Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет2/24
Дата16.06.2016
өлшемі2.19 Mb.
#139049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
*Шұғыл деректер келтiрiлген.

      3.3. Құрылыстағы техникалық реттеудiң жай-күйiн талдау


      1992 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-техникалық базасы мына негiзгi бағыттар бойынша қалыптасады:
      бiрiншi - ТМД елдерiнiң Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның (ҚМҒТК) жұмысына қатысу шеңберiнде нормативтiк құжаттама әзiрлеу. Бұл ретте, 253 норматив қабылданып, қолданысқа енгiзiлдi;
      екiншi - республикалық бюджет қаражат есебiнен отандық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күшiмен нормативтiк құжаттама әзiрлеу және қайта өңдеу. 440 норматив әзiрленiп, қолданысқа енгiзiлген.
      Қазiргi уақытта сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2225 құжат қолданылады, оның iшiнде ҚНжЕ - 273, ҚН - 294, ҚЕ - 28, ҚҚР - 112, МЕМСТ - 635.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс өнiмi қауiпсiздiгiнiң мiндеттi, ең аз қажеттi талаптарын белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 20-дан астам техникалық регламент қабылданды.
      Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiн реформалау қажеттiлiгi мынадай жағдайлардан туындайды:
      Қазақстанның жүйелер мен үдерiстердi әлемнiң экономикалық дамыған елдерiнiң тәжiрибесiмен үйлестiру арқылы әлемдiк экономика жүйесiне кiрiгуге ұмтылуы;
      халықаралық сауда қатысушыларының ДСҰ-ның техникалық реттеу саласындағы қағидаттары мен ережелерiн сақтауын талап ету;
      қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайларына, субъектiлердiң техникалық реттеу қажеттiлiктерiне жауап бермейтiн мемлекеттiк қадағалау мен бақылау әдiстерi мен дәстүрлерiнiң ескiруi;
      Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоғары сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрылыс мәдениетiн арттыру қажеттiлiгi.
      Техникалық реттеу жүйесiн реформалаудың бұдан бұрынғы ұмтылыстары Қазақстан Республикасының құрылыс саласының әлемдiк экономика жүйесiне кiрiгу мүмкiндiгiн қамтамасыз еткен жоқ.
      1990 жылдардағы реформа құрылымдық қайта құруларды көздеген жоқ, оның нәтижесiнде құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесiне әсер етудiң шектеулi әдiсi болды.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы күшiне енген № 603-II Заңының мақсаты саудадағы, оның iшiнде құрылыс саласындағы техникалық кедергiлердi жою үшiн елдiң нормативтiк базасын қайта құрылымдау болды. Алайда бiрқатар объективтi себептерге орай күтiлген әсерге қол жеткiзiлмедi, оның iшiнде:
      экономикалық дамыған елдердiң құрылысындағы техникалық реттеудiң тәжiрибесi алдын ала зерделенiп, талданған жоқ және жинақталып, қорытылған жоқ, ол техникалық реттеудi реформалаудың сенiмдi бағдарының, құрылған тұжырымдаманың, стратегияның, реформа тиiмдiлiгiн бағалау өлшемдерiнiң жоқтығымен көрiндi;
      құрылыс қызметiнiң түпкiлiктi өнiмi өнiмге қойылатын талаптарды белгiлеу бойынша ережелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ету ұранымен жаппай өнеркәсiп өндiрiсi өнiмiне қателiкпен теңестiрiлдi;
      «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына құқықтық және ұйымдық сәйкес келмеушiлiк;
      реформа құрылысқа рұқсат беру, оларды құру, қабылдау және пайдалануға беру үдерiсiнде объектiлердi инспекциялық тексеру тәртiбi мен рәсiмiн, шарты ретiнде жобалық құжаттаманы тексерудi; құрылыс өнiмiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары ретiнде техникалық реттеу субъектiлерiнiң кәсiби қызметiн және өзге де аспектiлердi лицензиялауды қоса алғанда, сәйкестiктi бағалаудың өзектi аспектiлерiн қозғай алған жоқ
      аккредиттеу мен сертификаттау, және сынақтар мен сертификаттау нәтижелерiн тану жөнiндегi органдардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету, әлемде кеңiнен қолданылатын бағалау және сәйкестiктi растау жүйесi үшiн жағдайлар жасалған жоқ.
      2009 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi шетелдiк және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, дайындық жұмысын жүргiздi, осының нәтижесiнде:
      бiрқатар экономикалық дамыған елдердiң (Австралия, Ұлыбритания, Еуропа Одағы елдерi, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ) құрылыстағы техникалық реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi мен Нью-Йорк, әбу-Даби және Сауд Арабиясы үлгiсi бойынша модельдiк құрылыс нормалары мен ережелерiн бейiмдеу тәжiрибелерi зерделендi;
      техникалық реттеудiң отандық тәжiрибесi жинап, қорытылып, талданды;
      құрылыс саласының қолданыстағы нормативтiк базасына шолу жасалды.
      Зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде:
      экономикалық дамыған елдердiң барлық техникалық реттеу жүйелерiне тән жалпы қағидаттарымен сипаттары анықталды;
      экономикалық дамыған елдердiң ұқсас жүйелерiмен салыстырғанда Қазақстанның құрылыс саласын қолданыстағы техникалық реттеу жүйесiнiң келiспеушiлiгi анықталды;
      нормалаудың ұйғарымдау әдiсiнен iлгерiндi параметрлiк әдiске кезең-кезеңмен көшудi жүзеге асыру ұсынылды.
      Құрылыстағы техникалық реттеудi реформалау:
      ұлттық экономиканың мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның жай-күйiне және құрылыс саласының ғылыми-техникалық даму жүйесiне сәйкес келуi;
      құрылыс заңнамасы мен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк, техникалық құжаттаманы экономикалық дамыған елдерде қолданылатын шетел аналогтарына сәйкес келтiруге;
      кәсiби бiлiм беру, кадрларды үзiлiссiз кәсiби оқыту мен бiлiктiлiгiн арттыру, мамандарды лицензиялау, кәсiби жауапкершiлiктi сақтандыру, құрылыс материалдары мен бұйымдарын нормалау және стандарттау, импорт/экспорт, ресурс үнемдеу, энергия үнемдеу, құқық қорғау қызметi және басқалар сияқты құрылыс саласының аспектiлерiн қамтуы;
      құрылыс саласының нормативтiк базасын ғана емес, сонымен қатар техникалық реттеудiң кешенiндегi басқа да жүйелiк компоненттерiн реформалауды көздеуi;
      құрылыс саласына әсер ететiн немесе құрылыс саласының әсер етуiн ұшырайтын басқа да салалар мен қызмет түрлерiн қозғауы;
      нақты тұжырымдалған стратегия негiзiнде жүргiзiлуi және оларға қол жеткiзудi бағалаудың нақты мақсаттары мен өлшемдерiнiң болуы тиiс.
      Талдау, жобалау сапасы бiлiктi мамандардың жеткiлiксiздiгi мен өндiрiстiң және ғылыми-техникалық базаның әлсiздiгi салдарынан төмен күйiнде қалып отырғанын көрсеттi.
      Бұл «Мемсараптама» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнынан түсетiн жобалар сапасының төмен болуымен расталып отыр. 2009 жылы «Мемсараптама» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылысқа арналған 11818 бiрлiк жоба алды және жобалық құжаттама қаралды, олардың 48 %-ы мемлекеттiк құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес көлмедi және пысықталуға қайтарылды. Бұл ретте жобаларда 326 мың әртүрлi кемшiлiктер мен жобалау нормаларынан ауытқушылықтар анықталды.
      Барынша ортақ қателер немесе бұзушылықтар мыналар болып табылады: құрылыс құнын айқындаудың дұрыс еместiгi (48,36%), инженерлiк қамтамасыз ету бойынша шешiмдегi кемшiлiктер (20,04%), құрылыс конструкциялары мен материалдарындағы талап етiлетiн сенiмдiлiк пен берiктiктiң қамтамасыз өтiлмеуi, көлемдiк-жоспарлау және сәулет шешiмдерiндегi кемшiлiктер (20,93%), қажеттi түпкi материалдардың жеткiлiксiздiгi немесе жоқтығы, мiндеттi келiсiмдер мен техникалық шарттардың жоқтығы.
      Көптеген жобаларда құрылыстың жалпы мәлiмделген құны тым көтерiңкi болды және Мемсараптама оларды 605 млрд. теңгеге, оның iшiнде мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша 517 млрд. теңгеге төмендеттi.
      Осыған байланысты бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi жобаларды әзiрлеу кезiнде дөрекi бұзушылықтарға жол беретiн жобалау ұйымдарының жауапкершiлiгiн күшейту болып табылады, тiптен оларды лицензияларынан айыруға дейiн бару керек.
      Жобалау мерзiмдерi мен шығыстарды айтарлықтай азайту мақсатында үлгiлiк жобаларды қолдану тәжiрибесi енгiзiлдi. Жекелеген бiлiм беру, денсаулық сақтау және спорт объектiлерi үшiн үлгiлiк жобалар әзiрленiп, бекiтiлдi. Дегенмен, экономиканың басқа салалары үшiн үлгiлiк жобалар жоқ, бұл қаржыландырудың жеткiлiксiздiгiмен байланысты болып отыр.
      014 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттамаларды жетiлдiру» республикалық бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес 2008 жылы 35 бiрлiк, 2009 жылы - 28 бiрлiк үлгiлiк жоба әзiрленiп, бекiтiлдi.
      Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «100 мектеп және 100 аурухана салу туралы» тапсырмасын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.Қ.Мәсiмовтiң 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкiмiне сәйкес 12 мектептiң үлгiлiк жобасы және денсаулық сақтау объектiлерiнiң 15 үлгiлiк жобасы әзiрлендi.
      Жобалау өнiмiнiң тиiстi сапасын ынталандыруға қағидатты жаңа әдiстерi мен үлгiлiк жобалау базасын дамытуды талап етiледi.
      Қазiргi кезде сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласында реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын мемлекеттiк басқару органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен аралас мәселелер бойынша өздерiнiң арнайы өкiлеттiктерi шегiндегi өзге де орталық органдар;
      өздерiнiң арнайы өкiлеттiктерi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар.
      2005 жылдың басынан бұрынғы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi мен оның бұрынғы аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырған мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бойынша бақылау функциялары жергiлiктi атқарушы органдарға берiлдi.
      Сәулет - қала құрылысы қызметiн бақылауды жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары жүзеге асырады.
      Осылайша жергiлiктi атқарушы органдар атқарушылық және бақылау функцияларын орындайды, яғни лицензиялауды жүзеге асырады, құрылыс туралы шешiм қабылдайды, құрылыс сапасын тексередi және пайдалануға беруге қабылдауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк басқару деңгейлерiнiң арасындағы көрсетiлген өкiлеттiктердiң ара жiгiн ажырату құрылыс өнiмiнiң сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау жүйесiн әлсiреттi, бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың, бұзылу санының өсуiне алып келдi.
      Сондай-ақ, құрылыс сапасын бақылау шеңберiнде тапсырыс берушiнiң техникалық қадағалауы мен жобалық құжаттаманы әзiрлеушiнiң авторлық қадағалауы жүзеге асырылады.
      Бiрақ, бүгiнде бұл қызметтер өздерiне жүктелген функцияларды әрқашан орындай бермейдi. Құзыреттi емес мамандарды тарту және орындалған жұмысқа дербес жауапкершiлiктiң жоқтығы негiзгi себептер болып табылады.
      Бұл қызмет лицензияланатын қызмет болып табылады, бiрақ лицензиялау талаптары сарапшылардың кәсiби даярлық деңгейiн айқындауға мүмкiндiк бермейдi және сондықтан көбiне құзыреттiлiгi жоқ адамдар тартылады. Мысалы, бүгiнде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтердi жүргiзуге шашамен екi мың бес жүзге тарта (2494) лицензия берiлген, лицензиаттардың негiзiнен заңды тұлғалар екенiн ескерсек, бұл шамамен он мың сарапшыны құрайды.

      3.4. Өңiрлердегi аумақтық жоспарлау және қала құрылысының дамуын талдау


      Тұрғын-үй құрылысының, сонымен қатар шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы, қалалар мен елдi мекендердегi, бұған қоса iрi қалалардағы аз қабатты құрылыс үлесiнiң артуы арқылы құрылыс құрылымының өзгеруi, түбегейлi түрде елдi мекендердi өңiрлiк дамыту, оларды инженерлiк жайластыру, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң жаңа жүйелерiн құру мәселелерiн қозғады.
      Елдi мекендер және қонысаралық аумақтар қала құрылысы жобаларының — аудандық жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары, бас жоспарлар, егжей-тегжейiн жоспарлау жобасы және құрылыс ошағы жобалары негiзiнде дамыды.
      Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдарының басында әзiрленген қала құрылысы жобалары саяси және экономикалық өзгерiстердi ескере алмады. Қала құрылысының жаңа жағдайдағы даму үдерiсi қала құрылысы қызметiн реттеудiң басқа шешiмдерiн талап еттi.
      Қазiргi уақытта қала құрылысы жобаларын әзiрлеудiң жаңа әдiстемелiк жолдары қалыптасуда.
      Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала құрылысы жобалары аумақты пайдалануды реттейтiн құжат болып қалыптаса бастады. Бұл ретте, негiзгi мақсаты сақталынады, бұл - адамның мекендеуi үшiн қолайлы ортаны жасау, облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасындағы қала құрылысын жобалау нысанының аумақтық жағдайына қарай көп деңгейлi жүйенi сақтады:
      аумақты ұйымдастыру және жаңа жерге орналастырудың сұлбасы республика аумағына әзiрленедi;
      аумақтың қала құрылыстың дамытудың кешендi жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары тиiсiнше әкiмшiлiк облыстар және аудандардың аумағында әзiрленедi;
      бас жоспарлар мен жоспарлау жобалары қала, кент және ауыл шаруашылығы елдi мекеннiң аумақтарына әзiрленедi.
      Бас жоспарлар және жоспарлау жобаларын әзiрлеу жұмысын жергiлiктi атқарушы органдарымен қаржыландыру туралы қабылдаған шешiмi қала құрылысы жобаларын әзiрлеуде бiраз тоқырау кезеңiне алып келдi.
      Қазiргi уақытта облыстарда бас жоспарларды әзiрлеу үдерiсi жанданды.
      Соңғы жылдары республиканың елдi мекендерiнiң бас жоспарларын әзiрлеу және бекiту бойынша едәуiр жұмыс көлемi атқарылды. Қазiргi уақытта Астана және Алматы қалалары, барлық облыс орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етiлдi, сәулет және қала құрылысы саласы үшiн жаңа жетекшi құжаттарды және құрылыс нормалары мен ережелерiн жасау үдерiсi жүргiзiлiп жатыр.
      Қала құрылысын жоспарлаудың нормативтiк базасына түзетулер енгiзiлуде. Бiр жағынан - қала құрылыстық аумаққа бөлудiң жүйесi арқылы аумақты қала құрылыстық пайдаланудың анағұрлым икемдi жүйелерi жасалса, екiншi жағынан - әрбiр қала мен елдi мекенге арналған Жоспарлау және құрылыс ережелерi, сараланған төлемдер және салықтарды белгiлеумен қатар экономикалық бағалауды және экологиялық аудандастыруды енгiзу, еркiн экономикалық аймақтарды құру арқылы қала құрылысын дамуды реттеудiң жаңа тетiктерi пайда болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы iстерi агенттiгi 2010 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзiрлеу бойынша жұмыстарды бастау тапсырылды.
      Бас схема - елiмiздiң, оның өкiлдерi мен елдi мекендерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ұзақ мерзiмдi болжаудың жалпы мемлекеттiк жүйесiн дамытудың ғылыми-негiзделген тұжырымдамасы негiзiнде әзiрленген қала құрылысы құжаттамасы болып табылады.
      Бас схема - мемлекеттiк қала құрылысы саясатының негiзгi бағыттарын негiздейтiн және анықтайтын, тұрақты қолданылатын және жүйелi жаңартылып тұратын (өзектi болатын) бағдарламалық ақпараттық-талдамалық құжат болып табылады.
      Белгiленген тәртiппен келiсiлген және сараптамадан өткен Бас схеманың негiзгi қағидаларының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Бұл кезең қазiргi заманғы компьютерлiк технологиялар мен ақпараттық коммуникациялар жүйесiнiң кеңiнен қолдануымен ерекшеленедi, онсыз жоспарлауды реттеу және аумақтық дамытуды iске асырудың қазiргi тетiктерiнiң толық қызмет етуi мүмкiн емес.
      Қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру және жүргiзу қажет.
      Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру және жүргiзудiң негiзгi мақсаты тиiстi қала құрылысы кеңiстiгiн қала құрылысы, сәулет  және құрылыс қызметтi белгiлi бiр қала құрылысы кеңiстiгiнiң қала құрылысы, сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн құру арқылы ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады (МҚК автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi, бұдан әрi - МҚК ААЖ).
      Кадастр және мемлекеттiк дерекқор жүйесiндегi қалыптасқан жағдайда, оның iшiнде жер мен құқық кадастры сияқты шектес салалардағы «Жылжымайтын мүлiк тiзiмдемесi» мемлекеттiк дерекқор жүйесi, МҚК ААЖ жобасын әзiрлеудiң барлық кезеңдерiн қоса алғанда ақпарат алмасудың тиiмдi жүйесiн құру арқылы тiркелетiн ақпараттың қайталануын болдырмау үшiн Қазақстан Республикасы кадастрлар жүйесiнде МҚК рөлi анықталатын болады.
      Республикалық деңгей нормативтiк-техникалық құжаттарды жүйеге келтiрудi, қала құрылысы сәулетi, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы нормативтiк-техникалық құжаттардың бiрыңғай қорын қалыптастыруды және жүргiзудi қамтамасыз етедi және мемлекеттiк қала құрылысы кадастры қызметтерi тiкелей тарату үшiн электрондық үлгiде базалық және облыстық деңгейлерге тапсырады.
      Түптеп келгенде, ҚР МҚК тiк құрылымына бұдан бұрын белгiленген үш деңгейдi енгiзу керек:
      1) республикалық
      2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астана;
      3) базалық (аудандық, облысқа бағынышты қалалық).
      МҚК құрылымының тiгi МҚК ақпаратын (деректер қорын) төменгi деңгейдегi есепке алу нысандары бойынша базалық деңгейден облыстық деңгейге, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астанадан республикалық деңгейге таратуды қамтамасыз етуi тиiс, бұл, бұған қоса, заңнаманың сақталуын бақылау функциясын iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      Республикалық деңгей МҚК тiгiн қолдана отырып, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар (облыстық және базалық деңгейлер) жұмысын нормативтiк-әдiснамалық реттеу қызметiмен қамтамасыз етудi iске асырады, сонымен қатар облыстарды, астана мен республикалық маңызы бар қалаларды Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын және аумақтық дамудың өңiраралық схемасын материалдарымен жүйелi қамтамасыз етедi.
      Республикалық деңгейдiң МҚК құру және жүргiзу бойынша жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджет қаржысынан жүргiзiлiп, Үкiметтiң тиiстi шешiмi бойынша өз шығынын өзi өтеуге бiртiндеп көшуi қажет.
      Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының Республикалық орталығы - бұл бағдарлама қағидаларын жүзеге асыруда маңызды ұйымдық құрылымға айналуы керек.
      МҚК республикалық орталығы мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн құру, дамыту, енгiзу, сүйемелдеу жұмыстарын, сонымен қатар барлық деңгейдегi деректер қорына сәулет-құрылыс кадастрлық ақпараттың дер кезiнде және толық жиналуын қамтамасыз етедi.
      МҚК АЖ және Мемлекеттiк деректер қорының өзара әрекеттесуi республикалық деңгейде жүзеге асырылуы тиiс.
      Уәкiлеттi орган Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (МҚК) құру бойынша басқарушы құжаттарын әзiрлеп жаңартты, бiрақ 8 қалада ғана (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Орал, Қарағанды) МҚК тиiстi деңгейде жүргiзiлiп келедi. Республикалық деңгейдегi МҚК әзiрлеу жұмысына қаржыландыру 2011 - 2012 жылдары көзделген, ал облыстық және базалық деңгейлердегi МҚК құру және жүргiзу жұмыстары жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

      3.5. Құрылыс саласында баға белгiлеу жүйесiн талдау


      Құрылыс өнiмiнiң сметалық құнын қалыптастыру - нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиiс құрылыс кешенiнiң барлық қатысушылары үшiн экономикалық қатынастардың негiзгi элементi болып табылады.
      Құрылыс өнiмiнiң баға белгiлеу жүйесiнiң негiзгi элементi сметалық-нормативтiк база болып табылады.
      1991 жылға дейiн экономиканы көтерме бағалар мен тарифтерге, оның iшiнде құрылыстағы жаңа сметалық нормалар мен бағаларға жоспарлы көшiру жүзеге асырылды. Құрылыстың жаңа сметалық нормалар мен бағаларға көшуi 1956, 1969, 1984 және 1991 жылдары жүзеге асырылды. Әр жағдайда құрылыстың орташа бағасы шамамен 20%-ға өсiп отырды.
      1991 жыл iшiнде құрылыстағы нақты баға 2-2,5 есеге өстi. 1992  және 1993 жылдары инфляцияның бiрiншi, ең үлкен толқыны келдi. Бұл жылдары құрылыстағы бағалардың орташа өсуi бiр ай iшiнде 28%-ды құрады. Бағалардың салыстырмалы түрде тұрақтануы 1997 - 1998 жылдары болды.
      Бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде Қазақстанда алғаш рет 2001 жылғы баға деңгейiнде, бюджеттiк инвестициялар есебiнен құрылыс құнын қалыптастыруға арналған 561 нормативтiк-техникалық құжат санында өз сметалық-нормативтiк базасы әзiрлендi. Материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға базалық баға негiзi ретiнде Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi қабылданды.
      2009 жылы «SANA-2001» бағдарламалық қамтамасыз ету ұлғайтылып, толықтырылды және 12 бiрлiк норматив әзiрленiп (қайта өңделiп), бекiтiлдi:
      құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар мен бағалар жинағы (3 жинақ);
      жабдықтарды монтаждауға арналған бағалар жинағы (1 жинағы);
      құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы (7 бөлiм);
      материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға арналған сметалық бағалар жинағына толықтырулар мен өзгерiстер;
      құрылыс және монтаждау жұмысына арналған ҚНжР жинағына толықтырулар мен өзгерiстер.
      Ағымдағы бағалардың базалық деңгейiн қайта есептеу үшiн «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) қолданылады, Базалық деңгейдi қайта есептеу үшiн АЕК-нi қолдану құрылыс үдерiсiнiң түпкi өнiмiне негiзсiз баға өсуiн кiдiртедi деп болжанған болатын. Уақыт көрсетiп отырғандай, АЕК құрылыс саласындағы ахуалды толық нақты көрсете алмайды.
      2001 жылғы баға деңгейiндегi сметалық-нормативтiк базаның iс-қимылы кезеңiнде Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалары өзгердi:
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексi;
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексi (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi);
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Салық кодексi (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi);
      Темiр жол тарифтерiнiң қымбаттауы, электр тасығыштарға, делдалдық қызметтерге бағалардың өсуi, уақтылы қаржыландырмау 2007 - 2008 жылдары құрылыстағы қымбатшылыққа алып келдi.
      Бұдан басқа, iс-материалдардың құны бойынша статистикалық деректер нарықтағы нақты бағалардан алуан түрде ерекшеленедi және бұл құрылыс фирмаларының дәл емес, әрi бұрмаланған статистикалық есептерiнiң нәтижесi болуы мүмкiн.
      Ресурстарға арналған бағалардың шынайы деңгейi мен мониторингiн қалыптастыру және нәтижелердi статистикалық өңдеу әдiстерiн жетiлдiру қажет. Бұл үшiн, басқа елдердiң тәжiрибесi бойынша, өңiрлерде аумақты белгiлерi бойынша баға белгiлеу монтиторингiн жүргiзу орынды.

      3.6. Тұрғын үй құрылысын талдау


      Ескерту. 3.6-кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.10.03 № 1129 Қаулысымен.

      3.7. Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялары өндiрiсiн дамытуды талдау


      Өнеркәсiп базасын сандық және сапалық дамыту құрылыс кешенiнiң талаптарына негiзделедi, олар мыналарға:
      тұрғын үй құрылысы құрылымының жаңа сәулет-құрылыс жүйесiне, ғимараттар түрлерi мен қазiргi заманғы құрылыс салу технологияларына өтудегi өзгерiстерге;
      тұрғын үйдi салу және пайдалануға беру кезiнде ресурстарды қажетсiну, энергетикалық және еңбек шығындарын төмендету, инвестициялық циклдiң ұзақтығын қысқарту қажеттiгiне;
      тұрғын үй құрылысы көлемiн ұлғайту бойынша мiндеттердi шешуге;
      күрделi құрылыс пен пайдалануға берудiң құрылыс материалдарының сапалы түрлерiне мұқтаждығы қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге;
      жаңа энергия үнемдейтiн материалдарды, сондай-ақ Қазақстанда бар дайын материалдық-шикiзат базасының импорт алмастырушы тауарлары өндiрiсiн ұйымдастыруға негiзделген.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi - бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын кешендi сала, олардың көпшiлiгiнiң құрамында бiрнеше өндiрiстер бар, бұл ретте әрбiр сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай отырып, өз нарығын қалыптастырады.
      Қазақстанда цемент, құрастыру темiр-бетонын, керамика тақташаларын, жылу оқшаулағыш материалдарын, лактарды, бояуларды, түсқағаздар мен басқа да бұйымдарды өндiру бойынша кәсiпорындарды қайта жарақтандыру төмен қарқынмен жүзеге асырылуда. Жеке машина жасау дамымаған, жүк көтеру және құрылыс машиналары, көтеру-көлiк тетiктерi, технологиялық жабдықтар, санитарлық-техникалық бұйымдар, әйнек өндiру зауыттары жоққа тән.
      Бүгiнгi күнi құрылыс материалдарының отандық өнеркәсiбi Қазақстанның құрылыс кешенi қажеттiлiктерiнiң бiр бөлiгiн ғана қанағаттандыра алады және осының салдарынан құрылыс материалдарының барлық түрлерi бойынша тапшылыққа жол бермей, нарықтағы елеулi үлестi импорт өнiмi иеленедi (2-4 кесте).

      2-кесте. Құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкцияларының негiзгi түрлерiн ендiру



Өнiм атауы

Өлшем бiрлiгi

2008 жылғы өндiрiс

2009 жылғы қаңтар-қарашадағы өндiрiс

Цемент

мың тонна

5837

4 999

Құрастырма темiр-бетоны

мың тонна

2713

2 909

Керамика тақташалары

мың м2

450

108

Санитарлық-техникалық бұйымдар

мың тонна

-

-

Базальт жылу оқшаулағыш материалдары

мың тонна

20,8

33


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет