Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі № қазақ орта мектебі Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы: «Адам физикасын және адамның физикалық мүмкіндіктерін зерттеу»


Оқушылардың денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстар



бет12/15
Дата17.04.2024
өлшемі377.5 Kb.
#499018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ғалымжан жоба

4.2.9. Оқушылардың денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстар

* жаман әдеттерден бас тарту (алкоголь, никотин, есірткі, психотроптық заттар);

* өзіңіз үшін мүмкін спортпен шұғылдану (дені сау денеде-дені сау рух);

* көбірек қозғалу (қозғалыс қимылдарын жасау);

* ашық ауада көбірек болу;

* жылдың әр мезгілінде киіміңізді қадағалаңыз;

* тыныс алу қозғалыстарын бақылау;

* стресстік жағдайлар туғызбаңыз және оларды «айналып өтуге» тырысыңыз.

Физикалық келесі әдістер күйзелісті жеңуге көмектеседі:


1. Тыныс алуды бақылау. Тыныш күйде адам баяу және терең тыныс алады, бұл әдіс ішкі тыныштықты қайтарады: 1 – 4 ке дейін санап – тыныс алу, 5 – 8 санап – дем шығару, 9 – 12 санап дем алмай тұру. Бірнеше рет қайталау.
2. Жақ бұлшықеттерінен жүктемені жеңілдету. Тілдің ұшын жоғарғы таңдайдың түбіне дейін тигізіңіз.
3. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығу. Бұлшықет топтарын кезекпен қатайтыңыз және босаңсытыңыз.
4. Айналаңыздағы заттарға қарап, олардың атын, түсін, пішінін және мақсатын кезекпен атаңыз.
5. Дыбыс терапиясы. Сүйікті музыкаңызды тыңдаңыз.
6. Жақсы антидепрессант болып табылатын қара шоколадтың бірнеше бөлігін жеп тұрыңыз, ол мидың тез жұмыс жасауына, терең ойлауына ықпалын тигізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында біз адамды сипаттайтын физикалық параметрлерді қарастырып, физика пәнінен алған біліміміз негізінде мүмкін болатын шынайы зерттеу жұмыстарын тәжірибелік тұрғыда жүргіздік. Қазіргі қоғамда бұл тақырыпқа жеткілікті көңіл бөлінбейді, бірақ ол уақыт өткен сайын өзекті бола түсуде. Жұмыста табиғат заңдары, физикалық заңдардың тірі ағзаларға қолданылуы, сондай-ақ ғылым мен техниканың даму перспективалары қарастырылды.
Бұл зерттеу арқылы біз табиғат заңдарының бірлігін көрсетіп, физикалық тәжірибе нәтижесінде интеллектуалды және практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасауға, сонымен қатар танымдық белсенділік пен тәуелсіздікті дамытуға болатынын дәлелдедік.
Жүргізілген зерттеулер мен тәжірибеден алынған шамалар бойынша мен өзімні физикалық төлқұжатымды жасадым. Осындай зерттеулер негізінде кез-келген адам өзіне зерттеу жүргізіп, төлқұжатын жасауына болады. Мұндай зерттеу жұмыстары адамды жас кезден тәжірибе жасауға, көп білуге ұмтылдырып, ғылымға деген қызығушылығын оятады.
Ал ғылымды дамыту – елімізді жан-жақты дамытып, экономикамызды өркендетіп, озық дамыған елдердің көшіне кіруді басты алғышарты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет