Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны



бет5/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#22702
1   2   3   4   5   6   7

Автомобиль көлігі
1-міндет. Автокөлік саласының инфрақұрылымын дамыту және автостанциялар мен аялдама пункттерін салу.
Жолаушы автотасымалдарының қосымша инфрақұрылымын жақсарту мен құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар аудан орталықтарында жаңа автостанциялар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау, автостанциялары жоқ елді мекендерде (кенттер, ауылдар) жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, сондай-ақ барлық қалаларда такси тұрақтарын салу жөнінде жұмыстар жүргізетін болады.

Жоғарыда көрсетілген объектілерді салу жөніндегі бірқатар жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асырылатын болады.

Тиісінше жеке меншік сектордың рөлі – инвестициялар, құрылыс, бизнесті ұстау және жүргізу.

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау инфрақұрылымын дамыту қатынастар тұрақтылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді және сол арқылы тұрғындардың ұтқырлығын арттырады, бұл республиканың өңірлерін дамыту үшін маңызды.


2-міндет. Бегіленген талаптарға сәйкес келтіру үшін қолданыстағы автовокзалдар мен автостанцияларды жаңғырту.
Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласындағы толыққанды және сапалы қызметтерге қол жеткізу үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы автовокзалдар мен автостанциялардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Сондықтан ұлттық стандарттарды енгізу және автовокзалдар мен автостанциялар көрсететін қызметтерге қойылатын талаптарды жоғарылату маңызды аспект болып табылады.

Осыған байланысты автовокзалдар мен автостанцияларды жолаушы тасымалдары саласындағы заңнаманың және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

Стандарттардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандарттарды міндетті қолдану жөніндегі заңнамалық нормалар көзделген.

Жергілікті атқарушы органдар автовокзалдар мен автостанциялар тізілімдерін жүргізген кезде ұлттық стандарттардың талаптарын ескеретін болады.
3-міндет. Елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамтамасыз ету.
Теміржол және авиация көлігінің елді мекендерді қамтудағы мүмкіндігі шектеулі екенін ескерсек, жолаушылар тасымалдауда тұрақты автобус қатынастары маңызды рөл атқарады.

Тұрақты жолаушы қатынасымен қамтылған халқы 100 адамнан асатын ауылдық елді мекендер саны 4 938 бірлікке жетті, бұл Қазақстанның осындай елді мекендерінің жалпы санының 6 623 бірлігі ішінде 75%-ды құрайды.

Инфрақұрылымды, автомобиль жолдары мен тасымалдаушыларды 2020 жылға дейін дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық (100%) қамту қамтамасыз етілетін болады.

Осыған байланысты елді мекендерде автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін салған кезде жергілікті атқарушы органдар қосымша тұрақты автобус маршруттарын ашады, сондай-ақ қолданыстағы машраттур бойынша автобустар қозғалысының кестесін түзету іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және процестерді оңтайландыру мақсатында жолаушыларды электрондық билетпен қамтамасыз етуге көшу іске асырылатын болады.
4-міндет. Ресми тасымалдаушы таксилердің санын ұлғайту.
Қазақстанда таксомоторлық тасымалдар бизнесі дамудың бастапқы кезеңінде.

Қазіргі уақытта таксомоторлық тасымалдар нарығында қызметі белгіленген талаптарға толық шамада сәйкес келмейтін тұлғалар мен дара кәсіпкерлер басым. Сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдалану үлесінің төмен болуы байқалады, оларсыз таксомоторлық тасымалдарды қазіргі заманғы деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлармен бірлесіп, жекеше инвестициялардың қаражаты есебінен такси тұрақтарын салатын болады, сондай-ақ телекоммуникациялық ресурстар арқылы тұрғындардың сапалы такси тапсырыстарын алуын және көрсетілген қызметтерге төлемді қолма-қол ақшасыз есептесуін қамтамасыз ететін ақпараттық кеңістік құрылатын болады.
5-міндет. Отандық тасымалдаушылардың халықаралық автокөлік қызметтері нарығына қатысу үлесін ұлғайту.
Халықаралық автокөлік қызметтерін көрсету нарығындағы отандық тасымалдаушылардың үлесін ұлғайтудағы маңызды аспектілердің бірі халықаралық автокөлік қызметтерін көрсету нарығындағы экспедиторлық процестің дамығандығы болып табылады.

Отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттігін арттыру жөніндегі келешектегі шаралар отандық тасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдары нарығындағы үлесін 2013 – 2015 жылдары орта есеппен 6%-ға арттыруға және оны 2020 жылға қарай елу пайыздық деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін транзиттік рұқсат беру бланкілерін шетелдік АКҚ сатуды тоқтату жөніндегі шаралар қабылданатын болады, Қазақстанның аумағы арқылы шетелдік АКҚ жүріп өтуін бақылау күшейтіледі, сондай-ақ шет елдермен отандық тасымалдаушылардың проблемалы мәселелерін шешу бойынша протекционистік саясат жүргізілетін болады. Кейіннен халықаралық тасымалдардың өсу үрдісін есепке ала отырып, халықаралық жүк тасымалдары нарығында отандық тасымалдаушылар үлесінің төмендеуін болдырмау қамтамасыз етілетін болады.

Шетел мемлекеттермен үкіметаралық келісімдер жасасу және автомобиль көлігі саласындағы халықаралық келісімдерге қатысу арқылы жүктерді тасымалдау географиясын одан әрі кеңейту маңызды мәселе болып табылады.
6-міндет. АКҚ паркінің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы көлік саласының қауіпсіздігін арттыру, Қазақстан Республикасының аумағында жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітімді азайту үшін орайлы жағдайлар жасау мақсатында авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – ААШШ) құрылатын болады.

ААШШ жүйесін құру автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл жедел қызметтердің ден қою уақытын қысқартуға бағытталған және құтқару іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қозғалыста және қозғалыс қарқындылығын есептеуде АКҚ автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Аталған жүйе автокөліктің қозғалыстағы салмақтық параметрлерін өлшеуге, қозғалыс қарқындылығын есептеуді жүзеге асыруға, инспектор мен тасымалдаушының тікелей байланысын болдырмауға, АКҚ бақылау мен өлшеу, сондай-ақ АКҚ-ны негізсіз тоқтатуды бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

2014 жылдың өзінде салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеу үшін 18 құрылғы орнатылатын болады. Одан кейін автомобиль жолдарын реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса қарқынды учаскелеріндегі жүйелердің жалпы саны 2016 жылға дейін 80-ге дейін жеткізілетін болады.

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге АКҚ паркін жаңарту және техникалық байқау жүйесін жетілдіру арқылы қол жеткізілетін болады.


Су көлігі
1-міндет. Порттық инфрақұрылымды кеңейту.
Ақтау портындағы құрғақ жүктерді өңдеу өсімінің қазіргі қажеттіліктері портты солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады, бұл жоба 2015 жылы аяқталады.

Ақтау портын кеңейтудің бірінші кезеңі шеңберінде қорғаныштық гидротехникалық құрылыстар салынды. 2013 жылы порт акваториясының кеңейтілетін бөлігінде түбін тереңдету жұмыстары басталды, ал 2014 жылдан бастап үш құрғақ жүк терминалының құрылысы басталады.

Нәтижесінде Ақтау порты өткізу қабілетінің 2,5 млн. тоннаға өсуі қамтамасыз етілетін болады.

Өткізу қабілетінің артуына Ақтау портында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар да ықпал етеді. Атап айтқанда, Ақтау портының өндірістік процесін басқару жүйесі автоматтандырылады (тиеу-түсіру жұмыстарын автоматтандыру және қоймалық операцияларды оңтайландыру), сондай-ақ құжаттарды ресімдеу процесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Бағдарлама шеңберінде Ақтау теңіз портының өткізу қабілеті жоғарыда көрсетілген жобаларды сәтті іске асыру, сондай-ақ Ақтау портының 12-айлағын реконструкциялау және жаңа 11-айлақты салу есебінен 2020 жылға қарай 16,8-ден 20,5 млн. тоннаға дейін артатын болады.

Бұдан басқа, өзен инфрақұрылымын кеңейту шеңберінде бес айлақтың құрылысы және екі паромдық өткелді жаңғырту жоспарланып отыр.

Су көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жекеше инвестицияларды тарту жөніндегі мәселе қаралатын болады.
2-міндет. Ақтау портының тиімді тарифтік саясатын жүргізу.
Басты жүктерді аудару үшін порттың жобалық қуатын арттыру кезінде порттағы барлық техникалық құралдарды, сол сияқты еңбек ресурстарын да барынша пайдалану талап етіледі.

Қаржылық жағдайдың шығынсыз болуы үшін порт инфрақұрылымдық бағдарламалар мен жобаларға инвестициялау және порт көрсететін қызметтер сапасын арттыру үшін порттың күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының қызметтеріне арналған тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі шараларды қабылдайтын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес порттың күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының қызметтерін монополиялық сектордан шығару мәселесі пысықталатын болады.

3-міндет. Ұлттық теңіз флотының бәсекеге қабілеттігін арттыру.


Сауда флотының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін Қазақстан Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде тең жағдайлар жасауы қажет.

Теңіз көлігінің қалыптасқан жағдайдан шығу бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін құру болып табылады.

Халықаралық кеме тізілімі кеме иелеріне шығындарды қысқартуға, әлемдік фрахталық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тиісінше ұлттық тоннаждың «ыңғайлы» тулардың астына таралып кетуіне қарсы тұруда көмек көрсетуге арналған.

Бүкіл әлемдегідей, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін құрудың негізгі мақсаты кемелерді тіркеуден кірістер алу емес, сыртқы сауданы фрахталық нарықтың күрт ауытқуынан қорғауды, экспорттық-импорттық операциялардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, теңіздегі кеме қатынасына байланысты экономика салаларын жандандыруды қоса алғанда, тұтастай ел экономикасы үшін әсер ету болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін құру заңнамалық тұрғыда бекітілді. Аталған тізілім онда тіркелген кемелерді көлік салығынан босатуды көздейді.

Құрғақ және паромдық жүктердің жүк айналымының артуы мен Ақтау порты арқылы транзиттік жүк ағынының перспективалы өсуі тұрғысынан 2014 жылға дейін құрғақ жүк таситын екі кеме сатып алу жоспарлануда, сондай-ақ 2020 жылға қарай Каспийге Қазақстан туының астында жүзетін әмбебап екі паромды, құрғақ жүк таситын үш кеме мен контейнер таситын екі кемені қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.


4-міндет. Кеме жөндеу-кеме жасау өндірісін дамыту.
Сервистік өндірісті дамыту мақсатында Құрық кенті ауданында кеме жөндеу/кеме жасау зауыты салынатын болады. Көрсетілген зауытты орналастыру Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында салмағы 600 тоннадан астам ірі кемелерді толық және сапалы жөндеуге қабілетті жаңа кеме жасау және кеме жөндеу өндірісінің болмауынан туындап отыр. Осы зауытта мұнай-газ секторына арналған кемелерді, сондай-ақ түрлі мақсаттағы кемелерді жасау болжанып отыр.
5-міндет. Кадрлар даярлау.
Кадр әлеуетін дамыту үшін теңіз көлігі кадрларын даярлау жүйесін халықаралық талаптарға сәйкестендіру, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту, курсанттарды жүзу практикасымен және теңіз мамандықтары бойынша мемлекеттік гранттармен қамтамасыз ету, біліктіліктің салалық шеңберлері мен кәсіптік стандарттарын әзірлеу арқылы ұлттық жүйені енгізу, қайта оқыту және біліктілікті арттыру, оның ішінде шетел тілдерінде, болжанып отыр, бұл қазақстандық мамандардың отандық және халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде 2016 жылға қарай Кадрлар даярлау жөніндегі халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне» ену болжанып отыр, бұл теңіз кемелері экипажының құрамындағы жергілікті қамтуды ұлғайтуды және кейіннен қазақстандық дипломдардың әлемнің барлық шетелдік порттарда танылуын қамтамасыз етеді.


6-міндет. Ішкі су көлігін дамыту.
Өзендегі кеме қатынасын дамыту және халық пен шаруашылық субъектілерінің Қазақстан Республикасының өзен көлігі көрсететін қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мынадай іс-шараларды іске асыру көзделеді:

  1. мемлекеттік техникалық флоттың 36 кемесін жаңарту, бұл кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттырады және су жолдарын күтіп-ұстау жөніндегі шығындарды азайтуға ықпал етеді;

  2. шлюз плотинасының биіктігін СЭС плотинасының деңгейіне дейін жеткізу және көктемгі су тасу кезеңінде шлюзді су басу мүмкіндігін болдырмау мақсатында Шүлбі шлюзінің кеме қатынасының гидротехникалық қорғаныш құрылысын салу;

  3. жүк жинақтайтын қойма алаңдары бар 5 айлақ құрылысын салу және екі паромдық өткелді жаңғырту, бұл навигациялық кезеңде, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау кезінде өзен көлігінің жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көрсетілген іс-шараларды іске асыру өзен көлігімен жүк тасымалдарының көлемін жылына 2,5 млн. тоннаға дейін, оның ішінде Ертіс бассейнінде – 1,92 млн. тоннаға, Орал – Каспий бассейнінде – 0,5 млн. тонна және Іле – Балқаш бассейнінде – 0,08 млн. тоннаға ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
7-міндет. Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін жоғарылату.
Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

  1. Халықаралық теңіз ұйымы қабылдаған конвенциялардың талаптарына сәйкес теңіз көлігіндегі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

  2. су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында таяу және алыс шет елдердің тиісті ұйымдары мен мемлекеттік органдарында тәжірибе алмасу;

  3. бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Ресепубликасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қызметтік су көлігін кезең-кезеңімен жаңарту.

Жағалау маңындағы мемлекеттің маңызды міндеттері өзінің жауапкершілік аймағында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңіз ортасының ластануын болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдау, теңізде апатқа ұшырағандарға көмек көрсету болып табылады.

Каспий теңізінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады:

1) жағалау маңындағы мемлекеттердің міндеттеріне жататын халықаралық конвенцияларды орындау;

2) жағалау маңындағы мемлекеттердің порттарына кіретін кемелердің халықаралық конвенциялар талаптарын орындауын бақылау.

Атап айтқанда, Порттың теңіз әкімшілігін құру, навигациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде Құрық және Орал – Каспий каналындағы портта кемелер қозғалысын басқарудың қосымша жүйелерін орнату арқылы шаралар қабылдау болжанады.
Азаматтық авиация
1-міндет. Азаматтық авиация саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.
ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшыларымен бірге ИКАО аудитінің 2009 жылғы ескертулерін жою жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. ИКАО-ның валидациялық миссиясы жүргізілетін болады.

ИКАО валидациялық миссиясы нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының авиациялық билігі Еуропалық Комиссияның Қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кезекті тыңдалымына қатысады, оның нәтижелері бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың ЕО-ға ұшуына қойылған шектеулер алынатын болады.

ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшыларымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің инспекторлық құрамы қадағалау жөніндегі білікті мамандармен жасақталатын болады.

Бұдан басқа, ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшылары Азаматтық авиация комитетінің инспекторларын жұмыс орындарында халықаралық талаптарға сәйкес қажетті практикалық оқытуды жүргізетін болады.

Ұшу қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату мақсатында 2015 жылдан бастап тұрақты рейстерде жолаушылар тасымалын орындайтын авиакомпаниялар үшін пайдалану қауіпсіздігі аудитінен IOSA өтуді енгізу жоспарлануда. Авиация саласының қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қатаңдатуға бағытталған негізгі бағыты Еуропалық талаптарды 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізу болып табылады.
2-міндет. Жерүсті инфрақұрылымын дамыту.
Жерүсті инфрақұрылымын дамытудағы проблемалардың бірі әуежайлардың техникалық және қаржылық жай-күйі болып табылады. Бірыңғай жүйені құру және жай-күйді жақсарту мен проблемалы мәселелерді шешу бойынша пәрменді тетік әзірлеу мақсатында Әуежайларды дамыту стартегиясы (мастер-жоспар) әзірленіп, іске асырылатын болады. Мемлекеттік меншіктің әртүрлі нысанындағы әуежайлар басқару әдісіне жүйелік тәсілді одан әрі қамтамасыз ету үшін республикалық меншікке берілетін болады.

Кейіннен, халықаралық тәжірибе негізінде басқару процестерін жүйелеу үшін жаңа Даму стратегиясын ескере отырып, Ұлттық мультимодальдық көлік-логистикалық операторға мемлекеттік меншіктің әртүрлі нысанындағы (республикалық, коммуналдық, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) кейбір әуежайлар сенімгерлікпен басқаруға берілуі мүмкін. Бұл ретте авиациялық, автомобиль және теміржол салаларындағы тасымалдарды басқару мен логистикалық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйелік тәсілі қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, әуежай инфрақұрылымын ұшу қауіпсіздігі мен сервис бойынша халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын техникалық жарақтандыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

2014 – 2015 жылдары Қазақстанның әуежайлары ISAGO өтетін болады.

2020 жылға қарай 18 әуеайлақ ИКАО талаптарына сәйкес келетін болады.

EXPO-2017 дайындық шеңберінде Алматы қаласының әуежайында жаңа терминал салынатын болады. Астана қаласының әуежайында аэровокзал кешенін кеңейту және ұшу-қону жолағын, рульдеу жолдарын, перронды реконструкциялау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

2020 жылға қарай 4 әуежай-хаб: Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында жұмыс істейтін болады.

2015 жылға қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі PBN сипаттамаларына негізделген навигациялық жоспар әзірленетін болады. PBN VOR/DME және DME/ DME технологиялары бойынша жақын навигациялар жүйелерін, сондай-ақ GNSS жаһандық навигациялық спутниктік жүйесін қолдану есебінен енгізілетін болады. PBN енгізу кезінде әуе қозғалысының қарқындылығы, әуе кемелері паркінің әзірлігі, байланыс, навигация және қадағалау құралдарының жерүсті инфрақұрылымының жай-күйі мен даму перспективалары және PRN қолданудың ерекшеліктеріне байланысты бірқатар факторлар ескерілетін болады.

Ел әуежайларының ұшу-қону жолақтарын және жолаушылар терминалдарын реконструкциялау шеңберінде жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асыру мәселесі пысықталатын болады.

3-міндет. Шағын авиацияны дамыту.


Шағын авиацияны дамыту облыс орталықтарын автомобиль және теміржол желісі нашар дамыған шалғай аудандармен шұғыл көлік байланысымен қамтамасыз ету үшін халықтың авиакөлік қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бұдан басқа, шағын авиация әуеайлақтары желісінің дамыған инфрақұрылымы табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл ден қою күштерін жеткізу мәселелерін шешуде, сондай-ақ науқастарды облыстық маңызы бар медициналық ұйымдарға шұғыл санитариялық жеткізуде жәрдемдеседі.

Бұған қоса, шағын авиацияны дамыту өңірлердің туристік-рекреациялық әлеуетін нығайту, тұрақты жергілікті авиатасымалдар желісін құру арқылы облысаралық және аудан орталықтарымен туристік кластерлерді құру және алға тарту үшін ынталандыру болып табылады.

Шағын авиацияны дамыту үшін қажетті инфрақұрылым құрылатын болады. Ұшып көтерілу салмағы 50 тоннаға дейінгі әуе кемелерін (жолаушылар сыйымдылығы 50-70) қабылдау мүмкіндігімен ірі аудандық пункттерде жергілікті әуе желілерінің 5 әуеайлағы және ұшып көтерілу салмағы (жолаушылар сыйымдылығы 10-30) 10-15 тоннаға дейінгі әуе кемелері үшін 11 әуеайлақ салынады және реконструкцияланады.

Бұдан басқа, 2014 – 2020 жылдар кезеңінде отандық авиакомпанияларды ынталандыру арқылы кіші авиация сегментінде авиациялық қызметтерді дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады.

Нәтижесінде авиатасымалдаушылар үшін коммерциялық тартымдылық, дамыған шет елдердің тәжірибесі бойынша халық тарапынан тапсырыстың тұрақты өсімі және кіші авиация секторы бойынша ұсыныстар қамтамасыз етілетін болады.

Тұтастай алғанда, кіші авиацияны дамыту үшін жергілікті және республикалық бюджеттің қаражаты, сондай-ақ жеке инвесторлардың қаражаты тартылатын болады


4-міндет. Әуе кемелерінің паркін жаңарту.
Әуе кемелерінің паркін жаңарту ескіргендерін қазіргі заманғы жабдықтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін қамтитын үздік техникалық параметрлері бар жетілдірілген жаңа түрлеріне ауыстыру мақсатында қажет.

Пайдалану шығыстарын азайту, ұшу сағатының өзіндік құнын төмендету мақсатында қазақстандық авиакомпаниялар әуе кемелерін жеке меншікке, оның ішінде қаржылық лизинг әдісімен, сондай-ақ операциялық лизингпен сатып алуға бағдарланатын болады.

Жергілікті әуе желісін дамыту үшін отандық авиациялық компаниялар шамамен 30 әуе кемесін сатып алып, қайта моторлайтын болады.
5-міндет. Авиатасымалдар нарығын ырықтандыру.
Бүгінгі күні бәсекелес ортаны және өзін-өзі реттеу тетігінің жұмыс істеуін дамыту мақсатында қазақстандық авиакомпанияларды ішкі авиатасымалдар нарығына жіберудің оңайлатылған тәртібі көзделген. Авиатасымалдаушыларға қойылатын жаңа біліктілік талаптары әзірленген, оның негізінде қазақстандық авиакомпанияларға, субсидияланатын бағыттарды қоспағанда, ішкі авиатасымалдар нарығына конкурссыз кіруге рұқсат етіледі. Аталған өзгерістер қауіпсіздікті жоғарылатуға, авиатасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамытуға, авиабилеттер тарифтерінің төмендеуіне, ұшу географиясының кеңеюіне және тиісінше, ел өңірлерінің дамуына ықпал ететін болады.

Нарықты ырықтандыру кезіндегі басымдық әуежайлар көрсететін қызметтердің көлемін ұлғайту және халықаралық авиатасымалдар сегментінде қазақстандық авиакомпаниялардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады.

Осы мақсатта мемлекет пен қазақстандық авиакәсіпорындардың мүдделерін сақтай отырып, дәйекті өтуді қамтамасыз ететін кезең-кезеңімен жүргізілетін ырықтандыру көзделеді.

Бірінші кезеңде үкіметаралық келісімдер бойынша елдер арасындағы жиіліктер санын шектеуді екі қала арасындағы жиіліктерді реттеуге ауыстыру жүзеге асырылатын болады, бұл өңірлік әуежайлар мен авиакомпаниялар үшін халықаралық нарыққа қолжетімділікті ашуға, сондай-ақ ұшу географиясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде барлық үкіметаралық келісімдер бойынша тағайындалған авиатасымалдаушылар саны бойынша шектеуді алып тастау және рұқсат етілген пункттер санын ұлғайту ұсынылатын болады.

Үшінші кезеңде қолданыстағы халықаралық бағдарларға жыл сайынғы конкурстар алынып тасталатын болады. Конкурстар отандық тасымалдаушылардың жоспарлары қолданыстағы шектеулерден асып кететін бағыттар бойынша тек жаңа немесе еркін жиіліктер мен бағдарларға жүргізілетін болады. Тасымалдаушыларға рұқсат беру тұрақтылық пен сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында біліктілік талаптарының негізінде жүргізілетін болады.

Төртінші кезеңде отандық тасымалдаушылардың сұраныстары қанағаттандырылмаған бағыттардағы жиіліктер бойынша шектеулерді алып тастау жөніндегі жұмыс (басқа елдердің авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы) жүргізілетін болады, осылайша еркіндікті шектеу және конкурстар өткізу қажеттілігі болмайды.
6-міндет. Кадрлар даярлау.
Біліктілігі жоғары авиация мамандарын даярлау үшін оқу процестерін жетілдіру, оқу ұйымдарын қазіргі заманғы техникалық құралдармен (тренажерлар) және біліктілігі жоғары оқытушы құраммен жасақтау тетігі әзірленетін болады.

Авиакәсіпорындар жергілікті міндеттердің кішігірім бөлігін шешетін жеке оқу бөлімшелерін құруда. Бұл оқыту авиакәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылмайтынына байланысты, ал ірі оқу құрылымын ұйымдастыру өзін-өзі ақтау болмаған жағдайда, әсіресе бастапқы кезеңде үлкен капитал салымын талап етеді. Мамандарды шетелде даярлау үшін көп қаражат жұмсалады.

Авиациялық биліктердің кадр мәселесі авиациялық оқу орталықтары үшін де өзекті. Авиация мамандарын даярлауды, олардың деңгейі пайдалану кәсіпорындарындағы нұсқаушылардың біліктілігі деңгейінен кем болмайтын тиісті материалдық ынталандыруы мен еңбекақы деңгейі бар нұсқаушылар жүргізетін болады. Сапа саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу, ИКАО стандарттарын, ИАТА кәсіптік стандарттары мен ұсынымдарын орындау ерекше маңызға ие.

Осыған байланысты 2014 жылға қарай ұлттық стандарттар ИКАО стандарттарымен үйлестірілетін болады.

2014 жылы авиакәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес авиациялық оқу орталықтарында іске асырылатын кәсіптік даярлықтағы негізгі бағыттар айқындалатын болады.

2013 жылғы 3 қыркүйекте Азаматтық авиация академиясының негізінде ИКАО авиациялық қауіпсіздік орталығы ашылды. Аталған орталық мамандар даярлауды ИКАО ресми курстарының талаптарына сәйкес және оның сертификатталған нұсқаушылары арқылы жүзеге асырады. Азаматтық авиация саласындағы мамандарды оқыту үшін «Қазаэроновигация» РМК кәсіптік білім берудің оқыту орталығының қызмет ету аумағы кеңейеді.

2015 жылға қарай Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша авиациялық оқу орталықтарының 30 нұсқаушысын, сондай-ақ 20 авиация маманын тағылымдамадан өткізу және қайта даярлау көзделетін болады.

Көлік саласы бойынша нысаналы өтінімді қалыптастыру үшін 2014 жылы магистратура және PhD докторантурасы бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамалар шеңберінде біліктілікті жоғарылатуға арналған мамандандырылған орталықтардың тізімі айқындалады.

Кадрлық әлеуетті күшейту және авиация мамандарын базалық даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының біліктілігін арттыру мақсатында 2014 жылы ғылыми-зерттеу тағылымдамаларының нысаналы бағдарламасы, шетелдік, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде профессор-оқытушылық құрамның біліктілігін жоғарылату бағдарламасы әзірленетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет