Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы операциялық жоспарын іске асыру туралы есеп



бет9/10
Дата12.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
#130511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-іс-шара. Бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтау арқылы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы есеп айырысу жүйесін жетілдіру
Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

  1. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58;

  2. «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59;

  3. «Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119»;

  4. «Қаржы құралдарымен клиринг қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 205.


7.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. «Doing Business» Дүниежүзілік Банктің рейтингісінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы (рейтингіде 10-орын)

1-іс-шара. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

Экономикалық күйзелістер кезеңінде ақпарат айқындылығы жеткіліксіз, капиталдануы төмен және бизнестің шоғырлануы деңгейі жоғары болуына байланысты қаржы ұйымдарының қызметінде көрініс алған жағымсыз құбылыстарды болдырмау мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша


өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2012 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілді.
7.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Білікті инвесторды тану тәртібі, сондай-ақ білікті инвестор инвестициялауды жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін белгілеу (1 НҚА)

1-іс-шара. Білікті инвесторды тану тәртібін айқындау, сондай-ақ білікті инвестор инвестициялауды жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін белгілеу

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 78 қаулысы;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79 қаулысы.


8-стратегиялық бағыт.

Қаржы тұрақтылығын арттыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға жағдай жасау

8.1-мақсат. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, дағдарыс ахуалдарының алдын алуға және салымшылардың (алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыратын тәуекелдерді бағалауға негізделген жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу жүйелерін жетілдіру

8.1.1-міндет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің тиімділігін көтеруге, сондай-ақ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың (салымшылардың, алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдерді шектеу және жинақтаушы зейнетақы қорларындағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру

1-іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:



  1. «Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 56;

  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57;

  3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің инвестициялаудың мультипортфельді жүйесі бөлігінде есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 68;

  4. «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 82;

  5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 93;

  6. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131;

  7. «Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132;

  8. «Жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 166;

  9. «Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167;

  10. «Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 204.

2-іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларды қалыптастыру, әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфельге қатысты шартты бірліктер мен номиналдық кірістілікті есептеу бойынша міндеттерін белгілеу.

Аталған шараны іске асыру мақсатында Ұлттық Банктің Басқармасы мына:



  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №374 қаулыларды қабылдады.
8.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың номиналдық кіріс коэффициентінің ауытқуы кезінде салымшының теріс кірістілігін өтеу бөлігіндегі жауапкершілігі (К2) (1 НҚА)

8.1.1.7-тікелей нәтиже көрсеткіші. ЖЗҚ-дағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі (1 НҚА)

8.1.1.8-тікелей нәтиже көрсеткіші. Зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау (1 НҚА)

1-іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін пруденциалдық реттеу, зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

Аталған шараны іске асыру мақсатында 2012 жыл ішінде ҚРҰБ Басқармасы мына:



  1. «Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №28;

  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №35;

  3. «Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №76;

  4. «Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың меншiктi активтері жөнінде есеп беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №85;

  5. «Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №170 қаулыларды қабылдады.


8.1.1.4-тікелей нәтиже көрсеткіші. Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

1-іс-шара. Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту

1-іс-шара. Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту (Шараның орындау кейінгі кезеңдерде жоспарланған)

Аталған шараны іске асыру мақсатында 2012 жыл ішінде ҚРҰБ Басқармасы мына:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 299;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі №227 қаулыларды қабылдады.


Сонымен қатар, Ұлттық Банктің норма белгілеу қызметі аясында қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында ҚРҰБ Басқарамасының мына:

  1. «Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызын не дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бірлесіп сатып алу нәтижесінде қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тұлғаға тиесілі болатын дауыс беретін акцияларының өзге санын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниеті туралы хабарламаны жіберу тәртiбi туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №29;

  2. «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы;

  3. «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекеттерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №32;

  4. «Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №33;

  5. «Ертерек ден қою шараларын және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететiн факторларды айқындау әдiстемесiн қолдану қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №34;

  6. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы №38;

  7. «Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №53;

  8. «Инвестициялық қордың активтерінің және қаржы құралдарының тізбесіне кіретін, акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарын және басқа да мүлікті инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №56;

9) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №61;

10) «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №67;

11) «Бағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №69;

12) «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы ақпаратты ұсыну, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №70;

13) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №71;

14) «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №72;

15) «Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №73;

16) «Екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатқа қойылатын талаптарды және екiншi деңгейдегi банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №74;

17) «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2012 жылғы 24 ақпандағы №75;

18) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №77;

19) «Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №87;

20) «Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №88;

21) «Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №89;

22) «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №95;

23) «Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның есеп беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №97;

24) «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №120;

25) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №122;

26) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №123;

27) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №124;

28) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмiлелердi тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзiндi көшiрменi ресiмдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №125;

29) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №126;

30) «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №127;

31) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы №135;

32) «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және басқа да жабдықтарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165;

33) «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және лицензия негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168;

34) «Акционерлік қоғамының үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 171;

35) «Заңды тұлғаның банк қарызын және (немесе) банк кепілдігін алу мақсатында ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №194;

36) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілері және жинақтаушы зейнетақы қорлары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырда № 195;

37) «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217;

38) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 229;

39) «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №233;

40) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №234;

41) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №235;

42) «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізбе жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымда тәуекелдерді басқару жүйесі болуы бойынша талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №276;

43) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және басқа да жабдықтарға талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы №277;

44) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 278;

45) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 279;

46) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 297 қаулысы;

47) «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 қаулысы;

48) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарын қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 қаулысы;

49) «Микроқаржы ұйымының есептілік беру тізбесін, нысандарын және қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 373 қаулысы;

50) «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы;

51) «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысы;

52) «Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысы;

53) «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілік берудің нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 382 қаулысы;

54) «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №386 қаулысы;

55) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №379 қаулылары әзірленді және қабылданды.
9-стратегиялық бағыт.

АӨҚО-ның исламдық қаржыландыру жөніндегі өңірлік орталығы ретінде алға басуы және қалыптасуы
9.1-мақсат. Исламдық қаржыландыруды дамыту

9.1.1-міндет. Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі өлшемдері

9.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Нормативтік құқықтық базаны әзірлеу (1 Заң жобасы)

1-іс-шара. Исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1067 қаулысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

 9.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші. Исламдық қаржыландыру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру (4 семинар)

2012 жылы исламдық қаржыландыру бойынша 18 оқу семинары ұйымдастырылды. Оның ішінде Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін «Ислам банкі» АҚ-мен бірлесіп 2012ж. 6 ақпанда ұйымдастырылған семинар бар. Бұдан басқа, банктер және банктік емес қаржы мекемелері үшін 2012ж. 7-8 ақпанда семинар жүргізуге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Алматы қаласының ҚазХҚжХТУ, ҚазҰТУ, ҚазҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, КБТУ, ЕврАзИр, UIB және КИМЭП сияқты жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары мен студенттері үшін «Исламдық қаржыландыру» тақырыбына 8 семинар ұйымдастырылды, 522 студент оқып шықты, сондай-ақ Алатау, Алмалы, Әуезов, Медеу, Бостандық, Түрксіб, Жетісу аудандары әкімшіліктерінің қызметкерлері үшін 7 семинар өткізілді, мұнда 182 адам оқыды. Бұдан басқа, қыркүйекте Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін «Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту» тақырыбына семинар ұйымдастырылды.

2012 жылғы қорытындылар бойынша исламдық қаржыландыру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштер 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол қартасының қабылдануына және исламдық қаржының басты қағидаттарын түсіндіру қажеттігіне байланысты айтарлықтай асыра орындалды.
9.1.1.3-тікелей нәтиже көрсеткіші. Исламдық қаржыландыру жөнінде материалдар шығару (материалдардың 4 шығарылымы)

2012 жылы исламдық қаржыландыру бойынша 8 шығарылым жүзеге асырылды, мыналар: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Исламдық қаржылық қызмет көрсету кеңесіне қабылдау туралы (IFSB)»2012 жылғы 23 ақпандағы № 8 баспасөз релизі, Islamic Finance News (Малайзия) басылымында «Recent Developments in Islamic Finance in Kazakhstan» мақаласы жарияланды.

Сонымен қатар, 2012ж. сәуірде бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Islamic modes of finance and sukuk» халықаралық отырысқа қатысты баспасөз релизі дайындалды, сондай-ақ мамырда «Дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржыландырудың негізгі үрдістері мен даму перспективалары» мақаласы дайындалды. Осы мақала «VI Рысқұлов оқулары» Халықаралық ғылыми форумның «Қазақстанды ауқымды қаржылық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік-экономикалық жаңғырту» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарының тізіміне енгізілді.

Маусымда «Казахстанская Правда» газетінде «Ұлттық Банк хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді» деген арнайы айдарда «Қазақстанда исламдық қаржыландыру дамуының ерекшелігі және келешегі» мақаласы жарияланды.

Бұдан басқа, шілдеде «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы Ұлттық Банктің «Капитал әліппесі» телевизиялық жобасына қатысты, онда исламдық қаржыландыру және Сукук нарығы мәселелері түсіндірілді.

Тамызда «Хабар» ұлттық телеарнасындағы «Сонымен, солай дейік..» телевизиялық бағдарламаға қатысты, онда 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол қартасына қатысты мәселелер талқыланды.

Қарашада «Хабар» ұлттық телеарнасында мемлекеттік тілдегі «Көзқарас» телевизиялық бағдарламаның түсіріліміне қатысты, мұнда исламдық қаржыландыру қағидаттарына, 2020 жылға дейін исламдық қаржыландыруды дамытудың жол қартасына, исламдық қаржыландыру институттары мен құралдарына қатысты мәселелер және т.б. талқыланды.

2012 жылғы қорытындылар бойынша исламдық қаржыландыру материалдарын шығару бойынша жоспарланған көрсеткіштер исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын түсіндіру қажеттігіне байланысты асыра орындалды.



2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
1-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету.

Міндет: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару процесін жетілдіру үшін бағдарламалық өнімдерді ендіру («HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру)

Іс-шара: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару процесін жетілдіру үшін бағдарламалық өнімдерді ендіру («HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру)

1) жобаның 1-фазасы өндірістік пайдалануға қабылданды;

2) жобаның 1-фазасын өндірістік пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру жүзеге асырылды;

3) жобаның 2-ші фазасына «Белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар үшін кірістілікке салым» (FIA) модулін қоспағанда, жұмыс жоспарын және SDD құжатының жобасын келісу жүргізілді;

4) жобаның 2-ші фазасы бойынша DST компаниясынан осы модуль бойынша шешім және бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар алғанға дейін уақытша тоқтатыла тұрды.

Жұмыстар 2013 жылы жалғастырылады.


3-стратегиялық бағыт.

«Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру»

3.1-мақсат Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.1.1-міндет. Операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөнінде жоспарланған іс-шаралар.

1. Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ тестілеу және ендіру.

Сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға өту шеңберінде 2012 жылы СН пайдалануға өту бойынша төлем жүйелерін, Ұлттық Банктің ААШЖ және КБЕО төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне 4 жоспарлы тестілеу (2012 жылғы 11-12 қыркүйек, 2012 жылғы 16-17 қазан, 2012 жылғы 13-14 қараша, 2012 жылғы 11-12 желтоқсан) жүргізілді. Сонымен қатар төлем жүйелерін пайдаланушылардың өздерінің ақпараттық жүйелеріне қосымша тестілеу жүргізуге арналған тест стендінің жұмысы ұйымдастырылды.
4-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтылығын

қамтамасыз етуге жәрдемдесу

4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөнінде жоспарланған іс-шаралар.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларды, тағылымдамаларды, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыруы мен қатысуы.

2012 жылы 13 қызметкер мынадай семинарларға қатысты, оның ішінде:

- 9 қызметкер - Халықаралық Валюта Қорының Біріккен Вена институты (Вена қ., Австрия);

- 1 қызметкер - Ресей Банкінің Аймақаралық оқу орталығы (Тула қ., Ресей Федерациясы);

- 1 қызметкер Дойче Бундесбанкте (Франкфурт қ., Германия);

- 1 қызметкер Чехия Ұлттық Банкінде (Прага қ., Чехия).

- 1 қызметкер Англия Банкінде (Лондон қ., Ұлыбритания).



4.1.1-міндет Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» ААШЖ-ын қаржылық тұрақтылық индикаторларын есебін және тұжырымын тексеру бөлігінде пысықтау.

Нысандарды жүктеу графиктерін дайындау және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, дерек көздері бойынша деректерді шығарудың дұрыстығын тексеру, сондай-ақ шағын жүйенің функционалын тексеру жүзеге асырылды.
Мақсат. Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін Т24 БАЖ функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде дамыту бойынша жұмысты жалғастыру

Пайдаланушылардың Т24 БАЖ іске қосу және дамыту қызметіне (АБАЖЕБ) 150-ге жуық өтініші өңделді.

«Bloomberg FXGO» сауда платформасы бар интерфейс өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

«IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «Әкімшілік-шаруашылық қызмет», «Қолма-қол жасалмайтын FOREX валюталық-айырбастау операциялары», «Ностро шоттарын салыстырып тексеру», «Ақша аударымдары», «Деривативтер – фьючерстер, опциондар», «Сенімгерлік-брокерлік және кастодиандық қызмет көрсету», «Банкаралық депозиттер», «Жеке тұлғаларға заемдар беру бойынша операциялар», «Бағалы қағаздармен операциялар», «АДМ сатып алу/сату», «Мерзімі өткен берешек», «Шоттар», «Эмиссиялық-кассалық операциялар» модульдары бойынша 59 пысықтау, сондай-ақ SWIFT, «Bloomberg», «Bloomberg-FX GO», «KASE», «БААЖ ПУ», «Бағалы металдарды есепке алу», «ҚБЕО», «НСИ» және «Бюджетті жоспарлау және талдау» жүйелерімен интерфейстер бойынша 14 пысықтау жүргізілді.

Операциялық күнді жабу рәсімдерінің функционалын түзету, сондай-ақ «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары» модулінің жұмысын түзету үшін Теменос компаниясын қолдау қызметі ұсынған 3 патча тесттен өткізілді және белгіленді.
2. Ведомстволық ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекеттерін пысықтау мен кешенді тестілеу және сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН және БСН) пайдалануға түпкілікті өту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шараларды орындау бөлігінде жұмысты жалғастыру.

«Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем жүйелері операторының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша дайындық іс-шараларын өткізу, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру туралы» ҚРҰБ 28.04.2012 ж. №157 қаулысында және ҚР Қаржыминінің 31.05.2012 ж. №272 бұйрығында көзделген іс-шараларды орындау бөлігінде жұмыс жүргізілді;

«ҚРҰБ-нің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өту жөніндегі іс-шаралар жоспарына» (ҚРҰБ Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және төлем жүйелерін тестілеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 23.02.12ж. №33 өкіміне №1 қосымша) сәйкес Т24 БАЖ пысықтау және тестілеу іс-шарасы жүргізілді.

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары 28.12.12 ж. бекіткен «ҚРҰБ ААШЖ-де сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өту бойынша ҚРҰБ-де жұмыс жүргізу жоспарына» сәйкес Т24 БАЖ тиісті пысықтау мен іске қосу 30.12.2012 ж. өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.


Міндеті. Ұлттық Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметін есепке алу үшін бағдарламалық пакетті таңдау және ендіру жұмысын жалғастыру.

Іс-шара. «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу және ендіру:

Есепті кезеңде мынадай жұмыстар жүргізілді:

1) «ҚРҰБ-нің ӘШҚ есепке алу жүйесі» (бұдан әрі - ӘШҚ ЕЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға байланысты ұйымдастыру мәселелері пысықталынды;

2) ҚР екінші деңгейдегі банктерінде және ТМД орталық банктерінде пайдаланылатын ӘШҚ ЕЖ туралы ақпаратты жинау және талдау жұмысы жүргізілді. ҚРҰБ Төрағасына ӘШҚ ЕЖ сатып алу бойынша одан әрі шешімдер қабылдау үшін жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік жазба жіберілді (30.03.2012 ж. №18108/1256);

3) ҚРҰБ басшылығы ӘШҚ ЕЖ БСБ РМК арқылы бөтен компаниядан сатып алуға шешім қабылдады. ҚР Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) БСБ РМК жарғысында көзделген функцияларды алып тастауына байланысты осы жұмысты орындау тоқтатылды;

4) SCC компаниясы АТД қызметкерлері үшін MS Dynamics/Navision және ҚРҰБ мүдделі бөлімшелері үшін «Oracle E-Business Suite» жүйесі бойынша таныстыру жүргізді;

5) ҚРҰБ қызметкерлері (БЕД, ОперБ, АТД) ӘШҚ бойынша модульдер блогымен танысу мақсатында «Альянсбанк» АҚ және «Нұрбанк» АҚ-на барды. Барғандығы туралы жиынтық есептер дайындалды;

6) бағдарламалық өнімдерді таныстыру және ӘШҚ бойынша модульдер ендірілген екінші деңгейдегі банктерге бару нәтижелері бойынша ҚРҰБ Төрағасының қарауына ӘШҚ ЕЖ жеткізушіні таңдау бойынша одан әрі іс-әрекетке қатысты ұсыныстары бар қызметтік жазба (27.11.12 ж. № 18108/4919) жіберілді.

ҚРҰБ басшылығының шешімі алынды, оған сәйкес ӘШҚ есепке алу жүйесі бойынша жеткізушіні таңдау жұмысы 2013 жылы жалғастырылатын болады.
Міндет. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру жөніндегі жұмыстарға қатысу

2012 жылы Астана қаласында ҚРҰБ-нің Резервтік Орталығын салу бойынша мынадай жұмыс жүргізілді:

1) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған Астана қаласы Әкімшілігінің қаулысы алынды;

2) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған АПЗ алынды;

3) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелері тұрған аудандардың оң белгілерінің қызыл желілері мен профильдерін қөрсете отырып, жан-жақты жоспарлау алынды;

4) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына бөлінген жер учаскелері бойынша «АстанагорНПЦзем» ДГП-мен жерді өтеусіз пайдалану шарты жасалынды;

5) «Астана қаласының архитектураы және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелерін игеру шарты жасалынды;

6) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелері бағыттарының схемалары әзірленді;

7) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін жобалауға және құрылысына арналған топографиялық түсірілім әзірленіп, алынды;

8) ҚРҰБ Резервтік Орталығын жобалау және құрылысын салу үшін сыртқы инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық талаптар алынды;

9) ҚРҰБ Резервтік Орталығын жобалау және құрылысын салу үшін сыртқы инженерлік желілердің трассаларының схемалары алынды;

10) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған учаскелердің шекараларын бөлу актілері алынды;

11) ҚРҰБ Резервтік орталығының эскиздік жобасы әзірленді;

12) ҚРҰБ Резервтік орталығының ТЭН әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді және мемлекеттік сатып алу шарты жасалынды;

13) инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді және мемлекеттік сатып алу шарты жасалынды.


Мақсаты._Қызметкерлерді_басқаруда_ықпал_етуді_жетілдіру__Міндет.'>Мақсаты. Қызметкерлерді басқаруда ықпал етуді жетілдіру
Міндет. Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына сәйкес іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің қызметкерлері жекелеген бұйрықтар мен өкімдерді, еңбек шарттарын, қосымша келісімдерді, қаулы жобаларына ілеспе құжаттарды, ақпараттық сипаттағы қызметтік хаттарды, түрлі анықтамалық материалдарды және т.б. мемлекеттік тілде өздері дайындайды. Баспа басылымдарының ішінде қызметкерлер «Статистикалық бюллетень» жинағын мемлекеттік тілде өздері дайындайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, сондай-ақ Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелерімен және филиалдарымен хат-хабар алмасу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.


Мақсаты. ҚРҰБ-де оқудың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету. Орталық банктің қызметкерлерін оқыту жүйесін – универсал құру

Міндеті. Көшбасшылық, шешендік дағдыдылары дамыған, ерекше адамгершілік қасиеттерге ие, шет тілдерін еркін меңгерген ҚРҰБ-нің ниет білдірген қызметкерлері мен басшылары арасынан оқытушы топтарын қалыптастыру

ҚРҰБ базасында 2012 жылы ҚРҰБ қызметкерлерін лектор ретінде тарта отырып ҚРҰБ ОА, ведомстволары мен филиалдарының қызметкерлері үшін 52 оқыту іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 30% ағылшын тілінде сабақ оқыта отырып 10 семинар (бұл ретте 2012 жылғы қыркүйектен бастап 100% ағылшын тілінде сабақ өтілді). Сонымен ҚРҰБ аумақтық филиалдарының қызметкерлері үшін бухгалтерлік есеп, валюталық реттеу, төлем балансы мәселелері, «ЖҚА» ААШЖ пайдалану мәселелері, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметінің басқа да маңызды мәселелері жөніндегі семинарлар ұйымдастырылды, филиалдардың заң кеңесшілері үшін Заң департаментінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. ҚРҰБ ведомстволарының қызметкерлері үшін халықаралық резервтерді басқару мәселелер, ҚР заңнамасына тәуекелдерді барынша азайту бойынша өзгерістер енгізу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылды. ҚРҰБ ОА бөлімшелерінің қызметкерлері үшін монетарлық операциялар, ақпарат технологиясы бөлімшелерінде және операция бөлімшесінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жаңа қызметкерлерді бейімдеу бойынша, ақша-кредит саясаты бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді және сақтауды насихаттау бойынша, ислам қаржысы бойынша семинарлар өткізілді. Магистранттар үшін ҚРҰБ Қаржылық қадағалау комитетінің бөлімшелерінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. ЕурАЗЭҚ қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің өкілдері үшін Ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде қызметкерлерді оқыту саласында қаржылық тұрақтылықты, тәуекелдерді басқаруды, қолма-қол ақша айналысын зерттеу мәселелері бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері, стартегиялық басқару мәселелері және т.б. бойынша бірқатар семинарлар және тағлымдамалар ұйымдастырылды.

30% ағылшын тілінде оқыта отырып, сабақ өткізу тәжірибесі жалғастырылды, бұл ретте 2012 жылғы қыркүйектен бастап ағылшын тілінде оқыту 100% болды. Сонымен «Investment in gold”, “Public Accountability”, “Sustainable development”, “Banking Supervision”, "Life-long learning" тақырыптары және басқа тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді.

Оның үстіне, ҚРҰБ-де және Магистратурада семинарлардағы сабақтарға тартылатын қызметкерлер үшін жұрт алдында сөйлеу дағдыларын дамыту үшін мамандандырылған семинарлар (Мастер-тұсаукекерлер, жұрт алдында сөйлеу) ұйымдастырылды.


Мақсаты. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту
1-іс-шара. Ұлттық Банктің автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметінің тізбесін қалыптастыру.

Лицензиялау бойынша Ұлттық Банктің 21 мемлекеттік қызметінен автоматтандыруға жататын тізбе қалыптастырылды және Ұлттық Банктің барлық мүдделі бөлімшелермен және ҚҚК-мен келісілді.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына (77-1-бабы) өзгерістер енгізілуіне байланысты автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызмет тізбесі «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия, беру лицензияларды қайта ресімдеу, дубликаттарын беру» мемлекеттік қызметімен толықтырылды.

2-іс-шара. Ұлттық Банк мемлекеттік қызметін электрондық форматқа аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Мемлекеттік қызмет тізбесінің қалыптастырылуына қарай электрондық форматқа көшіруге жататын ҚРҰБ мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру/автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобалары (бұдан әрі - жоспар жобалары) ҚРҰБ ОА және ҚҚК мүдделі бөлімшелерімен келісіліп дайындалды, ККМ-не 01.06.2012 жылғы


№ 19011/978 хат арқылы келісуге жіберілді.

ККМ «ҰАТ» АҚ-ның талдаушыларымен іс-шаралар жоспарының жобаларын өңделгеннен кейін жоспар жобалары ҚРҰБ ОА және ҚҚК мүдделі бөлімшелерімен қайтадан өңделді.

Қазіргі уақытта бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықтан қажет етілетін құжаттар санын қысқарту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ҚР ҰБ қол қойды (25.12.2012ж.) және ККМ-нің ҰАТ» АҚ-на қол қоюға жіберілді.

3-іс-шара. Ұлттық Банк беретін лицензиялардың барлық түрі бойынша «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпарат жүйесін (бұдан әрі - бойынша «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) пайдалану.

1. Ұлттық Банктің орталық аппараты және аумақтық филиалдары беретін лицензияларға қатысты (банктер болып табылмайтын заңды тұлғаларға шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беру және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру).

2012 жылы ҚРҰБ-де ЕЛ МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін байланыс, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметті автоматтандыру үшін бақылау саласындағы БАМ функциялары мен өкілеттіктері ККМ-не берілуіне байланысты ККМ ҚРҰБ-не қайтарды (2012 жылғы 6 қаңтардағы №18106/60 хат арқылы). Оның үстіне «ККМ «ҰАТ» АҚ іске асыруы тиіс ЕЛ МДБ АЖ тестілеу, сондай-ақ пайдалану барысында анықталған ескертулер орын алды.

04.01.2012ж. бастап ҚРҰБ филиалдары уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларды ЕЛ МДБ АЖ-де береді. 2012 жылғы 8 маусымда «Е-лицензиялау» МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды. Қазіргі уақытта көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша лицензияларды ҚРҰБ ЕЛ МДБ АЖ арқылы береді.



  1. Ұлттық Банктің ҚҚК беретін лицензияларға қатысты.

2012 жылдың басында ҚҚК ЕЛМДБ АЖ-не қосылған болатын, ҚҚК лицензияларын электрондық форматта беруге көшу үшін техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етті. Пайдалану жүргізу кезінде ҚРҰБ ҚҚК Лицензиялау департаменті ҚҚК «ҰАТ» АҚ іске асырған ЕЛ МДБ АЖ-не ескертулер ұсынылды.

18 маусымда Актінің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ескерілгендерімен ҚР ҰБ ҚҚК-де «Е-лицензиялау» МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.

2012 жылғы қазаннан ҚРҰБ ҚҚК лицензияларды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы беруге 100% көшті. ҚРҰБ ҚҚК ескертулер туындаған жағдайда ККМ «ҰАТ» АҚ-ның қызметкерлеріне хабарлайды және ескертулер жойылуына қарай тиісті Актіге қол қойылады.

ҚРҰБ 2012ж.07.12. № 19011/807 хатпен ҚР Көлік және коммуникация министрлігін барлық лицензияны 100% (о.і. ҚҚК) электрондық форматта беретінін хабарлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет