Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет20/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129
§ 3. Белдемдер

 

782. Қабырға биіктігі плиталардың 10 қалыңдығына жоғары, ал ені плиталардың 1.5 қалыңдығынан кем болмау қажет.

783. Белдемдердің жұмыс арматурасы мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:



1) жұмыс күйіндегі өзектердің диамтері 10 мм кем болмау, ал монтаждау - 6 мм кем емес;

2) есепті арматура сығылған және керліген аудандарда биіктік бойынша 3 қатардан кем емес және ені бойынша 2 қатардан кем емес орналасуы;

3) белдем биіктігі 500 мм және одан жоғары болғанда оның қапталының қыры бойына диаметрі қыры ≥ 8 мм өзектен қосымша бойлық арматура орналастыру қажет. Белдем биіктігі бойынша өзектер аралығының арақашықтығы ≤ 200 мм болуы.

784. Белдемнің көлбеуленген арматураларын керілген зонадан сығылған зонаға өткізілетін бойлық арматураларды майыстыру жолымен немесе тік участкілермен аяқталатын арнайы жазылған өзектерді және бойлық арматураға пісірілген внахлестті енгізу жолымен орындау керек. Арматуралардың майысуы белдем осінен 30о кем емес және 60о жоғары емес бұрыш құрау қажет.



Жекелеген, негізгі арматурамен байланыспаған «қалқымалы» өзектерді қолдануға рұқсат етілмейді.

785. Қамыт түрінде орындалған белдемдердің көлденең арматуралары мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:



1) қамыт диаметрі бойлық арматураның 0,25 диаметрін құрау қажет, бірақ 6 мм кем емес;

2) қамыт аралығының арақашықтығы мынадай мәндердің ең кішісінен аспауы: белдем биіктігінен 0,75.

Пиллерстерді және белдемдерде остік сығылуға душар болатын қамыт қадамдары, бұдан басқа 1,5 қабырға енінен аспауы;

3) сығылған арматуралардың көлденең қимасының ауданы элементтің көлденең қимасының ауданынан 3% асса, онда қамыт аралығының арақашықтығы көрсетілген арматуралар өзегінің 10 диаметрінен аспауы.

4) әрбір қамыт қабырғада 6 жоғары емес сығылған өзекті қамтуы.

Егер бұл орындалмаса,онда қосымша бойлық арматураларды немесе қамыттың қарама-қарсы тармақтарын бекітуші қамыттар, қапсырмалар немесе өзекшелер орнату қажет.

786. Пісіру каркастарымен белдемдерді арматуралау кезінде өзектер немесе планкілердің көлденең қималары болуы;



қабырғаның керілген зонасында көлденең қималар аралығының арақашықтығы бойлық арматура өзегінің 20 диаметрінен аспауы, бірақ 500 мм жоғары болмауы;

қабырғаның сығылған ауданында көлденең қималар аралығының арақашықтығы бойлық арматураның 15 диаметрінен аспау керек, бірақ қабырғаның екі енінен жоғары болмауы;

егер көлденең сығылған арматуралардың ауданы белдемнің көлденең қимасынан 3% асса, онда көлденең байланыстар аралығының арақашықтығы бойлық арматураның 10 диаметрінен аспау қажет.

787. Белдемдерді плиталармен жалғастыру мыналарды орындайды:



1) екі қабырғаның бойлық өзектерін торлармен плиталар аралығында қайта өткізу (бекітілген қамыттар кезінде);

2) торлар мен плиталар арлығында ұзындығы (ашық қамыттар кезінде) 10 диаметрден кем емес жазылған қамыт ұштарын (қалақшалар) орналастыру, сонымен бірге белдемнің ұзына бойына жүретін қамыттардың жазылған ұштарының үстіне бір-бір өзектен орналастырады.

788. Жиынтықтағы корпустың жылу және балласттық бөліктері су ағыны және ауа жіберу үшін голубницасы болуы;



голубницалар белдемдердің бойлық арматураларын кесіп өтпеуі;

голубница жиегінен бойлық арматураға дейінгі арақашықтық 10 мм кем болмау қажет.

789. Белдемдер қиылысатын жерлерде әртүрлі деңгейде қабырға биіктігі бойынша өзектерді орналастыру жолымен олардың бойлық арматураларының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.



Егер көрсетілген белдемдер биіктігі 20% айрықшаланатын болса, төменгі белдем жалғау жерінде өлшемдері арматураланған вуттармен күшейтілу қажет.

Өлшемдері конструктивті қабылданатын әлсіз жүктелген белдемдер үшін вут құрылғылары міндетті емес.

 

 

§ 4. Тіліктер



 

790. Палубалардың плиталарындағы элементтің қима ауданын төмендететін, эквивалентті брусқа 15% жоғары емес енгізілген тіліктерді қалпына келтіретін арматуралармен және темірбетонмен немесе металл комингстармен нығайту қажет.

791. Барлық кесілген өзектер қалпына келтірілетін арматуралармен және комингстармен берік жалғану қажет.

792. Тік бұрышты үшбұрыштардың бұрыштарын қысқарту немесе бәсеңдету ұсынылады.

Қауіпті кернеу концентрациясы болуы мүмкін, үлкен тіліктердің бұрыштарының жанында бұрыштың биссектрисасына перпендикуляр өзек орналастыру керек.

 

 

§ 5. Секция аралық жалғаулар



 

793. Корпус секцияларын бір-бірімен және арматуралық шығарымдағы монолитті дайындалатын элементтермен түйістіру керек.

Корпус ішінде орналасқан элементтерді түйістіру үшін салынатын бөлшектерді қолдануға болады.

Секция түйісулері мүмкіндігінше аз жүктелген жерлерде орналасу қажет. Секция бетонының шығару беріктілігі маркалыдан 70% кем болмау қажет.

794. Қиылысқан жерді құрастыру кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:



1) арматуралық шағырылымдарда қиыстыру кезінде секцияның жиектерінің аралығының арақашықтығы: плиталар үшін - плиталардың екі қалыңдығынан кем емес, ал белдемдер үшін - екі еселенген еннен немесе қабырға биіктігінің жартысынан және барлық жағдайлар үшін 100 мм кем болмауы;

2) параллель өзектер аралығының немесе жапсарда жалғаушы бөліктермен орналасқан қиылысқан арматуралардың арақашықтығы арматура диаметрінің жартысына тең, бірақ 10 мм кем болмауы қажет;

3) жапсырма орнында корпус сыртына шығарушы плиталарды қалыңдатуға рұқсат етілмейді.

795. Арматуралық шығарылымдардағы қиылысқан жерде өзектерді жалғау внахлестке пісіруі немесе жапсырма көмегімен аралықпен жүргізеді.

Керілуге душар болмайтын арматуралық шығарылымдарды бұрыштық жалғауларда қиылысу бетонында осы Қағиданың 740-тармағы талабын ескерумен арматуралы өзектердің ұштарын бекітуге қатысты талаптарын сақтай отырып үзуге рұқсат етіледі.

796. Салынатын бөліктердің қиылысулары берік нығайтылған және нақты орналасқан болу қажет.



Су өткізбейтін қиылысуларда салынатын бөлшектердің аралығының  арақашықтығы 250 мм аспауы;

салынатын бөліктердің конструкциясы және олардың бекітулері қиылысуды монолиттеу кезінде сапалы бетонның төселуіне рұқсат беруі керек.

797. Қиылысу бетонының беріктілік, су өткізбеушілік және аязға төзімділік көрсеткіші негізгі корпус бетонынан төмен болмау қажет.

798. Қиылысуларды монолиттеуді әдеттегідей (қолмен) немесе механикаландырылған тәсілмен жасау керек. Кем қатынасы тіркелімінің келісімімен ұзындығы 35 м дейінгі кеме корпустарының ішкі элементтерінің қиылысуын момнолиттеуді (аралықтар және қоршаулардың қиылысуын түппен, палубаларды бортпен, қондырма элементтерінің қиылысуын корпуспен және бір бірімен) соғу тәсілімен рұқсат етіледі.

799. Кері температураларда бетондардың мұздап қалуын жою үшін қиылысқан жерлерді және монолитті элементтерді Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген арнайы технологиясыз бетондауға рұқсат етілмейді.

800. Қиылысуларды және монолитті дайындалған элементтерді палубкалау бетонмен беріктілікке (% маркалы) қол жеткізгеннен кейін:

тік элементер үшін - 35;

көлденең элементтер үшін - 50.

801. Қиылысуларды және монолитті элементтерді жүктеу (су өткізбеушілігіне, кеменің стапелде жылжуы, суға түсіруге және с.с. сынау) бетонмен 70% маркалы беріктілікке қол жеткізгеннен кейін рұқсат етіледі.



 

 

§ 6. Жабдықты корпусқа бекіту



 

802. Жабдық орналасқан аудандағы кеме корпусын күшейтеді.

803. Жабдықты корпусқа салынатын бөлшектер, өтпелі және анкерлік бұранда көмегі арқылы бекітеді.

804. Өтпелі бұрандалармен бекіту палубаға және жиынтық белдеміне, сондай-ақ корпустың шығарушы бөліктеріне рұқсат етіледі.

805. Берік жөндеуді қамтамасыз ету кезінде диаметрі 12 мм және одан жоғары анкерлік бұрандаларды қолдану, сыртқы қаптаманың және су өткізбейтін аралықтардың плиталарынан басқа, корпустың барлық бөліктерін бекіту үшін рұқсат етіледі.

806. Егер салынатын бөлшектерді пісіру көмегімен бекітсе, онда олардың қалыңдығы 5 мм кем болмау қажет; бөлшектерді бетонға өңдеу диаметрі 8 мм кем емес екеуден кем емес анкер қажет.

Жанасатын бетонның және өңдейтін бөлшектердің маңызды пісірілген деформациясын шамадан тыс ысып кетуін болдырмау үшін оларды нүктелі немесе пісіру ұзындығы 40 мм және 5 мм кем емес калибрмен үзік тігістермен пісіру қажет.

807. Су өткізбейтін аралықтар немесе сыртқы қаптама арқылы өтетін құбырларды, арнайы өңдейтін бөлшектер көмегімен (стакандарды фланцтармен,) плиталарға бекітеді.

808. Оқшаулауды бекітуге және корпусқа ішкі әрлеуді диаметрі 8 мм кем емес бетонға бекітілген арматуралық шығарымдар көмегімен рұқсат етіледі.

809. Жиынтық белдемге немесе қалыңдығы 60 мм кем емес палуба плиталарымен бекітілген аз жүктелген элементтерді бекітуді винттер және гужондар көмегі арқылы орындайды.

810. Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен жауапкершілігі аз және аз жүктелген бөлшектерді арнайы желім көмегімен бетонға бекітуге рұқсат етіледі.

 

 

§ 7. Темір бетонды қондырмалар



 

811. Темірбетоннан жасалған қондырмаларды, кеме корпусының жалпы иілуіне қатыспайтын жеңіл қылып орындайды.

812. Қажет болған жағдайда темірбетонды қондырмалар берік болуы мүмкін, яғни кеме корпусының жалпы иілуіне қатысатын. Мұндай жағдайларда, олардың бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қондырманың корпуспен берік байланысын көздеу қажет.



Берік қондырманың материалы және конструкциясы осы бөлімнің негізгі корпусқа арналған талаптарын қанағаттандыру қажет.

 

 

31. Беріктіліктің есептері және нормалары



 

§ 1. Жалпы талаптар

 

813. Ішкі жүктеменің мәндерін осы Қағиданың 2-бөлімі талаптарын қолданып анықтайды.

814. Апаттық жағдайдағы кеме корпусына әсер ететін ішкі жүктемелерді, бір немесе екі бөліктің суға батуы, кеменің жалпы беріктілігінің едәуір лайықсыз көзқарасы жағдайынан анықтайды (осы Қағиданың 1191 және 1193- тармағы).

815. Құрама элементтердің, оларды тасымалдау және есепті жүктемеге монтаждауда беріктілігін тексерген жағдайда 1,5 тең динамикалық коэффициентке көбейтілген элементтің өзінің салмағын қабылдайды.

 

 

§ 2. Жалпы иілуден есепті күштер, сәттер және кернеулер



 

816. Корпустың жалпы иілуден сәттер және кернеулерді анықтау үшін кеме эквивалентті брус ретінде қаралады және мынадай белгімен қолданылады:

М - иілу сәті, кНм;

N - бойлық күштер, кН;

Q - кесіп өту күші, кН;

Т - жанама кернеулер, МПа;

І - эквивалентті брустың барлық көлденең қимасының ауданына келтірілген инерция сәті, м4;

S - эквивалентті брустың нейтралды осіне қатысты алынған, нейтралды осьтің бір жағында орналасқан, эквивалентті брустың көлденең қимасы бөлігінің келтірілген ауданының статистикалық сәті, см3;

S3 - эквивалентті брустың нейтралды осіне қатысты қарастырылып жатқан элементтің көлденең қимасының келтірілген ауданының статистикалық сәті, см3;

Fэ - қарастырылып жатқан элементтің келтірілген көлденең қимасының ауданы см2;

Fп - эквивалентті брустың түптік немесе палубалық белдігінің келтірілген көлденең қимасының ауданы, см2;

Н - түп және палубаплиталарының сыртқы беті аралығымен өлшенген кеменің борт биіктігі, м;

Σt- эквивалентті брустың нейтралды ось деңгейіндегі борт және бойлық аралықтардың қалыңдық сомасы, см.

817. Есепті күштер, сәттер және кернеулерді кеменің екі күйінің мүмкіндігі үшін табады: бүгілу - сығылған палуба кезінде және асыра майысу - сығылған түп кезінде.

818. Есепті күштерді, сәттерді және кернеулерді корпус элементтері едәуір кернеулі қима үшін есептеледі (кеменің ортаңғы бөлігіндегі, үлкен тіліктер ауданындағы, жиынтық жүйесін ауыстыру жерлеріндегі, бойлық байланыстардың үзілуіндегі және т.б. қималар).

819. Корпустың бойлық байланыстары және темірбетонды қондырмаларды осы Қағиданың 4-тарауы қарастырылған жағдайда болат кемелердің ұқсас байланыстары сияқты эквивалентті корпус құрамына қосады.



Ең үлкен өлшемі плиталардың 5 қалыңдығынан аспайтын және эквивалентті брус белдігінің қимасының ауданын 3% төмендетпейтін жекелеген тіліктерден әлсіреуді ескермеуге болады.

820. Эквивалентті брустардың элементтеріндегі иілу сәтінен болған бойлық күштерді керілген зонадағы бетон жұмысын ескермей анықтауға рұқсат етіледі, кН:



 

N = 102MSэ /I.                       (419)

 

Жалпақ бір түпті бір палубалы кемелер үшін иілу сәтіндегі бойлық күштерді жақындатылған формуламен есептейді, кН:

 

N = MFэ /HFп.                        (420)

 

821. Келтірілген көлденең қиманың ауданына арматуралардың барлық көлденең қимасын және бетонның сығылған зонасындағы көлденең қимасының 0,1 ауданын қосады.

822. Эквивалентті брустың тік элементтеріндегі ең көп жанама кернеулер (борттарда және бойлық аралықтарда), МПа:

 

τ= 10 QS /I Σt.                      (421)



 

Жалпақ бір түпті бір палубалы кемелер үшін ең үлкен жанама кернеулерді, МПа, мынадай жақындатылған формуламен анықтауға болады:

 

τ= 10-1 Q/HΣt.                       (422)



 

 

§ 3. Жергілікті жүктемеден есепті күштер, сәттер және кернеулер



 

823. Жергілікті иілу корпус байланысында есепті күштер, сәттер және кернеулер серпінді жүйелер үшін құрылыс механикасының жалпы ережесі бойынша анықталады және мынадай негізгі белгілермен қолданылады:

q және q1 - есепті жүктеменің интенсивтілігі, кН/м;

hвс - бортқа немесе аралықтарға гидростатистикалық жүктеме құраушы, су бағанасының биіктігі, м;

Моп - белдем-қима тіліктердің тірек қимасындағы иілу сәті, кНм;

Мпр - белдем-қима тіліктер аралығының ортасындағы иілу сәті, кНм;

l - белдем-қима тіліктердің жарыққа аралығы;

l1 - ось аралығындағы белдем-қима тіліктер аралығы, м;

lв - вут ұзындығы, м;

h - плиталар қалыңдығы, см;

hр - вут аудандағы плитаардың есепті қалыңдығы, см;

hB - вуттың толық биіктігі, см;

h вр - вуттың есепті ұзындығы, см.

824. Корпус жиынтығының көлденең байланыстары жай немесе көпаралықты белдемдер сияқты шпангоуттық рама құрамында есептелу қажет.

825. Жиынтықтың бойлық байланыстарын қабылданған конструкцияға байланысты рамалық шпангоуттарды және бимстерді серпінді немесе мықты тірек деп санап көлденең аралықтарға бекітуді ескеріп есептейді.

826. Көлденең байланыстардың инерция сәттері олардың қаттылыққа деген қатынасын анықтау үшін осы қималардың жұмысын серпінді деп болжап арматураларды ескермей есептеледі.

827. Үш немесе төрт жиек бойынша тірелген тікбұрышты плиталарды, егер жақтардың қатынасы 2:1 жоғары болса, плиталардың кіші жағына тең аралықты белдемдер сияқты есептеледі.

Жақтардың қатынасы 2:1 тең немесе кіші болғанда тікбұрышты плиталарды жұқа изотопты плиталарға арналған формула бойынша есептейді.

Екі жиекпен тірелген плиталар, тірелген жиектерге тең аралық қашықтығына тең белдемдер сияқты есептеу керек.

828. Белдемдердің есепті аралығы және плиталар үшін тіректің ось аралығының арақышқытығы қабылданады.



Шпангоуттық рамалардың геометриялық өлшемдері қаптаманың ішкі беті бойынша қабылданады.

829. hв/lв1/3, қатынасты вуттары бар белдемдер мен плиталарда вуттар тиісті қималардағы вуттур толықтай ескеріледі.

hв/lв > 1/3 қатынасты вуттар шартты түрде hв/lв = 1/3 қатынасы бар деп септеледі (осы Қағидаға 98-қосымша).

830. Жиынтық белдем қимасының элементтерін анықтау кезінде плиталардың жалғасқан белдіктері саналу қажет.



Жалғасқан белдіктің есепті енін қабырғаға жанасатын плиталар аралығының жарты моасына тең деп, бірақ 20 қалыңдықтан (немесе арматураланған вуттармен қабырғамен ұштасатын плиталардың 25 қалыңдығы) жоғары емес қабылдау керек.

Сонымен бірге жалғасқан белдік ені есепті белдем аралығының 1/3 өлшемінен аспау қажет.

831. Кесілмейтін арқалықтар және бөрене тілімдер үшін есептік тірек сәті ретінде тірек болатын қабырғаның шеті бойынша қимадаға сәт алынады. Сонымен бірге тіректердегі қысылған белдем-қима тіліктер, арматураланған вуттар және тең бөлінген жүктемелермен жүктелген, иілу сәттерін призматикалық емес белдемге арналған сияқты есептеуге болады, кНм:



тіректе

 

Моп = -ql2/(12ξ);                    (423)

 

аралықта



 

Мпр = ql2 (3-2ξ)/24,                 (424)

 

мұндағы ξ, — осы Қағидаға 99-қосымша бойынша анықталатын коэффициент.

832. Көлденең жиынтық жүйесі және борттардың плиталарының тік қабырғалармен беріктігін тексеру кезінде белдем-қима тіліктің жүктемесінің интенсивтілігіне мына формула бойынша есептелген мәннің ең үлкені қабылданады, кПа:

 

q = 9,81 (hвс - 0,5l);               (425)

 

q1 = 9,81•2hвс /3.                   (426)

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет