Бұршақ варениктері
Бұршақ ұны мен бидай ұнын араластырып, жұмыртқа шағып, тұзды су құйып қамыр илейсіз. Жұқалап жайып, кішкене төртбұрыштап кесіп, алдын ала жасаған фарштан салып вареник жасайсыз да тұзды суға пісіресіз. Фаршты еттен немесе өкпебауырдан жасауға болады. Фаршты еттен немесе өкпебауырдан жасауға болады. Дайын болған варениетерге майға қуырылған пияз қосып / майымен қоса/ дастарқанға экелесіз
Бұған керегі- 1 стакан бұршақ ұны, 1 стакан бидай ұны, 1 жұмыртқа, 1 кг ет немесе өкпе – бауыр, 1-2 пияз, 50 г мал майы, тұз татымына қарай.
Дәріс 9
Беларусь ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ
Олардың орыс пен украиннан еркшелігі жемістер көп қолданыста болады. Мәселен оларды қуырып, қақтап, немесе бұқтырып та жасайды. Мәселен саңырауқұлақты пісіріп немесе бұқтырады. Оларда қуыру деген болмайды. Саңырауқұлақ сонымен қатар ұнтақ ретінде де қолданады. Ал балықты қабығымен құтырып, немесе кептіреді. Сүт тағамдары беларуссь мәзірінде болмайды. Қаймақ тағы басқа сүт өнімдері қосынды ретінде алынады. Доңызды немесе қой етін толықтай қақтайды. Қаз еті де осылай жасалады. Сондай-ақ ұсақталған етттерден тағамдар жасалады. Сонымен қатар қара құмық пен сұлы, ұннан құймақ құйылады.
Салаттар. Минск салаты.
Сұйық тағамы. Сорпа , картоп ұн қосылған және сұлы ботқасы.
Екінші тағамы. Балық, шұжық, тартылған ет тағамдары.
Сұйықтық. Беларуссь кеселі.
Минск салаты
Картопты пісіріп, майдалап турап, тұздалған капуста, пісірілген саңырауқұлақ, пияз қосып араластырасыз да сірке су, өсімдік майын құйып, дәмдейсіз, қант себелейсіз.
Салатқа керегі- 500 г картопа, 300 г шампиньон, 2-3 түйір пияз, 200 г тұздалған капуста, 30 г өсімдік майы, қант пен сірке су қалағаныңызша.
Үрмебұршақ қосылған щи
Жуылған үрмебұршақты және майлылау етті үстінен жылы су құйып отқа қоясыз. Ет пісіп, дайын болардан 30-40 минут бұрын алдын ала бұқтырылып пісірілген ашытылған капустаны және томат-пюре қосып қуырған көкөністерді салып, біраз қайнаған соң арпа жармасын салып щи дайын болғанша пісіресіз. Етті турап әрбір тарелкаға салып, щиден құясыз да майда туралған көктермен себелейсіз.
400 г етке – 500 г ашытылған капуста, 150 г үрмебұршақ , 1-2 түйір пияз, 2 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық асханалық маргарин немесе басқа май, 50 г арпа жармасы, көктер қалғаныңызша.
Беларусь борщы
Ет пен сүйектен сорпа пісіресіз. Жіңшкелеп туралған сәбіз бен петрушканы, пиязды майға қуырасыз. Қайнап жатқан сорпаға төртбұрыштап туралған картоп, алдына ала пісіріп турап қойған қызылшаны, жаңағы қуырылған тамыр сабақтарды жатқан сорпаға қосып қоюланғанша пісіресіз. Сорпа дайын боларда жұмыртқаның шикі сарысын қаймақпен араластырып қосасыз.
Сорпаға – 600 г ет, 500 г помидор, 1 пияз, 1 сәбіз, 1 ас қасық ұн, 200 г қаймақ, 2 жұмыртқаның шикі сары уызы, петрушка тамыры, тұз қалауыңызша.
Достарыңызбен бөлісу: |