§1. Жіктік үлгілер
11. Әрбір жіктік сынама үлгілерге бөлшектенбес бұрын радиографикалық бақылауға жатады. Бақылау нәтижелері сырды бойлай дәнекерленген тігіс Қағиданың 8.3-бөлімінің талаптарына жауап беретіндігін дәлелдеу тиіс.
12. Әрбір жіктік сынаманың сырланған және сырланбаған бөлігінен сыналатын үлгілердің бір жинағын дайындайды. Әрбір жинаққа кіруі тиіс: созуға екі жалпақ үлгі; иілімге екі үлгі (біреуін созу аймағында тігістің шыңы қалатындай созса, екіншісін созу аймағында оның негізі қалатындай созады); соққы иіліміне тігістің ортасынан тілінген үш үлгі (қалыңдығы 10 мм артық сынамадан); соққы иіліміне дәнекерлеу сызығының бойымен тілінген үш үлгі (қалыңдығы 10 мм артық сынамадан); бір көлденең макротегістеу.
§2. Таңбалы сынамалар
13. Әрбір таңбалы сынаманың сырланған және сырланбаған бөлігінен сыналатын үлгілердің бір жинағын дайындайды. Әрбір жинаққа бірінші тігісті сындыруға үлгі, екінші тігісті сындыруға үлгі және макротегістеу кіруі тиіс.
4. Сыналатын үлгілер
14. Жазық жарылатын үлгілер осы Қағиданың 1768-тармағына сәйкес жасалады.
15. Иілімге арналған үлгілер осы Қағиданың 137-тарауына сәйкес жасалады және сыналады.
16. Соққы иіліміне (соққы тұтқырлығына) арналған үлгілер осы Қағиданың 1766-тармағына сәйкес жасалады. Тігістің ортасынан тілінген соққы иіліміне (соққы тұтқырлығына) арналған үлгілерді сынау температурасы осы Қағиданың 264-қосымшасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. Дәнекерлеу сызығының бойымен тілінген үлгілер 20оС температурада сыналады.
17. Көлденең макротегістеудің (тігістің бойымен өлшенеді) 20 мм жуық қалыңдығы және тігістің бір жағынан 5 мм кем болмайтын ені болуы тиіс. Макротегістеуді балқытып қалыптастыру және кеуектілікке тексереді.
18. Сынуға арналған таңбалы үлгі тігісті бойлай 35 мм және одан да ұзын өлшемде болуы тиіс. Таңбалы үлгіні сындыру үшін үлгідегі бір тігісті кесіп алады. Сынған тігісті сынықтағы кеуектілікке және сынық түріне тексереді.
5. Сынақ нәтижелерін бағалау
19. Жіктік сынаманың сырланған және сырланбаған бөлігінен алынған үлгілердің созуға, иілімге және соққы иіліміне (соққы тұтқырлдығына) сынау нәтижелері осы Қағиданың 264-қосымшасында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
20. Сынаманың сырланған және сырланбаған бөлігінен алынған дәнекерленген жалғаулардың макротегістеуі тігістің біркелкі жағдайын растауы тиіс. Осыларда сызаттар, рұқсат етлімейтін өлшемдегі поралар, шлак қосындылар, дәнекерленбеген, балқытылмаған орындар және басқа да ақаулар болмауы тиіс. Таңбалы тігістің негізінде толығымен балқытылуына ерекше көңіл бөлу керек.
21. Таңбалы тігістің беткі қабатына қарап сыр бойынша дәнекерлеген кезде бұрышты тігістің кеуектілікке бейімділігін бағалайды. Тігіс сынығында кеуектіліктің болуына және сынық түріне қарап бірінші және екінші тігіс үшін жекелей бағалайды. Тігістің негізінде толықтай кеуектіліктің болуы осы дәнекерлеу әдісінде таңбалы және бұрышты жалғаулар үшін сырдың жарамсыз болуының белгісі болып табылады. Жекелеген кішкентай поралар жарамсыздықтың белгісі болып табылмайды.
Ішкі суда жүзетін
кемелерді жасау
қағидасына 165-қосымшасына
1-қосымша
Сырды сынау үшін арналған сынама түрлері
Дәнекерлеу
|
Сынама өлшемі
|
Материал қалыңдығы, мм
|
Жиектерді өңдеу
|
Положение сварки
|
Количество проб
|
Дәнекерлеу шарттары
|
Қолмен орындайтын
|
Жіктік сынама
Сынаманың жарты
ұзындығындағы сыр
|
6-8
|
Өңдеусіз(9 қара)
|
Н
|
1
|
Дәнекерлеу үшін диаметрі 4 мм электрод қолданылуы тиіс. Кесіп қысқартудан кейін тігістің негізін артқы жағынан пісіріледі.
|
12-15
|
V
|
Н
|
1
|
В
|
1
|
Таңбалы сынама
Бір өтпелді тігіс
|
6-8
|
Өңдеусіз
|
Н
|
1
|
Дәнекерлеу үшін диаметрі 4 мм электрод қолданылуы тиіс.
|
В
|
1
|
Дәнекерлеу үшін диаметрі 4 мм электрод қолданылуы тиіс. Дәнекерлеудің бағыты - жоғарыдан төмен қарай
|
Автоматты немесе жартылай автоматты флюстің астында
|
Қолмен орындалатын дәнекерлеу кезіндегі сынамаға ұқсас жіктік сынама
|
14-15
|
Өңдеусіз(9 қара)
|
Н
|
1
|
-
|
18-20
|
V
|
Н
|
1
|
Сынама бір өткелде дәнекерленеді, әрбір жағынан бір өткелден
|
Қолмен орындалатын дәнекерлеу кезіндегі сынамаға ұқсас таңбалы сынама
|
18-20
|
Өңдеусіз
|
Н
|
1
|
Әрбір тігіс бір өткелде дәнекерленуі тиіс, катет 5-6 мм.
|
СО2 ортада дәнекерлеу (жартылай автоматты)
|
Қолмен орындалатын дәнекерлеу кезіндегі сынамаға ұқсас жіктік сынама
|
6-8
|
Өңдеусіз(9 қара)
|
Н
|
1
|
-
|
14-16
|
V
|
Н
|
1
|
Сынама бір өткелде дәнекерленеді, әрбір жағынан бір өткелден
|
В
|
1
|
Қолмен орындалатын дәнекерлеу кезіндегі сынамаға ұқсас таңбалы сынама
|
|
Өңдеусіз
|
Н
В
|
1
1
|
Әрбір тігіс бір өткелде дәнекерленуі тиіс, катет 5-6 мм.
|
Ескертпе. Н - пісірудің төменгі қалпы; В - пісірудің тік қалпы.
|
Ішкі суда жүзетін
кемелерді жасау
қағидасына 166-қосымша
Ерітіп дәнекерленген металдағы диффузиялы-жылжымалы
сутегінің мөлшерін анықтау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Сутегінің мөлшерін анықтау әдістемесі вакуумдағы ерітіп дәнекерленген металдағы еркін диффузиясына негізделген.
2. Осы құжатта мынадай анықтамалар қабылданды:
1) диффузиялы-жылжымалы сутегі - қатты металда ерітілген, пісірілген тігістің металынан бөлме температурасында еркін диффузияның көмегімен алынатын сутегінің бір бөлігі;
2) қалдық сутегі - қатты металда ерітілген, пісірілген тігістің металынан бөлме температурасын 600-650о көтеру немесе вакуумда тігістің металын еріту көмегімен алынатын сутегінің бір бөлігі;
3) жалпы сутегі - бұл диффузиялық және қалдық сутегінің сомасы.
3. Ерітіп дәнекерленген металдағы диффузиялы-жылжымалы сутегінің мөлшері мынадай мақсаттар үшін анықталады:
1) электродтың нақты маркасы үшін сутегі мөлшерінің нормасын белгілеу;
2) электродтың жекелеген партияларын жеткізу жағдайында және өндіріске енгізудің алдында бақылау;
3) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес электродтың сапасын қосымша бақылау.
4. Ерітіп дәнекерленген металдағы диффузиялы-жылжымалы сутегі мөлшерінің көрсеткіші ретінде 5 күн бойы сынаған және ерітіп дәнекерленген металдың 100 г келтірілген кездегі оның көлемі болып табылады.
5. Егер сутегінің жалпы мөлшерін анықтау қажет болса (VОбЩ = Vдиф + V0CT), онда бұған қоса осы құжатқа сәйкес дуффузиялы-жылжымалы сутегінің мөлшері анықталған осы бір үлгіні вакуумда қыздыру немесе еріту арқылы қалдық сутегі бөлінуі мүмкін (осы Қағиданың 9-тармағы).
6. Осы дуффизиялы сутегіні анықтау әдістемесін қолдану өнімді өндіру және тағайындалуы бойынша пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды орнататын өнімге қатысты стандарттар және техникалық шарттарда көрсетіледі.
2. Негізгі талаптар
7. Сынаққа электрод өзегінің салмағына қатысты 100 % жуық ерітіп дәнекерленген металл алынған кездегі өзегінің диаметрі 3-тен 5 мм дейінгі электродтар алынады. Жабында темір ұнтақ болған кезде және, тиісінше өзектің салмағына қатысты 100 % артық ерітіп дәнекерленген металл алынған кездегі ерітіп дәнекерленген металдың санын ескере отырып оның диаметрі басқадай болуы тиіс. Мысалы, 130 % ерітіп дәнекерленген металл беретін өзегінің диаметрі 3,5 мм жабынында ұнтағы бар электрод өзегінің диаметрі 4 мм электродқа шамалы балама болып келеді.
8. Сыналатын электродтар пісірудің алдында өндіруші-ұйымның техникалық талаптарына сәйкес кептірілуі тиіс. Егер кептіру режимі бойынша өндірушінің нұсқаулары болмаса, онда оның талаптары жабын типіне байланысты бақылайтын ұйыммен орнатылады.
9. Сынақ кезінде балқытып қаптастыру жүргізілетін тілімнің материалы ретінде құрамында 0,20 артық емес көміртегі, кремний - 0,30, күкірт - 0,05% бар аз көміртектес болат қолданылуы тиіс.
Егер сутегінің жалпы мөлшерін анықтау қажет болса, ыстық вакуум-экстракция талаптарына тең келетін жағдайларда пісірудің алдында тілімдер газсыздандырылуы тиіс.
10. Сутегінің мөлшерін анықтауға арналған үлгі балқытып қаптастырылған білікшесі бар тілім болып табылады. Электродтың 150 мм жуық ұзындығын қайта еріткен кезде білікше пайда болады. Балқытып қаптастыру жылдамдығы білікшенің 1 см ұзындығын балқытқан кездегі электродтың 1,2-ден 1,3 см дейін ұзындығын қайта балқыту шарттарына қатысты белгіленуі тиіс. Білікше шығарушы тақтайшамен бірге жиналған тегістелген болат тілімге балқытып қаптастырылады. Тілімнің өлшемдері осы Қағиданың 166-қосымшасына 1-қосымшада берілген.
11. Дәнекерленген үлгілерді дайындауға арналған құрылғы маркасы МО-МЗ мыстан жасалуы тиіс. Балқытып қаптастырудың алдында құрылғының температурасы 20±5С болуы тиіс. Құрылғының конструкциясы осы Қағиданың 166-қосымшасына 2-қосымшада көрсетілген.
12. Балқытып қаптастыру кезіндегі дәнекерлейтін тоқтың күші электродты өндіруші-ұйымның паспорттық деректеріне сәйкес келіп, өзектің диаметрі таңдалып алынған сыналатын электрод үшін тоқтың ұсынылатын өрісінің ішінде орташа болып қабылдануы тиіс. Дәнекерлейтін тоқ күшінің ауытқуы ± 5 А аспауы тиіс.
3. Балқытып қаптастыру алдында дайындаманы өңдеу
13. Балқытып қаптастырудың алдында тілімдер және шығарушы тақтайшалар бірге тегістеліп, маркалануы тиіс.
14. Өлшемі 100x25x8 мм тілім үшін тегістеу өрісі өткір жиектермен егеліп тасталынады.
15. Механикалық өңдеу және егеуден кейін тілімдер және шығарушы тақтайшаларды толуол немесе бензолде, содан кейін батпақ, май және ылғалды жою үшін ацетон және этил спиртінде жуу керек.
16. Білікшені балқытып қаптастыру алдында тілім 0,001 г дәлдікпен өлшенеді.
17. Тілімдер және шығарушы тақтайшалардан дәнекерленген үлгілерді дайындаудың алдында, олар силикогель бар эксикаторда сақталуы тиіс.
4. Үлгілерді өндіру
18. Бір маркалы (партиядағы) электродтарды сынау үшін төрт параллель тәжірибе жүргізілуі тиіс. Әрбір үлгі жаңа электродпен балқытып қаптастырылады.
19. Құрылғыға бекітілген әрбір дайындамаға (орталық тілім және оған бекітілген шығарушы тақтайшалардан тұратын) тілімнің бойлық осін бойлай бір жақты білікше балқытып қаптастырылады. Электродтың көлденең тербелісі, және де білікшені балқытып қаптастыру кезінде доғаның үзілуіне жол берілмейді. Балқытып қаптастырылған білікшеде сыртқы ақаулар болған кезде дайындамалар жарамсыз деп танылады. Балқытып қаптастыру режимі осы қосымшаның 11 және 12-тармақтарының нұсқауларына сәйкес келуі тиіс. Балқытып қаптастырылған білікшенің ұзындығы 125-130 мм болуы тиіс; балқытып қаптастыруды шығарушы тақтайшаларда бастап, аяқтау қажет.
20. Әрбір үлгіні балқытып қаптастыру кезінде сыртқы жағдайлар белгіленуі тиіс: ауа температурасы (оС) және оның абсолютті ылғалдылығы (г су/1 м3 ауа).
5. Балқытып қаптастырудан кейін үлгіні өңдеу
21. Балқытып қаптастыруды аяқтағаннан кейін үлгі балқытып қаптастыру жүргізілетін құрылғыдан алынып, мұздай су құйылған сауытқа салынуы тиіс (оның температурасы мұздың еру температурасына тең). Судың көлемі 8-10 л.
22. Шығарушы тақтайшалар қыспақта балғаның соққысымен балқытып қаптастырылған білікшесі бар салқындатылатын үлгіден сындырып алынады. Шығарушы тақтайшалар талдау кезінде қолданылмайды.
Дәнекерленген тігістің бетін тазалау және үлгіні барлық жағынан шлак және балқытып қаптастырылған металдың шашырандысынан тазалау үшін үлгі қыспақта ұсталынады. Үлгілер металл щетканы уақтылы мұздай суға салып тұрып тазартылады. Балқытып қаптастырылған металдың шашырандысы кескішпен жойылады.
23. Тазартудан кейін үлгіні қысқышпен алып, этил спирі, ацетон және этил эфирі құйылған ваннаға кезекпен 10 секундтан жуылады. Жуғаннан кейін үлгіні бөзбен ысқылайды.
24. Жуылған үлгіні қысқышпен қуаты 1 кВт жуық электр плитканың ашық шиыршықтарынан 15 мм қашықтықта ұстап тұрып ыстық ауа ағынында еріткіш қалдықтарынан кептіру қажет.
Дәнекерленген тігістің сынған жерлері үлгінің әрбір жағынан 10 с бойы, ал тігістің беткі қабаты және үлгінің артқы қабаты 5 с бойы кептіріледі.
25. Операцияны орындау реті және ұстау уақыты (в с):
Құрылғыдан дайындаманы алып тастау
|
10
|
Мұздай суда дайындаманы салқындату
|
10
|
Дайындаманы сындыру және үлгіні тазалау
|
60
|
Үлгіні жуу
|
30
|
Үлгіні кептіру
|
30
|
Колбаға үлгіні орнату
|
5
|
Үлгіні әзірлеуге кететін жалпы уақыт
|
145
|
Колбадан ауаны сорып алу мынаған дейін (вакуум 2,7 - 4,0 Па [(2-3) х10-2 мм рт. ст. ]
|
60-70
|
Дәнекерлеуді аяқтағаннан талдауды бастауға дейінгі барлық операциялар 6 мин алады.
6. Диффузиялық сутегінің мөлшерін анықтауға арналған құралдың құрылғысы
26. Өлшеуіш құралы молибден шыныдан жасалуы тиіс (осы Қағиданың 166-қосымшасына 3-қосымша). Құралдың қабырғасына ұсынылатын қалыңдық 2 мм жуық.
27. Өлшеуіш колбаның және 2-краннан манометрдің капиллярларына дейінгі түтіктің көлемі 0,10 см3 дейінгі дәлдікпен тазартылған сумен тараланады және 150—160 см3 болуы тиіс.
28. Құралда тек қана вакуумды кранды қолдануға рұқсат етіледі.
29. Вакуумдағы жалғауларды тек қана Рамзай атты майлайтын маймен нығыздау керек. Қажет болмаған жағдайда майлайтын майды бензолмен алып тастауға болады.
30. Вакуумның тереңдігін «Ионизациондық термобулық вакуумметр» құралының вакуумметрлік термобулық лампасымен өлшеу қажет.
31. Құралдың манометрін дибутилфталата атты вакуумдалған майдан 2-3 см3 толтыру қажет. Манометрдің 1 мм қажетті қысымы бар шкаласы болуы керек, шкаланың ұзындығы - 400-450 мм.
32. Форвакуумды сорғымен құралда 50 л/мин беру арқылы сұйылтуды жүргізу керек.
33. Құралдың жүйесінде сынаптың мүлдем болмауы қамтамасыз етілуі тиіс.
7. Құралды пайдалану және сақтау ережелері
34. Құрал мынадай жолмен жұмыс жағдайына келтіріледі:
1) құралдың ішкі бетін және манометрдің капеллярларын этил спиртімен тиянақты кептіреді;
2) манометр вакуумдалған дибутилфталатпен толтырылады;
3) барлық вакуумды-тығыз жалғаулар Рамзай атты жаңа майлайтын маймен майланады;
4) ашық крандарда 2, 3 және 4-ашық және 1-жабық крандарда 0,8-1,0 Па дейін вакуум [(6—8)х10-3 мм рт. ст.] түзіледі (осы Қағиданың 166-қосымшасына 3-қосымша);
5) 2 және 3-крандар кезекпен жабылады, және құралды вакуумда 5 күнге қалдырады.
35. 5 күн біткен соң құралды вакуумды тығыздыққа тексереді:
1) 0,8-1,0 Па вакуум орнатылады [(6-8)х10-3 мм рт. ст.] (2-кран ашық, 1 және 3-жабық, 4-ашық);
2) 2-кран жабылады және 3-ші ашылады (1-кран жабық, 4-ашық) және вакуумметрмен құралдағы қысым өлшенеді.
Егер құралды 5 күн бойы вакуумда ұстағаннан кейін қысымы 13 Па аспаса [lx10-1 мм рт. ст.], онда құрал вакуумды-тығыз және жұмысқа дайын деп саналады.
36. Жұмыс жағдайына келтірілген құрал вакуумда тұруға тиіс (1, 2, 3 крандар - жабық, 4 - ашық).
37. Әрбір талдаудың алдында құрал вакуумдау уақыты бойынша атмосфералық қысымнан 2,7 Па қысымға дейін тексеріліуі тиіс [2х10-2 мм рт. ст.].
Осы үшін құралға ауа кіргізеді (1, 3, 4 крандар ашық, 2 - жабық) және 2-кранды ашу сәтінен 2,7 вакуумды орнатуға дейінгі уақытын секундомермен өлшеу арқылы ағызу жүргізіледі.
Вакуумның 2,7 Па [2х10-2 мм рт. ст.] жету уақыты 60 с аспауы тиіс.
38. Құралды жұмыс жағдайына жеткізгеннен кейін бос түзету өлшенеді. Осыны Рамзай атты майлайтын майдан және де құралдың басқа қалыпты жұмыс жағдайынан шығудың алдын алу үшін жуған соң оны анықтауды жүргізу қажет (манометрдің бұзылуы, колб, кранмен кезексіз жұмыс істеу бағыты.
39. Бос түзетуді анықтау үшін құрал 5 күн бойы ішіне үлгіні келтіретін көлемі 20 - 25 см3 шыныдан жасалған балласт салынған вакуумда тұрады.
Өндірілгеннен кейін 34-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес өңдеу және 0,8-1,0 Па сұйылтумен 54 сағат бойы құралда мынадай реттілікпен балластты вакуумдау қажет [(6-8)х10-3 мм рт. ст.]:
1) 0,8-1,0 Па вакуумды орнату[(6-8)х10-3 мм рт. ст.] (2 және 4-крандар ашық, 1 және 3-жабық);
2) 3-кранды ашу (2, 4-крандар ашық, 1 - жабық, форвакуумды сорғы үздіксіз жұмыс істейді);
3) құралдағы бос түзетуді өлшеу;
4) сорғы 5 сағат жұмыс істеген соң бір мезетте 3 және 4 крандарды жабу, сорғыны өшіру және құралды вакуумда 5 күн бойы ұстау (1, 2, 3 және 4-крандар жабық);
5) құралды вакуумда 5 күн бойы ұстағаннан кейін манометр деңгейлерінің айырмасы өлшенеді және бос түзетудің мәндері жазылады (hх.п.,см).
40. Құралдың ішіне үлгіні орын ауыстырған кезде мынадай әрекеттерді орындау қажет:
1) 1, 3, 4-крандар ашық және 2-кран жабық болғанда құралға ауаны жіберу;
2) колбаның төменгі бөлігін бөліп алу және көлденең қисайту, ішіне үлгіні кіргізу, осыдан кейін оны жақсылап сүртіп орнына қою;
3) 4, 2, және 3-крандар ашық және 1-кран жабық болғанда үлгімен бірге құралды вакуумдау.
41.Үлгіні құралдың ішіне орын ауыстырғаннан кейін 2,7 Па қысымға дейін [2х10-2 мм рт. ст.] 60 с көп емес уақыт бұрын вакуумдау.
42. 2,7 Па сұйылтуға жеткеннен кейін [2х10-2 мм рт. ст.] бір мезетте 3 және 4-крандарды, содан кейін 2-кранды жабу және вакуумды сорғыны өшіру. Крандардың осындай қалпын үлгіні талдау уақытында сақтау керек.
43. 5 күннен соң үлгі құралдан мынадай тәсілмен алынады: 4-кран, содан кейін 3 және 1-кран ашылады (кран 2-кран жабық күйінде қалады), үлгімен бірге колбаның төменгі бөлігі бөліп алынады, көлденең қисайтылады, және ақырындап шайқау арқылы колбадан үлгі алынып тасталады.
44. Жұмысқа дайын құрал 13 Па вакуумда ұсталынуы тиіс [1х10-1 мм рт. ст.] (4-кран ашық, 7, 2 және 3-жабық).
45. Ұзақ уақыт бойы (2-3 ай) қолданылмаған құралды жұмысқа дайындаған кезде осы Қағиданың 34-39-тармақтарында тізбектелген операцияларды орындау керек.
46. Қондырғыдағы колбаның саны диффузиялы-жылжымалы сутегіні анықтау үшін 4 еселенген болуы тиіс, бірақ 8-ден артық емес.
Достарыңызбен бөлісу: |