Ќазаќстан республикасы



бет25/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

Дәріс 10
Молдаван ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ

Молдавия ежелден табиғи байлығы мол өлке,жүзім мен жемістің мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған өлке. Міне осы табиғи байлықтар Молдавндардың дастархан берекесі болып табылады.мұның арасында Гректің кейбір дәстүрлері сақталған. Молдаван дастарханында оңтүстікевропа мен жерорта теңізі жағалауының дәстүрі сақталған. Сонымен қатар молдаван дастарханы турциямен үш мың жылдық араласқанымен оның ұқсастығы бар. Бұған дәлел ашыған жеміс, капуста бәліші, молдаван күлшесі дәлел. өзіндік ерекшелгі бар славяндық жеміс ашыту, балкандық «чорба» түріктің тәтті халбасы, гректің «плэнчинты» Француздың тұздығы дәлел бола алады.адам ағзасына пайдалысы жеміс қосылған ет тағамы болып табылады.Молдаван тағамындағы еркшелік жүгері дақылының көптеп кезігіуі. Бұл дақыл ұлттық тағамдардың барлығында кезігеді. Сонымен қатар бұрыш, баклажан, қызанақ, бұршақ өнімдері мейлінше көп болады. Ал сүт тағамдарынан көбінесе ірмшік жиі қолданылады.молдавандар ұлттық тағамдарында қой еті қосылған және доңыз еті қосылған тағамдарды қөп қолданады. Негізінен жемістерді соның ішінде, жүзім негізгі тағам болып табылады.


Салқын тағамы. Молдаван салаты.
Сұйық тағамы. «Чорба»
ЕКІНШІ ТАҒАМЫ. Костица, тартылған бұрыш, Яхния.
ТӘТТІ ТАҒАМЫ. Алма, күріш қосылған жүзім, ірімшік.
Молдован салаты
Шалғамды /редиска / жапырақ сабақтарынан тазалап жуасыз, дөңгелектеп турайсыз. Жас қиярды да жуып, осылай дөңгелектеп турайсыз. Десерттік тарелкаға жуылған салат жапырақтарын бүтін күйінде саласыз, ортасына жаңағы туралған шалғам мен қияр дөңгелектерін үйіп салып, майда туралған қөк пияз, тәтті бұрыш қосасыз да тұздап, қаймақ құясыз.
Салатқа керегі – 500 г қияр, 2 бума шалғам, 1 бума салат, 50 г көк пияз, 1 түйір тәтті бұрыш, жарты стакан қаймақ, дәміне қарай тұз.


Молдован сорпасы /чорба/
Сиыр етінен сорпа пісіресіз де, оған үрмебұршақ қыншаларын бөліп-бөліп саласыз, 5 минуттан соң жіңішкелеп тураған капустаны, тағы 5 минуттан соң төртбұрыштап тураған картопты салып пісіресіз. Пияз бен сәбізді турап, майға қуырған соң майда туралған петрушка мен помидор қосып сорпаға саласыз. Сорпа дайын болардан 5 минут бұрын алдын ала қайнатылған квас құясыз, қызыл бұрыш қосасыз. Отын сөндіріп 15-20 минуттай қоя тұрасыз. Дастарқанға әкелерде сорпаны тарелкаларға құйып, әрқайсысына лимон кесіндісін салып, тұралған аскөк себелейсіз.
Сорпаға – 2,5 литрдей ет сорпасы, 20 түйір жас үрмебұршақ қыншалары , 2 помидор, 250 г капуста, 2 картоп, 0,5-0,8 литрдей квас, пияз, сәбіз, петрушка, аскөк пен қызыл бұрыш, тұз қалағаңызша.


Молдован борщы
Қой етінен сорпа пісіріледі. Қайнап жатқан осы сорпаға капуста салынады, туралған картоп, алдын ала қуырып бұқтырған сәбіз, петрушка, балдыркөк пен пияз салып, 10 минуттай пісіресіз. Біраздан соң томат пен сірке суын қосып бұқтырылған қызылша қосасыз да біраз пісіріп, қайнатылған квас, үгітілген сарымсақ, бұрыш, тұз, лавр жапырағын салып тағы бір қайнатып, отын сөндіріп қоясыз. Борщка қаймақ қосып, майдаланған тәтті және ащы қызыл бұрыш, аскөк, петрушка турап салып араластырып, 20 минуттай қоя тұрасыз.
Тарелкаларға құйып , үстіне үгітілген сарымсақ пен туралған көктер салып дастарқанға әкелесіз.
Сорпаға – 400 г қой еті, 300-500 г капуста, 5-6 түйір картоп, 1 түйірден сәбіз бен петрушка, 1 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық сірке су, 1 түйір қызылшаның жартысы, 4 ас қасық май, 4 ас қасық қаймақ, бір-бір түйір ащы және тәтті қызыл бұрыш, жарты стакан квас, тұз бен көктер қалағаныңызша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет