Қаржы қаражатын игеру
Қаржыландыру көзі
|
Жоспар*
|
Факт
|
Айырмашылық
(2 б.-3 б.)
|
Пайдаланылмау себептері
|
БАРЛЫҒЫ:
|
705 244,64
|
704 787,24
|
457,4
|
|
РБ, оның ішінде мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражаты
|
225 157,7
|
228 608,1
|
-3 450,3
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның ішінде:
|
189 328,5
|
189 204,9
|
123,7
|
23,5 млн.тг. - ЖІЖ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады,
21,7 млн.тг. кұндық айырмашылығы,
1,5 млн.тг. - күрделі жөндей бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады,
60,3 млн.тг. - экономия по государственным закупкам,
0,003- қалдық
16,2 млн. тенге – тасымалдаушылардың кірістерін ұлғайтуға және тиісінше осы маршрутты субсидиялауға субсидияларының қажетті сомасын төмендеуге байланысты
|
Автожол саласы
|
151 779,15
|
151 732,33
|
46,8
|
23,5 млн.тг. - ЖІЖ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады,
21,7 млн.тг. кұндық айырмашылығы,
1,5 млн.тг. – күрделі жөндей бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады
|
002
|
86 611,84
|
86 566,58
|
45,3
|
23,5 млн.тг. ЖІЖ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады,
21,7 млн.тг. кұндық айырмашылығы.
|
003
|
28 800
|
28 798,5
|
1,5
|
күрделі жөндей бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ұсынылмады
|
012
|
20 400,7
|
20 400,7
|
|
|
028
|
15 577,5
|
15 577,5
|
|
|
016
|
389,1
|
389,06
|
0,03
|
|
Азаматтық авиация
|
6 015,2
|
5 964,8
|
50,4
|
50,4 млн.тг. - мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу,
0,003 млн.тг. - қалдық
|
006
|
4 563,4
|
4 513,0
|
50,4
|
50,4 млн. тг. - мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу
|
019
|
1 451,8
|
1 451,8
|
0,003
|
қалдық
|
Теміржол саласы
|
25 507,1
|
25 481,2
|
25,9
|
9,7 млн.тг. – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу,
16, млн.тг. – тасымалдаушылардың кірістерін ұлғайтуға және тиісінше осы маршрутты субсидиялауға субсидияларының қажетті сомасын төмендеуге байланысты
|
009
|
25 507,1
|
25 481,2
|
25,9
|
9,7 млн.тг. – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, 16,2 млн.тг. –тасымалдаушылардың кірістерін ұлғайтуға және тиісінше осы маршрутты субсидиялауға субсидияларының қажетті сомасын төмендеуге байланысты
|
Су көлігі
|
5 762,9
|
5 762,7
|
0,2
|
0,2 млн.тг. - мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу
|
020
|
523,3
|
523,3
|
|
|
014
|
118,6
|
118,6
|
|
|
005
|
5 121,0
|
5 120,8
|
0,2
|
мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу
|
Көліктік бақылау
|
252,1
|
251,8
|
0,3
|
0,3 млн.тг. - мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу
|
011
|
220,7
|
220,4
|
0,3
|
мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу
|
001
|
31,4
|
31,4
|
0
|
|
Қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
12,0
|
12,0
|
0
|
|
010
|
12,0
|
12,0
|
0
|
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
|
30 000
|
33 574
|
-3574
|
-3574 млн.тг. - 2011 жылы РБ-ден бөлінген қаражаттың игерілуі
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
|
125
|
125
|
0
|
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
|
5704,2
|
5704,2
|
0
|
|
Қарыз қаражат
|
358 214,9
|
359 475,8
|
-1260,9
|
-355,9 млн.тг. төлемдерді жедел өткізуге байланысты,
-38,9 млн.тенге –
ХҚИ-дан берілген қарыз қаражаттын игерілуі;
-1066 млн.тенге 2012 жылы РБ-ден бөлінген қаражаттың игерілуі. 2013 жылғы жоспарының игерілуі. -100%;
200 млн.тенге- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Күрделі салымдардың жоспарын түзету
|
Меңшікті қаражат
|
121 872,00
|
116 703,39
|
5 168,6
|
жобаларын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі компаниялармен өздігінен жөндетеді
|
Қосымша ақпарат
Министрлікпен 2013 жылғы 3 шілдедегі № 22-П Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 22-П «Жолаушылар тасымалын субсидиялауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылаудың қорытындысы туралы» қаулысының ескертулерді алып тастау шеңберінде келесі жұмысы жүргізілді:
1. Субсидияланатын авиамаршруттардың қатарына енгізу және тасымалдаудың сұранысын ұлғайту есебімен тарифтерді біртіндеп арттыру арқылы субсидияланатын авиамаршруттарды субсидияланатындардың қатарынан шығару көзделенетін шарттар бөлігінде енгізілген ескертулер және толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.
2. Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы
18 наурыздағы N 159 Бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №991 бұйрығымен тиісті өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді және жариялауға жіберілді (2014 жылғы
24 қаңтардағы №9092 бұйрығы).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 11 қарашада «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
11 қарашадағы №1188 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 9 қаңтарда «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.
5. Бүгінгі күнгі «Қала айналасындағы тасымалы» АҚ республикалық бюджетке 5,1 млн.теңге , «Жолаушы тасымалы»- 5,3 млн.теңге және «Марал-Нұр»-3 млн.теңге қайтарылды.
Бұл ретте ҚТЖ ҰК АҚ-ға және жолаушылар тасушыларға талай рет қалған құралдарын қайтарма қажет туралы хаттар жолданған.
Сонымен бірге Министрлікте мемлекеттік органдармен (ЭБЖМ,АРЕМ) «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ұлттық және жеке тасушылар қатысымен республикалық бюджеттке құралдарын қайтаруы мәселе бойынша кеңес өтті.
Алайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жолаушы тасушылар республикалық бюджеттке кіріске төлеу бұзушылық және жиынтықтармен ауласыздығыны көрсетті.
Осымен байланысты, 2013 жылғы 13 желтоқсанында Министрлік тиісті талаптар сот органдарға арыз берді.
Бүгінгі күнгі сот отырысының «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қала айналасындағы тасымалы» АҚ, «Марал-Нұр» және ЖШС «Сұнқар 1» талап арызы бойынша өткізілді.
Бұл ретте «Сұңқар 1»ЖШС сот шешімі бойынша Министірлік талапты қанағаттандыру шығарды.
Қазіргі уақытта «Туран Экспресс»ЖШС және « Кунан транс» ЖШС талап арызы бойынша сот отырысы өткізу күтуліде.
Тұжырымдар мен ұсыныстар
Статистикалық мәліметтер бойынша ККК жұмысының талдауы 2013 жылы (2 471 812,9 тыс. теңге) қорытындылары бойынша көлік саласы бойынша ЖҚҚ 2008 жылдың (947 618,9 тыс. теңге) деңгейіне қарағанда нақты мәнінде 28,7% құрады.
Жүк тасымалдар көлемі 2009 жылымен салыстырғанда 69 %-ға артты және 3 497,9 млн. тоннаны құрады.
Жүк айналымы 2009 жылымен салыстырғанда 43,6 %-ға ұлғайды және 493,2 млрд. ткм құрады.
Тасымалданған жолаушылар саны 2009 жылымен салыстырғанда 69,5 %-ға ұлғайды және 20 001,5 млн. жолаушыны құрады.
Жолаушы айналымы 2009 жылымен салыстырғанда 79,2%-ға артты және 233,7 млрд. пкм құрады.
Автожол саласы
2010-2013 жылдар қорытындысы бойынша автожол саласында келесі іс шаралар орындалды.
1 051,8 млрд. теңге игерілді, жоспарланған 1 026,2 млрд. теңге орнына, бұл қаражат шенберінде автожол желісінің 18 270 км-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды, жоспарланған 17 270 км-де (оның ішінде 7 667,6 км республикалық желі бойынша және 10 602 км жергілікті желі).
Бағдарламаны жүзеге асырудың басынан жол-құрылыс жұмыстары 7 668 км жолда орындалды. Құрылыс және қайта жаңарту бойынша 3 221 км –де жұмыстар орындарлы (олардан 255 км 2010 жылы, 333 км 2011 жылы және 260 км 2012 жылы, 557 км 2013жылы) (салмақ көп түсетін, перспективті және транзитті Щучье-Көкшетау-Петропавл, РФ шек.-Орал-Ақтөбе, Атырау-Ақтау-Туркменистан шек, Омск-Павлодар-Майқапшағай, Астана-Қостанай-Челябі бағыттары бойынша жұмыстар өткізілді, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің қайта жаңартуы шенберінде – Қарабұтақ- Қызылорда-Шымкент, Шымкент-Тараз-Жамбыл обл шек және Алматы-Хоргос а/ж учаскелерінде, Таскескен-Бахтыучаскесінің қайта жаңартуы, СЭЗ ПИТ «Алатау» және Щучье-Бурабай курорттық аймағына кіре берістерде құрылыс жұмыстары аяқталды).
Бағдарлама шенберінде, оны жүзеге асыру басынан республикалық маңызы бар автожолдарда 915 км пайдалануға енгізілді ( 2010 жылы - 255 км, 2011 жылы - 335 км және, 2012 жылы – 260 км, 2013 жылы -65 км).
Республикалық маңызы бар 4 447 км жолдарда күрделі және орташа жөндеу орындалды.( олардан 2010 жылы - 877 км, 2011жылы - 1 241 км және, 2012 жылы - 1 164 км, 2013 жылы -1165 км).
Сонымен бірге, автожолдардың жерілікті желісінің 10 602 км-де жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары орындалды (олардан 2010 жылы - 1 659 км, 2011 жылы - 3 050 км және 2012жылы - 3 622 км, 2013 жылы – 2271 км ).
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің қайта жаңартуына қатысты
Қазақстан республикасының аумағы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің ұзындығы 2 787 км құрайды, оның ішіндегі 2 452 км қайта жаңартуға жатады.
Толық көлемді жұмыстар 2009 жылы басталды, 2011 жылы пайдалануға 215 км қайта жаңартылды және пайдалануға тапсырылды Қарабұтак қ.-нан Кызылорда облысы шек. дейін. 2012жылы 700 км.-де қозғалыс ашылды.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 1 854 км-де жүргізілуде, оған 35 мың адам жұмылдырылды, 18 бас мердігер, задействованы 4,5 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 30 асфальтобетон зауыты, 28 цемент-бетон зауыты және 34 ұсақтағыш қондырғы.
2013 жыл қорытындысы бойынша ұзындығы 812 км жаңа төсем бойымен қозғалыс ашылды (Ақтөбе облысы бойынша - 140 км, Қызылорда облысы бойынша – 260 км, Оңтүстік-Қазақстаноблысы бойынша – 224 км, Жамбыл облысы бойынша – 188 км).
Сонымен бірге, 2013 жылы «Алматы - Хоргос» және «Шымкент- Жамбыл обл. шек.» 384 км учаскелерінде мердігерлер анықталды және жұмыстар басталды.
Ұзындығы 100 км учаске бойынша тендерлік рәсімдер жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2014 жылдың басында басталады.
Концессиялық жобаларға қатысты
«Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы»құрылысы (ҮАААЖ)
Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігімен аталған жол құрылысына жататын жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. . В 2013 жылы жерлерді сатып алуға 2,8 млрд.тг. бөлінді, 90%-дан астам жерлер сатып алынды (652 учаске), 72 жер учаскесі әзірге сатып алынған жоқ. Бюджетом 2014 жыл бюджетімен 1,2 млрд.тг.-ні РБК қолдады. Құрылыстын басталуына дейін барлық жер учаскелерін сатып алу жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында 2012 жылдың 29 қазанында Кеңес беру қызметін ұсыну туралы келісімге қол қойылды. Аталған Келісім шеңберінде IFC мен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің кеңесшілері технико-экономикалық негіздемені (ТЭН) қайта жаұмыстандыруда және конкурстық құжаттама әзірлеуде.
Концессионерді таңдау бойынша конкурсты 2014 жылдың наурызында жариялау жоспарлануда. Құрылысты 2015 жылда бастау жоспарланды.
Теміржол саласы
2009 жылымен салыстырғанда (247,5 млн.тонна) 2013 жылда теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 16,9%-ға ұлғайды.
2009 жылда теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 14,8 млн.тонна, ал 2013 жылда 16,0 млн.тонна құрады. Осылайша, көлемі 8,1%-ға ұлғайды.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2012 жылы Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінің құрылысы басталды.
Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1250 км Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінің құрылысы жалғастырылуда.
Бұл ретте жобалар бойынша жер төсемін төгу және жолдың үстіңгі құрылысын төсеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ электржабдықтау желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бірінші рет Қазақстанның көлік тарихында теміржол қатынасымен Қазақстанның батысы мен шығысы байланысты, бұл ретте Арқалық қаласының және Жезқазған өңірінің аудандарының тұйыққа тірелу проблемасын шешілді.
2013 жылғы 20 желтоқсанда Индустриализация күніне Қоскөл, Тассай және Майбұлақ үш жаңа теміржол станциясында магистральдық жолдардың түйісуі жүзеге асырылды.
Кейінгі жылдары жобаны іске асыруда инфрақұрылымды және жеке пункттарда мен станцияларда әлеуметтік-тұрмыстық мақсатындағы объектілерді салу көзделген.
Маршруттар желісін дамыту және халыққа ыңғайлылықты күшейту мақсатында «Алматы - Атырау», «Астана - Атырау» «Астана – Семей» маршруттары бойынша 2013 жылы үш жаңа «Тұлпар-Тальго» жылдамдықты поездар іске қосылды.
Осы поездардың қозғалыс уақыты бұрын қатынаған поездармен салыстырғанда екі есеге жуық қысқартылған.
Бұдан басқа, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана – Орал» және «Павлодар – Қарағанды» маршруты бойынша және 2013 жылғы
1 желтоқсаннан бастап «Алматы-Алтынкөл» маршруты бойынша жаңа поездар қатынасы басталды.
80 вокзал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылда жолаушылар вагондары паркін жаңарту мақсатында
237 жолаушы вагоны, оның ішінде 160 Тальго вагоны, 67 украин вагоны және 10 электропоезының вагондары сатып алынды.
Сондай-ақ, өткен жылдың ішінде 97 локомотив және 1704 жүк вагоны сатып алынды.
Жаңа теміржол желілерін салуға құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын қайта бағдарлауға баланысты жолдың жоғары құрылымының күрделі жөндеуінің жоспары 631 км төмендеді («ҚТЖ» ҰК» АҚ 2013 жылғы инвестициялық бюджетіне өзгерістер енгізілді).
Сондай-ақ 2013 жылда 631,7 км жолдың үстіңгі құрылымына күрделі жөндеу жүргізілді.
«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалын субсидиялау» 009 бағдарламасы бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен 25 507,1 5 млн. теңге бөлінген. Жылдың қорытындылары бойынша 25 481,2 млн.тг. игерілген, 25,9 млн. тг. игерілмеген.
Азаматтық авиация
2009 жылымен салыстырғанда авиакөлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 50 %-ға ұлғайды және 171,3 сам/км құрады. Транзиттен кірісі 19,4 млрд. теңге құрады.
Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай қызмет көрсетеді, халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген 16 әуежайдың 13-ы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары (ИКАО) бойынша санатталған.
2013 жылы Тараз қаласы әуежайының ұшу-қону және № 2 рульдеу жолақтарын қайта жаңарту аяқталды.
Тараз қаласы әуежайының ұшу-қону жолағына жүргізілген қайта жаңарту оған қазіргі заманғы кең фюзеляжды әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Тараз қаласының әуежайлық кешенін қайта жаңарту жобасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін іске асырудың айқын мысалы болып табылады.
Тараз қаласы әуежайының меншік иесі - «SCAT» АҚ әуежай инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды өзінің және заемдық қаражаттар есебінен жүргізеді. 2014 жылғы мамырда Тараз қаласы аэровокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының әуежайында «Талдықорған әуеайлағы ұшу алаңының элементтерін күрделі жөндеу» жобасы іске асырылуда, бағдарлама әкімшісі – ҚР Қорғаныс министрлігі болып табылады. Жобаның аяқталуы – 2014 жыл.
Қазақстанның қалалары арасында әуе қатынастарына қол жетімділікті ұлғайту, сондай-ақ ірі облысаралық орталықтарды өзара байланыстыру мақсатында 2002 жылдан бастап Астана қаласынан Қазақстанның облыс орталықтарына әлеуметтік-маңызды авиарейстерді субсидиялау бағдарламасы іске асырылады.
2013 жылы республикалық бюджеттен 1 513,6 млн. теңге сомасына 10 ішкі әлеуметтік-маңызды рейс субсидияланады: Астанадан Жезқазған, Павлодар, Петропавл және Семейге, Алматыдан Петропавл, Көкшетау және Үржарға, Қарағандыдан Өскемен және Қызылордаға, сондай-ақ Көкшетаудан Шымкентке.
Әуе кемелері паркін жаңарту бойынша жұмыс жалғастырылуда. Қазақстан Республикасында 516 әуе кемесі пайдаланылуда, оның ішінде батыста өндірілген әуе кемелері 130 бірлік, Ресейде өндірілген әуе кемелері 308 бірлік, аса жеңіл авиация әуе кемелері 78 бірлікті құрайды.
2013 жылғы жағдай бойынша «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясының әуе кемелерінің паркі – 29 бірлікті «СКАТ» АҚ – 23 бірлікті құрады, соның ішінде 2013 жылы «Эйр Астана» АҚ – 7 бірлікті «СКАТ» АҚ – 4 бірлікті сатып алды.
2013 жылда «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен 8 «Eurocopter-145» тікұшақтарды сатып алынды.
Халықаралық жолаушылар әуе қатынасы саласында ұшуды орындауда тең құқықты саясат жүргізіледі. Қазіргі уақытта қазақстандық авиатасымалдаушылар 18 шетелдік мемлекетте ұшуды орындайды. Қазақстанға 19 таяу және алыс шет елден 25 шетелдік авиакомпания тұрақты жолдаушылар тасымалын орындайды.
2013 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде 15 халықаралық тұрақты маршрут ашылды: Алматы-Хошимин, Алматы-Киев, Астана-Киев, Астана-Оренбург, Астана-Бишкек, Атырау-Москва, Актау-Симферополь, Өскемен-Москва, Актау-Волгоград, Астана-Лондон, Алматы-Паттайя, Алматы-Шарджа, Астана-Шарджа, Астана-Паттайя, Астана-Бангкок. Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар саны - 79.
Су көлігі
2013 жыл ішінде Ақтау порты ақылы 10,1 млн.тонна, оның ішінде
6,3 млн.тонна мұнай және 3,7 млн.тонна құрғақ және паромдық жүктер асты, корсетілген колемнен «Қазтеміртрансфлот» ЖШС бөлігі 53 % кұрайды.
2013 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 9 068 мың тонна жүк тасымалданды (мұнай – 8 878 мың тонна, құрғақ жүк – 190 мың тонна). Ақтау порты арқылы ауыстырылып – тиелетін мұнайдың ( 6 283 мың тонна) жалпы көлемінен, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-ныі үлесі 81,4 % құрайды.
020 «Су көлігі инфрақұрылымын салу және қайта жөндеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде:
1) Өскемен және Бұқтырма шлюздерінің құрылғылары мен жабдықтарын қайта жөндеу және жаңғырту бойынша жобалары аяқталды.
Іске асыру мерзімі – 2009-2013 жылдар.
Жобалардың жалпы құны – 1 323,4 млн. теңге.
2009-2012 жылдары игерілді – 1 202,4 млн. теңге.
2013 жылы жобаларды аяқтау үшін 121,0 млн. теңге бөлінді, 100 % игерілді.
Шлюздердің бетондық құрылысын қалпына келтіру, қақпалардың метал құрамын тозудан сақтау, бағытталған жүзбелі ауыстыру жөніндегі іс – шаралар іске асырылды;
2) Шүлбі шлюзінің қорғаныс кеме қатынасы гидротехникалық құрылысын салу бойынша жоба іске асырылуда.
Іске асыру мерзімі – 2012-2014 жылдар.
Жобаның жалпы құны – 1 224,0 млн. теңге.
2012 жылы игерілді – 44,8 млн. теңге
2013 жылы объекті құрылысы бойынша іс-шараларды іске асыруға 402,3 млн. теңге бөлінді, 100 % игерілді.
Уақытша үйілген бөгет жасау бойынша жұмыстар жүргізілді, жоғарғы кіру каналын кептіру жұмыстары аяқталды. Кірмежолдарын салу, жоғарғы кіру каналының суын төмендету (насостарды қондыру), мердігерлермен метал құрылысын (Деррик-кран, жүзбелу пала, шандорлық қоршау) шарттар жасау бойынша жұмыстар атқарылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шарларды іске асыруға 118 608 мың теңге бөлінді, жыл қорытындысы бойынша 100 % игеру күтілуде.
2013 жылы 576 кемеге куәландыру жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс шегінде 534 кеме.
2012 жылы су жолдарын кеме қатынасы жағдайында болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 5 121 016 мың теңге бөлінді, жыл қорытындысы бойынша 100 % игерілген.
Ұзақтығы 4 040,5 км (792 247 км/тәулік) учаскелерде 4 046 навигациялық белгілерді күту, 2 185 мың текше м түбін тереңдету, 55 мың текше м түзету жұмыстары, 10 700 тонна түбін тазарту жұмыстары, 575 км арналық жобалық іздестіру жұмыстары, шлюздерді, флотты және навигациялық жабдықты жөндеу және ұстау жұмыстары орындалды, 6 бірлік техникалық флот кемесі сатып алынды (1 бірлік жабдық, 2 бірлік түбін тереңдету және 3 бірлік қосалқы флот), 2 қосалқы техникалық флот құрылысы жалғастырылды және 3 бірлік жабдық флотының кезеңдік құрылысы басталды.
2013 жылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС «Екі әмбебап паромды құру / сатып алу және пайдалану» жобасын іске асыру шеңберінде жобаның дизайнын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді. Western Baltic Engineering Group компаниясы әзірлеген негізгі дизайны 2013 жылғы қыркүйекте алынды.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының корпоративтік кепілін ұсынбай қаржыландырудың көздері мен схемалары жөніндегі мәселе пысықталуда.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Қазақстанның Даму Банкі, Ресейдің Сбербанкі және Еуразиялық банкіне несиені алу жөніндегі ұсыныстарын енгізді.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Көлік логистикасын дамытудың ұлттық орталығы» АҚ үшін «өзен-теңіз» сыныбындағы аралас жүзудің екі әмбебап кемесін сатып алды.
Автомобиль көлігі
2013 жыл ішінде жолаушылардың тасымалдау көлемі 19,9 млрд. адам құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға көп. Жүктерді тасымалдау көлемі 2,9 млрд. тоннаны құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға көп. Қазіргі уақытта жолаушыларды тасымалдау 3 231 тұрақты автобус маршруттарында жүзеге асады.
Осы маршрут саны 100 адамнан асатын, 75% (4 938) ауылдық елді мекендерді қамтиды, осындай елді мекендерде Қазақстанда жалпы саны 6 623 бірлік. 2020 жылға дейін жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) ұсыныстары бойынша шамамен қосымша 200 тұрақты маршруттар ашу және қосымша 9 автовокзалдар, 45 автостанциялар, 155 жолаушыларға қызмет көрсету пунктерінің құрылысы жоспарлануда, бұл тұрақты автобус қатынастарымен ауылдық елді мекендерді 100% қамтуына қамтамасыз етеді.
Қазір ЖАО-мен бар 34 автовокзалдар және 138 автостанцияларды «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктер қызметтері» ұлттық стандартқа келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖАО аймақтық дейгейінде көліктік қолжетімділік индикаторы анықтады - автобустық маршруттарымен қамту, такси қызметтерімен қамтамасыз ету, жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарымен жабдықтау, автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау көлемдерін жоғарлату. Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Астана қалаларында 2013 жылда үлесі шамамен 15% құрайтын қала маңындағы және қалааралық маршруттарында билеттерді электронды сату жүзеге асырылып жатыр.
11 аймақтарда қалалық автобус маршруттарында электронды диспетчеризация ендірілген және ККМ облысаралық және халықаралық маршрутарда пилоттық режимі ендірілген. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау қызмет сапасын жоғарлату үшін, 2013 жылда шамамен 10% құраған автобустық парктерінде кезең-кезеңмен жаңарту жүргізіліп жатыр.
Қабылданған шаралар отандық тасымалдаушылардың үлесін халықаралық нарықта жүк тасымалын 37,5% дейін арттыуға мүмкіндік берді.
Көлік бақылау
Автомибильдік жолдарының амандық қамтамасыз ету үшін Республика автокөлік құралдарының салмақтау жүрісте автоматтандырылған жүйесі енгізу арқылы жүргізілуде. 2013 жылы 13 жүйесі орнатылды, 2014 жылда тағы
18 орнатынды жоспарлануда. 2015 жылы жалпы саны 80-ге дейін жеткізеді.
Осы жүйесі толық салмағы және АКҚ-ның осьдық жүктемелерді жүрісте өлшенеді, байланыссыз бақылау жүзеге асырады, сыбайлас правоны бұзу жағдайлар алып тастайды, сонымен автомибильдік тасымалдарда физикалық барьерлерды алып тастайды.
2012 жаратылған ҚР ККМ Ахуалды орталығы сыбайлас көрініс дәләлдерінің алдын алу, көлік бақылау посттардың жұмыстың тиімділігі жоғарылау мақсатында жұмыс істейді.
Қазіргі күні ККМ Көлік бақылау комитеттің Ахуалды орталығында тәулік бойы көлік бақылау посттардың 32 мобильдік және 5 стационарлық бейнебақылау арқылы, АКҚ-ның жүрісте автоматтандырылған 13 өлшеу аспаптардың посттар қызмет мониторинг жүргізіледі.
Ахуалды орталығының жұмыс қорытындысы бойынша 2013 жылы айыппұл салған сомасы 1 300 млн.теңге, сондай-ақ жүріс жинағы сомасы
3 489,9 млн.теңге құрастырылды.
Бүгінгі күні сервистік орталықтар ҚР МЖӨ тізіліміне енгізілген сандық тахографтармен көлік құралдарын жабдықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр.
2011 жылдан 2012 жыл аралығында «КазТАХОНЕТ» ЖШС-і сандық тахографтарға 2985 карточкалар, 2013 жылда - 2684 карточкалар әзірленді.
2013 жылы шет рұқсат беру бланктарын автоматтандырылған.
Сонымен бірге, Халық қызмет көрсету Орталықтар арқылы шет рұқсат қағаздар және электрондық өтініш беру мүмкіндігі атқамінер кәсіпкермен байланыс процесстен алып тастайды, сондай-ақ қарау мерзімі 3 күннен 1 күнге қысқартады.
2013 жылы автоматтандырылған жүйесі арқылы 86,6 мың шет бланктарын берілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда 725 техникалық байқау желісі (414 стационарлық, 311 мобильдік) бар ТБО-ның 374 жұмыс ұйымдастырылған.
Осы ТБО санымен 43 республикалық, облыстық маңызы бар қалалар және әкімшілік аудандар (барлығы160 әкімшілік аудан) орап алды.
2013 жылғы 31 желтоқсанда №1532 ҚР Үкіметінің қаулымен бекітілген «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы».
Мемлекеттік байқау және теңіз кемелердің теңіз порт акваторияда қауіпсіз пайдаланым көздеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік Коммуникация Министрлігі көлік байқаудың Комитетінің Мемлекеттік мекеме «Ақтау және Баутино порттардың теңіз әкімшілік» жұмыс жүргізіледі.
Салалық бағдарламаны одан әрі іске асыру бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 2-тармағының іске асыру шеңберінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлікпен мемлекеттік және салалық бағдарламаның тексеріс өткізілді.
Ел дамытудың жаңа басымдылықтары ескерілетін жаңа құжаттарында шеңберінде негізгі ережелер жалғастыратын есептілікті қыскарту және салалық бағдарламарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітуге байланысты ЭБЖМ Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны (бұдан әрі - Салалық бағдарлама) күшін жоюды ұсынылған.
Осыған байланысты, 2014 жылда Министрлікпен Салалық бағдарламаны күшін жоюды деп ұсынылады.
________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |