қағидасына
25-қосымша
Металл корпустардың техникалық жай-күйін анықтау бойынша
әдістемелік нұсқаулар
1. Жалпы нұсқаулар
1. Осы әдістемеде металл корпустардың техникалық жай-күйін анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (бұдан әрі - Әдістеме) осы Қағиданың 17 және 18-тарауының талаптарына және болат кемелер корпусының және кезекті куәландыру кезіндегі жеңіл балқымалы кемелдердің техникалық жағдайын анықтау үшін қолдануға құрастырылды.
2. Әдістеме сондай-ақ куәландырудың басқа түрлерінде кеме корпусының техникалық күйін анықтау кезінде қолданылады.
3. Кеме корпусының ақауын табу Кеме қатынасының тіркелімінің корпустарға ақаулық жүргізу үшін Тану туралы куәлігі бар мекеменің мамандарымен кеме иесінің өкілі қатысуымен жүргізіледі.
4. Корпустың ақауын табу кезінде өлшемдер көлемі алдыңғы ақаулық жүргізу материалдар негізінде және осы қосымшаның 2 және 3-тарауларында көрсетілгенді ескере отырып белгіленеді.
5. Қалдық қалыңдықтарын, деформация параметрлерін және басқа зақымдарын өлшеуді байқау нәтижелері бойынша келесі құжаттар әзірленеді:
1) қалдық қалыңдықтары мен кезінде тозу мен қалдық деформациялар бойынша байланыстар негізгі тобының техникалық күйін анықтауымен барлық қалдық деформацияның ақауын табу кезінде табылған өлшеу нәтижелерінің кестелері;
2) корпус байланыс топтарының тозған және зақымданған элементтерін ауыстыру және жөндеу жұмыстар көлемі көрсетілген ақау табу актілері;
3) Осы Қағиданың 202 және 204-тармағында көрсетілген қалдық қалыңдықтары, деформация параметрлері және басқа зақымдары көрсетілген борттардың екі жағынан сыртқы қаптамаларын, палуба төсеніші мен екінші түбін, ішкі борттар қаптамасы мен өткізбейтін аралықтардың созылуы.
6. Ақау табу жұмыстары аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерін, соның ішінде алдыңғы жүргізілген ақау табу мәліметтерімен салыстырылып тексеру жүргізіледі.
Сәйкессіздік табылған кезде немесе алынған нәтижелерінің дұрыстығына күмән туындаса қайта өлшеу өткізеді.
Ресімделген құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қалдық қалыңдықты және деформация параметрлерінің мәнін бақылауды тексеруін орындауды талап етеді.
Ескертпе. 25 м дейін кемелерге созылуды көрсетпеуге болады, ал ақаулар ақау табу актісінде жазылуы керек.
7. Сыртқы қаптаманың созылуында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы Әдістеменің 5-тармағы 3) тармақшасына қосымша жөндеу нәтижесінде пайда болған барлық өзгерістер (қаптама, төсеніш, жиындарды ауыстыру, жарықтарды дәнекерлеу, деформацияларды түзету және т.б.) көрсетіледі.
Созылулар кемеде келесі кезекті куәландыруға дейін сақталынады.
2. Корпустың байланыстар қалдық қалыңдықтары бойынша
техникалық жай-күйін анықтау
8. Тозуды коррозиядан және өшірілуді анықтау кезінде мынадай терминдерді қолданылады:
1) жергілікті тозу - байланыстың сыртқы бөлігін қамтитын тозу;
2) тұтас тозу - байланыстың барлық қабатын қамтитын тозу;
3) біркелкі тозу - байланыстың барлық қабаты бойынша біркелкі отыруымен тұтас тозу;
4) әркелкі тозу - байланыстардың барлық қабаты бойынша әр-түрлі отыруымен тұтас тозу;
5) ойық жара тозуы - бөлек металлда болатын қуыс түріндегі тозу.
9. Байланыстар элементтерінің қалдық қалыңдықтарын корпустың орта бөлігіндегі екі сипатты қималардан және бір қиманың әр ұштарының аса анықтайды.
50 м дейін кемелер корпусының орта бөлігінде бір сипатты қималарда өлшеуге рұқсат етіледі.
Қималар көлемі кеменің конструктивтік ерекшелігінен және жасына, тозулар түріне, пайдалану жағдайларына және т.б. байланысты анықталады.
10. 50 м және одан аса ұзындықты барлық кемелер сериясына байланыс элементтері қалдық қалыңдықтарының көлденең қималары мен өлшеу орындарының координаттары белгіленген корпустан ақаулық сызбасын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлермен әзірлеу және келісу ұсынылады.
11. Кесте мынадай нұсқауларды ескере отырып әзірленеді:
1) корпустың беріктілігіне байланысты жалғану элементінің қалдық қалыңдықтарын анықтау үшін таңдалған көлденең қималар аса қауіпті (көлденең қималардың үлкен ойықтармен, кіші алаңдармен босануы және т.б.) болады;
2) схеманың техникалық талаптарында схемамен алдын ала қарастырылған қималармен салыстырғанда аса тозған байланыс элементтерінің ішкі байқау немесе орындарында табылған алдыңғы ақау табу нәтижесі бойынша қосымша орындарда қалдық қалыңдықтарды өлшеу қажеттілігі атап өтіледі.
Қалдық қалыңдықтарына келесі ақаулық өлшемдері кезінде кестемен қарастырылған қималарда сыртқы қаптаманы ауыстырған жағдайда оларға жақын орналасқан табақтары ауыстырылмаған қималарда жүргізіледі;
3) әрбір байланыс топтарының (көлденең қимада) қалдық қалыңдықтары осы топтың барлық элементтеріне белгіленеді, бірақ палуба, түптің, екінші түптің бес элементтерінен кем емес және ішкі және сыртқы борттар мен аралықтардың үштен кем емес элементтерін анықтауға рұқсат етіледі.
12. Байланыс топтар элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын өлшеу оның кемдігі белгіленген мағынадан аспайтын, Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген ультрадыбысты, микрометрлік, салмақты немесе басқа тәсілдер арқылы жүргізіледі.
13. Осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес таңдалған 200х200 мм өлшемімен байланыстың ақаулық элементі ауданын ультрадыбысты тәсілмен өлшеу кезінде байланыс элементтерінің қалдық қалыңдықтарын өлшеуін 10 реттен аса жүргізеді.
Байланыс элементтерінің орта қалдық қалыңдықтары өлшеу нәтижелерінің орта арифметикалық деп анықталады. Қалыңдықтарды өлшеу кемдігі 0,15 мм аспауы рұқсат етіледі.
Өлшеу қабатында ойықтың тереңдігі 1,55 мм және одан аса болса, ойық тозуды осы Әдістеменің 1-формуласы бойынша ескере отыру қажет.
14. Байланыс топ элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын микрометрикалық тәсілмен анықтау кезінде осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес таңдалған өлшеу ауданындағы саңылауларды бұрғылап теседі.
15. Өлшеу ауданында екі жақты тозған байланыс элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын tоp, мм мынадай формула бойынша анықтайды:
tор = tор бл1/2 hоріш ұв-1/2 hорср ұн, (1)
мұндағы tорбл — бұрғылау орындарында орта қалдық қалыңдықтары, мм;
hоріш , hорср — ішкі және сыртқы беттегі ойықтардың орта тереңділігі, мм;
ұі, ұс — ойық тозудың сәйкесінше ішкі және сыртқы бет бойынша таралу дәрежесі осы тараудың 13-тармағына сәйкес.
16. Осы Әдістеменің 1 формуласына жататын биіктік мәнін келесі тәсіл арқылы анықтайды.
Ақаулық табу элементінде осы қосымшаның 9 және 10-тармақтар талаптарына сәйкес 200х200 мм көлемді өлшеу ауданын таңдайды. Ойықтан тыс таңдалған ауданда бұрғылау және құралды әр саңылауда 900 бұра отырып, қалыңдықты 4 рет өлшейді.
Бұрғылау аудандарында tорбл орта қалдық қалыңдықтары үштен жоғары бұрғылауды өлшеу нәтижелерінен орташа арифметикалық сияқты анықталады.
Ойықтардың орташа тереңділігі hоро 6-10 ойықтардың тереңділігін өлшеу нәтижелерінен орташа арифметикалық сияқты анықталады.
Өлшеу үшін тереңділігі аса төмен ойықтарды таңдау қажет. Өлшеулерді тереңдік өлшеуіш, сағат типті индикатор немесе басқа да тектес құралдар арқылы жүргізу керек.
17. Ойық тозудың таралу дәрежесін өлшеніп жатқан ауданында ойықтармен орын алған Sо ауданның телімнің барлық ауданына S қатынасы ретінде анықталады:
ұ = Sя/S. (2)
18. Элементтің әр жағынан таралу ойықтардың ауданын калькаға түсірілген сым темірді шаблондар, торды трафареттер, немесе басқа да сол сияқты құрылғылар арқылы көзбен шолып анықталуы керек.
19. Микрометрикалық тәсілде қалдық қалыңдықтарды өлшеу кемдігі 0,1 мм, ойық тереңдігі - 0,2 мм, ойық тозуының таралу дәрежесі - 0,1 мм аспауы рұқсат етіледі.
20. Салмақты тәсілде осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарына сәйкес таңдалған өлшеу аумағында байланыс топтың ақауын табу элементінен орташа қалдық қалыңдығын анықтау кезінде, оны тазалағаннан кейін өлшеп және іліп қоятын 200х200 мм-ден көлемді тақтайшалар кесіп алынады.
21. Орта қалдық қалыңдығын мынадай формула бойынша анықтайды, мм:
tср = 1000М/(pS), (3)
мұндағы М - 3 г кем кемдігімен анықталатын тақтайша салмағы, кг;
р - байланыс материалының тығыздығы, кг/м3:
болатты жалғанулар үшін р=7850 кг/м3 -;
жеңіл қорытпадағы жалғанулар үшін р=2700 кг/м3 деп қабылдауға болады;
S - 0,1 мм-ден кем кемдігімен өлшенген жақтардың нақты өлшемін көбейтумен анықталатын тақтайша ауданы, м2.
22. Жалғанулар тобының орташа қалдық қалыңдық мағыналары мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы tоp — корпустың байланыс элементінің орташа қалдық қалыңдығы, мм;
bэ — байланыс элементінің ені, м;
п — байланыс тобындағы элементтер саны.
23. Байланыс тобының орташа қалдық қалыңдығының алынған мағынасын осы Қағиданың 1 және 5-қосымшасында көрсетілген нормалармен салыстырып, әрбір қима байланыс тобының техникалық күйін анықтайды.
24. Байланыс табақтары мен басқа элементтерін жөндеп, ауыстырғаннан кейін соның негізінде орта қалдық қалыңдықтар бойынша корпустың техникалық күйі анықталатын, осы қимадағы байланыс тобының орта қалдық қалыңдығының мағынасы қайта анықталады.
25. Егер бөлек элементтерінің (белбеудің бет жағы, ватерсызық ауысу аумағындағы қаптама және т.б.) орта қалдық қалыңдығы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес рұқсат етілетін нормадан кем, немесе кеңейген ойық аумағындағы қалдық қалыңдығы рұқсат етілгеннен кем болса, онда мұндай табақтар және белбеулер байланыс тобының орта қалдық қалыңдығына қарамастан ауыстырылады немесе (олардың аз мөлшерінде) ойықтар дәнекерленеді.
26. Егер тозу аралық жиынының бекітілген сызығы бойынша шоғырландырылса қалдық қалыңдық аса тозған көлденең қималар бойынша анықталады (аралықты дәнекерлеу жерінде, бірақ оның қабырғасынан 15 мм аспай, табақтағы аса тозған сызығы бойынша).
27. Егер көлденең аралық бойынша дәнекерлеу сызығы аумағында жоғарғы жергілікті тозу Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген еріген металды құю мен басқа тәсілдермен жойылса, жөндеуден кейінгі корпустың техникалық күйі туралы ақырғы қорытындысы жоғарғы жергілікті коррозия аймағынан тыс жерлерде орындалған өлшеулер нәтижелері бойынша қабылданады.
28. Жиын элементтерінің (белдік қабырғаларын) қалдық қалыңдықтарын өлшеулерде қаптамада қолданылатын өлшеу тәсілдері мен амалдар қолданылады.
Бұл техникалық болуы мүмкін жерлердегі жиын элементтерінің қалыңдықтары штангенциркульмен, микрометрмен және с.с. өлшенуі мүмкін.
Байланыстардың өлшеу көлемі біртекті байланыстардың теңсіздік дәрежесіне байланысты ішкі байқау негізінде анықталады.
Құрылыс бояулары сақталған жиын элементтерінде қалдық қалыңдықтарын өлшеуге тыйым салынады.
29. Егер сыртқы қарауда полособульба байланысының маңызды тозуы анықталса, онда қалдық жарма аумағы таразылы әдіспен анықталады.
Бұл үшін полособульбаның аймпайдаланған кеседі, осындай есеппен қаптаманы бөліп өңдеуден кейін станкіден өлшемі ұзындығы бойынша 200 мм және биіктігі бойынша (h - 20) мм, мұндағы h - полособульбаның алғашқы биіктігі үлгісін алу.
Тазартудан кейін үлгі өлшенеді.
Полособульба қимасының қалдық қалыңдығының Кқалд қима теориясының ауданына қатынасы мынадай формула бойынша анықталады:
Кқалд = Миз/Мm (5)
мұндағы Миз — кемдігі 3 г кем анықталатын нұсқа салмағы, г;
Мm — биіктігі 20 мм төмендетілген ұзындығы 200 мм полособульбаның теориялық салмағы осы Қағиданың 4-қосымшасы 1-қосымшасына сәйкес.
3. Қалдық деформациясы бойынша кеме корпусының техникалық жай-күйін анықтау
30. Жаншылу жиынымен табақтардың жергілікті қалдық деформациясы үш нормалау параметрлерімен бағаланады:
1) Палуба мен түпке бөлек корпус ені бойынша Σb/В жаншылудың таралу дәрежесі немесе әрбір борт үшін бөлек кеме бортының биіктігі Σh/H бойынша осы Қағиданың 25-қосымшасына___2-қосымша_______Корпус_жаншылуы'>25-қосымшасына_2-қосымшаға'>25-қосымшасына 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ борт биіктігі бойынша нормалау жеңіл ерітілген кемелер үшін ғана жүргізіледі;
2) жаншылудың иілімі f ең көп болатын көрсеткіш бойынша;
3) f жоспарда ең кіші өлшеміне жаншылу иілімінің f көрсеткішіне қатысты, сонымен қатар, ол үшін f/l қатынасы, Қағидада көрсетілген ақырғы мағынасын асырса кемені пайдалануға тыйым салынады.
31. Иілім көрсеткішінің мағынасын ең көп майысқан жеріндегі түрі өзгерген жиынды қимада өлшеу қажет.
f/l қатынасы жаншылудың «бір салыңдылығы». Ол аса жоғарылаған сайын, әсіресе осы аймақта қаптама мен жиынтық аса өзгертілген және бұдан әрі пайдалану үшін жиын мен қаптама ажырауы мүмкін.
32. Кеме жиынының аралығынан рамалық сияқты және бос аралықтар деп түсінеді.
Көлденең жүйеде кеме жиынтығының аралықтары арасындағы арақашықтықты - шпация, ал бойлық бойынша бойлық қабырғалар арасындағы арақашықтық, яғни кемелік жиын аралықтары арасындағы арақашықтық әрқашан тілімнің кіші бетінің көлеміне тең.
Кеңірдекше қатару мен шығанақтың нормалары бойлық және көлденең жүйелер жиыны үшін біркелкі болады.
33. Осы Қағидаға 25-қосымшадағы 3-5-қосымшаға сәйкес жергілікті қалдық деформацияны (кеңірдекше қатару, шығанақ, жаншылу) өлшеуді арнайы шығанақ өлшеуішпен немесе сызықшамен, үлгі қимамен, метрмен орындау керек. Қалдық деформациялық иілім көрсеткіші кемдігі - 2 мм, жаншылу аралығының кемдігі - 0,1 м кем болып өлшенеді.
34. Жаншылу, шығанақ және кеңірдекше қатарудың ақауын табу кезінде табылған барлық ақаулардың өлшенген параметрлерін осы Қағиданың 2 немесе 5-қосымшаларында көрсетілген нормалармен салыстыру негізінде қалдық деформация бойынша корпустың техникалық күйі жөніндегі қорытынды жасалады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
1-қосымша
Полособульба №
|
5
|
5,5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
12
|
14а
|
14б
|
200х(h-20) мм өлшемді полособульбаның теориялық салмағы, г
|
324
|
409
|
523
|
643
|
763
|
927
|
1162
|
1546
|
1990
|
2367
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
2-қосымша
Корпус жаншылуы
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
3-қосымша
Кеңірдекше
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
Достарыңызбен бөлісу: |