Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет8/14
Дата09.05.2024
өлшемі1.04 Mb.
#500787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Ағылшын тілі сабағында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту әдісі. (1)

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде



January

Қаңтар

Январь

February

Ақпан

Февраль

March

Наурыз

Март

April

Сәуір

Апрель

May

Мамыр

Май

June

Маусым

Июнь

July

Шілде

Июль

August

Тамыз

Август

September

Қыркүйек

Сентябрь

October

Қазан

Октябрь

November

Қараша

Ноябрь

December

Желтоқсан

Декабрь

Апта күндері:



Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде



Monday

Дүйсенбі

Понедельник

Tuesday

Сейсенбі

Вторник

Wednesday

Сәрсенбі

Среда

Thursday

Бейсенбі

Четверг

Friday

Жұма

Пятница

Saturday

Сенбі

Суббота

Sunday

Жексенбі

Воскресенье

Сол сияқты жыл мезгілдері, жыл аттарына да осылай ойын ұйымдастыруға болады.




2.2 Лексиканы оқытуда ойын технологияларын қолданып сөздік қорын молайту жолдары мен әдістері




Лексиканы үйретуде күрделенген жаттығу тапсырмаларды қолдандық. Бұндай тапсырмалардың барысында оқушылар білетін сөздері мен жаңа сөздерді есте сақтағандары бойынша аудармасын жасайды, сол бойынша сөйлем құрады, сөздің омоним, синоним, антонимдерін табады. ( Тіркеме 2)
Лексиканы үйретуде лексикалық жаттығуларды, яғни сөздерді тануға
арналған жаттығуларды қолдандық.
- Listen to the words and recognize the word «boy» among other words: a baby; a toy; a boat; a boy. Listen to the following words and raise your hands when you hear the words referring to plants; street; tree; grass; class; flower.
- listen to the sentences and say whether the word «country» has the same meaning in both sentences:
I spend my holidays in the country. Kazakhstan is a large country.
Шет тілін оқытудағы негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар берілген. Бұл сұрақтар сол мәтіндегі тақырып бойынша оқушының білген-білмегенін анықтап, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдырады. Сұрақтарға жауапты жұптасып талқылауға болады.
Мәтінді түсінгенін, түсінбегінін анықтау мақсатында «True or False» жаттығулары берілген. «What do you think?» деген тақырып бойынша оқушы мәтіндегі мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді.
«Talk to your friend» және «Talk to other friend» деп аталатын жаттығулардың да маңызы өте зор. Ол жаттығулардың мақсаты – сөздерді қайталау және еркін де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық материалдарды орынды қолдануға машықтандыру.
Эксперимент жұмысының барысында біз оқушылармен «Carol’s kitchen» атты мәтінмен жүмыс жасадық. Мәтінге байланысты сөздерді жаттадық, сөздік диктант жаздық, мәтіннің мазмұнын анықтадық, тірек-сызбаларды қолдандық.
Сабақта оқушыларымен ағылшын тілі сабағын қазақ тілі сабағымен интеграциялық сабақ ретінде алдық. Сабақта топпен, жұппен жұмыс істедік, ойын ойнадық. Екі тілде жаңылтпаш берілді, балалар оны қайталады, жеке-жеке қайталады, көп қайталанған дыбыстарды, сөздерді атады, олардың қандай дыбыс және сөз екеніне анықтама берді және ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де бірдей дыбысталатын дыбыстарды тапты. Мысалы: мына жаңылтпаш.
Whatever one toucan can do
Is sooner done by toucans two
And three toucans it, s very true
Can do much more than two can do.
Әбдіреде әдемі әтеш отыр,
Әдемі отырған әбдірені әжем ашып отыр.
Қайталанатын дыбыстар: ә, д, ш, р, е
Бірдей дыбысталатын дыбыс - Ә.
Тақтада екі тілде етістіктер берілген.
Оқу – to read
Жазу – to write
Көру – to look
To walk – қыдыру
To go – бару
To make, to do - жасау
Етістіктерді ағылшын және қазақ тілінде хормен оқытып, бірнеше оқушыға жеке-жеке оқытып, топтар арасында екі тілде сөз тіркестерін өздеріне құраттық және өз беттерінше сөйлем құрғыздық.
5 сыныпта тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстарды алдын ала қарапайым мәтіндерді таңдаудан бастадық. Тапсырма түрінде қарапайым (Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз). Яғни, тыңдауға дейінгі дайындық жұмыстарын жүргізген жоқпыз.
Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтінді дұрыс таңдауымызға байланысты болды. Оның көлемі сыныптағы оқушылардың қабылдауына әсер етті. 2-3 минуттық материалды І деңгейде оқушы есінде толық сақталмай қалды. Сондықтан сабақ барысында аудиомәтінді қалай түсінетінін бақылау мәселесі түсінудің деңгейлерімен тығыз байланыстырдық. Мысалы:
Northern Kazakhstan includes North Kazakhstani, Pavlodar, Akmola and Kostanay Oblasts. This region is situated in the utmost northern part of the Republic, in the basin of the Esil, the Tobol and the Obagan rivers. From the west to the east, Northern Kazakhstan occupies the territory of more than 1,300 km, and from the north to the south about 900 km.
Біздіңше тыңдалып дағдысының қалыптасуы фонематикалық және интонациялық тыңдауды қалыптастырумен байланысты. Ал, ол мәтінді үздік-үздік түсінуге тәуелді болып келеді. Сондықтан, бақылау түрлерін ойластырғанда, осыны есепке алдық.
Бақылаудың ең ұтымды түрі ретінде тест жүргізуді айтқымыз келеді.
Тілдік материалды тақырыптық негізде беру принципін сақтай отырып жүргіздік, ІІ деңгейден бастап оқу мәтіндері, сөйлеу үлгілері қолданылмады. Олардың орнына жарнама мәтіндері, теміржол және авиабилеттер, сабақ кестесі, қысқа өлеңдер алынды. Материалды ұсынудың ең жиі қолданылған түрі – нақты зат жөнінде әңгімелеу.
Мысалы, мұғалім телефонды қолдану нұсқауы жазылған кітапшаны көрсетіп, «Бұл материал не үшін берілген?» - деп сұрайды. Оқушылар өздері бұған дейін білетін сөздерді қолданды. Айта алмаған жерлерін ыммен көрсетеді. Қажетті сөздерді айтып, толықтырып, оларды тақтаға жазып отырдық. Яғни, лексикалық минимумды құрдық.
Таныс сөздер мен жаңа сөздерді әртүрлі түспен беріп отырдық. Лексикалық минимум берілгеннен кейін, екі түрлі ұялы телефонды көрсетіп, олардың артықшылықтары мен кемшілік тұстарын салыстыруды ұсындық. Лексикалық минимумды белсенді қолдануға итеретін 3-4 тапсырмадан кейін оқушылар лексикалық сөздері бар мәтінмен жұмыс істейді. Содан соң оқушылар лексикалық минимумды қолдануды қажет ететін әртүрлі ситуацияларға түседі.
Сабақ барысында мынандай тәсілдерді қолдандық: абстрактілі суреттер арқылы 10 минут бойы диалог ұсындық.
Сабақтар барысында сөздің әртүрлі мағынасы, синоним, омоним, антонимдерді де қолдандық. Мысалы:
Bear - аю - bear- көтеру
Bear – алыпсатар
To be – бөлу
Table - үстел, табель, тамақ, кесте, тау жазығы, жазық, тақтай, асхана.
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін оңайдан-қиынға қарай жаттығуларды, сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық құралдарды және түрлі әдіс-тәсілдерді, мысалы, әртүрлі деңгейлік жаттығулар, сұрақ-жауап әдісін, ойындарды, карточкалар мен тірек сызбалар, таблицаларды т.б. пайдаландық.
Лексиканы оқытуда ойын түрлерін мынандай мақсатта пайдалану тиімді:
1) сөздерді дұрыс меңгерту;
2) орфографияны дұрыс оқыту;
3) дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
4) лексиканы меңгерту;
5) сөйлем құрылысын меңгерту;
6) оқушы ойын дамыту, дұрыс жазу, айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарға келсек, көбіне бұл ойындар тілдік қатынастар мен түсініктерді, ұғымдар мен қарапайым білім беруде оқыту дағдыларын қалыптастыруда қолдандық. Мысалы «Сөз және сөйлем», «Не өзгерді?», «Кімде көп, кімде аз?». «Не пайда болды?» деген ойында балаларға бір суретті көрсетіп, онда не бар және қалай орналасқандығын айтып, түсіндіреді.
Сәйкесінше оқытушы екінші суретті алып, балалардан сол суретке зейін қоюын сұрадық. Мұнда бейнеленген сурет тура бірінші суреттегідей, тек мұнда бір ғана зат жоқ. Оқушы соны табуы керек. Сонымен қатар шет тілі сабақтарында тиімді болған ойын түрлерін атап өтейік:
“A TREE” ойынын өткізудегі мақсат – оқушылардың шет тілінде НЕ? Сұрағына жауап беретін сөздерді оқып-үйреніп, мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу. Ойынның шарты бойынша оқушылар «АҒАШ» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған сөздердің ағылшынша аудармасын айтады және сол сөз бойынша сөйлем құрайды. Мысалы: АЛМА – АPPLE.
«20 QUESTIONS» ойынын да алдық. Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді балалардың тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда пайдалануына, әрі тілін дамытуға көмектесті.
Енді «ЖЕР ШАРЫНА САЯХАТ» ойынын алайық. Бұл ойын «THERE IS» конструкциясын ойда орнықтыруға мүмкінік береді. Мұнда әрбір оқушыға сыныптағы барлық заттарды немесе тақырыптық сурет бойынша сипаттап шығуға мүмкіндік берілді. Мысалы: «THERE ARE IS DESKS IN THE CLASS», «THERE IS A BLACKBOARD IN THE CLASS» және т.б. Кім бәрінен бұрын бастапқы затқа тезірек оралса, сол үздік «саяхатшы» болып саналды.
Мұғалім аталуға тиісті затты дене қимылымен, ыммен көрсетіп, ойынға қатыса алады. «Жер шарына саяхат» ойынының көмегімен «THERE IS» (There are) конструкциясы есте қалады, қарапайым жағдайда артикльдерді пайдалану дағдысын бір мезгілде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жаңа сөз белгісіз артикльмен қолданылады, ал екіншісі сөйлемде белгілі артикльді қолдануды талап етілді.
Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, яғни шет тілін оқытуда
оқушыларға лексиканы үйретуде жоғарыда көрсетіліп сипатталған жұмыс түрлерінің барысында эксперимент сыныбында оқушыларға лексиканы меңгерту жолы тиімді болды.
Яғни, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында оқушылардың лексикалық дағдылары қалыптасып, сөздік қорлары молайды, тілге деген қызығушылықтары артты.
Ал, бақылау сыныбындағы лексикалық дағдыны игеру, сөздік қордың молаюы эксперимент сыныбына қарағанда көрсеткіші төмендеу болды.Бұны мына берілген диаграммадан байқауға болады. (Тіркеме 3)
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы шет тілдерін меңгеру арқылы, кез-келген адам басқа елдің тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазір адам өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек.
Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Қазақ тіліндегі сияқты шет тілінде де сөз – бұл лингвистикалық, ұғым - лексикалық категория. Тілдегі сөздер мен олардың атаулары жалпы болмаса, адамзат бір-біріне әрі ұқсас, әрі мыңдаған түрлі өзіндік ерекшелігі бар адам, тау, ағаш, өзен, жеміс сияқты ұғымдарға жеке-жеке ат-атау іздеген болар еді, ондайда тілде мыңдаған-миллиондаған сөз пайда болар еді, соншама көп сөзді сол тіл халқы өкілдерінің жадында сақтауда қиын болар еді.
Олай болса, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмаған, бір-бірімен пікір алысып, түсінісе алмаған болар еді, - тілі қоғам мүшелерінің мүддесін атқарудан қалар еді. Сондықтан, шет тіліндегі сөздердің лексикалық құрамының мәнін түсініп, оны дұрыс қолдану өзекті.
Шет тілінің лексикасы да үнемі даму, баю үстінде болады. Шет тілі өз дамуының заңдылықтары мен ішкі мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан жағынан да, сапа жағынан да қорландырып, жаңа сөздермен толықтырып отырады.
Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету әдістемесі әртүрлі болады.
Оқушылардың лингвистикадан білімін игеру негізінде жазбаша сауаттылықты қалыптастыру жаттығулар арқылы қалыптасады. Олар шығармашылық жаттығулар мен көшіріп жазу жаттығулары.
Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жүргізуді қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында көзделеді.
Кез-келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі –
дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу оқушының осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты.
Ағылшын тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі – оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу.
Аударманы қолданудың басты жетістігі – сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің негізгі деңгейінде аударамыз.
Оқушылармен үнемі аралық тіл арқылы сөйлесу ағылшын тілін үйренуге көмектеспейді. Мұғалім оқушыларға ағылшын тілін үретіп қана қоймай, оларды сол тілде ойлануға да мүмкіншілік жасауы керек, құр қағиданы оқытып, аударма жаттығу орындау тіл үйренудің негізгі тірегі болмайтыны қақ. Осыдан ұстаздың білім деңгейі, ағылшын тілінде сөйлеу деңгейі қалай деген өзекті сұрақ туады.






































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет