Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет8/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#2343
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде –kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 

 


«Жинақтаушы зейнетақы қорының

ірі қатысушысы мәртебесін

иеленуге келісім беру»

мемлекеттік қызмет

стандартына

ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

11-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»



мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8, 11-баптарының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысының негізінде көрсетіледі. 

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісі бар жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе жарияланған акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді тіркеу туралы акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің шешімі) хаттамасының көшірмесін;

3) акционерлік қоғам жарғысының көшірмесін;

4) акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

5) екі данада жасалған акциялар шығарылымының проспектісін;

6) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын, жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды беруі тиіс.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердің жалпы жиналысының (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің) шешімі:

1) эмитенттің атауы және орналасқан жері көрсетілген құрылтай жиналысын (акционерлердің жалпы жиналысын) өткізу орны мен күнін;

2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тізімін немесе акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтерді;

3) акциялар түрін және олардың жалпы санын;

4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялар санын және акцияларды төлеу тәртібін;

5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың номиналды құнын қамтуы тиіс. Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының ережелері жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.

12. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат Комитеттің: www.afn.kz интернет-ресурсында жарияланады.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметі туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.



21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.

Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);

6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;

7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 

«Жарияланған акциялар



шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

ҚОСЫМША

 

 



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90%

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің



өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

Жарлықтарының тізбесіне

12-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын

мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 18-1-баптарының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының (он екі айдан аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар шығарылымын қоспағанда) проспектісі не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын тіркеу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.
  

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) өтінішті;

2) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигацияларды шығару туралы шешімінің көшірмесін;

3) екі данада жасалған облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін);

4) жарғының көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

6) инфрақұрылымдық облигациялар, сондай-ақ банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды және облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін;

7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын-ала шешімінсіз облигациялар шығарылымы жүзеге асырылмайтын болса, акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттаманың үзінді көшірмесін) және облигациялар шығарылымы туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерінің көшірмесін беруі тиіс.

Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктері Заңның 13-бабында белгіленген. Облигациялар шығарылымының ерекше талаптары Заңның 14, 15, 16, 17, 18, 18-1-баптарында белгіленген.

12. Өтініш беруші мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті еркін нысанда жасайды.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда:

1) эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса;

2) эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Комитет эмитентке (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оның қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын мына жағдайда, егер:

1) осы облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

2) осы облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;

3) облигациялық бағдарлама аясында облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста болған облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып кетсе;

4) облигациялық бағдарлама аясында облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде эмитент Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметі туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.
  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет