Simple
(Негізгі. Дара)
|
Derivative
(Туынды)
|
Compound
(Күрделі)
|
Arm
|
Pianist
|
Schoolgirl
|
Ball
|
Writer
|
Snowball
|
Pen
|
Childhood
|
Snowman
|
Man
|
Kingdom
|
Penknife
|
Ear
|
Sailor
|
taxi-driver
|
Сонымен қатар кесте көрнекілігі арқылы сан есім, сын есім, есімдік, етістіктің, т.б. сөз таптарының түрлерін, жасалу жолдарын дәл осылай етіп кестелер арқылы беруге болады.
Әр сабаққа арналған түрлі-түсті суреттер көрнекілігі шет тілі сабақтарында жиі қолданылады. Бұл көрнекілік оқушылардың тілін дамытуға, тіл үйретуге, диалог құруына әсері мол.
Суретпен жұмыс жүргізудегі мақсат – жаңа сөз үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді есту, қайталап айту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ағылшын тілінің ерекшелігі, өздеріне таныс сөздермен қатар жаңа сөздерді меңгерту.
Суретпен жұмыс мынадай тәсілдер арқылы жүргізіледі: сынып оқушыларымен сурет мазмұны туралы кіріспе әңгіме, суретке қарап ондағы заттардың атын ауызша атау, сурет бойынша диалог құрау, әңгіме құрастыру. Мәселен, «Суретке қарап әңгіме құра» деген ойынды сын есім, сан есімді өткенде «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша өткізуге болады.
Түрлі-түсті үлкен суреттер тақтаға ілінеді. Әрбір оқушы суретке қарап, бірнеше сөз не сөйлем айтады.
Кім көбірек құрастырса, сол жеңімпаз болады. Бұл ойын арқылы оқушы көбірек құрастыруына тырысады.
Шет тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктің бір түрі – дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар оқушыларды қызықтырып, белсенділіктерін арттырады.
Оқушы дидактикалық карточка арқылы орындау барысында ойланып еңбек етеді, оны орындауға қызыға кіріседі.
Сонымен қатар «Жыл мезгілдері», «Жыл аттары», «Ай аттары», «Апта күндері», т.б. тақырыптарды өткенде «Кім жылдам?» ойынын үш тілде, яғни басқа тілмен байланыстырып ойнауға болады.
Ойынның шарты жүргізуші доп алып, айдың атын ретімен айта бастайды. Жүргізуші «January» деп келесі оқушыға лақтырады. Келесі оқушы «February» деп өзінен кейінгі оқушыға жалғастырады. Егер ойын дұрыс жүрсе, ары қарай жалғаса береді.
Ай аттары:
Достарыңызбен бөлісу: |