Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы операциялық жоспарын іске асыру туралы есеп



бет10/10
Дата12.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
#130511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-бөлім. Тәуекелдерді басқару
Сыртқы тәуекелдер.

Ықтимал тәуекел. Қаржы тұрақтылығына қауіп

Тәуекелді басқару бойынша іс-шараларды қабылдамаған кездегі болуы мүмкін салдарлар.

Қаржы жүйесіндегі жүйелік дағдарыстың дамуы.



Тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел жауап қату жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру.

Тәуекелдерді нақты басқару

1. Тәуекел іске аспағандықтан, 2012 жылы бойынша шаралар қабылдау қажеттігі болған жоқ.

2. 2012 жылы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізілді, онда мынадай мәселелер қаралды:

1. 2012 ж. ақпанда (1 отырыс):

- зейнетақы жүйесін дамыту;

- қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы қызметінің нәтижелері;

- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ жұмыс істеуі;

- соттардың банктердің қатысуымен азаматтық істерді қараудың қалыптасқан практикасына байланысты проблемалар;

2. 2012 ж. сәуірде (2 отырыс):

- жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін валюталық тәуекел лимиті және екінші деңгейдегі банктер үшін биржадағы хеджирлеу;

- екінші деңгейдегі банктердің лизинг компанияларына – еншілес ұйымдарына қойылатын талаптар;

- бағалы қағаздар нарығын дамытудың маңызды мәселелері;

- зейнетақы жүйесін қолданыстағы реттеуді жетілдіру;

- салымшы/алушы қайтыс болған немесе ол Қазақстан Республикасынан тыс жерге ТТО кеткен жағдайда зейнетақы жинақтарын төлеу және ДЗЖ жабу бойынша шаралар қабылдауды ЖЗҚ-на міндеттейтін талаптарды әзірлеу;

- өмірді, оның ішінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на және «Актуарлық статистикалық бюросы» ЖШС-не жарналарын сақтандыру бойынша компания қызметінің қаржылық үлгісін жасау;

- Қазақстан Республикасының банк секторы үшін бәсекелестік талаптарын теңдестіру.



3. 2012 жылғы мамырда (1-отырыс):

- екінші деңгейдегі банктер үшін бәсекелестік талаптарын теңдестіру және банктік секторды реттеудің болашағы.



4. 2012 жылғы шілдеде (2-отырыс):

- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындаған кезде қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;

- Екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтері бойынша провизиялар қалыптастыру және активтерді жіктеу тұжырымдамасы. Капиталдың жеткіліктілігін анықтаған кезде провизияларды есепке алу;

- ҚР резиденті емес, тиісті рейтингі жоқ банктік холдингтердің қызметін шектеу;

- Сақтандыру омбудсманы институтын дамыту;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол жүру қағидаларына енгізетін өзгерістеріне байланысты көлік құралдары иелерін міндетті сақтандыру бойынша заңға өзгерістер енгізу;

- өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша жарналар есептеу және төлеу.

5. 2012 жылғы қазанда (1-отырыс):

- ЖЗҚ салымшыларының деректер базасын салымшылардың дара зейнетақы шоттарын «қайтыс болған», «ТТО кеткен» және «төлемдері жоқ» деген мәртебелерімен оңтайландыру арқылы маңызын арттыру мәселелері;

- қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамтамасыз етудің жүйелі мәселелері. Ұзақ мерзімді сипаттағы зейнетақы аннуитеттерімен қамтамасыз ету;

- қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін бағалау. Теңдестірілген жүйенің механизмі кәсіби аурулар бойынша шығындарды жабу.



6. 2012 жылғы қарашада (3-отырыс):

- зейнетақы жүйесін реформалау мәселелері;

- АҚШ-тың «Шетел шоттарын салықтық бақылау туралы» Заңын Қазақстан Республикасында қолдану;

- Базель III Базель стандарттарын Реттеудің Қазақстан тәжірибесіне ендіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талқылау;

- екінші деңгейдегі банктерді орта мерзімді облигацияларды шығару арқылы қорландыруды қамтамасыз ету;

7. 2012 жылғы желтоқсанда (2-отырыс):

- орта мерзімді облигациялар шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды қамтамасыз ету (жалғастыру, талқылау);



- Қазақстан Республикасында ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығын реформалау мәселесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

2012 жылға арналған Операциялық жоспарын іске асырудың

қорытындылары туралы

тұжырымы
Операциялық жоспарды іске асыру барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері Ұлттық Банктің 2012 жылы тұтастай алғанда, Ұлттық Банктің 2012 жылға арналған Операциялық жоспарында көрсетілген Ұлттық Банк қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған міндеттерінің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалғандығын растайды. Жоспарланған іс-шаралар бойынша тәуекелдерді басқару бойынша арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекелдер басталған жоқ).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

2012 жылға арналған Операциялық жоспарын

мониторинг нәтижелері бойынша іске асыру туралы

ұсыныстар
2012 жылы ай сайын жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша 2012 жылға арналған Операциялық жоспары іске асырылған деп саналсын.


1 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

2 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі.

3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 23 мамырдағы №108 қаулысымен бекітілген Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) жүзеге асыру ережесі.

4 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы №16 қаулысымен бекітілген Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі, нысандары және кіру мерзімдері туралы ереже.

5 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы №388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесі.

6 «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 қаулысы

7 ҚҚА Басқармасының 28.02.2011ж. №23 қаулысымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын қолданудың және банктің қаржылық жай-күйі нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдісінің ережесі.


8 01.01.2013ж. деректер қорытынды айналымдарды ескермей көрсетілген.

9 01.01.2012ж. жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 26,8% (қорытынды айналымды ескергенде) құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет