Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет95/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129
3. Сынауға арналған құралдар

 

Материалдарды санау үшін осы Қағиданың 121-қосымшасының 1-қосымшасында жалпы түрі көрсетілген құралды қолдану қажет.

11-арнайы тұғырық орналастырылған бұл 6-электр тоқ пеші. Пеш — цилиндрлік кертартпа камера, тығыздығы (3000±300) кг/м3 балшық-топырақты материалдан болатын қабырға қалыңдығы (10±2) 8-құбырымен жасалған. Кертартпа камера биіктігі 65 мм камераның ішінде бірқалыпты (750±10) температураны ұстайтындай құбырдың сыртынан салынған бір немесе бірнеше электршиыршықпен жылытылады. 10-құбыр мен қалыңдығы 1 мм болат қорғаныс қабығының арасындағы кеңістік 9-асбест оқшаулауымен толтырылған. Оқшаулау жоғары және төменгі жағынан асбест қатырғы немесе қалыңдығы (10±1) мм тақтайшамен жабылған.

Кертартпа камераның төменгі бөлігіне асбесттік төсемеге қалыңдығы 1 мм болаттан жасалған 13-конустық ауа тұрақтандырғышы бекітіледі. Тұрақтандырғыштың ішкі жағы тегістелген, ал жоғарғы бөлігі сырттан қалыңдығы 25 мм 12-оқшаулаудың талшықты қабатымен оқшауланған.

Кертартпа камераның жоғарғы ашық шетінде қалыңдығы 1 мм болаттан жасалған және сырттан қалыңдығы 25 мм 5-оқшаулаудың талшықты қабатымен оқшауланған соратын қап орнатылады. 6-пеш тұрақтандырғыштың төменгі шетінен құралдың негізіне дейін 250 мм кем болмайтын қашықтықта 11-тіреуде орнатылуы тиіс.

3-үлгі тұтқыш 2-бағыт бойынша сырғыйтын 1-тақтайшаға бекітілетін құбырдың төменгі шетіне ілініп қойылады.

Цилиндр пішінді тұтқыш (осы Қағиданың 121-қосымшасына 2-қосымша) хромникельді қызуға төзімді болаттан жасалуы тиіс. Тұтқыштың түбі қалыңдығы 0,5 мм перфоланған табақ болып келеді. Тұтқыштың салмағы 10-40 г шегінде болуы тиіс.

4-соратын қапта (осы Қағиданың 121-қосымшасына 2-қосымша) кертартпа камераның ішіне енгізілетін термобуды бекітетін құрылғы монтаждалған.

Температураны өлшеу үшін сыртқы диаметрі 1,5 мм қорғанған хромель-алюминий термобуды қолдану керек. Термобу сымының диаметрі 0,2 мм. Термобудың тұрақты уақыты 15-20 с. Температураны тіркеу өлшеу шегі 0—1000оС және ауытқуы 0,5 % артық болмайтын қайталама құралмен орындалады.

Пештің кертартпа камерасындағы тұрақты температура режимін жасау үшін электр тоғы электр шиыршықтарына кернеу тұрақтандырғыш және автотрансформатор арқылы берілуі тиіс. Осымен қатар кернеудің шекті ауытқуы көрсетлігеннен ±5% болуы тиіс.

 

 

4. Құралға тарировка жасау

 

Жұмысты бастамас бұрын жабдық жұмыс жағдайында тұрғандығына көз жеткізу керек, яғни қайталама құрал дұрыс жұмыс істеуіне, термобу құралға орнатылуы және қосылуына, үлгіні енгізетін құрал бір қалыпты жұмыс істеуіне. Үлгіні жаңадан орнатқан және әрбір электршиыршықты ауыстырған сайын пештің кертартпа камерасының биіктігі бойынша біркелкі температураның орналасу аймағын анықтау қажет. Термобу арқылы қабырғадан шеңбер бойынша біркелкі орналасқан үш нүктеге дейін 10 мм қашықтықта кертартпа камерасының бүкіл биіктігі бойынша температура өлшенеді. Температурасы ±10 С артық өзгермейтін аймақты анықтау қажет. Осы аймақтың биіктігі 65 мм кем болмауы тиіс.

 

 

5. Сынақ жүргізу

 

Жұмысты бастамас бұрын жабдық жұмыс жағдайында тұрғандығына және өтпе жел және тура күн сәулесі мен жасанды жарықтандырудың әсерінен қорғалғандығына көз жеткізу керек.

Үлгіні сынамас бұрын пешті қыздырып, оның ішінде 10 мин бойы (750±10) температураны ұстау керек.

Материалдың үлгісін тұтқышта орнату қажет. Үлгінің ішінде температураны өлшеу үшін жоғарыдан диаметрі 2 мм саңылау арқылы үлгінің ортасына термометрді енгізіп, бекіту қажет.

Пештің ішіндегі температураны өлшеу үшін тұрақты температура аймағының биіктігінің ортасында термобудың ыстық дәнекерленген орны кертартпа камерасының қабырғасынан 10 мм қашықтықта орналасуы тиіс.

Үлгінің беткі қабатының температурасын өлшеу үшін басқа термобудың ыстық дәнекерленген орны үлгі биіктігінің ортасында болуы тиіс және пештің ішіндегі температураны өлшеу үшін термобуға диаметрі бойынша қарама-қарсы орналасқан нүктеде оның беткі қабатымен жанасу тиіс.

Үлгі мен тұтқышты 5 с ерте уақытта кертартпа камераға бір қалыпты енгізу қажет. Үлгі бір қалыпты температура аймағының ортасында орналасып, камера қабырғасынан тең қашықтықта болуы тиіс. Үлгіні енгізу сәтінде секундомер және қайталама құрал қосылады.

Тәжірибе кезінде пештің ішіндегі, үлгінің беткі қабаты және ішіндегі ең жоғары температураны, өздігінен тұтану және жану ұзақтығын анықтау керек

Үлгіні 20 мин бойы сынау қажет немесе ең жоғары температураға жету сәтіне дейін сынау қажет.

Сынақ аяқталған кезде үлгіні өлшеп, жоғалтқан салмағының пайызын анықтау қажет.

 

 

6. Сынақ нәтижелері

 

Материал жанбайтын болып танылады, егер барлық бес үлгіні сынау кезінде мыналар бақыланбаса:

1) пештің ішіндегі орташа темпертура (750±10)оС температурамен салыстырғанда 50оС артық көтерілуі;

2) үлгінің беткі қабаты мен ішіндегі орташа темпертура (750±10)оС температурамен салыстырғанда 50оС артық көтерілуі;

3) 10 с артық уақыт бойы жалындап жануы;

4) сынаққа әзірленген үлгілердің бастапқы салмағымен салыстырғанда 50% және одан да көп орташа салмағын жоғалтуы.

Егер материал осы талаптардың біреуін де қанағаттандырмаса, оны жанатын деп санау қажет. Сынақ нәтижелерімен хаттамамен рәсімдеу қажет (осы Қағиданың 121-қосымшасына 3-қосымша).

 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 121-қосымша

1-қосымша

 

 



Материалды жанбауға

сынайтын құрал

 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 121-қосымша

2-қосымша

 

 



Үлгінің тұтқышы

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 121-қосымша

3-қосымша

 

 

Материалды жанбауға сынау хаттамасы

 

Күні __________________ Атауы, маркасы, ГОСТ, ТУ ____________________

Үлгінің ылғалдылығы ________________ Материалдың құрамы _____________

 

Тәжірибелік деректер

 

образца

Үлгінің сипаттамасы

Термобудың көрсеткіші, оС

Уақыт, с

Размеры, см, объем, см3

Салмағы, г

Потери массы, %

Пештің ішінде

Үлгінің сыртқы бетінде

Үлгінің ішінде

До испытания

После испытания

Температура

Разность температур

Температура

Разность температур

Температура

Разность температур

 

первоначальная

Максимальная

первоначальная

Максимальная

первоначальная

Максимальная

1

2

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды _________________________ Орындаушы ___________________

                                                                                              (қолы)

 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 122-қосымша

 

 

Кеме жасауға арналған материалдарды жалынды таратуға

сынау әдістемесі

 

 

1. Жалпы нұсқаулар

 

Жанатын немесе жанбайтын негізге жағылған өңдейтін және қаптайтын материалдар, лактар, бояулар, сонымен қатар конструктивті және оқшаулайтын материалдардың беткі қабаты жалын тарату қабілеттілігін анықтау қажет болғанда, олар да сыналуы тиіс.

Осы Қағиданың 1-тарауының 37-бөліміне сәйкес сынақ нәтижелері бойынша жанатын материалдар және композициялар екі топқа бөлінуі мүмкін: беткі қабаты бойынша жалынды ақырын тарататын және жылдам тарататын.

Металл немесе композицияның беткі қабаты бойынша жалынның таралу дәрежесі І индекспен сипатталады (осы Әдістемемен қарастырылған сынақ үдерісімен анықталатын өлшемсіз шама).

 

 

2. Сынауға арналған үлгілер

 

Сынақ үшін ені (140±2) мм, ұзындығы (320±3) мм материалдар және композициялардың үлгілері қажет. Үлгілердің қалыңдығы (нақты) нормаланбаған. Үлгілер саны 3 дана.

Сынауға арналған үлгілерді осы конструкцияны дайындау үшін қабылданған технология бойынша дайындау қажет.

Сынақтың алдында үлгіні 20 сағат бойы (60±5)оС температурада ұстап, осыдан кейін сынақ жүргізілетін бөлменің температурасына дейін салқындатылуы тиіс.

Үлгінің сыналатын беткі қабатын тәуекелмен тең етіп 10 аймаққа бөлу қажет (0, 1, 2,...,9 аймақтары). Беткі қабатындағы риска үлгі тұтқышының рамасындағы рискамен сәйкес келуі тиіс.

 

 

3. Сынауға арналған құралдар

 

Сынақ үшін осы Қағиданың 122-косымшасының 1-қосымшасында схемасы суреттелген құрады қолдану қажет.Құрал 7-тіреуден, 5-радиациондық панельден, 2-соратын зонттан, 4-рама және 6-түғырықтан тұратын үлгі тұтқыштан, электр өлшейтін және тіркейтін құралдардан тұрады. Рама қалыңдығы 0,8-1,0 мм болаттан жасалған. Раманың жиектерінде 30 мм сайын рискалар салынған (осы Қағиданың 122-косымшасының 2-қосымшасы). Радиациондық панель төмендетілген және табиғи газда жұмыс істей алатын инфра қызыл сәулеленудің үш жанарғысынан жиналған. Жанарғы керамикасының сыртқы бетінің қызу температурасы 850-900оС болуы тиіс. Радиацияны көбейту және ауа ағынының әсерін азайту үшін қызуға төзімді болаттан жасалған керамиканың алдында тор орнатылады.

Үлгі тұтқыштың үстінде 5-панельден 45 м жоғары және панельден 10 мм қашықтықта жану өнімдерін жинайтын табақты болатты жасалған өлшемі 700x360x360 мм соратын зонт орнатылған. Зонттың жоғарғы бөлігінде диаметрі 0,5 мм сымнан жасалған өлшеу шегі 0-400оС және ауытқуы 0,5% артық болмайтын қайталама құралға қосылатын түтін газдың температурасын өлшеуге арналған 1-термобу бекітілген. Радиационды панельдің алдында тесігінің диаметрі 2 мм тең 3-тұтандырғыш газ жанарғысы орнатылған.

Құрылғы биіктігі 20 мм тұтандырғыш жалын жоғарғы (нөлдік) аймақтың ортасындағы үлгінің беткі қабатына жанасатындай етіп орналастырылған.

 

 

4. Сынақ жүргізу

 

Сынақ жүргізудің алдында жабдықтар және өлшеу құралдарының дұрыс жұмыс істеуіне көз жеткізу қажет. Сынақ кезінде бөлмеде қалыпты жағдайларды ұстау тұру керек: ауа температурасы 18-22оС, салыстырмалы ылғалдылық 50-80%.

Сынақ жүргізу сәтінде мәжбүрлі түрде бөлмені желдеткіштің қосылуы және жабдық өтпе желден қорғалуы тиіс. Радиациондық панель 10 мин бойы сақталып тұратын (875±25)оС температураға дейін жылытылуы тиіс. Жаңа қондырғы үшін (және де жабдық бөліктерін жөндеп, ауыстырғаннан кейін) тарировка жүргізіп, анықтау қажет:

1) асбоцементті плитаның жанбайтын үлгісін сынау кезіндегі k түтін газдың температурасы;

2) үлгінің беткі қабатына бір минутта жеткізілетін жылумен сипатталатын және түтін газдың температурасын 1оС көтеруге қажетті , құрылғының жылу коэфиценті.

р анықтау үшін тұтқыштың рамкасында бекітіліп және тік тұрған радиационды панельге 30обұрышта орнатылған қалыңдығы 10 мм және тығыздығы 1,75 г/см3 асбоцементті тақтайшаның үлгісін сынау қажет. Жоғарғы жиек панельден 10 мм қашықтықта болуы тиіс tо температура өлшенеді. Үлгі биіктігінің жартысында орналасқан нүктеде жарық саптамасы бар жағылған газды тарировты жанарғы орнатылады (саптаманың ені 40 мм, саңылаудың өлшемі 0,5 мм, газдың шығыны 2-ден 6 л/мин).

Түтін газдың ең жоғары температурасы өлшенеді tmax

, коэффициентін мынадай формуламен есептеу керек

 

,  = 4,1qгQ/(tmax - t0)

 

мұнда qг газ жануының меншікті жылуы, кДж/л;



Q — тарировты жанарғының газ шығыны, л/мин.

Сынақ кезінде материал және композицияның үлгісін тұтқыштың рамкасында бекітіп, қыздырылған радиационды панельдің алдында дәл тарировка кезіндегідей орнату керек.

Сынақ кезінде анықтау қажет:

1)  в — тұрақты жанып тұратын тұтандырғыш жалында жоғарғы (нөлдік) аймағының жануына дейінгі уақыт;

2) 1, 2, 3,.. n — жалын шебінің үлгінің беткі қабатының нақты аймағын жүріп өту уақыты, с (n - жалын таралатын аймақтар саны);

3) сынақ уақыты барысында жалын тараған lг қашықтық, мм;

4) түтін газдың ең жоғары температурасы, tmax, c;

5) тәжірибе басталғаннан ең жоғары температураға жетуге дейінгі уақыт, мах, с.

І жалынның таралу индексін анықтау үшін осы өлшемдердің көрсетілген мәндерін хаттамаға енгізу қажет.

Сынақ 10 мин немесе үлгінің беткі қабаты бойынша жалын таралу тоқтаған сәтке дейін созылады.

 

 

5. Сынақ нәтижелері

 

Әрбір үлгіні сынау нәтижелері бойынша есептеу қажет:

I =



мұнда ;

;

= 0,1911 —коэффициент, мин/Дж.



Үш сынақ үшін индекстің орташа арифметикалық мәнін анықтау қажет. Осымен қатар есептеу керек: жалынды баяу тарататын жанатын материалдар үшін жалын таралудың индекстің орташа арифметикалық мәні І ≤ 20 болуы тиіс; жалынды жылдам тарататын жанатын материалдар үшін жалын таралудың индекстің орташа арифметикалық мәні І > 20 болуы тиіс для.

Сынақ нәтижелерін хаттамамен рәсімдеу қажет (осы Қағиданың 122-қосымшасының 3-қосымшасы).

 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 122-қосымша



1-қосымша



 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 122-қосымша

2-қосымша



Жалын таралуын сынауға арналған құрал

 

Ішкі суда жүзетін



кемелерді жасау

қағидасына 122-қосымша

3-қосымша

 

 

Жалын таратуға материал және композицияны сынау хаттамасы

 

Күні __________________ Атауы, маркасы ГОСТ, ТУ ____________ Өлшейтін құралдар ____________________ Материалдың құрамы __________________ Үлгінің ылғалдылығы _______________________________________________

Өлшейтін мәліметтер

 

Үлгінің №

Қондырғының жылу коэффициенті Р, кДж/ (ең аз бұрыш)

Асбоцементті тақтайша үлгісін сынаған кездегі түтінді газдың  температурасы t0, 0С

Тәжірибе басталғаннан үлгінің тұтануына  дейінгі уақыт tв, мин

Түтінді газдың ең жоғары температурасы

Тәжірибе басталғаннан үлгінің тұтануына дейінгі уақыт, tmax, мин

Жалын шебінің үлгінің беткі қабатының нақты аумағын өту уақыты, с

Жалын таралуының ең жоғары ды қашақтығы /г, мм

Жалынның таралу индексі

Ескертпе

1

 


2

3

4

5

6

7

8



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

Қорытынды ____________________ Орындаушы __________________________

(қолы)

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 123-қосымша

 

 

Палуба жабындыларын тұтануға сынау

 әдістемесі

 

 

1. Жалпы нұсқаулар

 

Қалыңдығы 5 мм металл палубаның беткі қабатына салынған және өрт болған жағдайда оның бетінен алынбайтын палуба жабындылары сыналуы тиіс. Қалыңдығы аз палуба жабындыларын осы Әдістеме бойынша сынауға болмайды. Осы Әдістеме бойынша палуба жабындыларының үлгілерін кеме палубасын боямалайтын металл табақтың төменгі жағы оқшауланбаған палуба жабындыларының үлгілерін сынау көзделген.

Осы Қағиданың 1-бөлімнің 37-тарауына сәйкес сынақ нәтижелері бойынша палуба жабындылары қиын тұтанатын және жеңіл тұтанатын деп бөлінуі мүмкін.

 

 

2. Сынауға арналған үлгілер

 

Сынақ үшін ені (625±5) мм, ұзындығы (625±5) мм, қалыңдығы 5 мм болат табағы (негіз), қалыңдығы 5 мм жабыны бар үлгілер қажет. Үлгілер саны 2 дана.

Сынауға арналған үлгілерді осы конструкцияны дайындау үшін қабылданған технология бойынша дайындау қажет.

Шынайы жағдайларда қолданылатын күйдегі палуба жабындысының материалын болат табаққа өлшемі 625x625 мм және қалыңдығы 5 мм етіп салу керек. Сынақтың алдында үлгілер ауаның салыстырмалы 40-70% ылғалдылығында және (20±5)оС температурада 5 күн бойы тұруы керек.

 

 

3. Сынауға арналған пеш

 

Жабындыны өлшемі 600x600 мм (жарықта) тікбұрышты көлденең тесігі бар от пеште сынау керек. Үлкен өлшемді от пешті қолданған жағдайда саңылаудың өлшемін 600x600 мм дейін кішірейту үшін отқа төзімді темір бетоннан жасалған түсірімдік рама-өткізгішті қолдану тиіс.

Пештің от камераларының өлшемі жалын үлгінің төменгі беткі қабатымен жанаспайтындай болуы тиіс. От камерасының биіктігі 100 мм кем болмауы тиіс. Қабырғалар арқылы жылудың артық шығындарын болдырмау үшін пеш шамотты кірпіші футерленген қарапайым кірпіштен немесе басқа да отқа төзімді (оқшаулайтын) материалдан жасалуы тиіс.

Стандартты қисық температура-уақытқа сәйкес температуралық режимді жасау үшін пешті төмен қысымдағы газ жанарғысымен немесе электр шиыршығымен қыздыруға рұқсат етіледі: 5 минут - 538оС, 10 минут - 704оС, 15 минут - 760оС.

Температураны реттеу дәлдігі сынақ аймағындағы алғашқы 10 минут бойы пештің қисық орташа температурасының шектеуі стандартты қисық температурамен шектелген аймақтан 15% артық, ал 15-минуттың соңында 10%-ға ерекшеленбеу керек.

Сынақ кезінде пештің ішіндегі температуралық режимді саңылауда симетриялы орналасқан төрт термобумен өлшеу керек.

Термобудың ыстық ұштары үлгінің қыздырылатын беткі қабатынан 50 мм қашықтықта орналасуы тиіс. Үлгінің беткі қабатын қыздыру біркелкі болуы тиіс.

Өлшеу шегі 0-900оС және ауытқуы 0,5 % артық болмайтын қайталама құралдың көмегімен температураны тіркеу қажет.

Палуба жабындысы тұтану үшін тұтандырғыш газ жанарғыны қолдану керек. Жанарғы тесігінің диаметрі 1-2 мм және жалын биіктігі 20-30 мм.

Сынақ жүргізілетін бөлме мәжбүрлі түрдегі желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

 

 

4. Сынақ жүргізу

 

Палуба жабындысы жоғары қарап тұратындай етіп үлгіні пештің тесігіне орналастыру керек.

Үлгі жиектерінің және пеш фланецнің арасындағы саңылауларға жағылған газдың кіруін болдырмау үшін жанбайтын оқшаулайтын материалдан болатын тығыздау білікшелерін орнату керек (асбошнура және т.б.).

Сынақ кезінде үлгінің беткі қабатының үстінде өтпе жел және ауа ағыны болмауы тиіс

Үлгіні орнатқаннан кейін, құралдардың және жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін тексергеннен кейін пешті іске қосу керек.

Сынақ кезінде түтін немесе жабынды материалының азық-түлік ыдырау белгілері пайда болғанда үлгінің беткі қабатының үстімен 1 мин интервалмен 10 секунд бойы тұтандырғыш жанарғы жалынымен жүріп өтуі тиіс. Тұтандырғыш жанарғының тесігі жабындының беткі қабатынан 5 мм қашықтықта болуы тиіс. Жанарғы көлбеуінің бұрышы 45 (Осы Қағиданың 123-қосымшасына 1-қосымша).

Егер сынақ кезінде палуба жабындысының материалы өзгеріп немесе кеуіп кететін болса, үлгінің беткі қабатын бүлдіріп алмау үшін абай болуы керек.

Палуба жабындысының әрбір типі үшін екі үлгіні сынау қажет. Сынақ ұзақтығы 15 минут.

Палуба жабындысының үлгісін сынау кезінде анықтау керек:

1) тәжірибе басталған тұтану сәтіне дейінгі уақытты және жану ұзақтығын;

2) Жану сипаттамасы (бүкіл беткі қабаты бойынша, жергілікті), жану орны, жалын биіктігі;

3) беткі қабатының зақымдануы.

 

 

5. Сынақ нәтижелері

 

Егер тұтандырғыш жанарғының жалын әсерін тоқтатқаннан кейін 10 с артық уақыт ұзақтығында бірде-бір үлгіде жалындап жану бақыланбаса, палуба жабындысының материалын қиын тұтанатын деп есептеуге болады. Жалындап жанған жағдайда оңай тұтанатын деп есептеу керек.

Палуба жабындысының үлгілерін сынауу нәтижелерін хаттамада ресімдеу қажет (Осы Қағиданың 123-қосымшасына 2-қосымша).

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 123-қосымша



1-қосымша

 

 



 

Тұтандырғыш жанарғы

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 123-қосымша

2-қосымша

 

 

Палуба жабындыларын тұтануға сынау хаттамасы

 

Күні _________________________________________________________________________________________________________________

Палуба жабындысының үлгісінің сипаттамасы _____________________________________________________________________________

Өлшеу құралдары _____________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік деректер

 

р/н

Үлгіні сынау ұзақтығы, мин

Тәжірибе басталғаннан тұтануға дейінгі уақыт, мин

Жану ұзақтығы, мин

Үлгі сипаттамасы (жалынның орны, биіктігі) және жабындының бүліну дәрежесі




Ескертпе

1

2

3

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды ____________________ Орындаушы __________________________

(қол)

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 124-қосымша

 

 

Матаны отпен сынау әдістемесі

 

 

1. Тағайындау

 

Әдістеме матаның тұтануға, тұрақты жануға және жалын таралуына қарсы тұру төзімділігін анықтауға арналған.

Осы Қағиданың 1-тарауының 37-бөліміне сәйкес сынақ нәтижелері бойынша маталар жеңіл және қиын тұтанатын деп бөлінеді.

Кеме жасауда перде дайындау үшін қолданылатын маталар мен қабықтар сынаққа алынады.

 

 

2. Анықтама

 

Қалдық жанудың уақыты - тұтандыру көзін жойғаннан кейін материалдың жалындап жану уақыты.

Тұрақты жану - 5 немесе одан да көп секунд бойы қалдық жану.

Қалдық бықсу - тұтандыру көзін жойғаннан кейін материалдың бықсу уақыты.

Беткі қабаттың тұтануы - негізінде беткі түкті алатын және негізгі матаны бүлінбеген жағдайда қалдыратын материалдың беткі қабатының тұтануы.

 

 

3. Сынауға арналған үлгілер

 

Сынақ үшін негіздің және бекіту тетігінің бағытында өлшемі 200x170 мм сегіз үлгіден қияды. Егер матаның беткі қабаты әр келкі болса, екі жақты сынақ үшін үлгілер әзірленеді. Сынақтың алдында үлгілер 24 сағаттан кем болмайтын уақыт бойы (20±5)оС температурада және (65±5)% салыстырмалы ылғалдылықта салқындатылуы тиіс. Әрбір үлгі салқындатылған ауадан оны алған кезде 3 мин бойы сыналуы тиіс немесе сыналуға дейін герметикалық контейнерге қойылуы тиіс.

Оттан қорғаумен өңделген маталар жеделдетілген су сілтіден айыруға алынады және осыған дейін және осыған кейін сыналады.

Матаның үлгісін сілтіден айырған кезде оны бөлме температурасындағы құбыр суы бар сыйымдылыққа 72 сағатқа салып қояды. Су әрбір 24 с. Сайын ауыстырылып тұрады. Сыйымдылық мата салмағы мен судың қатынасы оның ішінде 1:20 қатынаста болатындай болуы тиіс. Үлгілер 70оС температурада кептіріледі. Осыдан кейін оларды салқындатады.

 

 

4. Сынауға арналған құралдар

 

Құралдың жалпы кескіні осы Қағиданың 124-қосымшасына 1-қосымшада көрсетілген.

Құрал 1-сыналатын рамадан, 4-негізден, 2-тік тіреуден, төмендетілген газда (пропан-бутан) жұмыс істейтін 5 және 3-жанарғы тұқыштан тұрады.

Үлгіні бекіту шпилькасы және диаметрі (2±0,1) мм шектейтін штифттер орнатылған құралдың сыналатын рамасы өлшемі 2x10 мм тот баспайтын болат жолақтарынан жасалған. Жанарғы тұтқышы металл негіздің бойымен көлденең бағытта үлгіге және үлгіден бері қарай орын ауыстыруы мүмкін.

Тұтқыш үш қалыптың біреуінде корпус осінің орнатылуын қамтамасыз етуі тиіс: тік жоғары, көлденең және көлденеңге 60о бұрышта. Мата үлгісіне қатысты жанарғының қабалдайтын қалыптар осы Қағиданың 124-қосымшасына 2-қосымшада көрсетілген

Құрал сынақ жүргізген кезде оны өтпе желден қорғайтын камерада орнатылады. (700±25)х(325±25)х(750±25) мм өлшемді камера қалыңдығы 0,5-1,0 мм табақ металдан дайындалады. Камераның шатырында диаметрі (13±1) мм симметриялы орналасқан 32 желдеткіш саңылаулар бар. Төменгі бөлігіндегі камераның әрбір тік қабарғасы осы сияқты ауданы 32 см кем болмайтын тосқауылдармен жабылатын саңылаулары болуы тиіс. Өлшемі 700x750 мм камера қабырғаларының бірі жабылатын шыны есік түрінде орындалған. Камерада жанарғыға газ жеткізетін түтік және қажетті қалыпта жанарғыны қашықтықта орнату үшін саңылаулар қарастырылған. Камераның едені жанбайтын оқшаулайтын материалмен төселген. Ішкі беттері қара сырмен сырланған.

 

 

5. Сынақ жүргізу

 

Сынақтың алдында құралдың негізінде үлгінің астында қалыңдығы 10 мм жіптерден, шаңнан және т.б. тазартылған мақта-матаның (синтетикалық қоспасыз) бір қабаты төселеді

Мақтаны үлгілермен бірге салқындатады. Сынақтың алдында газ жанарғы 2 мин кем емес қыздырылады. Жанарғы тік орналасқан жағдайда жалынның биіктігі (40±2) мм болуы тиіс. Матаның төменгі жиегі төменгі шпилькаға 5 мм шығып тұратындай етіп үлгі рамаға бекітіледі. Жанарғы көлденең қалыпта орнатылады. Осыдан кейін камераның есігі жабылады және 124-қосымшаға 2-қосымшада көрсетілген қалыпта жанарғы үлгіге қозғалтылады. 5 с кейін жанарғы үлгіден аластатылады. Егер тұрақты жану байқалмаса, рамаға жаңа үлгі орнатылады және жанарғының осы қалпында жалынның әсер ету уақыты 15 с дейін ұзартылады.

Тұрақты жану болмаған жағдайда 124-қосымшаға 2-қосымшасына сәйкес жалын үлгінің төменгі жиегіне жанасатындай етіп жанарғының қалпын өзгерту қажет.

Осы қалыпта жалынның жаңа үлгіге әсер ету уақыты сол сияқты 5 с құраса, үлгіні жаңасына ауыстырғаннан кейін де тұрақты жану болмаған кезде - 15 с.

Бес үлгіні сынау үшін осы көрсетілген жүйеліліктегі сынақ кезінде тұрақты жану алынатындай жағдайлар орнатылуы тиіс. Тұрақты жану болмаған кезде үлгілер шала күйдірілген аймақтың ең ұзын ұзындығын беретін жағдайларда сыналуы тиіс. Егер сынақ кезінде аздаған қалдық бықсу байқалса, ол тоқтағаннан кейін үлгі алынып тасталынады.

Сынақ үдерісінде мақта-матаның қалдық жану және бықсу уақыты тіркеледі.

Сынақтан кейін шала күйген учаскенің ұзындығын ілгек және жүк жиынтығымен өлшейді. Осы үшін шала күйген учаскенің ең жоғары көрінетін бөлігін екіден салып (ұзын жағына параллель етіп) және ақырындап үтіктейді. Шала күйген учаскенің бір жағына жанасып тұрған сыртқы және төменгі шеттерінен 8 мм қашықтықта ілгекті енгізеді және ажырау жүкті ұстап тұратындай берік бөлігіне жеткенше үлгінің жоғарғы жағына орналастырады.

Матаның тығыздығына байланысты оның ажырауы үшін жіктің салмағы: сыналатын матаның беткі қабатының 200 г/м2 кем тығыздығында - 100 г, 200 - 600 г/м2 тығыздықта - 200 г, 600 г/м2 артық тығыздықта - 400 г.

 

 

6. Көрсеткіштерді орнату

 

Мата жеңіл тұтанатын болып танылады, егер сынақ кезінде мыналар байқалса:

1) беткі қабатынан тұтандырғыш жалынды қолданған кезде сыналған 10 (немесе одан да көп) үлгінің кез келген біреуінде қалдық жалындап жану ұзақтығы 5 с;

2) беткі қабатынан тұтандырғыш жалынды қолданған кезде сыналған 10 (немесе одан да көп) үлгінің кез келген біреуінде қандай болса да жиегіне дейін жанып біту;

3) 10 (немесе одан да көп) үлгінің кез келген біреуінің астында мақта-матаның тұтануы;

4) негізгі қабатын немесе онсыз шала күйдірумен тұтану нүктесінен 100 м артық қашықтыққа таралатын 10 (немесе одан да көп) үлгінің кез келген біреуінде беткі қабатының тұтануы.

Ескертпе. Негіз және бекіту тетігі болмаған кезде бес үлгі жетеді:

5) беткі қабатынан немесе жиегінен тұтандырғыш жалынды қолданған кезде сыналған 5 партияның кез келген біреуінде шала күйген учаскенің 150 мм артық орташа ұзындығы бақыланады.

Егер тәжірибелік деректердің талдауы партияның кез келгені бастапқы төрт сипаттаманың бір немесе одан да көп талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетсе, бес үлгіден тұратын бір толық жиынтыққа қайталама сынақ жүргізуге рұқсат етіледі. Егер екінші жиынтық та қандай да болсын сипаттама талаптарына жауап бермесе, мата жеңіл тұтанатын болып саналады.

Егер матаны сынаған кезде көрсетілген сипаттаманың біреуі де бақыланбаса, мата қиын тұтанатан болып саналады. Сынақ нәтижелері хаттамада ресімделеді (Осы Қағиданың 124-қосымшасына 3-қосымша).

 

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 124-қосымшаға

1-қосымша



Матаны отпен сынауға арналған құрал

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 124-қосымшаға

2-қосымша

 

 



Мата үлгісіне қатысты жанарғының орналасуы

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 124-қосымшаға

3-қосымша

 

 

Матаны отпен сынаудың хаттамасы

 

Күні _____________ № _______________ Құралдар _______________________

Атауы, маркасы, ТУ және материал құрамы ________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

Беткі қабаттық тығыздық ________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік деректер

 

Тіркелетін сипаттама

Тәжірибе №

Негізін бойлай

Бекіту тетігін бойлай

1

2

3

4

5

6

7

8

Нәтижелі параметрлер

1

2

3

4

5

6

7

8

Нәтижелі параметрлер

Тұтану уақыты, с:

1) беткі қабатынан

2)жиегінен қалдық жану уақыты, с Жиектеріне дейін жанып біту Мата-мақтаның тұтануы

Шала күйген учаскенің ұзындығы, мм

Беткі қабатының  тұтану, мм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды ______________________________________________________

Сынақтың жетекшісі _______________________________________________

(қолы)

Орындаушы_______________________________________________________

(қолы)

 

Ішкі суда жүзетін

кемелерді жасау

қағидасына 125-қосымша

 

 

Өртке қарсы конструкцияны сынау

әдістемесі

 

 

1. Тағайындалу

 

1. Әдістеме А және В типті конструкциялардың, және қоса алғанда есіктердің отқа төзімділік дәрежесін анықтау үшін арналған.

2. Сынақтың алдында конструкцияның барлық тетіктер өлшемдерімен үлгілердің, жіктердің, кабельді және басқа да өткелдердің, оқшаулауды жалғастыру және бекіту тәсілдерінің (есіктер үшін ілмектердің, құлыптардың, тұтқалардың, желдеткіш торлардың, қағымдайтын жұқа тақтайлар мен олар жасалатын материалдардың конструкциясы көрсетілуі тиіс) және өндірушінің атауын, маркасын, құрамын, тығыздығын, меншікті жылу сыйымдылығын, жану және жалынның таралу жылдамдығын қосқандағы қолданылатын материалдар мен олардың деректерімен бірге сипаттама сызбалары көрсетілуі тиіс.

 

 

2. Сынауға арналған үлгілер

 

3. А типті конструкция үлгісінің металл негізі мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) материал - табақ болат немесе тең келетін басқа материал (мысалы, алюминий қорытпа);

2) негіздің қалыңдығы: болат (4,5±0,5) мм, алюминий қоспа (6,0±0,5) мм;

3) негіз бір-бірінен 600 мм қашықтықта орналасқан қатаңдық қабырғаларымен нығайтылуы тиіс;

4) қатаңдық қабырғаларының өлшемі, мм: болат аралық (65±5)х(65±5)х(6±1); болат палуба (100±5)х(70±5)х(8±1); алюминий қоспаларынан жасалған аралық (100±5)х(75±5)х(9±1); алюминий қоспаларынан жасалған палуба (150±5)х(100±5)х(9±1).

Егер А типті конструкция үшін металл негіз ретінде болат емес немесе алюминий қоспасы немесе типті емес конструкция орындалса (мысалы, гофрирленген табақтар ретінде), Кеме қатынасының тіркелімі шынайы конструкцияларға басым дәрежеде сәйкес келетін үлгілерді дайындауды талап етуі мүмкін.

4. А немесе В типті конструкцияның оқшаулауы панельден орындалса, үлгінің құрамында кем дегенде ең үлкен пайдаланылатын еннің ішінен біреуі және панель жалғауларының біреуі болуы тиіс.

5. В типті подволок үлгілері болат палубаның төменгі жағында орналасуы және онымен бірге сыналуы тиіс. Егер подволок конструкциясында жарықтандырғыш немесе желдеткіш құрылғылар бар болса, онда Кеме қатынасының тіркелімі подволоктың өртке қарсы қасиеттері әлсіремегендігін анықтау үшін үлгілерді осы құрылғыларымен бірге сынаққа алуын талап етуі мүмкін.

6. А және В типті есік үлгілері:

1) есіктер рамалармен бірге сыналады, өздері кемеде орнатылатын рамалармен толығымен рамаларға сәйкес келетін;

2) рамамен бірге А типті есіктер сәйкес келетін отқа төзімді типтегі болат аралықта орнатылуы тиіс;

3) рамамен бірге В типті есіктер Кеме қатынасының тіркелімімен мақұлданған В типті аралықта немесе есікпен бірге сыналатын аралықта орнатылуы тиіс;

4) есіктер есіктің конструкциясымен қарастырылатын фурнитурамен бірге сыналуы тиіс (есік тұтқасы, ысырма, құлып, ілмек);

5) сынақ кезінде есіктер құлыпқа жабылмауы керек;

6) шынайы кеме жағдайында кез келген жағынан от әсеріне ұшырауы мүмкін есіктер бар аралықтың аймақтары жаман нәтижелер күтіліп отырған жағында сыналуы тиіс. Есік жылытылмайтын беткі қабаты жағына қарай ашылған кезде ілмекке аспалы есіктер үшін осы жағдайлар қамтамасыз етіледі.

7. Конструкция үлгілері сырланбаған, беткі қабатын қапталмаған күйде сыналуы тиіс. Егер оқшаулайтын материалдар және панельдер тек қана қаптайтын жабындымен дайындалатын болса, оларды дайын күйінде сынау рұқсат етіледі.

8. Отқа төзімділігін анықтау үшін конструкцияның бір үлгісі сыналуы тиіс. Палуба және подволоктың үлгілері төменгі жақтан, ал аралық жаман нәтиже күтілетін жақтан сыналуы тиіс. Егер осындай нәтижені алдын-ала анықтау қиын болса, екі үлгі сыналуы тиіс.

9. Сынақ алдында үлгі оқшаулаудың салмағы өзгеріссіз қалу үшін қажетті уақыт бойы (55±15)% салыстырмалы ылғалдылықта және (20±5)оС температурада тұруы қажет.

Сынақ алдындағы үлгінің температурасы 40оС артық болмауы тиіс.

 

 

3. Сынақты жүргізу

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет