Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдарлар
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі
іс-шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Геосаяси тәуекелдер
|
Транзиттік тасымалдауға бағытталған, көршілес елдердің аумағында жаңа балама маршруттардың пайда болуы.
|
Бұл тәуекелдердің төмендеуіне Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасау ықпал етеді.
|
Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың күрт нашарлауы және әскери қақтығыс басталған жағдайда Иран аумағы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жобасын іске асыру.
|
Бағалық тәуекелдер
|
1. Энергия көздеріне бағалардың өсуі мемлекеттік және жеке көлік кәсіпорындары шығындарының өсуіне әкеледі.
|
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.
2. Әуе тасымалында бәсекелес нарықты құру.
|
2. Көлік саласын дамыту үшін қауіпті фактор кәсіпорындардың өнімдерімен бірге жүк ағындарының негізгі құрамын қалыптастыратын энергия көздеріне әлемдік бағалар болып қалуда.
3. Осы сегменттерде әлем коньюнктурасының нашарлауы тек жүк айналымдары көрсеткіштерінің төмендеуіне ғана әкеп соқпайды, көлік кәсіпорындары табыстарының төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ инфрақұрылымдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады.
|
1. Осы тәуекел түрлерінің төмендеуі мемлекеттік- жекешелік әріптестік тетіктерінің дамуына байланысты болады.
2. Батыс-Шығыс бағытында көлік инфрақұрылымын және жаңа транзиттік маршруттарды құру.
|
4. «Цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы инфляция деңгейін есепке алмай жабдыққа және құрылыс жұмыстарына бағалар қойылған Қаржы экономикалық негіздемеге (ҚЭН) сәйкес қаржыланады. ҚЭН бойынша қаржыландыру мерзімі – 2012-2014 жылдар. Қаржыландыруды бұдан да ұзақ мерзімге созған жағдайда, жоба құны инфляция деңгейінен немесе одан да тезірек қымбаттайтын болады.
|
Жобаның ҚЭН-ге сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе құнының қымбаттау бөлігіндегі ҚЭН-ге өзгерістерді уақтылы енгізу.
|
Технеогендік және экологиялық тәуекелдер
|
Көлік инфрақұрылымының және жылжымалы құрамның тозу шамасына қарай ықтималдығы арта түсетін ірі техногендік немесе экологиялық апат күрделі қосымша қаражатты талап етеді және көлік жүйесінің басқа обьектілерінен қаражатты аударуға әкеліп соғады.
|
1. Бұл тәуекелдерді төмендету үшін алдыңғы қатарлы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту қажет.
2. ТЖМ-мен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және авариялық жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
|
Мемлекеттік және атқарушы органдардың мемлекеттік кепілді тапсырыстарын қалыптастыру және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды ұйымдастырудағы белсенділігінің төмендігі
|
«Мультимедиалық қызметтерді ұсынуға бағытталған қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын дамыту» стратегиялық бағыттағы қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмау.
|
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің аса тиімді жұмыс істеуі.
|
Азаматтық мәндегі радиожиілік спектрінің босатылмау мүмкіндігі
|
«Мультимедиалық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын, инновацияларды дамыту» стратегиялық бағыттағы қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмау.
|
1. Осы тәуекелді төмендету үшін жобаның тершілік циклінің әрбір кезеңінде мерзімдерді жоспарлауға және бақылауға әсер етеді.
2. Халықты байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету үшін радиожиілік спектрінің қажеттілігін негіздеумен оларды босату мәселелерін радиожиілік спектрінің ведомствоаралық комиссия талқылауына қайта шығару мақсатында тиісті іс-шараларды өткізу.
|
Мемлекеттік және атқарушы органдардың цифрлық эфирлік хабар тарату бойынша қызметтерді ақпараттандыру мен дамытудағы төмен белсенділігі
|
Ел тұрғындарының цифрлық эфирлік хабар тарату сигналын қабылдау үшін клиенттік жабдықты сатып алу мен орнатудағы қызығушылығының жоқтығы, осының салдарынан «Женева 06» халықаралық келісімімен белгіленген мерзімде цифрлық эфирлік хабар таратуға көшудің мүмкін еместігі.
|
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тиімді және үйлесімді ақпараттық саясаты, сондай-ақ цифрлық эфирлік хабар тарату сигналын қабылдау үшін клиенттік жабдықты сатып алу мен орнатуға тұрғындарды ынталандыру.
|
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді уақтылы құрмауы.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың «электрондық үкімет» құрауыштарымен ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыруда белсенділігінің төмендігі.
Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны және оны дамытудың төмен деңгейі.
Мемлекеттік органдардың есептік ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтердің өзекті еместігі.
|
«Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу процестерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру» стратегиялық бағыттағы қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмау.
|
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді уақтылы құруы және ведомствоаралық интеграциялау.
2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарының және жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
3. Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін бағалау.
4. Есептік ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді уақтылы енгізу және толық өзекті ету.
|
Кеден одағы шеңберінде ақпарат алмасу жөніндегі мемлекетаралық шлюздің уақтылы құрылмауы
|
Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен жедел алмасу мүмкіндігінің болмауы.
|
Кеден одағы шеңберінде ақпарат алмасы үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін мемлекетаралық шлюзбен ықпалдастыру.
|
Ішкі тәуекелдер
|
Техногендік тәуекелдер
|
Негізгі құралдардың айтарлықтай физикалық және моральдық тозуы және оның салдарынан авариялар мен техногендік апаттарының тәуекелдері.
|
Негізгі өндірістік қорларды жаңғыртуға республикалық бюджеттен қосымша қаражаттарды бөлу.
|
Министрліктен білікті құрамның кетуі
|
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен беделінің төмендеуі, оларды моральдық және материалдық жағынан жеткіліксіз ынталандыру, тұрғын-үй және басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі жоғары білікті мамандардың кетуіне әкеледі.
|
1. Уәкілетті органдармен кадрларды дайындау, қайта дайындау бойынша өзара іс-қимыл жасау.
2. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
3. Моральдық ынталандыру.
|
Ақпараттық жүйенің және аппараттық-техникалық құралдардың қызмет етуінің төмендігі.
|
Мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде электронды түрде ұсынудың мүмкін болмауы.
|
Бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту және оңтайландыру, «электрондық үкімет» инфрақұрылымның қызметін қамтамасыз ету және дамыту.
|
Бюджеттік бағдарлама
(кіші бағдарлама)
|
001 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі қызметтер»
100 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдары ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»
|
Сипаттама
|
Министрліктің орталық аппаратын, ведомстволарын және аумақтық органдарын ұстау, көлік-коммуникациялық кешенді, байланыс және ақпараттандыруды дамытудың мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын; заңнамалық актілерді; заңнаманы қолдануды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, Министрліктің құзыретіне кіретін көлік-коммуникациялық кешенді, байланыс және ақпараттандыру саласындағы техникалық талаптар мен басқа да нормативтерді әзірлеу және қабылдау; болжамдарды әзірлеу және мемлекеттің мұқтаждығы мен экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға қажеттілігін уақтылы сапалы қамтамасыз ету; стандарттар мен қағидалар әзірлеу; көлік-коммуникация кешенінің, байланыс және ақпараттандырудың мемлекеттік үлестеріне және заңды тұлғалардың акциялар пакеттеріне иелік ету мен пайдалануға қатысты Үкіметтің шешімдері бойынша функцияларды жүзеге асыру; біліктілік талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін кәсіптік қызмет саласындағы білім бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерді, шеберлікті, машықтарды жаңарту. Жүйелі техникалық қызмет көрсету және жүйелі-есептік техниканы жөндеу. Жергілікті есептік жүйені, ақпараттық жүйелер мен бағдарлама өнімдеріне әкімшілік ету, сүйемелдеу.
|
Бюджеттік бағдарламаның түрі
|
мазмұнына қарай
|
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтерді көрсету
|
іске асыру тәсіліне қарай
|
жеке бюджеттік бағдарлама
|
ағымдағы/даму
|
ағымдағы
|