіретін немесе штаниндарда ауаның артығын шығаратын құралдардың болуы;
4) гидрокостюмдағы адам кемінде 4,5 м биіктіктен суға секіргеннен кейін гидрокостюмға түскен су көлемі 500 г. аспауы тиіс.
3456. Сондай-ақ 3334-3336 тармақтардың талаптарын қанағаттандыратын гидрокостюм құтқарғыш көкірекше деп саналуы мүмкін.
3457. Гидрокостюмның және құтқарғыш көкірекшенің конструкциясы, егер гидрокостюммен құтқарғыш көкірекше кию қажет болса, гидрокостюмдағы адамға:
1) ұзындығы кемінде 5 м тіке трап бойынша көтерілу және түсу;
2) кемені қалдыруға байланысты қарапайым әрекеттерді орындау;
3) сонымен бірге гидрокостюмның зақымдануы немесе ығысуынсыз және дене зақымынсыз кемінде 1,5 м биіктіктен суға секіру;
4) шамалыы қашықтықты жүзу және құтқару құралына міну мүмкіндіктер беруі тиіс.
3458. Жүзбелі қасиеті бар және құтқарғыш көкірекшесіз қолдануға арналған гидрокостюм ысқырықпен және іздеуге арналған электр тоғымен жабдықталуы тиіс.
3459. Егер гиброкостюм құтқарғыш көкірекшені киюді қажет етсе, онда құтқарғыш көкірекше гидрокостюм сыртына киілуі тиіс. Гидрокостюм мен көкірекше құрылғысы оны киген адамға басқа адамдардың көмегінсіз гидрокостюмның сыртына құтқарғыш көкірекшені кию мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
3460. Жылулықты оқшауламау қасиеті жоқ материалдан жасалған гидрокостюм:
1) ол жылы киімге киілуі тиіс екенін көрсететін таңбасы болу;
2) егер гидрокостюм құтқарғыш көкірекшені киюді талап ететін болса, жылы киім және құтқарғыш көкірекшемен бірге киген кезінде толқын болмай, су температурасы 5оС айналымында бір сағат бойы болғаннан кейін 4,5 м биіктіктен бір рет секірген кезінде адам температурасы 2оС түспейтін конструкциясы болуы тиіс.
3461. Егер гидрокостюм құтқару көкірекшені киюді талап ететін болса, құтқару көкірекшесі бар немесе жылу ұстайтын қасиеттері бар материалдан жасалған гидрокостюм, толқындар болмаған кезінде 0-ден 2оС дейінгі температурада айналып тұратын су ішінде 6 сағ бойы болғаннан кейін адам денесінің температурасы 2оС түспейтіндей етіп, оны киіп 4,5 м биіктіктен суға бір рет секіргеннен кейінгі жеткілікті жылу ұстауын қамтамасыз етуі тиіс.
3462. Гидрокостюм немесе гидрокостюм және құтқарғыш көкірекшенің конструкциясы гидрокостюм киген адамның тұщы суда бетімен төмен қараған күйінен бетімен жоғары қарай 5 с аспайтын уақытта айналуына мүмкіндік беруі тиіс.
3463. Жылу ұстағыш құрылғы су өткізбейтін материалдан жасалуы және адамға киілген кезде адам денесінің жылуын түсіретін конструкциясы болуы тиіс.
3464. Жылу ұстағыш құрылғы:
1) Беттен басқа құтқарғыш көкірекшедегі адам денесін толық жабу керек. Егер жылу ұстағыш құрылғыға үнемі бекітіліп тұратын қолғап болмаса, сондай-ақ қолдар да жабық болуы тиіс;
2) құтқарғыш қайықшада немесе салда өзге адамның көмегісіз ашылып және жеңіл киілетіндей болуы тиіс;
3) егер оған жүзуге кедергі болатын болса, жылу ұстағыш құрылғыдағы адам оны 2 мин аспайтын уақытта шешетін болуы тиіс.
3465. Жылу ұстағыш құрылғы өз қасиеттерін 30 дан +20оС дейінгі ауа температурасында орындауы тиіс.
319. Түсіруші құрылғылар
3466. Әрбір түсіруші құрылғы кеменің кез-келген бортқа 5о дейін статикалық диференті мен 15о қисаю кезінде жабдықтаулары толық және есептелінген адамдар саны бар құтқарғыш құрылғыларға қызмет көрсету кезінде қауіпсіз түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
3467. Әрбір түсіруші құрылғы құтқарғыш құралдың түсіруін тоқтатып және есепті адамдар санымен және жабдықтаулармен жүктелген кезінде оны мықты ұстап тұратын тежеуіштерімен жабдықталуы тиіс.
3468. Түсіруші құрылғы және оған жататын құрылғылар максималды жұмыс жүктемені кемінде 1,5 есе асатын жүктемеде статикалық сынауды өтуі тиіс.
3469. Барлық сыныптағы кемелерде құтқару қайықтары белдеу шлюптерінің астында орналасу керек. Егер бұл мүмкін болмаса Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша басқа ауыстыратын қайық белдеулі құрылғылар орнатуға болады.
3470. Қайықты белдеулердің ұшып кетуі мынадай болу керек, кеменің борт аралығында немесе бастаушы кұрылымдарда қисаю болмаған жағдайда және «М» және «О» сыныпты кемелерден қайықтарды түсіру кезінде қайықпен 0,3 ± 0,05 м саңылау қалу, «Р» сыныпты кемелерден қайықтарды түсіру кезінде - 0,15 кем емес.
3471. Қайықша құрылғысының қайықша арқалығы, лопар, блоктарының және басқа бөліктерінің беріктілігі қайықшаны қауіпсіз суға түсіруге және салмағы мынаған тең, кг, жүктерді көтеру үшін жеткілікті болу тиіс.
G = 1,25(Q + qn), (655)
мұнда Q — жабдықтауы бар қайықшаның салмғы, кг;
q — бір адам салмағы (75 кг);
n — қайықшада орналасқан мынаған тең болып саналатын адамдар саны:
төгу, түсіру және көтеру кезінде - қайықша есептелінген адамдар саны;
су басу кезінде - оған қызмет ету үшін қайықшада орналасқан адамдар саны.
«М» және «О» сыныпты кемелер үшін қайықша құрылғысы бөліктерінің беріктілігін есептеу кезінде кеменің кез-келген бортқа кемінде 15о қисаюы мен кемінде 5о дифференті есептелінуі тиіс.
Тальдер лопарьларының ұзындығы бос кемені кез-келген бортқа 15о қисаю және 5о дифферент кезінде қайықшаны түсіру үшін жеткілікті болуы тиіс. Сонымен бірге, қайықша ескіштің барабанында арқанның кемінде үш виткасы қалуы тиіс.
3472. Қайықшаның суға түсіру ұзақтығы түсіруге дайындалу мен борт сыртына төгу уақытын қоса 5 мин аспауы тиіс.
Уақыт нормасына адамдарды қайықшаға түсіруге кететін уақыт кірмейді.
3473. Электр берілісі бар қайықша құрылғысы сондай-ақ қол берілісі көмегімен жабдықтауы мен оларға қызмет ету үшін қайықшада орналасқан адамдар саны бар қайықшаны көтеруді қамтамасыз етуі тиіс.
3474. Кемелер үрлемелі плоттарды лақтыруға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Егер әрбір плот салмағы 80 кг аспайтын болса, онда бұл құрылғылар қарастырылмауы мүмкін.
3475. Ұзындығы 30 м кем кемелердегі оларға жол жоқ қиын жетілетін орындарда құтқару салдарын орналастыру кезінде дистанциялық басқарумен жабдықталған салдарды лақтыруға арналған тиімді әрекет ететін арнайы түсіру құрылғысы қарастырылуы тиіс.
3476. Болатты, өсімдік және синтетикалық арқандар осы Қағиданың 44-бөлім талаптарын, ал скобтар, вертлюгтар, бұрандалы тарлептер және басқа алмалы-салмалы бөліктер - Қағиданың осы бөлімінің 2-бөлімінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
3477. Отырғызатын траптарда ұзындығы кемінде 450 мм, беті сырғанамайтын және бір-бірінен 380 мм аспайтын арақашықтыққа тең горизантальды бекітілген, үшкір ұштары жоқ, қатты баспалдақтары (балясиндер) болуы тиіс.
320. Кемелерде құтқару құралдарын орналастыру
3478. Ұжымдық құтқару құралдарды су бетіне оларды толқынмен соғудан зақымдану қауіпсіз тәжірибе жүзінде мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
3479. Ұжымдық құтқару құралдар кеменің жарылыстар, өрт, навал және тағы басқа кезінде әсіресе қауіпсіз тұрғын және қызметтік бөлмелерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
3480. Ұжымдық құтқару құралдар түсіріліп жатқан, төгіліп және құтқару құралдарын түсіру кезінде бір уақытта адамдарды отырғызу орындарына адамдар жиналуына кедергі болмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
3481. Ұжымдық құтқару құралдар әдетте борттың тік қабырғалы бөлігі аумағында орналастырылуы тиіс. Көрсетілген құрылғыларды тік арасындағы және шпангоут жазықтығында жүргізілген бос немесе балласт ватерсызығы 45о аспайтын сыртқы қаптамаға қатысты бұрыш ауданында орналасуы мүмкін.
Борттан түсірілетін құтқару құралдарды орналастыру кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
1) қайықшаның алдыңғы жақ шеті форпикті аралықтың жазықтығына кірмеу тиіс;
2) қайықшаның кормдық шеті ашық бұрандалы кемелерге еспелі бұранда жазықтығынан тұмсығына оның ұзындығынан кем емес және бағыттауыш қондырғыларында бұрандалы кемелерге қайықша ұзындығының жартысынан кем емес ара қашықтықта орналасуы тиіс.
3482. Егер қайықшаны түсіру кезінде судан шығып тұрған еспелі бұрандамен және меңгерікпен немесе кеме кормының конструкциясымен зақымдау қауіпі болмаған кезде, құтқару қайықша кеме кормында диаметральды жазықтықта орнатылуы мүмкін.
3483. Қайықшаны формасы оның корпусының айналу формасына сәйкес болуы тиіс кильблоктарға қондырылуы тиіс.
Кильблоктардың құрылымы оны алдын-ала көтерусіз қайықшаны тез түсіруді қамтамасы етуі тиіс.
3484. Кильблоктарда орнатылатын жүзбелі қайықшаны бекіту үшін берікті, жеңіл және тез берілетін найтовтар қарастырылуы тиіс.
3485. Адамдарды қайықшалар отырғызу қайықшаны алдын-ала төгусіз және түсірусіз тікелей оларды орнату орындарында жүзеге асырылуы тиіс.
3486. Жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелер басты палубадан суға түсірілген қайықшалар мен салдарға отырғызу орындар траптармен жабдықталуы тиіс.
Үрлемелі траптарды қолдануға болады.
3487. Құтқару салдар мен құралдарды бекітілуі жеткілікті мықты және қарапайы, сонымен бірге құтқару құралдар кемені суға түсіру кезінде олар жеңіл босанып және бос жүзетіндей етіп орнатылуы тиіс.
3488. Құтқару құралдар мен салдарды бір борттан басқа бортқа ауыстыруға болатындай етіп орналастыру ұсынылады.
3489. Құтқару құралдарды бірін екіншісіне жинауға рұқсат етіледі, сонымен бірге құралдар арасында прокладкалар орнатылып және тербеліс кезінде құралдардың орын ауыстыруын болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс.
3490. Ұжымдық құтқару құралдардың орнату орындарының, құтқару құралдарына келтіретін жолдардың, сондай-ақ түсіру ауданындағы су бетінің жарықтары алдын-ала қарастырылуы тиіс.
3491. Құтқару құралдарды көрнекті және жеңіл алынатын жерлерде кеменің екі бортында да орнатылуы тиіс. Кеме батуы кезінде қалқып шығуына мүмкіндік бермейтін конструкциялы шеңберлерді терең бекітуге болмайды.
3492. Егер кеме жабдығына құтқару жолақтарымен немесе өздігінен жанатын буйкалары бар екі шеңбер болмаса, онда бұл шеңберлерд бір-біріне қарама-қарсы борттарда орналас тырылуы тиіс.
3493. Каюталық жолаушыларға арналған құтқару кеудешелерді каютаның жеңіл алынатын жерлерінде орналасуы тиіс.
3494. Каюталық емес жолаушыларға арналған құтқару кеудешелер жеңіл алынатын жерлерді жайылуы тиіс. Бір жерде 20 кем кеудешелер сақталуы тиіс. Кеудешелерді сақтау орындарының қасында «Құтқару кеудешелер» деген жазулар болуы тиіс.
Балаларға арналған құтқару кеудешелер бөлек орналасуы тиіс, оларды сақтау орындарының қасында «Балаларға арналған құтқару кеудешелер» деген жазулары болуы тиіс.
Құтқару кеудешелерді сақтау орындарының жарығы алдын-ала қарастырылуы тиіс.
46-бөлім. Өрт жабдығы
321. Жалпы ережелер
3495. Қағиданың осы бөлімінде ішкі суларда жүзетін кемелердің жинақтамасы бойынша, сондай-ақ жабдықтау мен оны кеме бойынша орналасуына қойылатын талаптардан тұрады.
3496. Бөлімнің талаптары қайта жобаланып және салынып жатқан кемелерге, сондай-ақ өрт сөндірушілердің жабдықтарының жинақтамасы мен өрт сөндіргішке қатысты пайдаланудағы жолаушаларды тасымалдауға арналған кемелерге қолданылады.
3497. Командасыз пайдаланылып жатқан өздігінен жүрмейтін кемелерде өрт жабдығы талап етілмейді.
3498. Өрт жабдығының конструкциялық орындалуы пайдаланудың барлық жағдайларында оның беріктілігі мен баяу пайдалануына дайындығы қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |