Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі



бет6/14
Дата09.05.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі. (1)

2. Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі.

2.1 Лексиканы оқытудың ерекшеліктері


Лексика – тілдегі сөздердің жасалуы мен шығу тегі, негізіне қарай топтасқан сөздердің барлық жиынтығы.
Лексика – сөздер және олардың тілдегі сөздердің қолданылу аясы мен шеңберіне қарай топтасқан сөздер жиынтығы.
Сонымен, лексика дегеніміз – белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы деп аталады. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр-түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.
Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек.
Әрбір сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әрбір кезеңде оқушыларға сөзді үйрету әдістемесі әртүрлі болады.

ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ





Жаңа сөздерді
енгізу

Мақсаттары
мен міндеттері

Шет тілі лексикасының ерекшеліктері





Алғашқы бекіту

Жаттығулар жүйесі

Принциптері





Дайындық жатығулары

Тіл жаттығулары

Біліктер мен дағдыларды дамыту. Лексиканы қолдану.




Оқушылардың лексикадан білімін игеру негізінде жазбаша сауаттылықты қалыптастыру жаттығулар арқылы қалыптасады. Олар шығармашылық жаттығулар мен көшіріп жазу жаттығулары.


Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жүргізуді қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында көзделеді.
Кез-келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі – дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу оқушының осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты.
Ағылшын тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі – оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу [19].
Аударманы қолданудың басты жетістігі – сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің негізгі деңгейінде аударамыз. [18]
Тілді аударып пайдалану оқытудың барлық кезеңінде жүргізіліп отырады. Сөз дыбыстан құралады, әріппен жазылады, оны оқу ережесі болады, сондықтан мұғалім сөздің айтылуын оқытылуын жазылуын, тани білуіне үйрету керек.
Мысалы:
A book {buk} – книга, кітап (көрсету).
This is a book. Give me a book. Take the book.
Сөздерді үйретудің басқа бір түрі – көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктердің басты маңызы – бұл оқушылардың ағылшын тіліне деген мотивациясын арттыратын техникалық және техникалық емес құралдар деп танылады. Сонымен қатар, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек көрсетеді.
Мектепте жүргізілетін ағылшын тілі атмосферасы болғандықтан, тек көрнекіліктер арқылы ғана объективті әлем модельдендіріледі. Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оқу процесінің мақсаттарына жету үшін объективті шындықты модельдейді.
Барлық көрнекіліктер сыртқы және ішкі болып 2-ге бөлінеді.
Заттық немесе суретті көрнекіліктердің сөздің мағынасын берудегі қызметі өте төмен. Мысалы: сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп көмектеседі, керісінше, заттардың суретін салу оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек.
Тілдік көрнекіліктер шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек. Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:

  1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.

  2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.

  3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру to build-builder-building.

  4. Сөздің мағынасын оның шет тілінде берілген анықтамасы бойынша түсіндіру: a book – is a collection of sheets of paper bound together.

Енді осы тілдік көрнекіліктерді басты негізгі мықты және әлсіз жақтарын қарастырайық.
Контекст-мағына – бұл көрнекіліктің пайдасы сөздің сөйлемде қолданылған мағынасы ой туғызды, есте ұзақ сақталады, бірақ сөйлемдегі оның мағынасы негізгі мағына болуымен қатар қосымша мағынасы болуы да мүмкін, осы жағдайда оны қолдану тиімді емес [12].
Сондықтан, сөйлемдегідей мағынасын іздеп табу керек, бұл оңай шаруа емес, оған қосымша түсініктеме берілуі керек.
Мысалы:
T. It was hot. We had nothing to drink. We were thirsty.
Do people need water or bread when then are thirsty?
P1. They need water.
T. What do people need when they are thirsty.
P2. They need water (or smth to drink).
Шет тілінде лексиканы үйретуде лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысы мен инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты.
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, оқушылар сөздерді де шатастырады.
Мысалы:
East – west take – put ask – answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатын етістіктер.
Put on: put off – put down.
Take off: see off – going for etc.
Лексиканы меңгертудегі сыныптар бойынша нормалар:
4 – сынып:

  • 300 жаңа сөз меңгеру;

  • Зат есімнің жұрнақтары -er, -or, -tion, -ing;

  • Сын есімнің жұрнағы – у.

6 – сынып:

  • 400 жаңа сөз;

  • Зат есімнің жұрнақтары -ment, -ism, -ist;

  • Сын есімнің жұрнақтары - is, -al, -ical;

  • Қосымша меігерілетін жұрнақтар: -mis, -dis.

7 – сынып:

  • 400 жаңа сөз;

  • Зат есімнің жұрнақтары -ance, -ence, -ant, -ent, -hood;

  • Етістіктің жұрнақтары -ize, -en, -ate, -y.

8 – сынып:

  • 300 жаңа сөз;

  • сын есімнің жұрнақтары -iue, -ous;

  • Етістіктің жұрнағы – en;

  • сөз алдына қойылатын жұрнақ - anti.

9 – сынып:

10 – сынып:

  • 250 жаңа сөз;

  • Тұрақты сөз тіркестері.

11 – сынып:

  • 150 сөз.

Барлығы 3000 сөз меңгеріледі, тұрақты сөз тіркестері.
Тілді үйретудің мақсаттарының бірі – оқушыны сөзді және таныс емес дыбыстарды тыңдай білуге үйрету.
Сөзді тыңдау дегеніміз – оның акустикалық формасын білу [13]. Сондықтан, жаңа сөздермен таныстырғанда сөзді айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда үлкен орын алады.
Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар ол сөздерді жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгіленуін үйрету де жатады.
Сөзді дұрыс айтпау, оны түсінбеуге әкеп соғады. Егер сөзді айтушы сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасы да өзгереді.
Кіріспе курсы кезінде қалыптасқан тыңдау, айту дағдылары оқушының болашақ айту біліктілігін анықтайды. Сондықтан мұғалім осы кезеңде әр оқушының жеке қиындықтарын анықтап, дыбыстарды айтуда қателіктерін түзетуі қажет болады.
Айту дағдысын дамыту жаттығулары 2 топқа бөлінеді:

  1. Таныстыру жаттығулары егер сөздің мағынасы түсінікті болса, ол сөздердің ішінен сын есімдерді табуға тапсырма беріледі. Етістіктердің қайсысы еңбекті, қайсысы демалысты білдіретінін анықтауға немесе «They left for Kiev yesterday» сөйлеміндегі екпінді сөздерді табуға тапсырма беріледі. Егер олар екпінді сөздерді дұрыс атаса, жаттығулардың табысты болғаны.

  2. Үйрету жаттығулары – ағылшын тілі дыбыстарын, тіркестерін, сөйлемдерін жеңіл айтып сөйлеп, оқи алатындай деңгейге жету үшін қолданылатын атйту дағдыларын дамыту жаттығулары. [21]

Дауыстап оқу кезінде тіс аралық дыбыстардың айтылуынан көп қате кетеді, сондықтан мәтінді оқып болғаннан кейін, мұғалім осы дыбыстарды жеке және хормен қайталайды. Ол сөздер мыналар:
This, that, with, without, other, another, thing, thought.
Ең бірінші лексикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтар жөнінде айтатын болсақ, әрбір оқушы ағылшын тілі сабағы курсы аяқталған кезде 3000 сөз білуі тиісті.
Егер, оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушыны сол сөзді біледі деп есептейміз бе?
Әрине, біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткіліксіз.
Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағынасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байлаынстыруы тиіс.
Сондықтан, әрбір шет тілі сөзін игеру керек, яғни лексикалық дағдыны қалыптастыру керек.
Сөйлеу әрекетінің кез-келген түрі үшін керек болатын сөз игеруді ұмытпаған дұрыс.
Сөз игеруге үйретудің негізгі 3 сатысы бар:

  1. Бірінші сатыда мұғалім келесі күні берілетін мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстырады.

  2. Бұл сатыда берілген жаңа сөздерді бұрыннан таныс басқа сөздермен байланыстыра білуі тиіс.

  3. Ең соңғы сатыда оқушы жаңа сөздерді толық игеріп, өз ойын айтқанда пайдалануы керек.

Оқу процесі оңайдан қиынға қарай оқытуға бағыттылады, әр сабақтың алдында «Сұрақ-жауап» немесе «Талқылау», «Ой алмасу» сияқты тапсырмаларды беріліп, содан соң оқушыларға таныс сөздердің негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Шет тілі пәнінің әрбір сабақтарында оқытылатын лексикалық материалдар – бұл оқушыларға сөздерді үйрету.
Шет тілін оқытуда лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Лексиканы сөзді білу үшін емес, оны қолдана алу тұрғысында, тыңдап түсінуге, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде басқа адамдарға жеткізе алу мақсатында меңгеру керек.
Сөздер оқытылатын тақырыптарға байланысты іріктеліп беріледі. Сөздер мына белгілері бойынша іріктеледі:
1) тілде жиі қолданылатын сөздер;
2) оңай құрылатын сөз тіркестері;
3) тақырып, мәтінде кездесетін сөздер;
4) сөз жасау жолдарын түсіндіру үшін қолданылатын сөздер.
Мектеп бітірушілердің сөздік қоры өте аз болады. Сондықтан да олар тыңдап түсінуде, сөйлеуде, оқуда және жазуда көптеген қиындықтарға жиі кездесіп отырады.
Мұғалім жаңа сөздерді үйретуде 2 нәрсені есте сақтауы керек:

  1. оқушы сөзді тыңдап түсініп және оқығанды аудара білуі керек;

  2. сөйлеуде дұрыс мағынасын орынды қолдана білуі керек.

Оқушылар лексикалық және грамматикалық тақырыптарға байланысты әр түрлі қиындықта берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Сөйлеу мен оқуға басты назар аударылған. Оқушылар сөйлеу мен оқушы үйреннен кейін ғана жазу жұмыстарын үйренді.
Оқушылардың жаңа сөздермен өзіндік танысуы, бұл жұмыс түріне 6 сыныптан бастап тартылады. Сөздің мағынасын оқушылар сөздіктен өздіктерінен тауып алып, сөйлемдегі мағынасында қолданады. Оқу процесінде жаңа сөздермен танысу жұмыстарының негізгі түріне айналады.
Жаңа сөздерді игеру сөзбен бірінші танысудан басталады. Бұл сөзді мұғалім айтады, әрі қарай ол сөзді игерудің нақтылы жүйесін жасайды. Оқу кезеңінде сол сөздің айтылу дағдысын, оны оқуда, жазуда, сөйлеуде қолданылуын қалыптастырады.
Әрі қарай сол сөздермен лексикалық жаттығулар орындалады.
Егер, оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушыны сол сөзді біледі деп есептейміз бе?
Әрине, біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткіліксіз.
Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағынасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байланыстыруы тиіс.
Сондықтан, әрбір шет тілі сөзін игеру керек, яғни лексикалық дағдыны қалыптастыру керек.
Жаңа сөздер, жаңа лексиканы үйреткеннен кейін, олар бір-бірімен грамматика арқылы байланысуы керек, яғни грамматикалық дағдыларсыз ағылшын тілін үйрету де, үйрену де мүмкін емес.
Сөздердің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы өте шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте жақын келеді. Сондықтан да омонимдерді пайдалану онша табысқа жете бермейді.
Сөйлемдегі сөздердің қолданылу мағынасы да әртүрлі жағдайларда әртүрлі. Антонимдерді қолдану да осындай дәрежеде.
Мысалы:
greet – big – large
nice – beautiful
low – not high
town – city
long – short
Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жақсы құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбір сөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді тигеру де қиын болады.
Мысалы:
T: You know the words: «worker», «teacher», «now guess» the meaning of the word «writer». Write – write. Children, name your favorite write.
P1: Tolstoy.
P2:Chekhov.
P3: Gorky.
T1: That’s right. Is Sholokhov a write?
P4: Yes, he is.
T: Is Repin a write?
P5: No, he is not.
T: Is Katayev a write or a teacher?
P6: He is a write.
Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу (суреттеу). Сөздің мағынасын алудың бұл түрі белгілі бір жағдайларда қолданылады. Оның мағынасын алуға және өткен жаңа сөздерді де қолдануға, қайталауға қолданса да өте тиімді болады.
Мысалы:
T: A new word is «blind». A blind person is one who cannot see. Can a blind person see?
P1: No, he can’t.
T: What can’t a blind person do – see or hear?
P2: He can’t see.
T: He can’t see because he is blind. Why can’t the see?
P3: Because he is blind.
Тілдік көрнекілікті барлық оқу кезеңінде қолдануға болады. Бірақ оның барлық түрлерін бірдей қолдана алмаймыз. Мысалы: сөз жасауды кез-келген кезеңде әр түрлі деңгейде қолдануға болады.
Шет тілі сабағында суреттерді жақсы дайындық бар кезеңінде ғана қолдануға болады. Тілдік көрнекілікті қолдану сөздің аудармасын бермей-ақ қоюға болады деген сөз емес.
Сөздер мәтінді оқымастан бұрын түсіндіріледі. Сөзді жекелеп алып түсіндіруге болады немесе тұтас сөйлем мағынасында түсіндіріледі. Сөзді оқу процесімен жарыстыра отырып түсіндіруге болады.
Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне және оқыту деңгейіне байланысты болып келеді.
Сөзді мәтінді оқымастан бұрын түсіндіру үшін жаңа сөздерді тыңдау қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет, сөзді тақтаға немесе дәптерге жазу керек, сөздің жазылуын және транскрипциясын, оның аудармасын бірге жазады. Сөзді осылайша түсіндіргенде оны затты немесе суретті қолданып көрсету үні бірге қолданылады.
Сөздермен жұмыс жасау жолдары мына үлгі бойынша жүргізіледі:

  1. затты көрсету;

  2. сөзді бірнеше рет айту;

  3. сөзді туған тілге аудару;

  4. сөзді жекелеп немесе хормен айту;

  5. сөзді тақтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу;

  6. мұғалімнің көмегімен дыбыстарға әріптік талдау жасау;

  7. сөзді сөздікке жазу.

Әрі қарай мәтінді оқу кезінде сөздің мағынасы түсіндіріледі. Әр жаңа сөзге жеке тоқталу керек. Сөздің мағынасын анықтауға барлық оқушылар қатысады. Түсіну тірегі ретінде сөздің тек сөйлемдегі мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгілері де қолданылады: онда сөйлемдегі сөздің басты орны, сөздің алдында артикльдің болуы, сөз жасаушы суффикстер мен профикстердің болуы.
Шет тілі ережесін оқыту негізінде оқушылардан оны жаттап алуға талап етудің қажеті жоқ, оның мазмұнын түсініп, сөз, сөйлем құрағанда сол ережелерді білуге үйрету қажет. Блок-сызбалар сабақта оқушылардың белсенділігі, қызығушылығын арттырады, тез ойлау, жазу, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамытады.
Түсіну шеберлігі бойынша мұғалімнің айтқан сөзін, ойын түсіну, түсінгенін өз сөзімен жеткізу, жеке сөздерді үйрену, сөз тіркесі, жай сөйлем тіркестерін меңгеру.
Оқушылармен үнемі аралық тіл арқылы сөйлесу ағылшын тілін үйренуге көмектеспейді. Мұғалім оқушыларға шет тілін үретіп қана қоймай, оларды сол тілде ойлануға да мүмкіншілік жасауы керек, құр қағиданы оқытып, аударма жаттығу орындау тіл үйренудің негізгі тірегі болмайтыны қақ.
Осыдан барып ұстаздың алдында оқушылардың білім деңгейі, шет тілінде сөйлеу деңгейі қалай деген өзекті сұрақ туады.
Сабақта тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударып, сабақты қызықты, тартымды өткізуге көбінесе көрнекіліктің қажеттілігі зор. Ағылшын тілінде сөздік қорды арттырудың бір жолы – көрнекілік пайдалану. Көрнекілік – сабақ көркі. Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізу үшін қолданылатын көмекші құрал. Көрнекіліктің міндеті – оқушылардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын қалыптастыру.
Бүгінде шет тілі пәніне қажетті көрнекіліктер біршама арта түсті. Көрнекілік шәкірт білімін арттырып сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады. Олар сабақтың әсерлілігін, мазмұн сапасын, оқушылардың сабаққа қызығуын күшейте түседі.
Көрнекі оқу құралдары сол пәндегі, сол сыныптағы оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Көрнекі оқу құралдары кез келген әдіс бойынша сабақ өткізуге қолайлы болуы керек. Көрнекіліктерді сабақ мақсатына сай түрлендіре отырып пайдаланса тіпті жақсы.
Көрнекіліктерді 4 топқа бөлуге болады:

  1. Жалпы көрнекі құралдар: техникалық құралдар, компьютер, бейнетаспалар, магнитофон, диафильм, эпидиаскоп, кодоскоп, слайд, т.б.

  2. Даяр плакаттар, портреттер, карталар.

  3. Қолдан жасалған құралдар: сызба, кесте, аппликация, дидактикалық материалдар, үлестірмелі, кеспе карточкалар, сөзжұмбақтар, кроссворд, т.б.

  4. Әр модулға арналған тест сұрақтары.

Оқыту барысында көрнекіліктерді жүйелі пайдалану, тақырыпқа қатысты қосымша оқу материалдарын түрлендіріп қолдану сабақтың бүгінгі талапқа сай мазмұнды өтуіне кепіл бола алады.
Шет тілі сабақтарында қолданылып жүрген көрнекіліктер көп. Енді солардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Негізгі бір түрі – кестелік көрнекілік, оның артықшылығы: тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшелігін салыстырып көрсетуінде.

Мысалы:
Forms of Nouns





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет