Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



бет14/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#2343
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай кұжаттар ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген нысан бойынша аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш;

қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен шарттың көшірмесі;

аудитке жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (құжат көшірмесінің шынайылығы тексерілгеннен кейін түпнұсқасы эмитентке қайтарылады);

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын жіберу үшін белгілеген, аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына аудиторлық ұйымның сәйкестігін растайтын кұжаттар;

эмитенттің қаржы құралдарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;

аудиторлық ұйымның эмитентпен аффилиирленбегені туралы, бұдан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйым үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйымда аудит жүргізуге құқықтарының шектелмегені туралы жазбаша растауы;

қаржылық есептіліктің халықаралық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудиторлық есебінің нотариат куәландырған көшірмесі;

бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

биржа куәліктерінің көшірмелері;

орталық депозитарийдің жазбаша растауы;

құжаттарды ұсыну және алу құқығына сенімхат.

Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар көшірмелері нөмірленіп, тігіліп және лауазымды тұлғалардың қолдарымен және соңғы парақтың артқы жағында, тігілген жіптің түйініне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырманың үстіне эмитенттің мөрімен куәландырылып ұсынылады.


  1. Өтініштің үлгісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған не оны Ұлттық Банктен алуға болады.

  2. Құжаттарды уәкілетті қүрылымдық бөлімшенің сарапшысы Ұлттық Банктің үйінде мына мекенжайда қабылдайды: Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй.

  3. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің құжаттарды қабылдауға уәкілетті қызметкері өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарларды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-дежәне 18:00-де) алынады.

15. Өтініш берушінің аудитке жұмсалған шығындарды эмитентке өтеу туралы жазбаша хабарламасы эмитенттің басшысына не өкіліне (сенімхат бойынша) бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жүмыс күні ішінде мына мекенжайда беріледі: Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй не почтамен жіберіледі.

16. Мынадай жағдайларда:

осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың бірі болмаған;

осы Стандарттың 11-тармағы он үшінші абзацының талаптары сақталмаған;

ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдіптілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтің уақтылы көрсетілуі;



  1. тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

  1. тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін қелмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде олардың сақталуы.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі


  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызмет сапасын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты бөлімшесі мына мекенжайда: «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй, № 240 кабинет іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмектеседі.

  2. Өтініш беруші қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселені жоғары тұрған сатының қарауы талап етілсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті Ұлттық Банк көрсетеді. Қызмет көрсету дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады. Тұтынушының қалауы бойынша шағымға қосымша құжаттар мен материалдар қоса берілуі мүмкін.

  2. Күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген талон шағымның қолма-қол қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.

«Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығының арнайы сауда

алаңына жіберілген қаржы құралдары

эмитенттерінің аудитіне жүмсалған

шығындарды өтеу» мемлекеттік

қызмет стандартына

қосымша



Сапа және тиімділік көрсеткіштерініц мәндері






Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің

нормативтік

мәні


Көрсеткіштің

_________

жылдағы

мақсатты


мәні

Көрсеткіштің _________

жылдағы


ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы




1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде

100%







мемлекеттік қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)










2. Сапасы




2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің

90%







сапасына қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3. Қол жетімділік




3.1. Қызметтің сапасына және

100%







оны ұсыну тәртібі туралы










ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)










3.3. Электронды форматта қолжетімді болатын










қызметтердің пайызы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі




4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне

100%







қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)










5. Әдептілік




5.1. Қызметкерлердің

100%







әдептілігше қанағаттанған










тұтынушылардың пайызы (үлесі)













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет