Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет6/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты
 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.




2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергеннен бастап – күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілген комиссияның Төрағасы (немесе оның орынбасары) қол қойған Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг) басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссияның хаттамасы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәлімет көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) еркін нысанда жазылған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан
әрі - кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымының, холдингтің құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және мыналар қол қойған қолдаухат:

қаржы ұйымының, холдингтің (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті


(қаржы ұйымы, холдинг, ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін) сақтандыру брокері акционерлерінің біреуі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының біреуі - басқарманың бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде;

қаржы ұйымы, холдинг (өтініш беруші) басқармасының


(атқарушы органының) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

2) қаржы ұйымының, холдингтің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы»


2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің басқармасы мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесінде мыналар қамтылады:

осы үміткердің өкілеттігі (тегін, атын, бар болса әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күні және оның қойылған қолын көрсете отырып);

осы үміткер үйлестіретін немесе бақылайтын құрылымдық бөлімшелердің атауы және өкілеттіктері туралы мәліметтер;

өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілік;

3) егер қаржы ұйымының атқарушы органының, холдингтің мүшесі лауазымына үміткер өзге ұйымдарда жұмыс істесе, осы қаржы ұйымының директорлар кеңесінің үміткерге өзге ұйымдарда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің көшірмесін;

4) қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушіге, холдингтің үміткерді қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, үміткерді (екі және одан көп үміткер келісілгенде – әр үміткерге шешімнің көшірмесінен бір данадан) тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін ұсынуға тиіс.

Егер тағайындау күні көрсетілмесе, онда үміткерді тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының көрсетілетін қызметті берушінің, холдингтің шешім қабылдау күні не шешімде көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады. Осы жағдайда қаржы ұйымы, холдинг шешімде көрсетілген оқиғаның басталуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте қаржы ұйымы, холдинг ұсынған үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);

акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;

акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау туралы мәселе бөлігіндегі отырысының күн тәртібі;

дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

басшы лауазымына үміткерлерді тағайындау бөлігінде қабылданған шешімдер.

Шешімнің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен расталуы және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болуы тиіс;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштегі үміткер туралы мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы түрлі-түсті фотография ашық реңде 3х4 өлшемде орындалады);

6) ұсынылған тұлғалар экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежелері бар болса, олардың ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;

7) азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы бар елінің
(азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады;

8) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;



Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

тағайындалуына (сайлануына) көрсетілетін қызметті берушінің қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы
(атқарушы органның функцияларын жекелей жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымдары, холдингтер басқармасының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;


ұсыным хатқа қол қою күнінде көрсетілетін қызметті берушінің
(және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің) бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;


экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 3-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.

Азия даму банкі;

Еуразия Даму банкі;

Еуропа қайта құру және даму банкі;

Ислам даму банкі;

Халықаралық даму қауымдастығы;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Халықаралық валюта қоры;

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келісу кезінде директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (2013 жылғы 4 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8318 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі берген BB+ төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және басқарма мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.

9) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында қажетті рейтингтің болуын растайтын мәліметтер – осы тармақтың


8) тармақшасы үшінші бөлігінде көзделген жағдайда;

10) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесін не бас бухгалтер лауазымына үміткер үшін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын шетел институты берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған көшірмесін ұсынуға тиісті.

Осы тармақта аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының сыртқы бетінде, ішінара тігіс түйініне желімделген, тігілген парақтардың саны көрсетілген жапсырма қағаздың үстіне қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен расталып ұсынылады.

Құжаттардың көшірмелері қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен және қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингтерінің мөрімен расталады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды қаржы ұйымына, холдингіне қараусыз қайтарады. Көрсетілетін қызметті алушы басшы лауазымға кандидатты сайлаған (тағайындаған) күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткіліксіз құжаттары бар құжаттардың топтамасын ұсынады. Кандидатты келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қайтадан ұсынғанда оларды қарау мерзімін есептеуде көрсетілетін қызметті берушінің оларды қайтадан ұсынған күнінен басталады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


қосымша
 

 

сурет орны

 

 

Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің басшы

қызметкері лауазымына кандидат
туралы мәліметтер

 

 

____________________________________________________________________

(қаржы ұйымына, банктік, сақтандыру холдингіне тағайындалатын

____________________________________________________________________

кандидаттың тегі, аты, бар болса –әкесінің аты көрсетіледі)

____________________________________________________________________

(қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің атауы)



  1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және туған жері
Азаматтығы
Жеке басын куәландыратын

құжаттардың деректері
2. Білімі:



Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

 

 

 

 

 3. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

 

 

 

 

 

4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларды иеленуі туралы мәліметтер:



Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрi

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

 

 

 

 

5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымында, банктік, сақтандыру холдингінде лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі туралы көрсетіледі.



Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып)

Қолданылған тәртіптік шараның болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

 

 

 

 

 

 

6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер:

__________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету)

7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:



Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

 

 

 

 

 

8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________

(иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

9. Осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы директордың лауазымын иелену туралы мәліметтер:



Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1

 

 

 

 

 

10. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - ірі қатысушысы жеке тұлға, қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы заңды тұлға - қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банктік, сақтандыру холдингін консервациялау туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________

(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)

11. Көрсетілетін қызметті берушінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________

(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін)

12. Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________ (иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші - қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса – әкесінің аты)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)
Қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің тәуелсіз директорлығына кандидат толтырады:

Мен, ______________________________________________________________ ___________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)

____________________________________________________________________

тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын. 

Күні _____________________________

Қолы __________________________

________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет