Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі мектепте оқытылатын физика курсында адамды сипаттайтын физикалық параметрлерге іс жүзінде назар аударылмайды.
Алайда, мектептегі психология мәселелерін зерттеуге, тірі ағзаларда, техникада болатын үдерістерді модельдеуге, бионика сияқты ғылымның дамуына байланысты оқушылар «Адам физикасын» зерттеуге деген қызығушылықтары арта түсуде. Адам ең алдымен өзін терең меңгеріп, өз физикасын білгенде ғана басқа да мәселелерді меңгеріп, зерттеп, өмірде үлкен жетістіктерге жете алады.
Зерттеу мақсаты:
- табиғат заңдарының бірлігін, физика заңдарының тірі ағзаларға қолданылуын, ғылым мен техниканың келешекті дамуын көрсету;
- физикалық эксперимент саласында интеллектуалды және практикалық дағдыларды қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау;
- танымдық белсенділік пен тәуелсіздікті, ұмтылысты, білу мен ізденісті дамыту;
- адамның өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал тулыру.
Зерттеудің міндеті:
- физикаға танымдық қызығушылықтың қалыптасуын арттыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- оқушылардың зияткерлік құзыреттілігін дамыту.
- практикалық жұмыстарды орындау, жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың зерттеушілік қызметтеріне жан-жақты жол ашу.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- адам ағзасында қандай үдерістер болып жатқанын түсіну үшін адам мен табиғат әлемінің өзара әрекеттесу сипатын ашу.
Зерттеу әдістері:
1) зертханалық жұмыстар;
2) бақылаулар;
3) деректерді жинау және оларды талдау;
4) ақпаратты қорытындылау;
5) математикалық (есептік) әдістер;
Зерттеу нысаны: адам.
Зерттеу бағыттары: адам және адамның физикалық мүмкіндіктері.
Күтілетін нәтижелер:
- адам ағзасында болып жатқан үдерістерді түсіндіруде қандай физикалық заңдылықтарды қолдануға болатынын табу;
- физика заңдары тұрғысынан оның денесінің ерекшеліктерін ажырату.
- әртүрлі ақпарат көздерінен құнды деректер алу;
- құбылыстарды бақылау және зерттеу, бақылау нәтижелерін сипаттау;
- құбылыстарды модельдеу, қажетті құралдарды таңдау, өлшеу жүргізу,
өлшеу нәтижелерін кестелер, зерттеу міндеттерін қою;
- алынған нәтижелерді оқу іс-әрекетінде өзін-өзі табысты жүзеге асыру үшін пайдалану;
- мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас мәдениетін және ұстамды мінез-құлықты насихаттау;
- сынып сағаттарын өткізу үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |