Автокөлік саласы
|
Көрсетілетін қызметтер саласы стандарттарын енгізу (автовокзалдар, автостанциялар, тасымалдаушы)
|
48
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
стандарттар
|
ККМ
|
2012 жылғы
желтоқсан
|
Орындалған.
|
Заңсыз тасымалдаушыларды жою бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу
|
49
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
ЖАО, ККМ, ІІМ, Қаржымині
|
жыл сайын
|
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі саласында жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде ҚР автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР ККМ және ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде 2013 жылдың қараша және желтоқсанда Қазақстанның барлық аумақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Осы іс-шаралар нәтижесінде жол қозғалысы мен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзу үшін 833 көлік құралдарының иелері әкімшілік жазаға тартылды.
|
Көліктік қолжетімділік индикаторларына сәйкес жолаушылар тасымалы қызметін бағалауды өткізу
|
50
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
ККМ
|
тоқсан сайын
|
2013 жылда автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушылар 19,9 млрд. адамды құрады, бұл ретте жолаушылар айналымының көлемі 203,4 млрд. жолаушыларкилометрді құрады және өткен жылдың салыстырғанда өсімі тиісінше 8,2 % және 10,9 % болды (жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері негізінде).
|
Транзитті және логистикалық жүйені дамыту
|
ҚХР мен ҚР арасында экспорттық, импорттық және транзиттік қатынастағы келетін жүктер туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені енгізу
|
51
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
Қаржымині, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)
|
2012 - 2014 жж.
|
Жолда жүктің қозғалысын бақылау және Көліктік жоспарды жедел түзету шығындарды төмендетіп қана қоймай, тұтынушыларға әлемдік стандарттар деңгейінде ақпараттандыру сервисін ұсынады. Көліктің барлық түрлері қызметін жеткізушілердің бірыңғай дерекқоры неғұрлым оңтайлы тасымалдау схемасын таңдауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде жүк тасымалында әралуан көлік түрлері арасындағы жүктерді тасымалдаудағы, демек, деректерді өндеудің түрлі жүйелері арасындағы түйісу көліктің әр түрлі салаларында ақпараттың өндеуі мен жіберілуінің бірыңғай стандарттарын талап етеді.
Жүкті мультимодальды тасымалдау кезінде жүктің қозғалысын бақылау (жүк трекингі) мен «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша кеденді қоса алғанда, көлік қызметтерін көрсетудің бірыңғай орталығы үшін жағдайлар жасау «Логистика» автоматтандырылған басқару жүйесін (бұдан әрі - «Логистика» АБЖ) құру және «Электрондық поезд» жобасын іске асыру шеңберінде қарастырылуда.
Қазіргі уақытта «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп, «Логистика» АБЖ үлгісін құру үшін консалтингтік қызметтерді тарту жұмыстары, сондай-ақ кедендік рәсімдеуден өту кезінде алдын ала хабарландыру және декларациялауды ұйымдастыру бөлігінде «Электрондық поезд» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
|
Қазақстан Республикасының аумағында жылдамдықты көлік дәліздерінің (ЖКД) моделін қолдану: «Шаттл» жылдамдықты контейнерлі поездардың жобасы
|
52
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
ККМ, Қаржымині, БҚА, ТМРА, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)
|
2012 - 2015 жж.
|
Қазақстанның ішінде шатл тасымалдарын құру схемасы келесі бағыттарда белгіленген:
Достық-Ақтоғай-Семей-Павлодар;
Достық-Ақтоғай-Алматы;
Достық-Ақтоғай-Қарғанды;
Достық-Ақтоғай-Ақтөбе.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша, атап айтқанда Алматы-Ақтоғай-Достық учаскесінде экономикалық орындылығы есептелуде.
Бұдан басқа Interrail компаниясымен бірлесе Брест –Ақтөбе учаскесінде шаттлды поезд іске қосылған.
Бұл бағыттар бойынша жұмыстар «Қазақстан – Жаңа жібек жолы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.
2013 жылда Қазақстан жерінде 1653 контейнерлік поездар отетін болды, соның ішінде 226 – бос және 1427 жүк артылған. 2012 жылымен салыстырғанда 318 поезбен ұлғайды.
|
Инфрақұрылымның түйінді объектілерінің өткізу қабілетін ұлғайту (Достық ст., «Қорғас» ШҚХО, Ақтау теңіз порты)
|
53
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)
|
2012 - 2014 жж.
|
Достық ст. бойынша
Достық станциясын және Ақтоғай-Достық теміржол учаскесінің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2006 жылдан бастап 2011 жылға дейін аралығында шекара маңындағы өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыру және Қытайдан/Қытайға теміржол құрамдардың өту уақытын азайту үшін Достық станциясын 360 бірлікке қосымша вагондарды алмастыру пункті,
4 қосымша темір жолдары, жекеленген жүкті қайта тиеу үшін 2 ангар құрылған, өтетін құрамдарды жылдамырақ өңдеу және мониторинг жасау үшін жылжымалы құрамдарды автоматты идентификациялау жүйесі енгізілген. Станциядағы жоғарыда аталған барлық іс-шаралар өткізу қабілеттікті күніне 22 қос құрамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Іс-шаралар кешенінде Ақтоғай-Достық теміржол учаскесінде (69,7 км) жолдарды, бөлек пункттерді (2 пункт) жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жасалды, қысқы кезеңде қауіпсіз және толассыз қозғалысты қамтамасыз ету үшін жол бойында желден қорғаныс құрылыстары (4 км) орнатылған.
Бұдан басқа «Қазақстан – Жаңа жібек жолы жобасын іске асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 231 қаулысына сәйкес 2014-2016 жылдары Достық станциясында қабылдау-жіберу парктің, іріктеу жолдарының құрылысы көзделген.
Қабылданып жатқан шаралар Достық (Қазақстан) – Алашанькоу (Қытай) өткелінен 2020 жылға қарай күніне 30 қос құрамға дейін жіберіп
25 млн. тонна жүк өткізуге мүмкіндік береді.
Қорғас ШМЫХО іске асыру бойынша
Көліктік логистикалық жүйені дамыту бойынша тапсырмаларды іске асыру шеңберінде «Қорғас» ШМЫХО құрылысы» «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ иелігіне берілді, бұл ретте «Қорғас» ШМЫХО» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға сенімді басқаруға берілді.
Жобаның құны – 382,9 млрд. теңге, соның ішінде 309,2 млрд. теңге жеке меншік инвестициялар есебінен; республикалық бюджет есебінен
73,7 млрд. теңге. Республикалық бюджеттен 45,8 млрд. теңге бөлінді.
«Қорғас» ШМЫХО (бұдан әрі – Орталық) адамдарды (туристер, инвесторлар) өткізуді қамтамасыз ететін 1-ші бастапқы кешеніндегі
23 объектінің құрылысы аяқталды:
- кеден және шекара маңы инфрақұрылымымен Орталықтың бақылау өткізу бекеті-1 көп функциялы бақылау ғимараты (8 сағат жұмыс режимінде бақылау өткізу бекеті-1 өткізу қаблетті 10 400 адамға дейін);
- Қорғас өзені арқылы өтетін автокөлік жол көпірі;
- автожолдар (перспкетивалық айналмалы және айналып өту);
- кедендік және шекара маңы инфрақұрылым объектілері
- инженерлік қамтамасыз ету объектілері.
Қолайлы инвестициялық климат құру үшін Орталықтың инвесторларын аңықтау рәсімдеріне оңайлатылған жаңа Ережелер әзірленді; тұрмыстық қызмет тарифтері анықталды; Орталықты газдандыру мәселесі пысықталуда; инвесторларға қызмет көрсету үшін «бірыңғай терезе» принципі енгізілген; құрылыс үшін коммуникациялар өткізілген; «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-на Орталықты енгізу арқылы кедендік және салық жеңілдіктер берілген; «Қорғас» ШМЫХО аумағында қаржылық қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банкінің бөлімшесі ашылды; «Қорғас» ШМЫХО дейін және оның аумағында жүруді ұйымдастыру үшін автобустар іске қосылды.
«Қорғас» ШМЫХО аумағына шығу үшін 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы-Алтынкөл бағытында жолаушылар поезы іске қосылды; жер құны төлемін азайту мәселелері талқылануда.
Инвесторларды тарту үшін Сингапур және Кореяда Roadshow өткізілген.
Жобаға Германияның ірі компаниялары, танымал Сингапур компаниялары: Hexagon, Internation Hotel Singbrilge, қытайлық компания «Синь Фади», «Бинь Сянь», «Чжу Ни» және корей мердігерлер қауымдастығы мүдделілік білдіреді.
Ақтау Теңіз порты бойынша
Қазіргі уақытта Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру 3 кезеңге жоспарланған.
Қазіргі кезде 1-кезең - қорғаныс бекеттерінің құрылысы (тосқауыл, толқын тосқы) аяқталған.
2-кезең - түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тек құрғақ терминалдар құрылысына байланысты түбін тереңдету жұмыс жобасына түзетулер енгізілген, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.
Қаржыландыру «Ақтау теңіз порт» ҰК» АҚ жекеменшік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Түбін тереңдету жұмыстарының мерзімі 2013-2015жылдары.
3-кезең - құрғақ жүк терминалының құрылысы.
Жобалық қуаттылығы – жылына 2,5 млн. тонна құрғақ жүк.
«АТММТП» РМК қайта құрылуына және кейіннен «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқаруға берілгеніне байланысты жобаның алдындағы және жобалық жұмыстарды қаржыландыру форматы өзгертілді.
Құрғақ жүк терминалы құрылысының болжамды құны шамамен - $158 млн. (23,7 млрд. теңге).
2013 жылдың 15 сәуірінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Dubai Port World компаниясымен Ақтау теңіз порты мен Қорғас Шығыс Қақпасы АЭА басқару бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.
|
2012 - 2020 жылдарға арналған контейнерлі тасымалдарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу
|
54
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
ККМ бұйрығы
|
ККМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ИЖТМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)
|
2013 жылғы
наурыз
|
2012-2020 жылдарға контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша мақсаттары мен міндеттері ескерілген Бірлескен көліктік логистикалық компанияның құрылуына байланысты 2012-2020 жылдарға контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуінде қажеттілігі жоқ.
|
Көліктік-логистикалық орталықтардың санын ұлғайту
|
55
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
ТЭН әзірлеу
|
«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ККМ
|
2013 жыл
|
ҚР Үкіметінің шешімімен «КТЖ» ҰК» АҚ логистикалық оператор болып анықталды. Осыған байланысты «КТЖ» ҰК» АҚ КЛО құрылысы бойынша ТЭН-ді әзірлеуді жүзеге асыруда. Кейбір қалаларда жер теліміне рұксат құжаттар дайың болмағандықтан ТЭН әзірлеудің жоспарланған аяқталу мерзімі 2013 жылдың қазан айынан 2014 жылғы 2 тоқсанға ауыстырылды.
|
«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша тауарлар мен жүктерді кедендік ресімдеу
|
56
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
Қаржымині, ККМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар
|
2013 жыл
|
«Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша кеденді қоса, көліктік қызмет көрсетудің бірыңғай орталығын құру үшін жағдай жасау, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және Кеден одағының сыртқы шекарасында әкімшілік кедергілерді алу бойынша құраушы міндеттердің бірі болып табылады.
«Бірыңғай терезе» жобасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қайта құру және даму Халықаралық банкімен (Дүниежүзілік банкімен) келісімге сәйкес іске асырылатын Қазақстан Республикасының Кеден қызметін дамыту жобасы бойынша жүзеге асырылатын, электронды декларациялау жүйесін құрудағы жұмыс шеңберінде іске асырады.
Бұдан басқа шекарадағы өткізу пункттерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы шекара маңындағы терминалдардың дамуы бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған терминалдарда барлық қызмет түрлерін көрсету көзделуде, соның ішінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша да.
Жүкті мультимодальды тасымалдау кезінде жүктің қозғалысын бақылау (жүк трекингі) мен «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша кеденді қоса алғанда, көлік қызметтерін көрсетудің бірыңғай орталығы үшін жағдайлар жасау «Логистика» автоматтандырылған басқару жүйесін (бұдан әрі - «Логистика» АБЖ) құру және «Электрондық поезд» жобасын іске асыру шеңберінде қарастырылуда.
Қазіргі уақытта «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп, «Логистика» АБЖ үлгісін құру үшін консалтингтік қызметтерді тарту жұмыстары, сондай-ақ кедендік рәсімдеуден өту кезінде алдын ала хабарландыру және декларациялауды ұйымдастыру бөлігінде «Электрондық поезд» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
|
Көлік саласындағы кадрларды даярлау
|
Теңіз мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау
|
57
|
225 (БҒМ)
|
барлығы, оның ішінде
|
125
|
143,9
|
ЭБЖМ-ге ақпарат
|
ККМ, БҒМ, «Қазтеңізтрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС
|
жыл сайын, 10 наурыз
|
Теңізшілерді дипломдау және даярлау мен вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық конвенцияның қағидаларын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының тиісті заң жобасы әзірленді, ол ҚР Парламенті депутаттары арқылы бастамашылық етілген.
Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы Қазақстан теіңз академиясына екінші қабылдау жүргізілді, қазіргі уақытта онда 45 курсант оқытылуда. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті базасында құрылған Румын теңіз университеті филиалында бүгінгі күні 70 курсант оқытылуда. Теңіз көлігі саласында ұлттық заңнаманы халықаралық нормаларға үйлестіру мақсатында STC-Group (Голландия) сарапшыларымен бірге осы саладағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасына талдау жасалды. Теңізшілерді даярлау мен дипломдаудағы халықаралық тәжірибені зерттеу шеңберінде Нидерланды Корольдігінде жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындары, сондай-ақ теңіз оқу-жаттығу орталықтарына қатысты.
|
225 БҒМ
|
РБ БҒМ
|
125
|
125
|
|
меншікті қаражаты «Қазтеңізтрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС 11
|
-
|
18,9
|
Көлік саласының мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізуге жәрдемдесу
|
58
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
БҒМ-ге ақпарат
|
ККМ, БҒМ
|
2011 - 2014 жж.
желтоқсан
|
ККМ Тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізуіне қолғабыс көрсету мақсатында үш бағытта жұмыс атқарды.
Бірінші бағыт:
2013 жылы Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері бекітілді.
Екінші бағыт:
1) Дүниежүзілік банкінің «Техникалық және кәсіптік білім» жобасы шеңберінде ККМ-ге 11 кәсіби стандарттың жобалары келіп түсті.Екі кәсіби стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығымен бекіту үшін қайта бағытталып, бір жоба Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен қарастырылуда.
Үш кәсіби стандарт Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі бұйрығымен бекітіліп, бекітіліп Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестр ірінде және Кәсіби стандарттардың реестрінде тіркелінді. Бес кәсіби стандарт ұсынылған ескертулерді есепке ала отырып қызмет көрсетушілермен пысықталуда.
2) Республикалық бюджет есебінен 31 кәсіби стандарт әзірленіп, бекітіліп Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестр ірінде және Кәсіби стандарттардың реестрінде тіркелінді, олардың ішінен темір жол саласы бойынша – 16, азаматтық авиация, су және автомобиль көлігі салалары бойынша – 5-тен.
Үшінші бағыт:
ККМ-пен Көлік және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және оларға біліктілік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әзірленуде:
Қағидалардың жобасы Қазақстан Республикасының 2007 жылға 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленді және:
1) біліктіліктің ұлттық шеңбері (бұдан әрі - БҰШ) және біліктіліктің салалық шеңберінің (бұдан әрі - БСШ) тиісті деңгейлерінің мамандықтары бойынша базалық білім мен құзыреттілік сәйкестілігін (кәсіби біліктілік) растау;
2) өндіріс (сала) шеңберінде тиісті қызметке орналасу үшін біліктілік (біліктілік санатын) алуға ниет білдірген тұлғаларға біліктілік беру тәртіптерін анықтайды.
2013 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне:
- әзірленген кәсіби стандарттарда қарастырылған мамандықтары бойынша сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін кезең-кезеңімен енгізу;
- біліктілік сәйкестігін растаудың тәуелсіз орталықтарының керек саның және оларды құруын Қазақстан Республикасының «Кәсіптілік біліктіліктер туралы» Заңында қарастырылған талаптарына сәйкес анықтау.
|
Көлік саласы аясында техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі салалық кеңес құру
|
59
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
БҒМ-ге ақпарат
|
ККМ, БҒМ, Жұмыс берушілер қауымдастығы (келісім бойынша) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
2011 жылғы
4-тоқсан
|
2010 жылы 4 техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша салалық кеңестер құрылды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір функцияларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берілгеніне байланысты Жұмыс берушілер бірлестіктерінің мүшелері кіретін Автомобиль жолдары, азаматтық авиация салалары, су, теміржол, автомобиль көлігі және ақпараттық –коммуникациялық технологиялар салалары бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік білімді дамыту жөніндегі кеңестердің жаңа құрамалары анықталды.
2013 жылы Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша 7 Салалық кеңестердің отырысы өткізілді.
|
Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
60
|
215
|
010 «Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
|
12
|
12
|
ЭБЖМ-ге ақпарат
|
ККМ
|
жыл сайын, 10 наурыз
|
«ҚР АКҚ жұмыс істеуі қауыпсіздігі мәселелерін зерттеу және оның жұмысының қауыпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу» тақырыбы бойынша көлік және коммуникация саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді (екінші кезең).
|
Саланы техникалық реттеу
|
Автомобиль көлік саласындағы 3, 4-экологиялық кезеңнің экологиялық стандарттарын енгізу
|
61
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкіметке ақпарат
|
ККМ, ИЖТМ
|
2013 - 2014 жж.
желтоқсан
|
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден бастап және Қазақстан Республикасында шығарылатын автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді көздейтін «Еуро-4» экологиялық стандартын енгізетін «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1372 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 6 ақпандағы № 97 қаулысы қабылданды.
«Еуро-4» стандарты «Еуро-3» салыстырғанда көміртегі оксиді шығарындыларының 2,3 есе, ал көмірсутегінің 2 есе төмендеуін көздейді. Осыған байланысты «Еуро-3» стандартымен салыстырғанда атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Осы шара республикаға шығарылуы 2001 жылдан ерте емес Еуропалық Одаққа кіретін елдер мен АҚШ-та, Жапонияда – 2005 жылдан ерте емес «Еуро-3» экологиялық класына сай автокөлік құралдарын және шығарылуы 2005 жылдан ерте емес Еуропалық Одаққа кіретін, АҚШ-та - 2006 жылдан ерте емес және Жапонияда – 2010 жылдан ерте емес «Еуро-4» экологиялық класына сай автокөлік құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.
|
Халықаралық стандарттармен үйлестірілген көлік саласындағы техникалық регламенттер әзірлеу
|
62
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
Үкімет қаулысы
|
ККМ, ИЖТМ
|
2010 - 2011 жж.
желтоқсан
|
Орындалған.
|
ИСО 9001:2000, ИСО 9001, ИСО 14001 және OНSАS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізуді ынталандыру жөніндегі іс-шаралар өткізу
|
63
|
-
|
-
|
талап етілмейді
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
ККМ, көлік-коммуникация кешенінің ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындары
|
2011 - 2014 жж.
желтоқ-сан
|
Теміржол саласы
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін басқару жүйесін қалыптасу мақсатында жүк тасымалдау және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін көрсетуін ұйымдастыру және басқару бөлігінде 2011 жылғы желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың менеджменттің интеграцияланған жүйесі үш халықаралық ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 стандартарының сәйкестiгiне сертификатталды.
3 бағыттан (басқару бойынша, экологиялық менеджментінің жүйесі бойынша, қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйесі бойынша) және 14 үдеріс регламенттерінен тұратын интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттамасы белгіленген тәртіппен әзірленді және бекітілді, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Корпоративтік идеологиясы және бизнестің философиясы бекітілді.
2012 және 2013 жылдары «SGS» халықаралық компаниясы - жетекші сертификаттау органымен инспекциялық аудитті нәтижелер жүргізілген, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-нда сапаны басқару, экологиялық қауіпсіздік және денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жүйелері ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес қызмет атқарылды.
Автокөлік саласы
Автовокзалдар, автостанциялар және тасымалдаушылар қызметінің сапасын жақсарту мақсатында Ұлттық стандарттар Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленді және ИЖТМ Техникалық бақылау және метрология комитетінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 617-нқ бұйрығымен бекітілді:
«Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері»;
«Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері»;
«Такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері».
Осы стандарттар 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетілген стандарттарға сәйкес келтіру бойынша шаралар қолданылуда.
Су көлігі
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМҰ-да (бұдан әрі – «АХТСП» РМҰ) ISO 9001:2008 халықаралық стандарттар (бұдан әрі – ХС) талабына сәйкес «Русский Регистр» сертификациясы бойынша ассоциациясымен сертификатталынған ISO 9001:2008 менеджмент сапасының жүйесі, сонымен қатар ISO 14001:2004 ХС-ға сәйкес сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.
Кәсіби қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында менеджмент сапасының жүйесі, экологиялық менеджмент жүйесі және менеджмент жүйесі бірыңғай саясаты бар, жалпы кәсіпорын басқару жүйесінің бөлігімен құрайтын «АХТСП» РМҰ ықпалды менеджмент жүйесін құрайды.
Бүгінгі күні «Казмортрансфлот»ҰТКК» АҚ-да толық қауіпсіздік басқармасы бойынша халықаралық конвенциясымен сәйкес (ҚБХК) онда қауіпсіздік және екі кемелерді басқару көлемінде қоршаған ортаны қорғау саласында нақты саясаты белгіленген: мұнай құятын танкерлермен және құрғақ жүктер кемелерімен. қоршаған ортаны зиянын болдырмау бойынша әсіресе теңіздікте компанияның мақсаттары белгіленген. халықаралық кодекстері, жетекшіліктері, конвенциялары және стандарттары сәйкестігімен қауіпсіздік басқару жүйесі бойынша процедуралары әзірленді. Сонымен қатар, ИСО 9001 ИСО 14001 и OHSAS 18001 халықаралық стандартарға сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби қауіпсіздігі және еңбек қорғау ықпалды менеджмент жүйесі (ЫМЖ) енгізілді және сертификатталынды.
Осымен әр кемеге Қауіпсіздік басқару туралы күәлігі берілді (ҚБК). Осы құжаттар халықаралық рейстер істеуіне, кідіртуге қауіпсіз болмайтын әрбіреу шетелдік порттарына кіруге құқығын береді, кемелерде және жағаларда барлық жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі, адам өмірінің және денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау жоғары стандарттарын кепілдік етеді.
Кемелерден мұнай төгуінің мүмкіндік алдын-ала сақтандыру бойынша шаралары, сонымен қатар атмосфераға шекті-ұйғарынды зиянды заттары шығарындыларының нормативтері әзірленді.
Су жолдарының республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында Сапа Менеджментінің жүйесі (СМЖ) енгізілді және жұмыс істейді. Қәсіпорындармен ИСО 90001:2000 халықаралық стандартқа және СТ РК ИСО 9001:2009 мемлекеттік стандартқа сәйкес Сертификаттары алынды.
|