жүкті әйелдің жағдайын бағалау жүзеге асырылады; 8) босанғанға дейінгі екінші патронаж, оның ішінде: жүкті әйелдің денсаулығы туралы сауалнама және консультация беру, шағымдарды анықтау; жүкті әйелді және отбасы мүшелерін "қауіпті белгілерін" анықтауға үйрету, жүктілік пен босанудың қалыпты ағымында да, шұғыл акушерлік жағдайлар туындаған кезде де немесе босану басталғанда да Мінез-құлық алгоритмімен танысу жүзеге асырылады; ұсынымдар бойынша: күннің, демалудың, ұйқының, физикалық белсенділіктің оңтайлы режимін сақтау; оңтайлы тамақтануды сақтау; препараттарды профилактикалық қабылдау (құрамында йод бар, құрамында темір бар/фолий қышқылы); жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу; жеке гигиенаны сақтау және тұрғын үйді абаттандыру; темекі шегудің, алкогольді ішудің және нашақорлықтың әсері және ұрықтың дамуына арналған препараттар; босануға дайындық мектептеріне шақыру; патронаж кезінде көрсетілген тұрғылықты жері бойынша әйел болмай қалған жағдайда, әйелдің нақты тұрғылықты жерін анықтау үшін учаскелік мейіргерге, учаскелік дәрігерге ақпарат береді; әйел МСАК ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұрған кезде тұрғылықты жері бойынша ақпаратты учаскелік дәрігерге, дәрігерлік амбулаторияның/отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісіне ақпарат беріледі. 9) босанғаннан кейінгі патронаж, оның ішінде: сауалнама жүргізу, шағымдарды анықтау; перзентхананың жалпы жағдайын бағалау; тері жамылғысын қарап-тексеру, қан қысымын, импульсті, дене температурасын өлшеу; босанғаннан кейінгі кезеңнің шағымдары мен асқыну белгілері болған кезде стационарға тасымалдауды (емдеуге жатқызуды) қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек шақырады, акушер-гинеколог және дәрігерлік амбулаторияға/отбасы денсаулық орталығы меңгерушісін хабардар етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |