Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет3/14
Дата09.05.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі. (1)

Тақырыптың өзектілігі: Елімізге шет тілдерін жетік меңгерген мамандар аса қажет. Жалпы шет тілдерін меңгеру арқылы кез-келген адам басқа елдің тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазіргі заман азаматы өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек.
Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Бұл курстық жұмыста бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы лексикалық жаттығуларды орындаудың маңызы, оқушылардың сөздік қорының молауы әдістерінің рөлі мен маңызы қарастырылады.
Курс жұмысының теориялық мәні: тіл лексикасы үнемі даму, баю үстінде болады. Шет тілінің де лексикасы өз дамуының заңдылықтары мен ішкі мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан жағынан да, сапа жағынан да қорландырып, жаңа сөздермен толықтырып отырады.
Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету әдістемесі әртүрлі болады. Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі.
Курс жұмысының мақсаты: Оқушылар ағылшын сабағында лексикалық жаттығулардың тиімді екендігін, стильдік қателермен жұмыс жасауға, қоғамда өз ойын анық және айқын жеткізуге және ағылшын тілін меңгеруін кеңейтуге бағыттайды.
Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет