Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік



бет38/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік

қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіште «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта таратуға рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:



мына құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта таратуын жүргізуге қызметті берушінің рұқсатын алу туралы өтініш:

1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;

2) тарату комиссия мүшелеріне кандидаттардың тізімі;

3) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушыны тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, көрсетілетін қызметті алушының меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;

4) көрсетілетін қызметті алушының, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;

5) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушы тарату туралы шешімін қабылдаған күніне көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының тізімі;

6) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен, көрсетілетін қызметті алушының өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3) және


6) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі),
2) және 5) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) және 4) тармақшасында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

______________

 

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының ерікті түрде таратуды жүргізуге көрсетілетін қызметті берушінің

рұқсатын алу туралы

өтініші

 

_________________________________________________________________



(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

_________________________________________________________________

(өткізілген орны)

акционерлердің жалпы жиналысының____жылғы___________

№_____хаттамасына сәйкес

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, оның орналасқан жерін көрсете отырып)

ерікті қайта таратуға рұқсат беруіңізді сұрайды.

 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды ерікті қайта таратуын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу құқығы берілген уәкілетті тұлға болып

_________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты, аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)

_________________________________________________________________

(уәкілетті тұлғаның лауазымы)

табылады.

Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың дұрыстығына толығымен жауапты болады және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім береді.

Қосымша: ____________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________

(жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы бойынша парақтар саны көрсетіледі):

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген күні мен нөмірі)


________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Мәліметтердің электрондық нысаны


Тарату комиссиясына мүше болуға үміткерлердің тізімі


Үміткердің ЖСН

Үміткердің тегі

Үміткердің аты

Үміткерәкесінің аты

Үміткердің туылған күні


Үміткер

дің жұмыс орны




Үміткердің лауазымы


Білімі туралы деректер

(оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)



Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы


Үміткердің байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

































________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


Мәліметтердің электрондық нысаны

Қызметті алушы кредиторларының тізімі


Кредитордың атауы

Өтініш беруші міндеттемелерінің сомасы

(акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату жөніндегі шешімді қабылдау күніндегі)



1

2






________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым

құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес өтінішті;

2) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғыны бекіту туралы шешімді;

3) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімін;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;

5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.

Банкте және (немесе) банк холдингі болмаған жағдайда:

осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;

егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпаратты қосымша береді;

6) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпаратты;

8) банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялардың саны және акцияларға алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;

9) аудиторлық ұйымның есебі және еншілес ұйым иеленетін аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілікті;

10) еншілес ұйым иеленетін жарғылық капиталдың мөлшері  туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның иеленетін акцияларының саны туралы, еншілес ұйымның иелену талаптары мен тәртібі туралы ақпаратты;

11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін заңды тұлға туралы:

заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;

заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты  және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректерді беруі қажет;

Осы талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;

12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;

13) банктің және (немесе) банк холдингінің және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруының, иеленуінің қаржы салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, жоспары және банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын;

14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды, атап айтқанда соның негізінде мынадай шарттардың бірі болғанда банкте және (немесе) банк холдингінде мүмкіндік пайда болатын құжаттар:

банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

банктің және (немесе) банк холдингінің басқару органы немесе еншілес ұйымыны атқарушы органының құрамын кемінде жартысын дербес сайлауға мүмкіндігінің болуы;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа банктің және (немесе) банк холдингінің қаржылық есептілігіне қосқаны;

банктің және (немесе) банк холдингінің шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігінің болуы; бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 Қаулысы;

15) банктің және (немесе) банк холдингінің болжамды еншілес ұйымдары болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, банктің міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін ұсынуға тиісті.

Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi – банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5), 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар берілмейді.

Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру


(қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иеленуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының
(банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар табыс етілмеуі;

2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;

3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) мына талаптарға сәйкес келмегенде:

мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:

мінсіз іскерлік беделі жоқ;

көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы болып табылған тұлға. Аталған талап көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылуы.

4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

5) қаржылық салдарды талдамасының еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық
жай-күйінің нашарлауын болжауы;

6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;

7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;

8) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолданған банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданыстағы ықпал етудің шектеулі шарасының және (немесе) санкцияның болуы;

9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет