1.2 Лексиканың салалары мен түрлері
Қолданылу аясы мен шеңберіне қарай лексика мынандай бірнеше салаларға бөлінеді:
ауызекі сөйлеу тілі лексикасы;
тұрмыстық лексика – күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс-жағдайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер.
Кәсіби-жазбаша лексика – ғылыми әдебиетте, публицистикада, ресми іс-қағаздарында сөйлеудің кітаби стиліне байланысты.
Ғылыми лексика – белгілі бір ғылым саласында қолданылатын тілдердегі сөздердің лексикасын айтамыз.
Қоғамдық-публистикалық лексика – қоғамның өндірістік күштерінің алға жылжу сатысына байланысты қоғамда қолданылатын тілдің лексикасын айтады.
Өндірістік-техникалық лексика – өндірістік – техникада және күнделікті тұрмыста жұмыс барысында қолданылатын сөздердің лексикалық қорын айтады.
Ресми-іс қағаздары лексикасы – ғылыми-әдебиетте, публицистикада,
ресми-іс қағаздарында сөйлеу тілі стилдерінің қолданылуы.
Аймақтық лексика – сол аймақтың тіліне ғана тән сөздердің лексикасы болып табылады.
Әлеуметтік лексика;
және т.б. деп те көптеген түрлерге бөлінеді.
Белгілі бір стильдік қабаттары мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай тіл-тілдің лексикасы былайша топқа бөлінеді:
Бейтарап – белгілі бір сөйлеу тіліне телінбеген сөздер тобы.
Жалпылама – бұны кейде қарапайым лексика да деп атай береді. Ол ауызша сөйлеу тілінде де, жазбаша сөйлеу тілінде де бірдей қолданыла береді.
Қарапайым – фамильярлық лексикамен де қоян-қолтық болады.
Эмоционалды – тілдің эмоционалды бояулары мен құралдарын пайдалана отырып жасалған лексика.
Экзотикалық – бір тілге кейбір басқа тілден енгенкірме сөздер, белгілі бір халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін білдіретін сөздер жатады.
Фамильярлық - Фамильярлық лексика – көбінесе ауызекі сөйлеу тіліне тән, кейде интимдік, икейде шолжаң, тым еркін, бөспе мағыналы лексика.
Интернационалдық.
Көтереңкі.
Вульгарлық.
Актив.
Пассив деп те бөлінеді.[22; 10-11]
Тілдегі сөздер жалпы бола отырып, өмірдегі, айналадағы сан алуан құбылысты белгілейді, солардың атауы ретінде қызмет етеді: затты, сапаны, белгіні, іс-әрекетті т.б. білдіреді. Осындай ірі-ірі белгілеріне қарай тілдегі сөздерді әдетте, ірі-ірі үш топқа бөледі:
атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) аралық сөздер.
Атауыш сөздерге – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу сияқты топтарға қатыстылар жатқызылады да, бұлар әрі дербес, әрі толық мағыналы сөздер деп аталады.
Екінші тобы – тілде жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқ, атауыш сөздердің жетегінде жүріп, грамматикалық мағына білдіретін көмекші сөздер. Бұлар – сөз бен сөзді, сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, дәнекерлеушілер: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер, көмекші сөздер, көмекші етістіктер, предлогтар.
Үшінші тобы – аралық немесе орынбасар сөздер. Бұл топқа әдетте, есімдіктер, сан есімдер, одағайлар жатады. Бұлар – заттың, я құбылыстың тікелей атауы емес, атаулардың орынбасарлары ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |