Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет8/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны


аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және
2-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтінішті;

2) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесін;

3) құрылтай құжаттарының көшірмесі;

4) растайтын құжаттарды (мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының көшірмесін) қоса бере отырып, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (заңды тұлғалар үшін) бар штатта кем дегенде екі қызметкердің болуы туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасындағы сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді ұсынуға тиісті.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеуден бас тартылады.

 3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі


11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық


емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан 

 

Аккредитациядан өту туралы өтініш



(жеке тұлға үшін)

 

________________________________________________________________



(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)

____________________________________________________________________.

(тұрғылықты жері)

Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуіңізді өтінемін.

Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, данасын және олардың әрқайсысына парақ санын көрсету керек):

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________.

  

Бірінші басшы немесе қол қоюға



уәкілетті тұлға (лауазымы)______________________________

Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

___________________________________________ ____________

(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)               (қолы)
Күні ____________ ж. мөрдің орны

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық


емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан 


 

Аккредитациядан өту туралы өтініш

(заңды тұлға үшін)

 

________________________________________________________________



(уәкілетті органның толық атауы)

__________________________________________________________________.

(заңды тұлғаның толық атауы)

Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуіңізді өтінемін.

1. Заңды тұлғаның тұрған жері және деректері__________________

_________________________________________________________________

2. Банктік шотының нөмірі  ________________________________________

3. Филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер (тұрған жері, деректері):______________________________________________________________________________________________________________________________.

Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, данасын және олардың әрқайсысына парақ санын көрсету керек):______________________________

____________________________________________________________________.

 

Бірінші басшы немесе қол қоюға



уәкілетті тұлға (лауазымы)______________________________

Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

___________________________________________ ____________

(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)               (қолы)
Күні ____________ ж. мөрдің орны
________________

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе


заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан


«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның қызметкерлер құрамы туралы мәліметтер

_______________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

 




Қызметкердің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты

Лицензияның нөмірі және алған күні

Білімі

Жұмыс өтілі

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірінші басшы немесе қол қоюға

өкілетті тұлға (лауазымы)____________________________       ______________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))   (қолы)



 

 

Күні ____________ жыл

Мөрдің орны

 

________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің ірі немесе банк холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулысы (бұдан әрі – Ұлттық Банкі Басқармасының келісім беру туралы қаулысы) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш;

2) банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді.

Банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мыналар болып табылады:

кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметтен алынған кірістер;

көрсетілетін қызметті алушының құжатпен расталған ақшалай жинақтары.

Сыйға тарту, ұтыстар, банктің акцияларын сатып алу құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түріндегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген, банктің акцияларын сатып алуға арналған көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.

Банктің акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (бар болса) берілген сенімхатты;

4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

5) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:

қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі
іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі


іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;

қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі);

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді, еңбек қызметі бойынша және білімі туралы мәліметтерді қоса алғанда;

7) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:



құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешек туралы мәліметтерді;

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.



Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

3) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;

4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

5) осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

6) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

8) аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;

9) көрсетілетін қызметті алушының және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, егер бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметінемесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін:

1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»


1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтерді.

Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақшада көрсетілген құжаттарға қоса көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті ұсынады.

Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы:

1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растаманы;

3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банктік холдинг мәртебесін алуға рұқсатты (келісімді) не көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемені;

4) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болғаны туралы жазбаша растауы не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.

Орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін алуға ниетті заңды тұлғалар осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады. Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:

қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;

қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға маркетингтік жоспар (нарықтың таңдалған сегментінің қажеттілігін және тұтынушылық аудитория, баға белгілеу, өнімді (қызметтерді) өткізу және жылжыту, сатуды ынталандыратын әдістерін, маркетинг бюджетін ашумен);

ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға ірі қатысушы, банк холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акциялардың санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген, қаржы ұйымдарының атаулары, ол алуға ниеттенген банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі көрсетілген өтініш;

2) растайтын құжаттардың қосымшасымен меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;

3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (бар болса);

4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған табысы және мүлкі туралы мәліметтер;

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңды тұлға резиденті ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, бірнеше қаржы ұйымы мәртебесіне келісімді бір мезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:

1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;

2) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;

3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

4) осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

9) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын,
іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер бар болса,
көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы тармақтың жетінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

2) Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы немесе банк холдингінің, бірнеше қаржы ұйымының мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы тармақтың тоғызыншы тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті.

Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін беру банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа тәуекелдерді және ішкі бақылауды, оның ішінде еншілес ұйымның қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты басқару жүйесінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.

Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, үшінші бөлігінің, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында, бесінші бөлігінің, алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, тоғызыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, оныншы және он екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі болмауы;

2) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлға, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданбауы;

3) көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолдануы;

4) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы тұрақсыз болуы;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

6) көрсетілетін қызметті алушы иелену банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;

7) көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;

8) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушысына немесе банк холдингіне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

9) егер көрсетілетін қызметті алушының банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау банктің қаржылық ахуалының нашарлауын болжауы;

10) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы


ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттіктерінің болмауы;

11) Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмесе;

12) банктің қаржылық ахуалы ықтимал нашарлауы жағдайында банкті қайта капиталдандыру жөнінде ұсынылған жоспары тиімсіз болуы;

13) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделі болмауы;

14) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолдануы;

15) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;

16) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын, ірі қатысушы заңды тұлғалар және банк холдингтері
бойынша – Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы резидент болып табылатын мемлекеттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржылық қадағалау органдары арасында, ақпарат алмасу көзделетін келісім болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздемелерден басқа, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:

1) көрсетілетін қызметті алушы – қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын кезде;

2) Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдерінің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет