қағидасына
27-қосымша
Еспелі біліктің резеңке металды біліктіректердегі саңылаулар нормалары
Еспелі біліктің қаптауының сыртқы диаметрі, мм
|
Білік қаптауы мен резеңке металлды тақтайша жиын арасындағы саңылау, мм
|
Дейдвудты құбырлардың төлкелері үшін және кронштейнді еспелі біліктер үшін қондырғылар
|
Пайдаланудағы ақырғы
|
Дейдвудты құбырлардың алдыңғы және артқы жағының төлкесі үшін
|
Еспелі біліктің кронштейнді төлкелері үшін
|
50-100
|
1,10-1,30
|
2,8
|
4,0
|
101-150
|
1,20-1,40
|
3,0
|
4,4
|
151-200
|
1,30-1,50
|
3,3
|
5,0
|
201-250
|
1,40-1,60
|
4,0
|
6,0
|
251-300
|
1,60-1,90
|
4,5
|
6,6
|
Более 300
|
1,70-2,20
|
5,0
|
7,0
|
Ескертпе. Кронштейндер болмаған жағдайда мойынтіректердегі қондырылған саңылау 30% кемуі мүмкін.
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
28-қосымша
Гельмпортты төлкелердегі саңылау нормалары
Орнату белдігіндегі баллер диаметрі, мм
|
Төлке мен баллер арасындағы саңылау, мм
|
орнатулар
|
Пайдаланудағы ақырғы
|
25-50
|
0,20-0,30
|
1,5
|
51-100
|
0,25-0,35
|
2,0
|
101-150
|
0,30-0,40
|
2,5
|
151-200
|
0,35-0,45
|
3,0
|
201-250
|
0,40-0,50
|
3,5
|
251-300
|
0,45-0,55
|
4,0
|
301-350
|
0,50-0,60
|
4,5
|
351-400
|
0,55-0,65
|
5,0
|
401-450
|
0,60-0,70
|
5,5
|
451-500
|
0,65-0,75
|
6,0
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
29-қосымша
Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау бойынша
әдістемелік нұсқаулық
1. Жалпы нұсқаулық
1. Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау бойынша Әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) осы Қағиданың 59-тарауында көрсетілген талаптарға пайдалану үшін жасалды және кезекті куәландыру кезінде кемелердің электр жабдықтарының техникалық жай-күйін анықтау үшін арналған.
2. Бұл Әдістеме сондай-ақ алғашқы, жыл сайынғы және электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау қажеттілік кезінде кезектен тыс куәландыруларда пайдаланылады.
3. Электр жабдықтың ақауын табу электр жабдықтың ақауын табуға Кеме қатынасының тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мекеме маманымен, кеме иесінің өкілі қатысуымен жүргізіледі.
Электр жабдықтың ақауын табу кезінде алдыңғы ақау табу материалдары мен пайдалану құжаттары: сызбалар, схемалар, формулярлар, паспорттар, сипаттамалар, машиналық және электротехникалық журналдар қолданылады.
4. Электр жабдықтың ақауын табу кезінде орындалады:
1) электр жабдықтың көзбен шолып бақылау үшін рұқсат етілген барлық элементтерін қарау;
2) жүктеме салып әрекетте тексеру;
3) электр машиналардың біліктерінің оқшаулау, диаметр, коллекторлардың тозуы мен соғылуы мен байланыс сақиналар, ауа саңылаулары, ось қарқын қарсыласуын өлшеу.
5. Кемеде орнатылған барлық электр жабдықтар ақау табуға жатады.
Ақаулық көлемі ақау табу бойынша нұсқаулықпен анықталады.
6. Әрекетті жүктемемен тексеру электр жабдықтың тура жұмысын орындау бойынша, оны тексеруді айтады.
Кеменің қозғалтқыш режимді қамтамасыз ететін электр жабдық әрекетте тексеріледі.
7. Ақау табу мақсатында электр жабдығын жасау барлық қажет өлшеулердің орындалуын және электр жабдық элементтерінің техникалық күйін анықтауды қамтамасыз ететін көлемде орындалады.
8. Жөндеу жұмыстары арнайы цехта жүргізілетін электр машиналарды кемеде бөлшектеуге және ақау табуға жатпайды.
9. Электр жабдықты қарау, әрекетте тексеру, оқшаулау қарсыласуын өлшеу және басқа параметрлері негізінде оқшаулаудың қарсыласу өлшемдері және электр машиналардың осы Әдістеменің 4-тармағының 3) тармақшасының параметрлерінде көрсетілген басқаларына қоса электр жабдықтың ақау табу актісі жасалады.
Әзірленген акт куәландыру жүргізетін және жөндеу жұмыстар көлемін келісетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.
Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерінің қатысуымен электр жабдықтың параметрлерін соңғы өлшеуін талап етіледі.
Ұсынылған акт нысаны осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Электр жабдығының оқшаулауының қарсыласуы бойынша техникалық жай-күйін анықтау
10. Оқшаулаудың қарсыласу өлшеулері кернеусіз, ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген электр жабдық өшірілгеннен кейін бірден жүргізіледі.
11. Оқшаулаудың қарсуласуын мыналарда өлшейді:
1) электр машиналарда - орамалар және корпус арасында мен түрлі жанасатын фаза, тарау, кернеулер орамалар арасында (бұл мүмкін болса);
2) таратқыш құрылғыларда - шина мен корпус арасында және түрлі фазалар мен ішкі өшірілген тізбек, жұмысшы жерге қосылулар, кернеу катушкалар, жарты өткізгіш элементтерінде және басқа арасында;
3) кабельдерде - кеменің әр желісі мен корпус арасында және желілер арасында.
12. Электр жабдықтың оқшаулау қарсыласуын ауыспалы мегаомметрмен өлшейді.
Мегаомметрдің шығу кернеуі осы Қағиданың 29-қосымшасының 2-қосымшасында көрсетілген электр жабдықтың номиналды кернеуіне сәйкес келеді.
13. Аккумулятордың оқшаулауының қарсыласуы айтылған ішкі қарсыласуымен вольтметр арқылы өлшейді.
14. Оқшаулау қарсыласуы Rm, мынадай формула бойынша есептелінеді, Мом:
Rиз = Rв[U-(U1+U2)]/(U1+U2) (1)
мұндағы Rв — вольтметрдің ішкі қарсыласуы, МОм;
U — аккумуляторлардың қысқыштарындағы кернеу, В;
U1, U2 — сәйкесінше оңды және теріс полюстар мен кеме корпус арасындағы шама әр түрлілігі, В.
15. Оқшаулау қарсыласуды өлшеу, ереже бойынша + 100С кем емес температуралы қоршаған ортада жүргізіледі.
16. Оқшаулау қарсыласудың мағынасының есебін сынау кернеулерін қосқаннан соң 1 минуттан кейін жүргізіледі.
17. Электр жабдықтың оқшаулау қарсыласуын өлшеу нәтижелері осы Қағиданың 29-қосымшасының 3-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес кестеде көрсетіледі.
Оқшаулау қарсыласудың өлшенген мағынасы осы Қағиданың 10-қосымшасында көрсетілген оқшаулау қарсыласу нормасымен салыстырады.
3. Электрлі машиналардың техникалық жай-күйін анықтау
18. Электр машиналарын сыртқы бақылау кезінде мыналарды тексереді:
1) жинақтылық (барлық элементтер мен тораптардың бар болуы);
2) станиннің, қалқан мойынтіректердің, қақпақтардың, шығу қораптарының, лаптың техникалық күйі;
3) электр машиналар мен оның жеке детальдарының бекітілуінің техникалық жай-күйі (муфта, көру қақпақшалары, қақпақшалар, желдеткіш тор, траверс, щеткаұстағыштар);
4) жерге тұйықтау құрылғыларының техникалық жай-күйі мен бар болуы;
5) траверстің жай-күйі, щеткалы аспап, коллектор не контакті сақиналардың техникалық жай-күйі;
6) ораманың бекітілуі, жамылғы лактың, бандаж, ораманың мандай бөлігінің техникалық жай-күйі;
7) мәжбүрлік вентиляция жүйесінің техникалық жай-күйі, сумен салқындату жүйесі.
19. Сыртқы бақылау қорытындысы қанағаттандырылғаннан кейін және оқшауландыру кедергісі өлшенген соң, электрлік машина жүктемеге сыналады. Бұл жағдайда мыналар тексеріледі:
1) машинаның барлық бөлігі не оның кейбір бөліктерінің қызып кетуі;
2) коллектор не байланыс сақинасының ұшқындау дәрежесі;
3) тарсыл, діріл, шу ерекшелігі;
4) айналу жиілігі не номиналды кернеуін ұстап тұру.
Кернеуді бақылау қалқанды не қозғалмалы, дәлдік сыныбы 2,5-тен кем емес вольтметрмен жүзеге асады.
Айналу жиілігін бақылау тахометр не қалқанды жиілік өлшегішпен жүзеге асырылады (генераторлар үшін).
20. Жүктемемен тексерілгеннен кейін, техникалық жай-күйі мен жөндеу көлемі анықталу үшін электрлік машинаның параметрлері өлшенеді.
21. Орамадағы ақау анықтау кезінде оқшаулану кедергісі, айналым мен паздық оқшауланудың техникалық жай-күйі тексеріліп, орамадағы не шығу жолында үзілу, айналымның тұйықталуы және т.б. барлығы жөнінде анықталады.
22. Тұрақты және айнымалы токты электрлік машиналардың орамасындағы ақауды анықтау үшін электронды аспаптарды пайдаланады.
Осы аспаптардың көмегімен ақау анықтауды арнайы пайдалану туралы нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады.
23. Айнымалы токты машинаның ротор мен статор аралығында және тұрақты токты машинаның полюс пен зәкір аралығында ауа саңылауы, егер осы мүмкін және қажет болса, ағаттығы 0,1 мм-ден кем емес қуыс бұрғымен өлшенеді.
Өлшеу қорытындысы бойынша ең үлкен (не ең кіші) саңылаудың орташа мәндегі саңылауға қатынасы есептеледі және электронды машинаның формулярында келтірілген мәнмен салыстырылады.
24. Сырғанай айгөлектегі ротордың (зәкір) осьтік екпіні индикатор арқылы өлшенеді.
Екпінді өлшеу үшін роторды бір жаққа тіреуішке дейін итереді. Қарама қарсы жақтан индикаторды оның ұшы машинаның валы ұштығына тірелетіндей етіп бекітіледі. Содан кейін роторды (зәкір) индикаторға жаққа қарай қозғалдырады және ондағы мәнмен ағаттығы 0,1 мм-ден аспайтын осьтік екпінді анықтайды.
25. Коллекторда ақау анықтағанда оның техникалық жай-күйі, конустың бекітілуі, құраманың техникалық жай-күйі, коллекторлық пластина арасындағы оқшаулық, пластиналардың жұмыс беті, тиыршықтың болуы, жапырылу, сақиналы тәуекел, айналмалы оттың ізі, күйік, қорытылуы және т.б. тексеріледі.
Жөнделген машинада коллектордың беті қоңырқай түсті оксидті пленка қабаты бар таза және тегіс болуы қажет.
26. Дәлдігі 0,01 мм коллектор мен байланыс сақинаның дүрсілі индикатормен өлшенеді.
Индикатордың білікшесін коллектордың пластинасына тиюін болдырмау үшін, білікшенің аяқ жағына сегмент түріндегі лапка немесе жақсылап сүртілген щеткаға білікшені орнатады.
Егер де машинада сырғанау айгөлегі болса, индикаторды коллектордың жоғарғы не төмен бөлігінде орнатады (контакт сақиналары).
27. Щетка мен щетка ұстағыштарда ақау анықтағанда, щетканы коллекторға қысылуын қамтамасыз ететін серіппенің техникалық жай-күйі, щетка мен щеткаұстағыштың ыдысының арасындағы саңылау, коллектор мен щеткаұстағыш ыдысының арақашықтығы, щетка ұстағыш саусақтарының оқшаулану кедергісі, щеткалардың тозу дәрежесі мен жгутиктердің престелу сапалылығы, траверс, щеткаұстағыш пен саусақтың бекітілу қатаңдығы, щетка ұстағыштың серіппелеріндегі коррозияға қарсы жабынның техникалық жай-күйі тексеріледі.
Щетканың коллекторға қысылу екпіні дәлдігі 10 Н-ден аспайтын динамометрмен өлшенеді.
28. Теңселу айгөлектің тораптарында ақау анықтағанда айгөлектің білікке сапалы орнатылуы, капсюль не ұясында, капсюльдің ұяға орнатылуы, шарик пен роликтердің бетінің қабыршақтануы, жүгіру кілемшелері, сепаратор мен ішкі және сыртқы сақиналардағы оқ орны, бұзылған шарик не роликтардың, капсюльдің фланцындағы жарықшақ пен омырылу болуы тексеріледі.
29. Сырғанау айгөлегінде ақау анықтағанда айгөлекті ыдысқа кіргізілуі, құйылудың жағдайын антифрикциялық металмен тексеріледі.
Білік пен айгөлек арасындағы саңылауды оның жоғарғы нүктесі мен қыстырма арасын дәлдігі 0,01 мм-ден аспайтын қуыс бұрғы арқылы өлшенеді.
Қалақшалы электр қозғалтқыштың айгөлектеріндегі саңылауды «сығымдау» әдісімен өлшеу мүмкіндігі бар.
30. Біліктің ақауын табу кезінде мойындарында саңылаулардың болуы, мойындардың тозуы, білік қабатының орнату алаңының эллиптілігі және конустылығы, кілтекті жіктің күйі тексеріледі.
31. Желдеткіш қанаттың ақауын табу кезінде радиал және осьті бағыттардың ұрылуын, төлкені білік үстіне отырғызу сенімділігі, дәнекерлеу тігісі және тойтарма, қанат қабаттары күйі тексеріледі.
32. Активті темірдің ақауын табу кезінде оның қабатының техникалық күйін, пакет басылуы сапасын, оларды білік үстіне қондыру беріктілігін және статор темірінің жылжуы болмағандықтан, тартымды бұранданы оқшаулаудың техникалық күйін тексереді.
33. Электр машинаның ақауын табу, сондай-ақ диаметр өлшемдері және байланыс сақиналар мен коллекторлардың, ауадағы саңылаулар, біліктердің осьті екпін ұрылуы осы Қағиданың 29-қосымшасына 4-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес кестеде көрсетеді.
34. Өлшенген коллектор мен байланыс сақиналадың соғылу мағынасын осы Қағидада көрсетілген соғылу нормасымен салыстырады.
35. Өлшенген коллекторлар және байланыс сақиналарын, ауадағы саңылаулардың диаметр мағынасын осы машинаға рұқсат етілу шегімен салыстырады.
Егер өлшенген мағыналар рұқсат етілу шегімен тең немесе аса болса (диаметрлер үшін - кем) техникалық күйі жарамсыз болып танылады.
Техникалық жай-күйі сондай-ақ, ақау табу кезінде осы Қағиданың 442-тармағында көрсетілген ақаулар табылса жарамсыз деп танылады.
4. Тарату құрылғылардың техникалық жай-күйін анықтау
36. Тарату құрылғыларын сыртқы бақылау кезінде корпус пен панельдердің техникалық жай-күйін, оларда орнатылған аспап пен құралдар, токөткізгіштік бөліктер мен корпустардың бекіту бөлшектері, доңғалақтар, кабель мен желілер, оқшаулану панельдер мен т.б. тексеріледі және ондағы сызат, күйік, жаншылу, тиыршық, қалақшаның сынуының болуы, коррозия, сонымен қатар рең мен жерге тұйықтаудың техникалық жай-күйі тексеріледі.
37. Сыртқы бақылаудың қорытындысы қанағаттандырылса, тарату құрылғысы оқшаулану кедергісі өлшенген соң электр энергиясы мен кабельдермен бірге жүктемеге тексеріледі.
38. Тарату құрылғысының ішкі монтажының желілерінің ақаулығын анықтағанда, оқшауланудың техникалық жай-күйі, ұштарының бекітілуі, таңбалануының болуы тексеріледі.
Егер желінің оқшаулануы иілу кезінде оның екі диаметріне тең радиус бойынша үзілсе, онда желі ауыстырылуға жатады (тексеру іріктеліп алынады).
Оқшаулану панелінде қатпарлану, сынық, оқ орны, күйіктің болуы тексеріледі.
39. Коммутациялық аспаптарда ақау анықтау кезінде оның контактысының бөліктерінің жағдайы тексеріледі: жанасу үстін, тетікті басудың бастапқы және соңғы жігері, контактының ойылым мен ашылған жері, оқшауланудың техникалық жай-күйі, автоматтық ажыратқыштардың контактыларының тұйықталу реті, ал электр жетекті автоматтық ажыратқыштардың барлық электр және механикалық тораптары анықталады.
40. Байланыстардың жанасу беттерін анықтау үшін көшірме және таза қағаз салынады, содан кейін аспап толық қосылғанға дейін оның якоріне басып тұрады. Қағаздағы даққа қарап, жаңасу беті туралы жорамалдауға болады.
41. Байланыстың бастапқы басу жігерін бақылау үшін, динамометрді қозғалатын контактыға қозғалмайтынмен жанасу бағытымен бекітіп қойып, ал якорь мен өзек арасына жұқа қағаз салынады. Динамометрмен керіп тартқан кезде қағаз еркін орын ауыстыра бастағанда, санақты бастау қажет.
42. Тетікті басудың соңғы жігері тұйықталған контактысы бастапқы кезіндегідей тексеріледі. Бұл жағдайда қағаз жолағы контакт арасына салынады.
Егер тарату құрылғыларында ақау анықтау жұмысы жүргізілген кезде осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |