5-стратегиялық бағыт.
Банк секторының қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттігін арттыру, реттеу және қадағалау жүйесін жалпы әлемдік қадағалау стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Банк секторын реттеудің банктердің қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделген, тәуекелдерді бағалауға негізделген, дағдарыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік жасайтын жүйесін жетілдіру
5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру
5.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Банктердің сыртқы міндеттемелерінің олардың міндеттемелерінің жиынтық мөлшеріндегі үлесі (30% көп емес)
1-іс-шара. ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру
Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:
-
«Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті ұсыну, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 36;
-
«Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 37;
-
«Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 55;
-
«Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасауқағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 65;
-
«Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 73;
-
«Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес-заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80;
-
«Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 81;
-
«Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84;
-
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86;
-
«Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйым құруға, иемденуге, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатын кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91;
-
«Банк конгломератына арналған нормативтік мәндер және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92;
-
«Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96;
-
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 100;
-
«Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012жылғы 26 наурыздағы № 134;
-
«Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012жылғы 26 наурыздағы № 136;
-
«Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012жылғы 26 наурыздағы № 137;
-
«Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы» 2012жылғы 26 наурыздағы № 138;
-
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172;
-
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту туралы 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 175;
-
«Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 193;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 212;
-
«Мемлекеттік кредиттік бюро" акционерлік қоғамын құруды
мақұлдау туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 213;
-
«Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 317;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 318;
-
«Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336;
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 372;
-
«Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандары, мерзімдері және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 375;
-
«Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380;
-
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383;
-
Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 384;
-
«Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385;
5.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. 5.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші ЕДБ-дегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
1-іс-шара. ЕДБ-да тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру
Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ЕДБ-да тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды жетілдіру бойынша мынадай жұмыс жүргізілді.
Екінші деңгейдегі банктерді реттеуді халықаралық стандарттармен бірегейлендіру шеңберінде Мемлекет басшысының шешімі бойынша құрылған, құрамына Ұлттық Банктің, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері кіретін ҚР Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) 2012 жылғы 18 мамырдағы шешімі бойынша төрт жұмыс тобы құрылды, оның біреуі тәуекелдерді басқаруды жетілдіру мәселелеріне арналған.
Құрылған жұмыс тобы шеңберінде 2012 жылғы маусымнан бастап қарашаға дейінгі кезеңде жұмыс кездесулері өткізілді, онда «Қадағалау процесі» (Pillar II) бөлімінде көрсетілген Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Базель 2 іске асыру кезінде қадағалау процесі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оның жалпы тұжырымдамасы банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалаудың жаңа тәсілін енгізуге қойылатын талаптарды, оның ішінде провизияларды реттеушілік бағалауды банктің тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауына негізделген бағалау жүргізудің толық кешеніне ауыстыру арқылы белгілеу және қанағаттанарлықсыз нәтижесі бар банктер үшін провизиялаудың қадағалау моделін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2012 жылғы 30 қарашада Жұмыс тобы жүргізген Базель 2-нің екінші компонентін (Pillar II) талдаудың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелерінің қарауына қазақстандық реттеу тәжірибесіне Базель 2 және Базель 3 тәсілдерінің ендірілу деңгейі туралы материалдар ұсынылды.
Көрсетілген ақпарат назарға алынды, және қазіргі кезде БҚӘД ҚТД-мен бірлесіп қадағалау процесін (Pillar II) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыстың аяқталуы кейінгі кезеңдерде күтілуде.
6-стратегиялық бағыт.
Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын
одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамыту
6.1.1-міндет. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру және өмірді сақтандыру нарығын одан әрі дамыту
6.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Міндетті сақтандыру жүйесі, оның ішінде сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесін оңтайландыру мәселесін қарау
1-іс-шара. Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру нарығының басқа да қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізу және жетілдіру
Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасы келесі қаулыларды қабылдады:
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 30;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылоғы 24 ақпандағы № 54;
-
«О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 3 сентября 2010 года № 128 «Об утверждении Правил представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 63;
-
«Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 66;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 83;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98;
-
«Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129
-
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 130;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №173;
-
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы №198;
-
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы № 338;
-
«Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандары, мерзімдері және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы»2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376;
-
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387.
6.1.2-міндет. Халықаралық стандарттар негізінде сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық реттеуін одан әрі жетілдіру және исламдық қаржыландыруды ендіру
6.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Risk based supervision ендіру арқылы пруденциалдық реттеу және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу
1-іс-шара. Risk based supervision ендіру арқылы пруденциалдық реттеуді жетілдіру және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу (іс-шараның орындалуы келесі кезеңдерді жоспарланды)
2009 жылғы 25 қарашада Еуропа парламентінің және Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі кеңестің 2012 жылғы 1 қарашада күшіне енген 2009/138/EC директивасы (Solvency II) қабылданды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігін бағалау жүйесі Solvency ІІ реттеу моделінің тәуекелі негізінде құрылған экономикалық жүйеге ауысуды болжайды. Тәуекелдердің есебі берілген уақыт аралығымен және ықтималымен белгілі тәуекелдерді жабуға талап етілетін, нақты негізде бағаланған экономикалық капитал (тәуекел капиталы сомасы) тұжырымдамасына негізделеді (VAR).
Solvency ІІ жүйесінің Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған талаптары кезең-кезеңімен енгізіледі. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 19 қаулысымен сыртқы қайта сақтандырудың лимиттері қайта қаралады, сақтандыру сыйлықақыларын ұстап қалу лимиттері, ірі сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары, сондай-ақ әуе және су көлігінің тәуекелдері бойынша өздігінен ұстап қалудың ең төменгі мөлшері белгіленеді.
Сонымен бірге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлем қабілеттілігінің ең төменгі маржасын және кепілдік қорын есептеуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес Solvency ІІ берілген өлшемдерді ескере отырып, қайта сақтандыруды бағалау енгізілді, атап айтқанда қайта сақтандырушы қарсы агенттердің кредиттік рейтингісіне (қаржылық тұрақтылық рейтингісіне) немесе төлем қабілеттілігі маржасының нормативіне қарай ең төменгі төлем қабілеттілік маржасы ұлғайтылады. 2013 жылғы бірінші жартыжылдығында Solvency II стандартты моделіне сәйкес экономикалық капитал есебінің қосымша өлшемдерін енгізу жоспарланады.
7-стратегиялық бағыт.
Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау
7.1-мақсат. Тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру
7.1.1-міндет. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және қор нарығының өтімділігін арттыру, қаржы нарығында инвесторлардың белсенділігін және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді ендіру, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асырудың айқындылығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету. Қор нарығындағы тәуекелдерді шектеу және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің тәуекел-менеджменті рәсімдерін жетілдіру
7.1.1.1- тікелей нәтиже көрсеткіші. Бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтау арқылы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы есеп айырысу жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |